Тақырыбы: Информатикадан 6 сыныпқа арналаған І жарты жылдық тест жұмысы
Вирус – ол...
А) Дискілерді тексеру құралы В) Файлдарды көшіруге арналған программа
С) Операциялық жүйедегі қателердің салдары
Д) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа
2. Антивирус – ол...
А)Файлдарды сығуға арналған программа
В)Файлдарды көшіруге арналған программа
С)Компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа
Д) Вирустарды құруға арналған программа
3. Файлдарды мұрағаттау деген не?
А) Файлдарды Қоржынға жою В) оларды бір мезгілде сыға отырып, бір файлға қою
С) кеңседегі құжаттарды қоюға арналған арнайы орын Д) оларды бумаға біріктіру
4. Бірінші программалаушы кім?
А) Чарльз Беббидж В) Герман Холлерит С) Ада Августа Лавлейс Д) Блез Паскаль
5. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?
А)1946ж В)1949ж С)1980ж Д)1956ж
6. Қазіргі кезде компьютердің неше буыны бар?
А) 3 В) 4 С) 5 Д) анықталмаған
7. Компьютердің ең басты шинасы?
А) жүйелік шина В)Жады шинасы С) басқару шинасы Д) деректер шинасы
8. Алгоритм дегеніміз-...
А) Іс-әрекет
В) Толық сипатталған тапсырма
С) Берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы
Д) Математикалық есептің шешілуі
9. Төмендегі құжаттардың қайсысы алгоритм?
А) техника қауіпсіздік ережесі В) Аспаздық рецепт
С) оқушылар тізімі Д) Қоңырау кестесі
10. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсет:
А) адам В) кір жуатын машина С) робот Д) жазу үстелі
11. Блок –сызбада алгоритміндегі енгізу – шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі?
А) эллипс В) тіктөртбұрыш С) ромб Д) параллелограмм
12. Блок –сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі?
А) эллипс В) тіктөртбұрыш С) ромб Д) параллелограмм
13. Егер алгоритмдегі іс-әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса ..... алгоритм деп аталады.
А) тармақталған В) сызықтық
С) толық емес формадағы тармақталған алгоритм
Д) тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм
14. Егер, онда, әйтпесе операторлары орындалатын алгоритм?
А) сызықтық В)Тармақталу алгоритмінің толық формасы
С) Тармақталу алгоритмінің толық емес формасы Д)аралас түрі
15. Қайсысы алгоритмге жатпайды?
А) сызықтық В) бұйрықтық С) тармақталу Д)циклдік
16. Циклдік алгоритм дегеніміз?
А) Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы
В) іс-әрекеттің орындалуы қойылған шартқа тәуелді алгоритм
С) егер алгоритм тізбектеле орындалса
Д) алгоритмнің графикалық түсіндірілуі
17. Модельді тек ... құруға болады
А) нақты бір нысанға В) ойластырып алынған нысанға
С) кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа Д) табиға құбылыстарға
18. Модельдеудің негізгі кезеңдері ол:
А) модельді құру, компьютерлік тәжіриебе
В) есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжіриебе, модельдеу нәтижесін талдау
С) есептің қойлуы, модельді құру
Д) модельді құру, модельдеу нәтижесін талдау
19. Ақпараттық модель:
А) компьютердің көмегімен жүзеге асады
В) тек статикалық модель болуы мүмкін
С) нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар
Д) нысанның , үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді
20. Компьютерлік модель :
А) компьютерлік программа көмегімен жүзеге асады
В) тек статикалық модель болуы мүмкін
С) нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар
Д) нысанның , үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді
6 сынып Жауаптары
Д
С
В
Д
А
С
А
С
В
Д
Д
А
В
В
В
В
А
В
С
А
Достарыңызбен бөлісу: |