«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы «9» желтоқсандағы (№14 хаттама) шешімімен, 24. 08. 2018 (№9 хаттама) өзгерістерді есепке ала отырып, бекітілді



жүктеу 0,87 Mb.
бет1/12
Дата28.12.2019
өлшемі0,87 Mb.
#25302
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің

2016 жылғы «9» желтоқсандағы (№14 хаттама) шешімімен, 24.08.2018 (9 хаттама) өзгерістерді есепке ала отырып,

БЕКІТІЛДІ


«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамындағы ішкі аудитті ұйымдастыру

ҚАҒИДАСЫ

МАЗМҰНЫ


2.3.1 Қызмет жұмысының сапасы мен тиімділігін бағалау 6

32


1-қосымша – ІАҚ қызметкерлерінің негізгі және арнайы құзыреттіліктері деңгейлерінің нысаны 33

2-қосымша – ІАҚ қызметкерлері құзыреттіліктерінің деңгейлері бойынша мінез-құлық көрсеткіштерінің айқындамасы (өлшемдері) 34

3-қосымша - ІАҚ қызметкерінің бос лауазымына үміткермен болған әңгімені құжаттауға арналған нысан 47

ІАҚ қызметкерінің бос лауазымына үміткер__________ ТАӘ 48

ІАҚ қызметкерінің жеке даму жоспары 48

51


5-қосымша – Аудиторлық тапсырманы (тапсырманың атауы) орындау жөніндегі ішкі аудит жұмысының жұмыс сапасын бағалау 51

6-қосымша - "Өткізілген аудиторлық тексеруден Сіздің күткендеріңіз қаншалықты ақталды?" сауалнамасы 53

7-қосымша – Жылдық аудиторлық жоспар 57

9-қосымша – Аудиторлық бағдарлама 59

Аудиторлық бағдарлама 59

10-қосымша – Аудиторлық тапсырма 60

11-қосымша – Бизнес-процестерді іріктеу, тестілеу және бағалау әдістемесі 62

12-қосымша –Кемшіліктер жөніндегі жұмыс құжаттамасының үлгісі 80

Кемшіліктер жөніндегі жұмыс құжаттамасының 80

Үлгісі 80

13-қосымша – Аудиторлық есеп 82

14-қосымша – Ішкі аудит қызметінің жетекшісі _______________ аудит нәтижелері бойынша аудит объектісі ұсынған түзетуші және/немесе ескертуші әрекеттерінің жоспары 84

Ішкі аудит қызметінің жетекшісі _______________ аудит нәтижелері бойынша аудит объектісі ұсынған түзетуші және/немесе ескертуші әрекеттерінің жоспары 84

15-қосымша – Берілген ұсынымдарға мониторинг нәтижелері жөніндегі ақпарат 86

Берілген ұсынымдарға мониторинг нәтижелері жөніндегі 86

Ақпарат 86



16-қосымша – Орындалмаған ұсынымдар туралы ақпарат 87



  1. Жалпы ережелер

  1. Осы Ішкі аудитті ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамдағы (бұдан әрі – Қоғам) ішкі аудитті ұйымдастыру үшін бірыңғай базалық қағидаттар мен рәсімдерді белгілеу (бұдан әрі - Стандарттар) мақсатында әзірленді .




  1. Сапалы сипаттамалар стандарттары

2.1. Тәуелсіздік және объективтілік


  1. Қоғамның Ішкі аудит қызметінің тәуелсіздігі (бұдан әрі – Қызмет) өз міндеттері мен функцияларын іске асыру кезінде Қызметтің Қоғамның Директорлар кеңесіне бағыныштылығы мен есептілігін көздейтін тиісті ұйымдастырушылық дәрежесімен қамтамасыз етіледі. Қызметтің қызметіне тікелей жетекшілік етуді Қоғамның Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады.

  2. Қызмет өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде қандай-да бір тұлғалардың ықпалынан, оларды тиісінше орындау орындау және объективті әрі әділ пікірлерін қамтаамсыз ету мақсатында тәуелсіз болуы тиіс.

  3. Қызметтің тәуелсіздігінің өлшемі болып жылдық аудиторлық жоспарды жасау, ішкі аудит әдістемелерін және процедураларын, қойылған мақсаттарға қол жеткізу және аудиторлық қорытындыларды көрсету үшін жұмыс көлемдерін таңдау кезіндегі тәуелсіздігі табылады.

  4. Ішкі аудиторлар өз жұмысында әділ және ағат пікірсіз болуы және мүдделер қайшылығына жол бермеулері тиіс. Ішкі аудиторлар бұрын жауапты болған салаларда консультациялық қызметтер ұсына алады.

  5. Өз функцияларын орындау процесінде объективтілік және әділдік қағидаттарын сақтау мақсатында, ішкі аудиторлар кейін ішкі аудит жүргізілуі мүмкін қызметтің қандай да бір түріне тартылмауы және қызмет аудитімен немесе аудит жүргізілетін кезең ішінде жүзеге асырылатын функциялармен айналыспаулары тиіс.

Егер ішкі аудиторлардың тәуелсіздігі мен объективтілігі консультация беру бойынша болжалынған тапсырмамен байланысты теріс ықпалға душар болса, бұл туралы ақпарат Директорлар кеңесіне тапсырманы орындауға қабылдағанға дейін ашылуы тиіс.

2.2. Кәсіби құзыреттілік



  1. Ішкі аудитолар өздерінің дербес міндеттерін орындау үшін қажетті білім және дағдаларға ие болулары тиіс.

  2. Қызмет персоналының өз ролін орындау үшін қажетті ұжымдық білімі болуы және оларды біліктілікті үздіксіз арттыру процесінде жетілдіруі тиіс.

  3. Ішкі аудиторлар жұмысына кәсіби көзқарас көрсетулері, мыналарды бағалаулары тиіс: аудиторлық тапсырманың мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жұмыс көлемін; тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерінің барабарлығын және тиімділігін; оларға қатысты кепілдік пен консультациялар ұсынылатын мәселелердің шамамен алғандағы күрделілігін, маңыздылығын; айтарлықтай қателердің, алаяқтылқтың немесе рәсімдерді сақтамаудың ықтималдығын; әлеуетті пайдалармен салыстырғандағы аудиторлық кепілдіктер мен консультацияларды беруге шығындар.

  4. Егер Қызмет персоналының аудиторлық тапсырманы немесе тапсырманың бөлігін орындау үшін жеткілікті білімі мен дағдысы болмаған жағдайда, Қызмет белгіленген тәртіпте консультанттарды тартуға немесе ішкі аудитте аутсорсинг немесе косорсинг пайдалануға құқылы.

10.1 Қызмет қызметкерлерінің бос лауазымдарына жалдау немесе іріктеу құзыреттерге қойылатын талаптарға (1,2-қосымшалар), лауазымдық нұсқаулықтардың біліктілік талаптарына және ережелеріне сәйкес жүзеге асырылулары тиіс.

10.2 Бос лауазымға кандидатты бағалауды Қызмет басшысы кандидаттың тікелей басшысымен бірлесе жүргізеді (3-қосымшаның нысаны бойынша).

10.3 Қызметкерлердің құзыретінің бұдан ары дамуы дамудың жеке жоспарына сәйкес жүзеге асырылады (4-қосымшаның нысаны бойынша).
2.3. Жұмыс сапасына бақылау жасау


  1. Қызмет басшысы жұмыстың сапасын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған іс-шаралардың орындалуын үнемі қадағалап отыруы тиіс. Іс-шаралар жұмыстың сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленуі және Қызметтің жұмысы Қоғам қабылдаған ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі ережелерге сәйкес жүргізілуі тиіс деген сенімділікте болуы тиіс.

  2. Қызметтің басшысы жұмыстың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың жалпы тиімділігінің мониторингісін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Көрсетілген процеске сыртқы және ішкі бағалау және өз бетінше бақылау жасауды енгізуі тиіс.

  3. Қызмет жұмысының сапасына шолу жасау жөніндегі сыртқы бағалауды:

1) сыртқы аудитор және/немесе белгіленген тәртіпте және/немесе Қоғамның Жалғыз акционері (Акционерлердің жалпы жиналысының) таңдаған халықаралық рейтингтік агенттігі үш жылда бір реттен сиретпей;

2) жылына бір реттен сиретпей Аудит жөніндегі Комитет жүргізуі тиіс.

Қызметтің басшысы сыртқы бағалаулардың нәтижелерін Қоғамның Директорлары кеңесінің назарына жеткізуі тиіс.


  1. Қызметтің басшысы аудиторлық тапсырма мақсаттарының жоспарлы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін аудиторлық тапсырманы орындаудың барлық процесінде жұмыс сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың жалпы тиімділігінің мониторингін жүзеге асыруы тиіс.

  2. Аудиторлық тапсырманы жүргізудің сапасын бақылаудың тиімді мониторингі мақсатында белгіленген рәсімдер мен Стандарттарды қолданудағы бірізділікті қамтамасыз етуші аудиттерді орындаудың барлық кезеңі ішінде пайдаланылатын бақылаушы тізімдерді жүргізу қажет. Бұндай бақылаушы тізімге немесе аспапқа аудит және есептілікті жоспарлауға, объектідегі жұмысқа қатысты сапаның негізгі өлшемдері енгізілуі және әрбір аудит үшін қорытынды есеп жарияланғаннан соң толтырылуы тиіс.

  3. Ішкі аудиторлардың жұмыс сапасын бақылау жүйесі стандартты рәсімдер мен саясаттарға, сондай-ақ Қызметтің басшысы мен аудиторлық тапсырманы орындау жүктелген және нақтылы аудит объектісінің аудиторлық тапсырмасын орындаумен айналысатын қызметкерлеріне басшылық ететін аудиторлық тапсырма жетекшісінің кәсіби пікірлеріне негізделеді және оған мыналар кіреді:

1) бағыныстылығына қарамай ішкі аудиттің стандарттарын, адалдықты, шынайлылықты, құпиялылық пен кәсіби әдепті сақтау;

2) ішкі аудит рәсімдері мен әдістемелерінің және оның нәтижелері бойынша дайындалған жұмыс құжаттамасының Қоғамда қабылданған ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі ережелерге сәйкестігі;

3) аудиторлық қорытындылардың мазмұнына әсерін тигізуі мүмкін ішкі аудиттің негізгі нәтижелерін аудиторлық тапсырманың жетекшісі мен Қызмет басшысының назарына жеткізу;

4) ішкі аудиторларға қатысты егер, олар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындаған жағдайда қажетті шараларды қабылдау.



  1. Ішкі аудиторлар жұмысының сапасын бақылау жүйесі сондай-ақ аудиторлық тапсырмаларды жоспарлау және оны орындау кезінде ішкі аудиторлардың жұмыс сапасын арттыру әрі олардың кәсіби қасиеттерін барынша пайдалану мақсатында Қызмет басшысының бұдан былай ішкі аудиторларды кәсіби жағынан оқытуды жоспарлау үшін қажетті ақпаратты алуына ықпал етеді.

  2. Қызмет басшысы сапаны бақылау үлгісіне (5-қосымшаның нысаны бойынша), сондай-ақ Қызмет жұмысының сапасы мен тиімділігін бағалауға сай ішкі аудиторлар жұмысының сапасына тоқсан сайын бақылау жасауды қамтамасыз етуі тиіс.

  3. Аудиторлық тапсырманы орындау процесінде сапаны тәуелсіз бақылауды басқару мақсатында әрбір аудиторлық тапсырмада осындай аудиторлық тапсырманың тиісті сапасы үшін жауапты тұлғаны тағайындау міндетті. Аталған тұлға мүмкіндігінше аудиторлық тапсырмаға қатыстырылуға тиісті емес, бірақ оның қолы, сапа жөніндегі жетекші ретінде, міндетті түрде болуы тиіс. Сапа мәселелері аудиторлық тапсырманың орындалуының дұрыстығы және жұмыс қағаздары мен есептерін рәсімдеудің дұрыстығы мәселелеріне қатысты болуы тиіс.

  4. Сапаны бақылауды жүргізу кезінде әрбір берілген Ұсынымға қатысты қажетті талап болып айқындалған проблемалардың бастапқы себептерін жұмыс құжаттары мен тексеру парақтарының (чек парақтардың) шаблондары арқылы жоюға бағытталуы табылады. Бастапқы себептерді талдауды жүзеге асырған кезде мына негізгі амалдарды (біреуін немесе тіркесін) қолдану қажет: ойталқы, бес неге, Исикава диаграммасы ("балық сүйегі" диаграммасы), Парето диаграммасы, басшылықтың бастапқы себептерін айқындау және іс-қимылдар жоспарын жасау үшін талқылауға тартылуы.

жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау