Өндіріс құрылысының өсуі жұмысшы күшінің тапшылығын көрсете бастады. Қазақстан құрылыстарына өнеркәсіпті орталықтарындағы жұмыссыздық салдарынан көбей түскен жұмысшы күші негізінде, 1931-1940жж. 559 мың адам республикаға әкелінді. Жұмысшы табының негізгі бөлігін, ұжымдастыру кезінде күйретілген деревня мен ауылдардың шаруалары құрды. Жұмысшы табының санының өсуіне басты негіз болған. Жағдай — арнайы көшірілген халықтар болды, олардың қатарына орталық региондар мен Сибирден тәркілеуге ұшыраған кулактар да жатты. 1931ж. Қарағандыға 70 мың адам көшірілді, олар 25 поселоктер мен концлагерлерге орналастылды. Арнайы көшірілген халықтар поселоктерден өз бетінше шығуға құқықтары болмады, олар негізінен барактар құрылысында, шахталар мен темір жол құрылыстарында жұмыс жасады. Жұмысшыларға күнделікті 600гр. нан, ал жұмыссыздарға күніне 300 гр. нан ғана берілді. Қазақстанға барлығы 189 мың “кулак” оның 150 мыңы 1931ж. жіберілді. 1937ж. арнайы көшірілгендердің саны 360 мыңға жетті.
“Социалистік индустриализация” тағы бір жобайы көрінісі ОГПУ — лагерлік жүйесі болды. НКВД арзан жұмыс күшімен ірі кәсіпорындарды қамтамасыз ету үшін өз қызметін жасады. 1931ж. Қарағанды лагері (КарЛаг) құрылды, онда КСРО-ның барлық региондарынан репрессияға ұшырағандар жіберілді. 30-40жж. аралығында Қазақстанда осындай лагерлердің бір қатар тобы пайда бола бастады. Республика жер аударылғандардың үлкен бір орнына айнала бастады.
Индустриализация қортындыларына негізінен әр түрлі баға беріледі. Ол негізінен халықтың әсіресе шаруашылардың тұрмысы мен өмірінің төмендеуі негізінде орындалды. 1929-1934жж. инфляция негізінде ақша өлшемі 180% өсті, өндірістік товарлар бағасы 250-300% дейін өсті. Бесжылдық жоспар бойынша, әсіресе жеңіл өндірісте белгіленген жоспарлар орындалмады.
Тоталитаризмнің күшеюі және жаппай саяси жазалау
30ж. үшінші жартысы саяси репрессияның жаңа толқынымен белгіленді және ол жалпылама сипат алды. Сталиннің жеке басқа табынушылық саясатының күшеюі негізінде “халық жауларын” түгелдей тамырымен жою үшін партиядағы басқарушылар мен кеңес қызметкерлері арасында тазарту процессі жүргізілді. 1937—1938жж. “ұлтшыл-фашистер” мен сатқындық кінәсі Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов, У.Құлымбетов, О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, С.Садуақасов, С.Сафарбеков, Т.Жургенов және т.б. тағылды. Қазақтың ғылымы мен мәдениеті орны толмас шығынға ұшырады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. және Х.Досмухамедовтар, М.Тынышпайұлы, М.Жұмабай, С.Сейфуллин, И.Жансүгүров, Б.Майлин, С.Асфендияров, Ж.Исанин, К.Кемеңгеров кінәсіз жазалаудың құрбандары болды. Оларға тағылған негізгі кінәлар ауыл шаруашылығындағы тоқыраушылық, 20—30жж. көтерілістер жапон разведкасымен байланыста болғандықтары, Қазақстан аумағын бөлуге жасаған шаралары болды. Қарағандыда және бірнеше аудандарда “халық жауларын” соттау процессі арқылы жүргізді. Алайда, “халық жауларының” негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешті.
Қазақстан аумағы үлкен лагерьге айналды. Көптеген өндіріс өнеркәсіп орындарына жұмыс күші жазаланғандар санымен толтырылды. Қазақстан лагері бойынша жүздеген мың жазаланушылар өтті. 30ж. аяғында республикаға түгел халықтарды жер аудару процесі басталды. Қиыр Шығыстан корей халықтарын көшіру саясатынан басталды. 1937ж. “жапон шпионаждығынан сақтандыру” үшін 180 мың адам туған жерінен Қазақстан мен Өзбекстан көшірілді. Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстанға Украина мен Белоруссиядан 102 мың поляктар жер аударылды. Жер аударылып келген халықтар жаңа жерлерін тастап кетуге және азаматтық құқықтарынан айырылды. Негізінен Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін күшпен көшірілу процесі Соғыс жылдарында күшейтілді.
Қазақстан 20ж. бірінші жартысында
Достарыңызбен бөлісу: |