«10» қазан 2014 жыл Баспасөз хабарламасы
Сбербанктің Қызылорда қаласындағы филиалы ашылды
«Сбербанк» АҚ ЕБ Қызылорда қаласында өзінің Қазақстан аумағындағы он
алтыншы филиалын ашты. Сөйтіп, банк республикалық филиалдық желі құруын
аяқтады. Енді Сбербанк Қазақстанның барлық аумағында орналасты.
Сбербанктің жаңа филиалының ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі
Қырымбек Көшербаев, Ұлттық Банктің Қызылорда филиалының директоры Ернар
Жұмабеков, «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов, сонымен қатар,
Сбербанктің қазіргі және әлеуетті серіктестері мен клиенттері қатысты.
Филиалдың ашылу аясында «Сбербанк» АҚ ЕБ мен Қызылорда облысының әкімдігі
арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум
тараптардың өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту және оларды
қаржыландыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, әлеуметтік маңызды
жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы
бойынша бірлескен ынтымақтастықты жандандыру мәселелері қарастырылған.
«Қызылорда облысы бүгінгі күні – бұл дамып келе жатқан, болашағы мол аймақ. 2013
жылдың қорытындысы бойынша облыс инвестициялардың негізгі капиталға ең жоғарғы
өсу қарқынын көрестті – 140%. Мұнда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және
сауда белсенді дамып келеді. Шағын және орта бизнес субъектілері экономиканың барлық
саласында жұмыс істейді, бұл сапалы банктік қызмет көрсетуді және инвестицияларды
талап етеді. Осының бәрін аймақтың кәсіпорындары мен тұрғындарына Сбербанктің
халықаралық пішімде орындалған жаңа филиалы ұсынуға дайын», - деді «Сбербанк» АҚ
ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов.
Сбербанктің Қызылорда қаласындағы филиалы заманауи банктік қызмет
стандарттарына жауап береді: жаңа банктік технологиялар келіп түскен сұранымдарды ең
қысқа мерзімде өңдеуге, талдауға және орындауға мүмкіндік береді. Филиал өзінің ерекше
дизайнерлік шешімдерімен, барынша жұмыс істей алатын, клиенттер үшін
қолайлылығымен ерекшеленетін Сбербанк бренді элементтері пайдаланыла отырып
безендендірілген. Филиал «Бес жұлдыз» атты банк ішіндегі жүйеге сәйкес салынған. Осы
жүйеге орай, клиентті Банктің өнімі мен қызметі ғана емес, сондай-ақ бөлімшелерінде
клиенттің уақытын жақсы өткізе алатын жайлылық та қызықтыруы тиіс. Сбербанктің
Қызылорда қаласындағы филиалы жайды жиһаздармен, Wi-fi, телефонды зарядтауға
болатын бағандармен, суы бар диспенсермен, кофе-машинамен, вендинг аппаратымен
және аяқ киім тазалау машинасымен жабдықталған. Банкке келген клиент өзі бос
болмаған кезде, баласына алаңдамауына болады – балаларға арналған бұрышта бөбектер
өздеріне лайықты іспен айналыса алады – сурет салуына, мультфильм көруіне мүмкіндік
бар.
Ерекше клиенттер үшін жаңа ғимаратта «Сбербанк Премьер» сыйақылы банктік
сервисі қосылады. Жеке менеджер банктік қызметтердің толық кешенін ұсына отырып,
қаржылық мәселелерді шешуге, клиентті қызықтыратын барлық банк өнімдері бойынша
кеңес береді және ең оңтайлы шешімдерді ұсынады.
«Біз Қазақстанның әр жерінде ашылған және әрекет етуші әр бөлімшемізге аса көңіл
бөлеміз. Сбербанктің Қызылорда қаласындағы филиалы заманауи банктік қызмет
стандарттарына жауап береді. Біз клиенттердің Сбербанктің қолайлы да қазіргі заманға
сай офисін, қызмет көрсету сапасын жоғары бағалайтынына сенімдіміз», - деп атап өтті
Александр Камалов.
Енді Қызылорда облысының тұрғындары Сбербанктің банк өнімдерінің барлық түрлерін
алуына болады. Мұнда жеке және заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет
көрсетіледі, айырбастау және аударым операциялары, жеке және заңды тұлғаларға кредит
беру, салымдар қабылдау және банк карталарына қызмет көрсету жүргізіледі.
Сбербанктің Қызылордаға келуімен қосымша 60 астам жұмыс орындары пайда болды.
Анықтама:
«Сбербанк» АҚ ЕБ – халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы
нарығында 7 жыл табысты жұмыс істеп келеді және активтерінің көлемі бойынша
Қазақстандағы ЕДБ арасында 4 орынға ие болды. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің
108 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 15-і - филиал.
Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.
Қосымша ақпарат алу үшін Банктің баспасөз қызметіне хабарласуларыңызға
болады:
«Сбербанк» АҚ ЕБ
PR бөлімінің бастығы
Татьяна Шевченко
+7 (727) 266 35 68 (ішкі 501 238)
e-mail: tatyana.shevchenko@sberbank.kz
«Сбербанк» АҚ ЕБ
PR бөлімінің жетекші маманы
Екатерина Купреева
+7 (727) 266 35 68 (ішкі 502499)
e-mail: yekaterina.kupreeva@sberbank.kz