«Келісілді» Қр бғм мектепке дейінгі және орта білім



жүктеу 121,29 Kb.
Дата23.05.2018
өлшемі121,29 Kb.
#16621



«Келісілді»

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры

_______________Ж. Жонтаева

«___»___________2017 ж.

«Бекітемін»

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры

___________Р.Әлімқұлов

«___»___________2017 ж.



Неміс тілі пәні бойынша қорытынды аттестаттауға арналған

тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде,

жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым

министрлігімен және Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік

кеңестің отырысында талқыланды.



Мақсаты: Жаратылыстану-математикалық бағытындағы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары түлектерінің неміс тілі пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны. Кешенді тест мектеп бітірушінің коммуникативті- тілдік құзіреттілігінің қалыптасу деңгейлерін анықтайды. Тест үш бөліктен тұрады:

I Бөлік – Тыңдалым (Мәтін тыңдау)

Бұл бөлікте тыңдауға 2 мәтін және әр мәтінге 5 тест тапсырмасы беріледі. Тыңдалымға ұсынылған материал 2 минуттық үзілісті сақтай отырып, 2 қайтара жазылған. Әр мәтінді тыңдап болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі.

Мектеп бітірушілердің неміс тілінде мәтінді ауқымды және түбегейлі түсінуі фондық қабылдау үрдісінде тілдік, әлеуметтік-мәдени, компенсаторлық, оқу-танымдық құзіреттілігі қамтылған тілдік материалдар негізінде тексеріледі.

II Бөлік – Лексика‑грамматикалық тест

Тест неміс тілі бойынша орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген.

Лексико-грамматикалық бөлімде тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10, екінші деңгейде – 7, үшінші деңгейде – 3 тапсырма.

III Бөлік – Оқылым

Оқылымға арналған тест тапсырмаларының мақсаты: берілген ақпараттар көлемінен өзіне қажеттісін табу, негізгі идеяны терең түсіну және әртүрлі жанрдағы мәтіндер мазмұнын болжап түсіну, сонымен қатар публицистикалық мақалалар мен олардық логикалық бірізділігін қалыптастырып беру.



Бұл бөлікте оқуға 2 мәтін және әр мәтінге 5 тест тапсырмасы берілген. Әр мәтінді оқып болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі




Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Морфология

01

Етістік

01

Етістік. Етістіктің негізгі формалары. Әлді етістіктің негізгі формалары. Әлсіз етістіктің негізгі формалары. Етістіктің ережеге бағынбайтын түрінің негізгі формалары. Ырықсыз етістің шақ формалары. Осы шақ түрі. Жай өткен шақ түрі: Претеритумпассив. Күрделі өткен шақ түрі: Перфектпассив. Күрделі өткен шақ түрі: Плюсквамперфектпассив. Келер шақ. Көмекші етістіктер. Бұйрық рай. Партицип I, II. Партицип I-анықтауыш не пысықтауыш қызметінде. Партицип II-анықтауыш қызметінде. Инфинитив оралымдары. haben/sein+Infinitiv етістік тіркесі. Инфинитив оралымдары: um... zu+Infinitiv; ohne ...zu +Infinitiv; anstatt ... zu+ Infinitiv.

02

Етістіктің меңгерілуі Табыс септігін меңгеретін етістіктер. Барыс септігін меңгеретін етістіктер. Табыс және барыс септігін меңгеретін етістіктер.

03

Модаль етістіктер.

02

Қызметтiк сөз таптары

01

Артикль. Белгілілік артиклінің қолданылуы Белгісіздік артиклінің қолданылуы Артикльдің қолданылмауы. Сұрау сөздер. Предлогтар. Барыс септігін қажет ететін предлогтар. Табыс септігін қажет ететін предлогтар. Барыс және табыс септігін қажет ететін предлогтар. Ілік септігін қажет ететін предлогтар.

03

Зат есім

01

Зат есім. Род категориясы. Мужской род зат есімдері. Женский род зат есімдері. Средний род зат есімдері. Зат есімнің көпше түрінің жасалуы Зат есімнің көпше түрі. Зат есімнің септелуі. Зат есімнің әлді септелуі. Зат есімнің әлсіз септелуі. Женский род зат есімнің септелуі. Зат есімнің ерекше септелуі. Зат есімнің көпше түрде септелуі.

04

Сын есім мен үстеу

01

Сын есім. Үстеу. Сын есімнің септелуі. Сын есімнің әлсіз септелуі. Сын есімнің әлді септелуі. Сын есімнің және үстеудің белгісіз артикльден, тәуелдік есімдіктерден және болымсыз есімдік «kein»-нен кейін септелуі.

05

Есімдік

01

Есімдік. Жіктік есімдік. Тәуелдік есімдік. Сілтеу есімдік. Өздік есімдік. Морфология. Болымсыз есімдік. Қатыстық есімдік. Жақсыз есімдік «es» және белгісіздік есімдік «man».

06

Сан есім

01

Сан есім. Реттік, есептік, бөлшектік.

02

Синтаксис

01

Сөйлем

01

Сөйлемдегі сөз тәртібі.

02

Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мезгіл бағыныңқы сөйлем. Себеп бағыныңқы сөйлем. Мақсат бағыныңқы сөйлем. Толықтауыш бағыныңқы сөйлем. Анықтауыш бағыныңқы сөйлем.

03

Лексика мен аударма

01

Лексика мен аударма

01

Лексика мен аударма.

04

Мәтінмен жұмыс

01

Мәтінмен жұмыс

01

Мәтінмен жұмыс.

02

Шағын диалог.

05

Елтану

01

Елтану

01

Германия, неміс тілінде сөйлейтін елдер.

02

Қазақстан.

Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Морфология- лингвистикалық білімдерін сөзге қатысты қолдана білу.

Синтаксис- тілдік материалға қатысты лингвистикалық білімдерін қолдана білу;

-неміс тілінің пунктуациясы,(мағыналық, синтаксис,коммуникативтік)

-сөйлемнің құрылымдық типтері (басыңқы және бағыныңқы сөйлемдер)

Лексика мен аударма – сөздік қорын тексеру;

-жаңа тақырыптарға байланысты лексикалық бірліктер, ауызша және жазбаша қарым-қатынастың жағдайлары мен проблемаларын білу;(150 лексикалық бірлік);

-оқуға және аударуға арналған жалпы лексикалық бірлік- 2100-2300 лексикалық бірлік болуы тиіс;

-лингвистикалық білімдерін сөзге қатысты қолдана білу.

– лексико-грамматикалық біліктілігін тексеру;

Мәтінмен жұмыс-(оқыған мәтіннің) мазмұнының меңгерілуін тексеру.

-түпнұсқа мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне отырып оқу (тақырыпты анықтау,негізгі ойды белгілеу,басты фактілерді анықтау, мәтіндегі негізгі фактілердің логикалық тізбектілігі)

-қажетті мәліметті түсініп мәтінді оқу;

-әр түрлі жанрдағы аутентивті мәтіндерді толық және нақты түсініп оқу.



Елтану – оқып отырған ел туралы білімін тексеру;

-әр түрлі қоғамның өмір сүру ерекшеліктерін;



-полимәдениетті қоғамның өмір сүру еркшеліктерін білу.
Тест жоспары

Т/т №

I блок – Тыңдалым

1

1-мәтін

2

1-мәтін

3

1-мәтін

4

1-мәтін

5

1-мәтін

6

2-мәтін

7

2-мәтін

8

2-мәтін

9

2-мәтін

10

2-мәтін

II блок – Лексика‑грамматикалық тест






Бөлім нөмірі

Бөлім

Тапсырма қиындығы

Этап

1

03

Лексика мен аударма

A

01

2

03

Лексика мен аударма

A

01

3

01

Морфология

А

01

4

01

Морфология

А

01

5

02

Синтаксис

А

01

6

02

Синтаксис

А

01

7

03

Лексика мен аударма

A

01

8

03

Лексика мен аударма

A

01

9

01

Морфология

A

01

10

01

Морфология

A

01

11

02

Синтаксис

В

01

12

02

Синтаксис

В

01

13

05

Елтану

В

01

14

01

Морфология

B

01

15

01

Морфология

B

01

16

05

Елтану

B

01

17

01

Морфология

B

01

18

02

Синтаксис

С

01

19

01

Морфология

С

01

20

04

Мәтінмен жұмыс

C

01

Т/т №

ІІI блок – Оқылым

1

1-мәтін

2

1-мәтін

3

1-мәтін

4

1-мәтін

5

1-мәтін

6

2-мәтін

7

2-мәтін

8

2-мәтін

9

2-мәтін

10

2-мәтін



«Тыңдалым», «Оқылым» блоктары бойынша мәтін тақырыптары:

Тақырыбы


Тақырыпшасы

Адам және оның қоршаған ортасы

Туған-туыс. Отбасы мен отбасылық өмір құндылықтары




Достық. Қызығушылықтар. Хобби.




Мамандық. Жұмыс




Спорт және салауатты өмір салты. Саяхат. Демалысты ұйымдастыру. Демалыс

Білім және ғылым

Білім. Білім беру




Ғалымдар. Биография




Техникалық прогресс

Мемлекеттер мен қалалар

Мемлекеттер. Географиялық орналасуы.Экономикасы.




Астаналар мен қалалар. Архитектура мен құрылыс

Әлеуметтік қарым-қатынас

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы

Мерекелер. Салт-дәстүрлер мен құндылықтар

Тарих. Мәдени мұра.

Адамзаттың жаһандық проблемалары

Табиғат

Табиғат құбылыстары. Ауа райы мен климат.




Жан-жануарлар, жәндіктер, құстар және өсімдіктер әлемі


Тапсырма формасы. Бір тестіде 40 сұрақ. Тест тапсырмалары 5 жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Таңдалынған дұрыс жауап нұсқасы арнайы жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
Тест тапсырмаларының орындалу уақыты.

Барлық тест тапсырмаларының орындалу уақыты – 80 минут.

«Тыңдалым» блогының тапсырмаларын орындау уақыты – 25 минут.

«Лексика-грамматикалық» блок тапсырмаларын орындау уақыты – 30 минут.



«Оқылым» блогының тест тапсырмаларын орындау уақыты – 25 минут.
Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 40 балл алады.
жүктеу 121,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау