Келісілді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі



жүктеу 273 Kb.
бет3/3
Дата17.01.2020
өлшемі273 Kb.
#27026
1   2   3

600000,0 теңге / 245 (жұмыс күні) = 2449,0 теңге (орташа күндік жалақы).



2449 теңге * 19 = 46531,0 теңге (оқиға кезеңіне орташа жалақы).
Бұл жағдайда арттыру коэффициенті лауазымдық айлықақы (мөлшерлеме) арттырылған күннен бастап оқиға кезеңі аяқталғанға дейін орташа жалақыны қайта есептеу арқылы қолданылады.



Ай

Нақты жұмыс істелген күндер

Жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы

Коэффициент

Арттыру коэффициентін есептегенде жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы

2015 жылғы қаңтар

19

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы ақпан

20

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы наурыз

18

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы сәуір

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы мамыр

18

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы маусым

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы шілде

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы тамыз

20

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қыркүйек

21

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қазан

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қараша

21

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы желтоқсан

20

50000,00

1,2

60000,00

Жиыны:

245

600000,0




720000,0

720000,0 теңге / 245 (жұмыс күні) = 2939,0 теңге (арттыру коэффициентін ескергендегі орташа күндік жалақы).


(2016 жылғы 20 қаңтардан бастап 24 қаңтарды қоса алғанда - 3 жұмыс күні)

(2016 жылғы 25 қаңтардан бастап 15 ақпанды қоса алғанда - 16 жұмыс күні)


3*2449=7347 теңге

16*2939=47024 теңге

Жиыны: 54371 теңге (арттыру коэффициентін ескергенде оқиға кезеңіндегі орташа жалақы).
Қайта есептеу айырмасы 54371,0 - 46531,0 = 7840,0 теңгені құрайды.

4. Орташа жалақыны есептеу кезінде жылдық сыйлықақыны есепке алу тәртібі
Жылдық жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақылар, сыйақылар орташа жалақыны есептеу кезінде жылдық сыйлықақыны, сыйақыны есеп айырысу кезеңі шегінде нақты төлейтін айдың алдындағы әрбір айға 1/12 мөлшерінде нақты төленген сәттен бастап есептеледі.
      Есеп айырысу кезеңіне сәйкес келетін уақыт жұмыспен толық өтелмеген жағдайларда, орташа жалақыны есептеу кезінде сыйлықақылар, сыйақылар есеп айырысу кезеңінде жұмыс істелген уақытқа барабар есептеледі және нақты төленген сәттен бастап есептеледі.

Егер оқиға жылдық жұмыс қорытындысы бойынша жылдық сыйлықақы мен сыйақылар төленгенге дейін басталса, онда орташа жылдық жалақы жылдық сыйлықақы ескерілмей есептелетін болады. Кейіннен өткен жылға жұмыс қорытындысы бойынша жылдық сыйлықақы мен сыйақылар есептелгеннен және төленгеннен соң оқиға кезеңінде төленген немесе сақталған орташа жалақыны қайта есептеу жүргізілмейді.

Егер оқиға өткен жылға жұмыс қорытындысы бойынша жылдық сыйақы мен сыйлықақылар төленгеннен кейін жүргізілсе, орташа жалақы жоғарыда айтылғанға сәйкес жылдық сыйлықақыны, сыйақыны (есеп айырысу кезеңі шегінде нақты төлейтін айдың алдындағы әрбір айға 1/12 мөлшерінде нақты төленген сәттен бастап есептеледі) жылдық сыйлықақы ескеріле отырып есептеледі.

«Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1183 қаулысына және Қағидалардың 14-тармағына сәйкес орташа жалақыны есептеу кезінде акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің жылдық сыйлықақылары ескерілмейді.


1-мысал. Жұмыскер компанияда 2014 жылы толығымен жұмыс атқарады.

2014 жылға жылдық сыйлықақы 2015 жылғы сәуірде 100000 теңге мөлшерінде берілді, жұмыскер 2015 жылғы 20 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 20 қаңтарды қоса алғандағы кезең үшін демалысқа шықты.

Есеп айырысу кезеңі:

2014 жылғы желтоқсан - 8333,4 теңге;

2015 жылғы қаңтар - 8333,4 теңге;

2015 жылғы ақпан - 8333,4 теңге;

2015 жылғы наурыз - 8333,4 теңге;

2015 жылғы сәуір - 8333,4 теңге.

2015 жылғы мамыр

2015 жылғы маусым

2015 жылғы шілде

2015 жылғы тамыз

2015 жылғы қыркүйек

2015 жылғы қазан

2015 жылғы қараша
Жылдық сыйлықақы 1/12 (есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір ай үшін 100000/12= 8333,4 теңге және нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі).
2-мысал. Жұмыскер компанияда 2014 жылы толығымен жұмыс атқарады.

Мысалы, 2014 жылға жылдық сыйлықақы 2015 жылғы ақпанда 100000 теңге мөлшерінде берілді, жұмыскер демалысқа 2015 жылғы мамырда шықты.

2014 жылғы шілдеде жалақысы сақталмайтын демалыста болды, 2015 жылғы наурызда уақытша еңбекке жарамсыз болды.
Есеп айырысу кезеңі: сыйлықақы:

2014 жылғы мамыр - 8333,4

2014 жылғы маусым - 8333,4

2014 жылғы шілде

2014 жылғы тамыз - 8333,4

2014 жылғы қыркүйек - 8333,4

2014 жылғы қазан - 8333,4

2014 жылғы қараша - 8333,4

2014 жылғы желтоқсан - 8333,4

2015 жылғы қаңтар - 8333,4

2015 жылғы ақпан - 8333,4

2015 жылғы наурыз

2015 жылғы сәуір
Жылдық сыйлықақы 1/12 (есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір ай үшін 100000/12= 8333,4 теңге және нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі).

5. Жыл сайынғы еңбек демалысын төлеу үшін орташа жалақыны есептеу тәртібі
Кодекстің 90-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысым графиктеріне қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының күндеріне сәйкес келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылады.

Осыған байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күнтізбелік күндермен беріледі.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

Осылайша, орташа жалақыны есептеу үшін демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері пайдаланылады.

1-мысал. Бес күндік сегіз сағаттық жұмыс аптасы кезінде жұмыскерге 2014 жылғы 4 ақпаннан бастап ұзақтығы 24 күнтізбелік күнге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілді.

Демалыс кезеңінде 2015 жылғы 4 ақпаннан бастап 27 ақпанды қоса алғанда – 18 жұмыс күні.

Орташа жалақы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес есептелген орташа күндік жалақыны 2015 жылғы 4 ақпаннан бастап 27 ақпанды қоса алғандағы демалыс кезеңіне сәйкес келетін 18 жұмыс күніне көбейту жолымен айқындалады.

2-мысал. Бес күндік сегіз сағаттық жұмыс аптасы кезінде жұмыскерге 2015 жылғы 28 қаңтардан бастап 20 ақпанды қоса алғанда 24 күнтізбелік күнге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілді.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы есеп айырысу кезеңінде жұмыскер 2014 жылғы 2 сәуірден бастап 19 сәуірді қоса алғанда өткен жылға еңбек демалысында болды, 2014 жылғы 20 шілдеден бастап 25 шілдені қоса алғанда ауру себебі бойынша жұмыста болмады.

Есеп айырысу кезеңі үшін есептелген жалақының сомасы айқындалады. Бұл ретте, есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт пен жұмыскерге орташа жалақы төленген немесе сақталған кездегі жұмыс істелмеген уақыт үшін аталған кезеңде есептелген сома алып тасталады:


Ай

Жұмыс күндері

Жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақы сомасы


2014 жылғы қаңтар

20

90000,00

2014 жылғы ақпан

20

90000,00

2014 жылғы наурыз

17

90000,00

2014 жылғы сәуір

9

31000,00

2014 жылғы мамыр

19

90000,00

2014 жылғы маусым

21

90000,00

2014 жылғы шілде

17

81000,00

2014 жылғы тамыз

21

90000,00

2014 жылғы қыркүйек

21

90000,00

2014 жылғы қазан

23

90000,00

2014 жылғы қараша

20

90000,00

2014 жылғы желтоқсан

20

90000,00

Жиыны:

228,00

1012000,00

Орташа күндік жалақыны айқындаймыз, 1012000 теңге/ 228 күнге = 4438,6 теңге;

2015 жылғы 28 қаңтардан бастап 20 ақпанды қоса алғанда демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің санын айқындаймыз: 18 жұмыс күні;

демалыс кезеңінде сақталатын орташа жалақы:

4438,6 теңге * 18 күн = 79894,8 теңге.

6. Пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы төлеу үшін орташа жалақыны есептеу тәртібі

 

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.



Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күні еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады.

Бұл ретте, еңбек демалысына құқық беретін кезеңдер Кодекстің 91-бабында айқындалған.

Пайдаланылмаған еңбек демалысы күндерінің саны жұмыс істелген уақытқа барабар есептеледі.

Еңбек шартын тоқтатқан немесе бұзған кезде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы сомасын айқындау үшін пайдаланылмаған демалыс күндері жұмыскер жұмыстан босатылған күннен кейінгі бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесі бойынша жұмыс күнінен бастап саналады және жұмыс режимі ескеріле отырып осы кезеңге сәйкес келетін жұмыс күндері алынады.

1-мысал. Жұмыскер 2014 жылғы 11 тамыздан бастап жұмысқа қабылданды. Кәсіпорынның жұмыс режимі бес күндік сегіз сағаттық жұмыс аптасы. Жұмыскер еңбек шартын 2015 жылғы 11 ақпанда тоқтатады (соңғы жұмыс күні).

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.

Еңбек шартының талабы бойынша жұмыскердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы күнтізбелік 30 күнді құрайды. Осыған байланысты жұмыскерге жұмыс істелген кезеңге пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының күнтізбелік 15 күніне өтемақы төленеді.

Пайдаланылмаған демалыстың күнтізбелік 15 күні еңбек шартын тоқтатқан күннен кейінгі жұмыс күнінен бастап саналады. Көрсетілген кезеңде жұмыс күндері алынады. Бұл осы мысалда кәсіпорынның жұмыс режимі ескеріле отырып айқындалған 11 жұмыс күні.



Осылайша, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы сомасы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес есептелген орташа күндік жалақыны 11 жұмыс күніне көбейту жолымен айқындалады.
________________________
жүктеу 273 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау