Келісілген аќпарат



жүктеу 0,66 Mb.
Дата14.02.2018
өлшемі0,66 Mb.
#9630




АҚ «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің»

жұмысы туралы...
Еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі, тұрғындардың баспана жағдайын жақсарту жөніндегі несиелендіру жүйесі болып табылады. ТМД елдері арасында Қазақстан, бірінші болып аталмыш жүйені жүзеге асыра бастады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің негізі - қажетті соманың жартысын есеп шотта жинап, салымшыларға қалған жетіспей тұрған ақша мөлшерін төмен пайызбен тұрғын үй заемы ретінде беру болып отыр.

Бүгінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екінші деңгейлі банктер арасында жеке капитал мөлшері бойынша үшінші орында болса, актив көлемі бойынша 14 орында тұр. Сондай-ақ, ұлттық валютада көп жылғы салымдар мөлшерлемесі бойынша 5 орынға ие. Банктың жалпы құрылысты несиелендіру және баспананы сатып алу үлесі 9 пайызды құрайды. Банк құрылғалы оның жұмысы да жыл сайын нығайып, бүгінде барлық облыс орталықтарында филиалдар жүйесі жұмыс істеуде. «Қазпошта» АҚ және «Қазақстанның Халық банкі»АҚ «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» агенттері болып, облыстық және аудандық орталықтарында банк атынан келісім -шарт жасап, халыққа қызмет көрсетуде.

Бүгінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі аясында 540 млрд. теғгеден аса сомаға 290 мың келісім -шарт жасалған. Ал былтыр 160 млрд. теңгеге 69 мыңнан аса жаңа келісім-шартқа қол қойылды. Бұл өткен 2010 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 32 пайызға жоғары.

Банктың несиелік қызметі басталғалы (2005 жылдың сәуір айынан бастап) 113 млрд. теңгеден аса заимдар беріліп, соның ішінде 2005-2007 жж. және 2008-2010 жж. арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында 58 млрд. теңгеге жуық сомада несие бөлінді. Салымшылар тарапынан төменгі пайыздық ставкалар бойынша орындалған келісімдер және жинақталған салымдар мерзімі аяқталған кезінде берілген тұрғын үй заемдарының көлемі 21 млрд. теңгеден асты.

Баспана жағдайын жақсартқысы келетін клиентер үшін банкте алдын ала және аралық тұрғын үй займдері қарастырылған. Мәселен, банк тарапынан 23 млрд. теңгеге жуық аралық тұрғын үй займы берілсе, алдын ала тұрғын үй займдар мөлшері 69 млрд. теңгеден асты (Мемлекеттік бағдарлама аясында баспананы сатып алу займын есептегенде).

Біздің салымшылардың жинақ шоттарындағы жинақ жыл сайын республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік сыйлықақымен толықтырылып отырады. Мемлекеттік сыйлықақының мөлшері жинақталған соманың 20% құрайды. Көтермеленіп отырған жылдық мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары сыйақы төленетін сома 200 АЕҚ дейін. Сонымен қоса, банк салымшыларына салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша займдар сыйақысына төленетін ақша мөлшері, салымшының салық табысын анықтау кезінде алынып тасталады.

Өткен 2011 жылы 2011-2014 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй құрылысының бағдарламасы басталған. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізгі оператор болып табылады. Банк жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталмыш бағдарламаны жүзеге асырады. Тұрғын үй құрылыс Бағдарламасы екі бағыт бойынша жұмыс істеуде. Бұл - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушылары үшін қарастырылған. Екінші бағыттағы бағдарлама, жеке құрылыс жасайтындарды қаржымен қамтамасыз ету мақсатында, екінші деңгейлі банктердің қорын құруды көздейді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты- тұрғындарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін толыққанды шешу. Бірінші




бағдарлама аясында, 2011-2013 жылдар ішінде тұрғын үйлерді салу үшін, жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен шамамен 80.84 млрд теңге бөлінеді. Тұрғызылған баспананы сату жұмысы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» жүктелген.

Тұрғын үйлерді салу жобасы Банк пен жергілікті атқарушы органдарымен алдын ала келісіледі. Қойылған талаптар бойынша жаңа баспана 3 класты жайлылыққа сай болып, оның бір шаршы метрі әрлендірілген таза күйінде тапсырылатын бағасынан жоғары болмауы тиіс. Алматы қаласы бойынша оның құны - 142мың 500 теңге болса,
Астана, Ақтау, Атырау және Өскемен қалаларында 112 мың 500 теңгеден аспауы керек. Ал қалған облыс орталықтарында баспана бағасы 90 мың теңгені құрайды.

Ел бойынша Банк тарапынан құрылған тұрғын үй пулдарының жалпы мөлшері 174 бірлігін құрап, онда тұрғындарға 76 тұрғын үйде 5021 пәтер ұсынылып отыр. Ағымдағы жылдың басында жоғарыда көрсетілген пәтерлерге Банк клиенттерінен 5 656 арыз түскен болатын.

Бұл бағдарлама шеңберінде Шығыс Қазақстан облысына бюджеттік қаражат 5 млрд.726 млн. теңге қарастырылған, соның ішінде 2011 жылға 1 млрд. 750 млн. теңге бөлінген. Өскемен қаласында бұл Бағдарламаны жүзеге асыру жеті бес қабатты тұрғын үй құрылысынан басталмақ, оның ішінде 1 қабаттан 4 қабатқа дейінгі пәтерлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына сатылса, 5 қабаттары (мансардалық) Әкімшілік жалға береді. Тұрғын үй кешені Металлург кентіне таяу № 16 тұрғын ауданында Молдағұлова көшесінде салынуда. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы үшін аса маңызды экологиялық таза аудан болып табылады. Әрлеу мен сапасына қойылған жоғарғы талаптары елеулі, жасалған жобаларға сәйкес тұрғын үй алаңының 1 шаршы метрі 101 963 – тен 109 051 теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 7 үйдің жобасы бойынша (1а,2а,3а,5а,6а,7а және 8а позициялары) облыстық Әкімшілік пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасында серіктестік туралы Келісімге қол қойылды және құрылыс басталды. Тұрғын үй құрылысының аяқталу мерзімі 2012 жылдың соңына жоспарланып отыр.
Банк екінші бағытта «Жағалау 3» (Банк Центркредит АҚ), «Монблан» («БТА» АҚ), «Ақтөбе Каусары» (Цесна банкі АҚ) кешенді тұрғын үйлердің құрылысын одан әрі қаржыландыру үшін, тікелей депозиттерін екінші деңгейлі банктерге орналастырды. Бүгінгі кезде басқа банктермен бірлесе отырып қосымша жобаларды қаржыландыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Банк, 2012 жылы келесі стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізуді жоспарлап отыр: тұрғын үй құрылыс жүйесіне елдің экономикалық жағынан белсенді тұрғындардың үлесін 3,4 % дейін көтеріп, нарықта баспананы сатып алу және құрылысты несиелендіру бойынша көрсеткішті 10,4% ұлғайту.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев биылғы жылғы халыққа арнаған жолдауында Қазақстан экономикасын нығайтып, елдің әл-ауқатын көтеру үшін, он бағыттағы кешенді мақсаттарды атап өтті.

Президент өз жолдауында тұрғындарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім беру, жұмыспен қамту, индустриялық-инновациялық және мемлекеттің құқықтық дамуы, экономиканың қаржы секторын дамыту сияқты маңызды салалары туралы ой қозғады.



Мемлекет басшысы, әсіресе, тұрғындарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне басты назар аудартты. Президент жалға берілетін баспана нарығын дамыту

және «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын дайындаудың қажеттігі туралы пікірін атап өтті.

Бүгінде мемлекет тарапынан 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылыс Бағдарламасы жүзеге асырыла бастады, оның аясында жыл сайын 6 млн. шаршы метр көлемінде баспана тапсыру жоспарланған.

Мемлекет басшысының жолдауында тұрғын үй құрылысын дамыту мен қатар Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін одан әрі қарай дамытуға себепші болатын ынталылық негізі де көрсетілген. Бұл жүйенің дамуы, азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және барлық тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік тузығады.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Өскемен қаласы, Михаэлис к., 2

Тел.: 8 (7232) 753970, 8 (7232) 751659.

Банктің сайты: www.hcsbk.kz
жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау