20-40 жылдардағы мәдениет
q Білім беру жүйесінің дамуы
q Әдебиет
q Музыка және театр өнері
Білім беру жүйесінің дамуы
Халыққа білім беру жүйесінің дамуы және жаппай сауатсыздықпен күрес-кеңестік тәртіп тұсындағы бірден-бір сөзсіз жетістік болды. 1918 жылы “Бірыңғай еңбекші мектебі Декларациясы мен “Бірыңғай еңбек мектебінің ұсынысы” қабылданып, онда кеңестік білім беру жүйесінің басты принциптері жарияланды – ақысыз, бірлескен ұлдар мен қыздар оқуы, құдайды уағыздап оқыту тәртібін жою, жазалаудың барлық түрін өзгерту, мектептік өзін-өзі басқару. Барлық мектептер екі сатыдан тұрды – бірінші, 8-13 жас аралығындағы балаларға арналған, ал екіншісі – 13-17 жас аралығындағы балалар. Кеңестік медрессе, мектеп және орыс-қазақ мектебі бірден белсенді жұмыстар атқарып кетті. Азамат соғысы аяқталған тұста Қазақстанда 2410 мектеп болып, онда 114 мың оқушы оқып, оның 31 мыңы қазақтар болды.
20-ш30-шы жылдары мектептерді әдістемелермен қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы Семейде Ахмет Байтурсынов пен Міржақып Дулатовтың “Есеп құралы”, “Оқу құралы”, “Тіл құралы” атты оқулықтары басылып шықты, Мемлекеттік баспадан зиялылар редакциялық коллегиясының жаңа оқу құралдары басылды; А.Бөкейханның (“География”), М.Жұмабаевтың (История Казахстана; Педагогика), Ж.Аймауытұлының (“Дидактика”), Б. Омаровтың (“Алгебра”), және басқа да белгілі ұлттық интелегенция қайраткерлерінің жұмыстары басылды. 1927-28 оқу жылы қазақ мектептеріне арналып 30-ға жуық оқулық жалпы 575 мың экземпляр болып басылып шықты.
1929 жылы қазақ тілінің араб графикасынан латынға ауысуы білім беру жүйесіне ауыр соққы болып тиді. Біртіндеп жүргізілген сауатсыздықпен үкіметтің күресі қазақтардың ғасырлар бойғы рухани мұраларын жоя бастады, араб шрифіндегі кітаптар қолданыстан шықты. А.Байтұрсыновтың 1924 жылғы шыққан кітабын қазақтармен қатар түрік тілдес халықтар да түсінетін, бірақ араб графикасындағы кітаптарды оқу саяси қателік болып саналды. Жүздеген мың араб графикасымен оқи алатын қазақтар сауатсыздарға айналып, жаңа әліпбиге көшуіне тура келді.
Кеңес Үкіметі жылдары Қазақстанда жоғарғы оқу орны жүйесі дами бастады. 1926 жылы Ташкенттегі жоғарғы педагогикалық институтында қазақ факультеті құрылды. 1928 жылы факультет Алматыға көшіріліп қазақ мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Екі жылдан соң ол қазақ педагогикалық институты атауына өзгертілді, ал 1935 жылы институтқа Абай Құнанбаев аты берілді. 1929 жылы Алматыда зооветеринарлық институт ашылды, ал 1930 жылы – ауышаруашылық. 1934 жылы астанада жаңа екі ЖОО ашылды. Тау-кен институты және С.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті (қазір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті). 1931 жылы Алматыда республикада алғаш медицина институты ашылды. Орал, Семей, Ақтөбе, Петропавл, Шымкент және Қостанайда педагогикалық және мұғалім даярлау институттары ашылды. 30 –шы жылдары сырттай оқу жүйесі даму алады.
Әдебиет
ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеті жоғары деңгейде болды. Қазақ әдебиетінің классиктері – А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлының шығармалары көпшілік құрметіне ие болды. Олар өз шығармаларында жалпы адамзаттың құндылықтарды, гуманизм принциптерін ұстанды. Сол жылдары “пролетарлық” әдебиеттің жас әдебиетшілер буыны пайда болды – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтың және М.Хакімжанованың алғашқы еңбектері жарық көрді.
20-шы жылдардың бірінші жартысы әдебиеттегі Абай салған классикалық бағыттау үстемдігімен сипатталады. Бірақ үгіт–насихаттың әдебиет арқылы жүргізілуінің тиімділігін жақсы түсінген өкімет қазақтың “социалистік реализм” бағытын құруға үлкен күш салды. Бұл ойлар 1925 жылғы өлкелік партия конференциясында, 1924 жылғы Москвадағы жоғарғы оқу орындарындағы қазақ студенттерінің жиналысында және 1979 жылы Ташкенттегі қазақ студенттерінің жиналысында айтылды. 20-шы жылдардың ортасында қоғам өміріндегі әдебиеттің орны мен ролі және қазақ “пролетар” әдебиетінің көлемі жөнінде пікір-талас қыза түсті. Осы пікір-талас барысында М.Жұмабай, Ж.Аймауытұлы, А.Байтұрсын, М.Дулатұлы, К.Кеменгеров сынды ақын және жазушылар ұлтшылдықпен анықталынды. 20-шы жылдардағы осы авторлардың әдеби шығармашылығы антикеңестік қастандық деп айыпталып, репрессиялуға сылтау болды. Онымен қатар “пролетарлық” жазушылар мен ақындардың шығармашылығына саяси бақылау орнату жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай мақсатта 1926 жылы өзінің “Құс жолы” баспа органы бар қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясы (КазАЛП) құрылды. Бұл альманах “буржуазияшыл” және “ұлтшыл” әдебиетшілерді сынаудың негізгі қаруына айналды. Осылайша, 30-шы жылдардың басында Қазақстанда әдебиетке қатаң бақылау орынаталады, бірнеше төл жанрлар, тақырыптар және бағыттардың жазылуына тиым салынады және қазақ әдебиетінің одан әрі дамуы үкімет саясатының жетегінде жүзеге асты.
Достарыңызбен бөлісу: |