«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы «9» желтоқсандағы (№14 хаттама) шешімімен, 24. 08. 2018 (№9 хаттама) өзгерістерді есепке ала отырып, бекітілді



жүктеу 0,87 Mb.
бет10/12
Дата28.12.2019
өлшемі0,87 Mb.
#25302
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

10-қосымша – Аудиторлық тапсырма



«Бекітемін»

_____________ Ішкі аудит қызметінің жетекшісі

«___»__________20__ жыл





Аудиторлық тапсырма
Аудит объектісі:________________________________________________________________

Аудиторлық

тапсырма мақсаттары _____________________________________________________

Аудит мезгілі: __________________________ ________________________________

Ішкі аудитке жатқызылатын операциялар/рәсімдер тізбесі:

1.

2.



. . .

Аудиторлық тапсырманы жүргізу жөніндегі басшылық ___________________

______________________________( Аудиторлық тапсырма жетекшісінің аты-жөні және лауазымы) жүктелді.

Аудиторлық топтың құрамына кіргендер:

1._____________________________ (Ішкі аудитордың аты-жөні және лауазымы)

2._____________________________ (Ішкі аудитордың аты-жөні және лауазымы)

. . .

Аудиторлық тапсырма ____ жұмыс күні ішінде, «___»_____________20___ жылдан бастап «___»______________20___ жыл аралығында жүзеге асырылсын.



Аудиторлық тапсырманы орындау үдерісінде бейстандарттық жағдаяттар туындаған кезде аудиторлық тапсырманың жетекшісі аудиторлық тапсырманың мақсаттарына жету үшін Ішкі аудит қызметінің жетекшісімен келісу бойынша аудиторлық тапсырмада қарастырылмаған аудит операцияларын/рәсімдерін қамтамасыз етеді.
Аудит объектісінің жетекшісі аудиторлық топты қажетті алдын ала ақпаратпен және материалдармен ____________мерзіміне қамтамасыз етуі тиіс.
Қосымша: Сұратылатын ақпарат пен басқа да материалдар тізбесі.
Аудиторлық тапсырманың жетекшісі (аты-жөні)

«___»____________ 20___жыл

(Аудиторлық тапсырманың жетекшісі қол қойған дата)
Аудиторлық тапсырмамен танысқан:

Аудит объектісінің жетекшісі (аты-жөні)

«___»____________ 20___жыл

(қол қойылған дата)


11-қосымша – Бизнес-процестерді іріктеу, тестілеу және бағалау әдістемесі



Іріктеулі бақылау әдістемесі
Іріктеулі бақылау – бұл оның барысында аудитор барлық қолда бар объектілер жиынының тек бір бөлігіне ғана тестілеу жүргізетін, ал сонан соң осы тестілер нәтижелеріне негізделе отырып бүкіл жиынтық туралы қорытынды жасайтын үдеріс. Іріктей байқау арқасында тұтастай қаржылық есеп берулермен жағдаят туралы қалай қорытынды жасар алдында компанияның ісі болатын әрбір операцияны не әрбір шот-фактураны тексеру қажеттігі жоқ. Іріктей байқауларсыз аудит қиын да қымбат тұратын үдеріске айналады.

Іріктеулі бақылау шоттар теңгерімдерін немесе операциялар топтарын тексеруде пәрменді де тиімді әдіс болып табылады. Осы әдіс оның негізгі алынатын мынадай қағидасы арқасында пәрменді болып табылады: егер де іріктелген жиынтық дұрыс таңдалып сұрыпталса, онда іріктей байқау нәтижелеріне сүйене отырып барлық (бас) жиынтық белгілері туралы қорытынды жасау мүмкіндігі болады. Бұл әдіс тиімді болып табылады, өйткені біз бас жиынтық құрамында әрбір объектіге емес, тек бірнеше объектілерге ғана тест жүргіземіз.

Іріктеулі бақылау мынадай болуы мүмкін:


  • Бағалаушы (бейстатистикалық) іріктей байқау. Көлемі бойынша ірірек жиынтық туралы қорытынды осы жиынтықтан объектілердің тек бір бөлігін ғана тестілеу негізінде жасалуы салдарынан іріктей байқау бүкіл үдеріс бойы кәсіби пайымдаудың қолдануды керек етеді. Аудитор сұрыпталған объектілер негізінде алынған аудиторлық куәліктердің жеткіліктілігін айқындау үшін кәсіби пайымдауды қолданады. Іріктеу көлемі үлкен болған сайын соғұрлым ол көбірек аудиторлық куәліктерді ұсынуға қабілетті; сондай іріктеуді ұйымдастыруға да жатқызылады: ол жақсы ұйымдастырлыған сайын соғұрлым аудитор көбірек куәлік алады.

  • Статистикалық (ықтималдық не кездейсоқ) іріктей байқау. Бұл - іріктей байқауға объективтік ұстаным, осы ретте аудитор іріктеу көлемін айқындайды және объектілерді бас жиынтықтан тексеру жүргізу үшін таңдайды. Сонан соң аудитор байқау нәтижелерін бағалау үшін сандық әдістерді қолданады.

Іріктеулі бақылау негізінде алынған аудиторлық дәлеледемелердің бара-барлығын (competence) да аудитор айқындайды; аудитордың қорытындысына бұл жағдайда іріктеудің көлемі не ұйымдастырылуы әсер етпейді.

Іріктеулі бақылауды қолдану жағдайлары

Іріктеулі бақылау құралдарға аудиторлық тестілер мен бақылау рәсімдерін (атрибутивтік іріктей байқау) жүргізген кезде де, сальдо шоттар мен операцияларға аудиторлық тестілер өткізген кезде де (айналмалалыларды іріктей байқау). Екі жағдайда да іріктей байқау аудиторға объектілердің 100%-дан кем жиынтығына аудиторлық тестілер өткізуге жүргізуге, бірақ та бұған қарамастан бүкіл бас жиынтық қатысында қорытынды жасауға мүмкіндік береді.


Іріктеу әдісінің тәуекелі

Ескерту. Ондағы іріктеулі бақылау тәуекелі қолайсыз болып табылатын неғұрлым маңызды, айтарлықтай не жоғары тәуекел деңгейімен ұштасқан кейбір бизнес салалары болады. Мұндай жағдайларда бас жиынтықтың әрбір объектісі (элементі) аудиторлық тестілерге ұшырауы тиіс.

Аудитор аудиторлық тестке бас жиынтыққа кіретін объектілердің тек бір бөлігін ғана ұшыратуы, сонан соң барлық бас жиынтық туралы қорытынды жасауы салдарынан қорытынды бұрыс болып табылатын тәуекел бар. Осы жағдаятқа қолданатындай іріктеу әдісінің тәуекелі туралы айтылады.



Айтарлықтайға бөлшектей тестілер жүргізген кезде (іріктеу әдісін пайдалана отырып әлдебір сандық көрсеткіш тестілері туралы сөз етіледі) мүмкін болар аудитор қателерінің нәтижесінде тәуекелдердің екі тұрпаты туындауы мүмкін:

I. Бұрыс қабылдау тәуекелі. Мұндай жағдаят аудитор сандық көрсеткіштің мәні дұрыс болды деген тұжырымға келгеннен туындайды, себебі іріктеу мәні дұрыс болып шықты, алайда шындығында бұл мән бұрыс болып табылады. Осы жағдаятта аудитор жасаған қорытынды бұрыс болып табылады.

II. Бұрыс қабылдамау тәуекелі. Мұндай жағдаят аудитор сандық көрсеткіштің мәні бұрыс болды деген тұжырымға келгеннен туындайды, себебі іріктеу мәні бұрыс болып шықты, алайда шындығында бұл мән дұрыс болып табылады. Бұл тәуекел тұрпаты егер де аудиторлық тестілер жүргізу үшін жиынтықтан қосымша объектілерді оңай және жәй сұрыптаған жағдайда аудиторға салмақты уайым тудыруы тиіс емес. Егер де осы шындығында орын алса, онда бұрыс қабылдамау тәуекелінің бұдан да жоғары деңгейін қабылдағысы келуі мүмкін. Бұл аудитордың сандық көрсеткіш мәні дұрыс болып табылмайды деп мәлімдеуге бет бұруын білдіреді, ал іс жүзінде ол дұрыс. Мұндай болғанда аудитор қосымша объектілерді жиынтықтан сұрыптап алады да, шындығында бәрі ретті екенін айқындайды. Аудитордың қорытындысы ақыр аяғында дұрыс болады, алайда, дұрыс қорытындыға жету үшін қажеттіктен ол үлкен жұмыс атқарған шығар. Бақылау тестілерін жүргізген кезде де (бұл аудитор тәуекелді максимумнан төмен бағалауды алдын ала талпынған кезде орындалуы қажет ішкі бақылау тәсілдері мен рәсімдерінің тестілері) іріктей байқау нәтижелерін бүкіл бас жиынтыққа тарату нәтижесінде туындайтын екі қате түрі орын тебуі мүмкін:

III. Бақылау жүйесі тәуекелінің шынайы деңгейін төмендете бағалау тәуекелі. Іс жүзінде бұл жүйе лайықты жұмыс істемейтін кезде аудитордың бақылау жүйесі жұмысының бара-барлығын мойындауға әзір екенін білдіреді. Нәтижесінде аудитор еңбегі сіңгеннен үлкен дәрежедегі бухгалтерлік жүйеге келіп түсетін ақпаратқа иек артады.

IV. Бақылау жүйесі тәуекелінің шынайы деңгейін жоғары бағалау тәуекелі. Бұл аудитордың бақылау жүйесі жұмысының қанағаттанарлықсыз жай-күйін мойындауға әзір екендігін білдіреді, алайда шындығында ол сайма-сай жұмыс істейді. Мұндай қорытынды қажеттілік болып табылмайтын қосымша жұмыс көлемдерін жүргізу керектігіне әкеп соғады, өйткені аудитор іс жүзінде сайма-сай жұмыс істейтін жүйеден келіп түсетін ақпаратқа арқа сүйемейді.

Ескерту. Мәнділік деңгейі (confidence level) іріктеу әдісі тәуекелі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Егер де бұрыс қабылдау тәуекелі 5%-ды құраса, онда мәнділік деңгейі 95% деңгейінде болады. Бұл аудитордың іріктеудің тартымды болып табылатынына 95%-ға сенімді екендігін білдіреді.

Осы төрт қателер түрі екі тәуекел санатын құрайды:



Альфа-тәуекел (жоғарыда келтірілген тізімнің II және IV қателері). Альфа-тәуекел санатына жатқызылатын қателер дұрыс қорытынды жасау үшін аудитордан қосымша және міндетті емес жұмыс жүргізуді талап етеді. Ақыр аяғы аудитор бас жиынтық ахуалы туралы дұрыс қорытындыға келеді, алайда бұл оның қажеттіден көп уақытын алады, соның нәтижесінде аудиттің тиімділігі кем болады.

Бета-тәуекел (жоғарыда келтірілген тізімнің I және IІІ қателері). Бэта- тәуекел санатына жатқызылатын қателер аудитордың қорытындысы бұрыс болуына әкеп соғады. Бұл өз кезегінде аудит пәрменділігінің кемуіне әкеп соғады. Сондықтан да дәл осы екі тәуекел түрлерімен аудитор артық дәрежеде айналысуы тиіс.
Іріктеулі бақылау түрлері

Іріктеулі бақылаулардың екі негізгі түрі болады, оларды аудитор аудиторлық тапсырманы орындау барысында істей алады – атрибутивтік іріктеулі бақылау (attributive sampling) және айналмалыларды іріктей байқау (variables sampling). Кейбір жағдайларда аудитор үшін арналған екі байқау түрін бір мезгілде жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі; мұндай жағдайда қос арналымды іріктей байқау туралы айтылады (dual-purpose sampling).



Атрибутивтік іріктеулі бақылау

Атрибутивтік Іріктеулі бақылау құралдар мен ішкі бақылау рәсімдерін тестілеуге жатқызылады. Атрибутивтік іріктей байқау кезінде жиынтық элементі белгілі бір сипаттамаға (яғни белгілі бір атрибутқа) ие болу тақырыбына тестіленеді. Авторизация осындай іріктей байқау тұрпатының үлгілі мысалы болып табылады. Атрибутивтік іріктей байқау кезінде осы құжат тиісінше авторланғанын анықтай отырып, аудитор шот-фактураны немесе тапсырма құжатын яки басқа бір құжатты тестілеуді жүргізеді. Авторизация – бұл элементтің сипаттамасы; оған ол ие болады немесе жоқ. Ешқандай авторизация «дәрежесі» болмайды.



Айналмалыларды іріктеулі бақылау

Айналмалыларды іріктеулі бақылау аудитор қайсыбір шаманың, мысалы, трансакция шамасының немесе сальдо шоттың дұрыстығын тексеретін жағдайларда қолданылады. Бұл - елеулілікке аудиторлық тестілер. Аудитор іріктеуде сальдоның ақшалай шамасын анықтауы, нәтижені қолда бар шаммен салыстыруы, сонан соң іріктеу қатесіне түзету жасап, бас жиынтық туралы белгілі бір қорытындыға келуі тиіс.



Қос арналымдағы іріктеулі бақылау

Қос арналымдағы іріктеулі бақылауды атқара отырып, аудитор бір мезгілде бақылау тестін және елеулілікке тест жасайды. Алайда, осындай тестілер жасау үшін аудитор бақылау тесті үшін аңғарылған өзгерудің елеулілікке тестідегі рұқсат етілген деңгейінен кем екендігіне сенімді болуы тиіс. Бұл дегеніміз аудитор қос арналымдағы іріктей байқау құқығына егер де ол бақылау жүйесінің деңгейі іріктей байқау негізінде жасалған нәтижелерге иек арту үшін жеткілікті төмен болатынына сенімді боған жағдайда ғана ие болады. Егер де қос арналымдағы іріктей байқауды жүргізу нәтижесінде аудитор ішкі бақылау жүйесінің пәрменділігіне сүйенуге болмайтынын аңғарса, онда оған ең алдымен елеулілікке тестіні жаңадан атқаруға тура келеді. Қос арналымдағы іріктей байқауды атқарған кезде іріктеу мөлшері іріктей байқаудың кез келген екі жеке-дара тұрпатын жүргізу жағадайынан үлкенірек болуы тиіс, алайда ол екі жек-дара тестілердің іріктеу сомасынан кем болуы керек.



Мысал. Ішкі аудитор бақылау тестін (авторизация) бір мезгілде жүргізгісі және дебиторлық берешектегі сальдо шоттарының дұрыстығын тексергісі келеді. Егер де тестілер бөлек жүргізілсе, онда аудитордың пікірінше өнімді оған сатып алуға (бақылау тесті шеңберінде) 50 өтінімді және 50 дебиторлық берешек шотын (елеулілікке тест шеңберінде) тексеруге тура келер еді. Тұтастай оған 50 жиынтық элементін тексеру керек болған.

Қос арналымдағы іріктеулі бақылауды жүргізген кезде аудиторға у авторизация мен сальдо шоттарының бар болуына 75 трансакция жүргізу керек болады. Іріктеу мөлшері әрбір тестіні бөлек жүргізуден көп болса да, соған қарамастан бұл жеке-дара тестілеу кезіндегі (50 + 50 = 100) іріктеу сомасынан кем.



Іріктеу көлемдерін айқындау

Іріктеу құрамына кіруі тиіс элементтер санын айқындау іріктей байқау үдерісіндегі ең саңызды кезеңдердің бірі болып табылады: егер де іріктеу көлемі тым үлке болса, онда аудитор міндетті емес тестілерді жүргізеді, егер де керісінше, іріктеу мөлшері тым кіші болса онда іріктеу лайықты болмай қалады. Осы екі жағдаяттан іріктеу мөлшері тым көп болғаны - ең жақсысы.

Әдетте, іріктеу көлемі арнаулы кестелер не формулалар көмегімен айқындалады.

Іріктеу көлеміне мынадай жайттар әсер етеді:



Бас жиынтық мөлшері. Бас жиынтық мөлшері үлкен болған сайын іріктеу көлемі үлкен болады. Соған қарамастан, бас жиынтық көлемдері мен іріктеу мөлшерлерінің арасындағы сызықтық байланыс жоқ. Бұл егер де бас жиынтықтың көлемі, мәселен, екі есе ұлғайса, іріктеу мөлшері ең алдымн осы шамаға ұлғаймайтынын білдіреді.

  • Қате тәуекелінің жарамдылық деңгейі. Қате тәуекелінің жарамдылық деңгейі төмен боған сайын іріктеу мөлшері үлкен болуы тиіс.

  • Бас жиынтықтағы элементтердің өзгеру нәтижесі. Бас жиынтықтағы элементтері әралуан және әртүрлі болған сайын оған әртүрлі элементттер саны көбірек кіруі үшін іріктеу мөлшері үлкен болуы тиіс. Бұл іріктеуді стратификациялау жолымен жеткізіледі (бұдан әрі қара).

  • Бас жиынтықтағы рұқсат етілген ауытқу көрсеткіші. Басқаша сөзбен айтқанда, жиынтықтағы максималды жарамды қателер саны қандай. Бұл көрсеткіш кем болған сайын іріктеу үлкен болуы тиіс.

Төменде біз атрибутивтік іріктеу мен айналмалылар іріктеуінің мөлшерлерін айқындау үшін формулалар келтіріп отырмыз. Бұл формулалар осы Қосымшада материалды жазу барысында пайдаланылады.

Атрибутивтік іріктей байқау кезіндегі іріктеу мөлшерін айқындау үшін негізгі формула:

Іріктеу мөлшері (n) = . анықтамалық: ;
Мұндағы С – сенімділік еселегеіші (керекті сенімділік деңгейге қатысты стандарттық ауытқулар саны (төменде келтірілген кесте бойынша айқындалады)),

р – күтілген ауытқу деңгейі (%),

q = 100% - р (%),

Р – меншікті дәлдік шарасы (%).


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау