2018
жылғы 8 маусым
NFC
КОМПАНИЯСЫНЫҢ
КӨКСАЙ ЖОБАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ
KAZ Minerals
Тобы Non Ferrous China (NFC) компаниясымен Көксай жобасына $70 млн инвестиция
салу келісімі туралы хабарлайды. Әлі де Қазақстан мен Қытай реттеуші құрылымдарының келісімін
талап ететін $70 млн инвестиция үшін, NFC Көксай жобасының 19,4% үлесіне ие болады.
Көксай – бұл Алматы қаласынан 230 километр қашықтықта орналасқан ашық типтегі мыс кенішін
игерудің әлеуетті жобасы. Кен орынның минералды ресурстары
1
– құрамында 3,1 млн тонна мыс бар
736 млн тонна кен. Кендегі мыстың орташа үлесі 0,42%.
NFC-
ның жобалық кәсіпорынға салуға дайын $70 млн – бұл Көксайды игеруге, оның ішінде техника-
экономикалық негіздемеге арналған резервтік қаражат. ТЭН аясында тау-кен және қайта өңдеу
өндірісінің үлгісін және оған қатысты күрделі бюджетті анықтау жоспарланып отыр. Директорлар
кеңесі ТЭН нәтижелерін қарап, жоба қалай және қай мерзімде іске асатынын анықтайды.
KAZ Minerals
Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Біз NFC
компаниясын Көксай жобасы бойынша серіктес ретінде көруге қуаныштымыз. Аталмыш компаниямен
Бозшакөл мен Ақтоғайдың құрылысы кезінде табысты жұмыс істедік. Бұдан кейінгі қарым-қатынасты
да нығайтуға мүдделіміз. Әзірге бұл мүмкіндіктер бағалануда».
1
2017 жылғы 31 желтоқсандағы мәліметке сәйкес өлшенген, көрсетілген және болжамды ресурстар
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар бойынша хабарласуға болады:
KAZ Minerals PLC
Анна Маллер
Қаржылық талдаушы, Инвесторлармен
байланыс департаменті, Лондон
Tel: +44 20 7901 7814
Мақсұт Жапабаев
Корпоративтік байланыстар
департаментінің басшысы, Алматы
Tel: +7 727 244 03 53
Алмас Садықов
Корпоративтік байланыстар
департаментінің менеджері, Алматы
Tel: +7 727 244 03 53
РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒ АН АҚПАРАТ
КAZ Minerals – Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс
өндіруші компания. Компания операциялық іс-қызметін Павлодар облысы мен ШҚО орналасқан Бозшакөл және
Ақтоғай кен байыту кешендерінде, сонымен қатар Шығыс Қазақстанда орналасқан үш кеніш пен үш кен байыту
фабрикаcында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді. 2017 жылы мыстың жалпы
өндіріс көлемі 259 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 58 мың тонна концентраттағы мырыш, 179 мың
унция алтын мен 3,506 млн. унция күміс өндірілді.
K AZ MINER ALS PLC
6
TH
FLOOR
CARDINAL PLACE
100 VICTORIA STREET
LONDON SW 1E 5JL
Tel: +44 (0) 20 7901 7800
Топтың өндірістік кәсіпорындары – Бозшакөл мен Ақтоғай – саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін
қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын
компанияға айналдырмақ.
Операциялық шығындары бойынша Бозшакөл халықаралық мыс өндіруші кәсіпорындар арасында бірінші
квартильге кіреді. Бозшакөл КБК кен байыту фабрикаларының жылдық толық қуаты 30 млн тонна кенді
құрайды. Кенішті пайдаланудың қалған мерзімі – 39 жыл. Кендегі мыс құрамы 0,35%. Өндіріс көлемі – алғашқы
10 жылда жыл сайын 100 мың тонна катод эквивалентіндегі мысты және 120 мың унция концентраттағы
алтынды құрайды.
Ақтоғай – карьер типтес ірі ауқымды кеніш. Ол Бозшакөлге ұқсас. Кендегі мыс мөлшері 0,36% (оксидті кен) және
0,33% (сульфидті кен). Кенішті пайдаланудың қалған мерзімі – шамамен 28 жыл. Ақтоғайда оксидті кеннен
катодты мысты өндіру 2015 жылдың желтоқсан айында басталды, ал сульфидті кеннен алғашқы мыс
концентраты 2017 жылдың ақпан айында өндірілді. Сульфидті кенді қайта өңдейтін бірінші кен байыту
фабрикасының жылдық қуаты есептік қуатына жеткенде 25 млн тоннаны құрайды. Ол сульфидті кенді өңдейтін
екінші кен байыту фабрикасы 2021 жылдың соңына дейін өндірісті бастағанда екі еселеніп, 50 млн тоннаға
дейін жетеді. Ақтоғай кен орнының операциялық шығындары халықаралық мыс өндіруші кәсіпорындарының
арасында бәсекеге қабілетті болып табылады. Өндіріс көлемі – 2021 жылға дейін орта есеппен сульфидті
кеннен өндірілетін 90 мың тонна мысты құрайды. Екінші кен байыту фабрикасы өндірісті бастағаннан кейін
2022-
2027 жылдар аралығында сульфидті кеннен жыл сайын шамамен 170 мың тонна мыс өндірілетін болады.
Оксидті кеннен 2025 жылға дейін жыл сайын шамамен 20 мың тонна мыс өндіріледі.
KAZ Minerals PLC компаниясының құнды қағаздары Лондон, Қазақстан және Гонконг қор биржаларында
айналымда. Топта шамамен 13 000 адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі Қазақстан азаматтары.
China Nonferrous Metal Industry
’s Foreign Engineering and Construction Company Ltd («Non Ferrous
China
») – бұл мемлекет бақылауындағы және акциялары Шэньчжэнь қор биржасында айналымда жүрген
компания. Ол халықаралық жобалардағы мердігерлік қызметтерді атқарады және түсті металдар ресурстарын
игеруге қатысады. NFC Қытай аумағынан тысқары жерлерде түсті металдарды игеру мен қайта өңдеуге
инвестиция салған алғашқы қытайлық компания. Оның иелігінде ҚХР-дағы тау-кен жобалар да бар. Бұл
компания өз іс-қызметін әлемнің 20 елінде жүргізеді. NFC компаниясы KAZ Minerals-тың Бозшакөл, Ақтоғай
және Бозымшақ сияқты жобаларында жетекші мердігер болған.
Бұл хабарламада ішкі ақпарат бар.