Қазақтар көтерілісі
Күш көрсету мен өрескел жолсыздық істерінің салдары тек ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауынан ғана көрінген жоқ. Барлық елдегі сияқты Қазақстанда да осы жағдайға ашық түрде наразылық туды, бұл көптеген жағдайда, шаруалардың қарулы қарсылық көрсетуіне ұласты.
1929—1931жж. Қазақстанда 372 көтеріліс болды, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Шаруалардың Созақ, Шемонаиха, Бұхтарма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыролы, Бүйен-Ақсу, Шыңғыстау, Бәрібаев, Қастек, Балхаш, Шұбартау, Маңғыстау және басқа аудандардағы қозғалыстары қайғылы оқиғалармен мәлім болды. Көтеріліс кезінде халық республикадан тыс жерлерге, оның ішінде шетелдерге жаппай ауа көшті. 1930ж. басынан 1931ж. ортасында дейінгі уақытта Қазақстан аумағында 281230 шаруа қожалықтары көшіп кетті. Олардың едуәір бөлігі Қытайға, Иранға, Ауғаныстанға көшіп кетті. Тұрақты әскерлердің және ОГПУ органдарының қарулы күші көтерілген халыққа қарсы қатаң жазалау шараларын қолданды. Ірі көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін 1929—1931жж. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды. Қарсы шара іске қосылған жылдың алғашқы кезеңінде-ақ Қазақстанда 33345 адам абақтыға жабылды. Онда соттың қарау ісі атымен де болған жоқ. Барлығын тек “үштіктер” шешті.
1929ж. 1933ж. арасындағы бес жыл уақытында ҚазАКСР Біріккен Бас саяси Басқармасы Өкілетті өкілдігінің үштігімен толық емес мәліметтерге қарағанда, 9805 іс қаралды да, 22933 адам жөнінде шешім қабылданды, олардың арасында 3386 адам жазаның ең ауыр түрі — атуға, тұтқын лагерінде 3ж. 10ж. дейін қамауға 13150 адам кесілді.
Қазақстандағы индустриализация
20ж. бірінші жартысында КСРО-ның барлық өнерінде өнеркәсіптің күйреуі индустриялық дамуды жеделдету қажеттілігін туғызды. Алайда, Москвада оны дамыту жолдары мен әдістері жайында пікір-талас күшейе түсті. Бүкілодақтың халық Шаруашылығы Кеңесінің Төрағасы Ф.Дзержинский шаруаларды халық тұтыну товарларымен қамтамасыз ету мен одан тез арада пайда түсіру үшін жеңіл өңдеу бірінші орында дамытуды ұсынды. Оның орынбасары Пятаков ауыр өндірісті тез арада дамыту бағытын ұсынды. Л.Троцкий Приображенский мен Сталин оның ұсыныссын қолдады. Жаңа өнеркәсіптер құрылысы мен оны жаңашаландыру үшін қаржы көзі ретінде, жеке шаруашылық секторларынан, яғни шаруаларға салық салу арқылы “қотару” жолы арқылы жүргізу көзделді. 1926ж. бастап мемлекет жедел индустриаландыру бағытын ұстанды.
Достарыңызбен бөлісу: |