«Кеден ісі саласындағы криминалистика және анықтама»



жүктеу 261,05 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі261,05 Kb.
#7466
түріНұсқаулар

Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетi



«Кеден ісі саласындағы криминалистика және анықтама»

пәнi бойынша курстық жұмыстарды жазу және

безендiру бойынша әдiстемелiк нұсқаулар

Қарағанды 2010


5В030400 – «Кеден ісі» мамандығының ҚР МЖМБС негізінде, 5В030400 – «Кеден ісі» мамандығының оқу жұмысы жоспары, ҚҚЭУ-МИ-5.03.007-2006 пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде әдістемелік нұсқауларды жасаған жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының доценты з.ғ.к. Шакенов А.О.








КІРІСПЕ
«Мемлекет және құқық теориясы» мемлекеттің құрылымы мен құқықтық жүйені жетілдіруге тікелей әсер ететін және мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы туралы ғылымдардың барлық салалары үшін үлкен маңызы бар фундаменталды ғылым. Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.

Заңдық ғылымдар жүйесiнде “Мемлекет және құқық теориясы” негiзгi, әрi әдiстемелiк ғылым ретiнде танылған. Ол тәлiмгерлерде кәсiби құқықтық сананы қалыптастырумен тiкелей байланысты болатын заңдық ғылымдардың бiрi. “Мемлекет және құқық теориясы” пәнiнiң мақсаты – тәлiмгерлердiң мемлекет туралы iлiмдердiң мазмұны мен мәнi туралы, саяси-құқықтық құбылыстар туралы жалпы теоретикалық бiлiмдердi игеруiне көмектесу, оларды бағалау және де оны болашақта заңгер-құқықтанушы ретiнде өзiнiң мiндеттерiн кәсiби түрде орындау әрекетiнiң қозғаушы күшiне айналдыру қабiлетiн қалыптастыру.

Мемлекет және құқық теориясының оқу пәні ретінде басты мақсаты – әдістемелік тәсілдер арқылы оқу үрдісі нәтижесінде тәлімгерлерге мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің басты заңдылықтары туралы ғылыми және практикалық ілімдерді жеткізіп түсіндіру. Мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеті тәлімгерлердің мемлекет туралы ілімдердің мазмұны мен мәні туралы, саяси-құқықтық құбылыстар туралы жалпы теоретикалық білімдерді игеруіне көмектесу, оларды бағалай және де болашақта заңгер-құқықтанушы ретінде өзінің міндеттерін кәсіби түрде орындау әрекетінің қозғаушы күшіне айналдыру қабілетін қалыптастыру. Оқулықтармен қатар ғылыми еңбектерді, монографияларды, құқықтық журналдардағы мақалаларды өз беттерінше игеріп, терең әрі жанжақты талқылап қарастыруды үйрету қажет. Ғұламалардың көзқарастары негізінде, түрлі концепциялар ішінен талқылау нәтижесінде өзіндік ой-пікір қалыптастырып айтуға қабілеттерін дамыту.

Университеттiң “Заңгер” мамандығында оқып жүрген тәлiмгерлер үшiн заңдық ғылымдар саласында жан-жақты бiлiм алу, өз беттерiнше зерттеу жұмысын жүргiзiп үйрену, сондай-ақ жинаған бiлiмдерiн қоғамдық тәжiрибемен ұштастыра бiлу қабiлетiн қалыптастыру аса маңызды мәселелердiң бiрiне жатады. Заңгер маманды даярлау кезiнде курстық жұмыс жазуға және оны дұрыс рәсiмдеуге үлкен орын берiледi. Себебi, курстық жұмыс жазу үрдiсiнде тәлiмгер өзi таңдаған тақырыптың теоретикалық сұрақтарын талдай бiлуi, мәселеге қатысты жинаған құжаттарын өз бетiнше саралауы, сондай-ақ жазған жұмысы туралыой-пiкiрлерiн негiздей бiлуi қажет. Курстық жұмысты жазу және оны жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сай дұрыс рәсiмдеудiң маңыздылығы осында.

Осы әдiстемелiк құралда курстық жұмысқа қажеттi құжаттарды жинау, оның мәтiнiн жазу және дұрыс рәсiмдеу әдiстерi туралы ұсыныстар берiледi.

Әдiстемелiк құралдың соңында курстық жұмысты жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес рәсiмдеудiң үлгiлерi ұсынылып отыр.


1. Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
Білім берудің жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес “Заңгер” мамандығы бойынша күндiзгi және сырттай бөлiмдерде оқитын тәлiмгерлер бірінші курста “Мемлекет және құқық теориясы” пәнi бойынша курстық жұмыс жазады. Ол бiлiм беру үлгiсiнiң жазбаша жұмыстарының бiр түрi және оқу үрдiсiнiң мiндеттi түрде орындалуға жататын бiр бөлшегi болып табылады.

Курстық жұмыс тәлiмгердiң өз бетiнше жүргiзетiн алғашқы ғылыми зерттеуi. Ол тәлiмгерлердiң арнайы пәндердi оқу барысында жинаған бiлiмдерiн бекiтуге, тереңдетуге және оларды нақты мәселелердi шешу кезiнде дұрыс қолдана бiлуге көмектеседi. Сондай-ақ, курстық жұмыс жазу тәлiмгерлердiң ғылыми зерттеулер жүргiзуге қызығушылығын оятуға ықпал етедi, олардың берiлген мәселенi өз бетiнше саралауға қажеттi ғылыми әдебиеттердi, арнайы құжаттарды, қайнар көздердi тиiмдi пайдалана бiлуге үйретедi.

Тәлiмгер бiлiм алу үрдiсiнде жинаған бiлiмдерiн өзiнiң кәсiби мiндеттерiн орындау кезiнде дұрыс қолдана бiлуге, қорытынды жасап үйренуге, мәселе бойынша ғылыми және заң терминдерiн пайдалана отырып өз ойларын қағазға түсiре бiлуге үйренуi тиiс. Берiлген тақырыпқа сай курстық жұмыс жазу тәлiмгерлерге осы мiндеттердi шешуге көмек көрсетедi.

Курстық жұмыс жазу кезiнде тәлiмгер өз бетiнше нақты әлеуметтiк зерттеулер жүргiзуi қажет. Ол үшiн зерттелетiн мәселенiң мақсатын табу керек, оның жоспары құрылады, тақырыпқа сай құжаттар жиналады, белгiлi бiр жүйеге келтiрiледi, жұмыстың соңында қорытындылар жасалады.

Берiлген мәселе бойынша қажеттi құжаттарды зерттеу, топтастыру, саралау, тақырыптың теориялық және тәжiрибелiк жаңа көзқарастарын ашу курстық жұмыс жазудың негiзгi мақсаты болып табылады. Курстық жұмыстың төмендегiдей негiзгi мiндеттерiн атап өтуiмiзге болады:


  • таңдаған тақырып бойынша мемлекеттiк-құқықтық құбылыстардың мәнiн ашу, оны теориялық негiздеу;

  • курстық жұмыста көтерiлген мәселелердiң шешiмiн табу кезiнде зерттеу әдiстерiн меңгеру және өз бетiнше жұмыс жүргiзу амалдарын дамыту.

Курстық жұмыс тәлiмгерлердiң заң ғылымдарының және әрекеттегi заңдардың теоретикалық жағдайларын қаншалықты деңгейде меңгергендiгiн көрсетедi.

Курстық жұмыс жазудың тәсiлдерi күрделi болғандықтан, оны дұрыс орындау арнайы дайындықты және көмекшi әдiстемелiк құралдар мен ұсыныстардың көмегiн қажет етедi. Осы әдiстемелiк құрал жоғарыда атап өтiлген мәселелердi шешудi мақсат етiп қояды, яғни, тәлiмгерлердiң курстық жұмыс жазудың амалдары мен тәсiлдерiн игеруiне көмек көрсету, оны рәсiмдеу кезiнде кафедрамен ұсынылып отырған талаптарды негiзге алу.


2. Курстық жұмыс тақырыбының таңдалуы және бекітілуі

Курстық жұмыстардың тақырыптары кафедрамен анықталып әр жыл са йын жаңартылып отырылады. Жұмыс тақырыптары қоғамдағы өзекті мәселелерге және олардың шешілу жолдарына бағытталады. Әрбір тәлімгер оқу жылының басында өз бетінше курстық жұмыс тақырыбын таңдайды және таңдалған тақырып бойынша кафедра меңгерушісінің атына тақырыптын реттік саны көрсетілген өтініш әкеледі. Тәлімгердің өзі қызықтырып жүрген мәселелері бойынша курстық жұмыс тақырыбын ұсыну құқысы бар. Бұл жағдайда таңдалған мәселенің өзектілігі баяндалған өтініш кафедра меңгерушісінің атына жазылады.


2. Курстық жұмысты дайындау және жазу.

Тәлiмгердiң курстық жұмысты орындау үрдiсi төмендегiдей негiзгi кезеңдерден өтедi:



  • зерттеу тақырыбын таңдау, оны кафедрада тiркеу;

  • қарастырылатын тақырып бойынша қажеттi әдебиеттер тiзiмiн құрастыру;

  • оқу әдебиеттерiн және арнайы әдебиеттердi, қайнар көздердi зерттеу;

  • жұмыстың жоспарын құрастыру;

  • жұмыстың мәтiнiн жазу, рәсiмдеу және кафедраның сын-пiкiр бiлдiруiне ұсыну.

Тәлiмгер курстық жұмыстың тақырыбын кафедрамен ұсынылған және бекiтiлген тақырыптар тiзiмi iшiнен өз еркiмен таңдайды. Ол тақырып таңдау кезiнде тек өзiнiң мүдделерiн ғана емес, мәселенiң заң ғылымында ғылыми зерттелу деңгейiн, университет және қала iшiндегi кiтапханаларда арнайы әдебиеттердiң бар-жоқтығын басшылыққа алуы керек.

Кафедра рұхсат берген жағдайда тәлiмгер өзiн қызықтырып жүрген мәселе бойынша курстық жұмыс тақырыбын таңдауға құқылы, бiрақ ол мәселе курстық жұмыс жазылатын пәннiң оқу бағдарламасы шегiнен шықпауы тиiс.

Курстық жұмысты жазу таңдалған мәселеге сәйкес әдебиеттер жинау, оларды зерттеу, қысқаша мазмұндаудан басталады. Осылардың барлығы жұмыста көтерiлетiн сұрақтар шеңберiн анықтауға көмектеседi. Тәлiмгер өзiнiң ғылыми жетекшiсiмен келiсе отырып жұмыстың жоба жоспарын құрастырады, мәселеге байланысты арнайы әдебиеттердi, қайнар көздердi және басқа да құжаттарды жинайды, зерттейдi. Әдебиеттердi зерттеу кезiнде өздерi үшiн қысқаша үзiндiлер жасайды, арнайы сұрақтар бойынша құжаттарды топтайды, тәжiрибеден мысалдар жинайды.

Қажеттi әдебиеттер қарастырылып болғаннан кейiн тәлiмгер мәселенi толықтай ашуға қажеттi сұрақтар тiзiмiн көрсететiн жұмыстың түпкiлiктi жоспарын жасайды, ғылыми жетекшiмен келiсiледi. Жұмыс жоспарында тақырыптың негiзгi мәселелерi, оның баяндалу кезегi көрсетiледi.

Курстық жұмыстың құрылымы жоспардан, кiрiспеден, негiзгi бөлiмнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Курстық жұмыстың жоспары жұмыстың төлқұжаты болып табылады. Онда жұмыстың негiзгi құрылымдық бөлiмдерiнiң атаулары кiредi. Курстық жұмыстың мәтiнi жоспарға сәйкес баяндалуы қажет. Кiрiспе, негiзгi бөлiм, қорытынды әрқайсысы мәтiнде жаңа беттен басталатындығын естен шығармау керек Жеке бөлiмдердiң атаулары жұмыстың атауымен сәйкес келмеуi керек.

Курстық жұмыстың кiрiспесiнде тәлiмгер келесi мәселелердi қарастыруы қажет:


  • жұмыс тақырыбын таңдау негiздерi;

  • оның көкейкестiлiгiн анықтау;

  • сол тақырып бойынша арнайы әдебиеттердi қарастыру;

  • жұмыстың негiзгi мақсаты мен оны ашудың жолдары.

Кiрiспе бөлiм 3-4 парақ көлемiнде жазылады.

Негiзгi бөлiм мәтiнде кiрiспеден кейiн орын алады. Талаптарға сәйкес екi немесе үш бөлiмге бөлiнiп қарастырылады. Ол бөлiмдер өз iшiнде бөлiмшелерге бөлiнуi мүмкiн. Бөлiмдер және бөлiмшелер көлемi жағынан бiр-бiрiне ұқсас болуы керек. Көп кездесетiнi – теоретикалық және тәжiрибелiк бөлiмдер. Теоретикалық бөлiмде тәлiмгердiң курстық жұмыста көрсетiлген мәселенiң тарихын бiлуi, тақырыпқа байланысты негiзгi әдебиеттердi жинауы, оларды өз бетiнше саралай алу қабiлетi көрсетiледi. Берiлген тақырыпқа қатысты аса маңызды мәселелер теоретикалық бөлiмде баяндалады. Теоретикалық бөлiмде көтерiлген мәселелер тәжiрибелiк бөлiмде нақты өз орнын алады. Тәжiрибелiк бөлiм жұмыстың нақты мазмұнын, тәлiмгердiң бақылауларының тереңдiгiн, оның теориялық мәселелердi тәжiрибемен ұштастыра алу қабiлетiн көрсетедi. Барлық бөлiмдер, бөлiмшелер, параграфтар өзара тығыз байланыста болып, бiрiн-бiрi толықтырып тұрады.

Қорытындыда тәлiмгер өзi жүргiзген зерттеулерiнiң негiзгi түйiндерiн баяндайды, мәселенi қорытындылайды.

Курстық жұмыстың рәсiмделуi.

Курстық жұмыс жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес орындалуы қажет. Соның iшiнде, қайнар көздерге, сiлтемелерге, оларды дұрыс рәсiмдеуге ерекше көңiл бөлiнедi.

Берiлген мәселенiң сұрақтары жоспарға сәйкес, арнайы әдебиеттердiң, қайнар көздердiң және басқа да құжаттардың көмегiмен толық баяндалған жағдайда жұмыс тақырыбы ашылған деп есептеледi.

Тәлiмгер курстық жұмыс жазу барысында жұмыс жоспарына сай бөлiмдердiң әрқайсысында қандай мәселелердi ашу керектiгiн бiлуi тиiс. Егер кiрiспеде таңдалған тақырыптың көкейкестiлiгi, оның ғылымда алатын орны мен мәнi, зерттеу әдiстерi мен тәсiлдерi, мәселенiң тарихы, сондай-ақ жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi нақты анықталатын болса, негiзгi бөлiмде мәселенiң нақты мәнi логикалық айқындалған кезекпен ашылады, тақырыптың негiзгi сұрақтары сараланады.

Қорытындыда курстық жұмыс тақырыбы бойынша қорытындылар жасалады, нақты тәжiрибелiк ұсыныстар берiледi. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер иiзiмi көрсетiледi. Қажет болса тақырыпқа қатысты қосымшалар, схемалар жасалады.



  1. Курстық жұмыстың мазмұнына және рәсiмделуіне қойылатын талаптар

Курстық жұмыс жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес рәсiмделедi. Ол төмендегідей құрылымдық бөлімдерден құралады:



  • жұмыстың сыртқы беті;

  • жұмыстың мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды бөлім;

  • пайдаланған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар.

Жұмыстың сыртқы беті

Жұмыстың сыртқы беті құжатты өңдеуге және іздеуге қажетті мәліметтердің қайнар көзі болып табылатын курстық жұмыстың бірінші беті болып табылады.

Онда төмендегідей мәліметтер баяндалады:


  • жоғарғы оқу орнының, факультеттің, кафедраның (филиалдың) атауы;

  • курстық жұмыстың тақырыбы;

  • тәлімгердің аты-жөні, тегі, тобының саны;

  • мамандық атауы;

  • ғылыми жетекшінің аты-жөні.

Жұмыстың сыртқы беті ғылыми еңбектің жалпы санына кіргенімен, ол бетке реттік сан қойылмайды. Курстық жұмыстың сыртқы бетіне тәлімгер мен ғылыми жетекшінің қолдары қойылады.


  1. Курстық жұмыстың безендірілуіне қойылатын талаптар




  • Мәтiн беттiң бiр жағында (А4 стандартты бетте) жазылуы қажет. Жұмыс көлемi 25-30 беттен құралады.

  • Жұмыстың әр бетiнде реттiк сан қойылады, мәтiннiң екi жағынан ашық орын қалдырылады. Рет саны парақтың оң жақ бұрышына қойылады, соңынан нүкте қойылмайды. Парақтың астыңғы жағында пайдаланылған әдебиеттер көрсетiледi, яғни сiлтемелер жасалады. Парақтың жоғарғы және төменгi жағынан 20 мм орын қалдырылады. Жұмыс қатталып өткiзiледi.

  • Курстық жұмыстың бiрiншi бетi 1- қосымшаға сәйкес рәсiмделедi. Жұмыстың екiншi бетiнде жұмыс жоспары жазылады. Кiрiспе және жұмыстың негiзгi бөлiмдерi 3-шi парақтан басталады. Қарастырылатын сұрақтар бөлiмдерге бөлiнiп баяндалады.

  • Бөлiмдер мен бөлiмшелердiң аттары парақтың ортасында бас әрiптермен жазылады.

  • Әрбiр бөлiм немесе бөлiмше жаңа парақтан, бөлiмнiң аты бас әрiптермен жазылып басталады.

  • Курстық жұмысқа қатысты қосымшалар пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен кейiн орын алады. Олар курстық жұмыс парақтарының жалпы санының қатарына кiргiзiледi.

  • Курстық жұмыс мәтiнi таза орындалуы қажет.

  • Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi төмендегiдей тәртiпте құрылуы керек:

  1. тәртiп саны,

  2. алфавит бойынша автордың аты-жөнi, тегi,

  3. әдебиеттiң атауы,

  4. шығарылған жерi, баспа,

  5. шығарылған жылы, парақ саны.

Мысалы:

  1. Алексеев Н.П. – Теория государства и права. – Москва: Юрист,2000.

Тәлiмгер курстық жұмыс жазуға кем дегенде 10-15 түрлi әдебиеттердi пайдалануы керек.

Сiлтемелер парақтың соңында негiзгi мәтiннен кейiн орын алады. Бiр парақта 3-4 сiлтемеден көп болмауы керек.


5. Курстық жұмыс жазуға басшылық жасау және оған сын-пiкiр бiлдiру

Курстық жұмыс жазуға басшылық жасауға кафедра оқытушыларының iшiнен жеткiлiктi ғылыми дәрежесi бар тәжiрибелi адам тағайындалады. Ғылыми жетекшi жұмыстың негiзгi бағыттарын белгiлейдi, тәлiмгерге жұмыс жоспарының сұрақтарын құрастыру, мәселеге қатысты арнайы және қосымша әдебиеттердi пайдалану туралы кеңестер бередi. Берiлген тақырыпты талдауға көмек көрсетедi, сондай-ақ курстық жұмыстың дер кезiнде орындалуына бақылау жасайды.

Тәлiмгерлерде ғылыми ойлауды қалыптастыру, өз беттерiнше пiкiр жасап үйрету, оларды жеткiзе бiлу, өздерiнiң жұмыстарының мазмұнын аша бiлу, дәлелдеп үйрету, сондай-ақ өздерi көтерген мәселенi негiздеп, қорытындылай бiлуге үйрету ғылыми жетекшiнiң негiзгi мiндетi болып табылады.

Курстық жұмыс жазылып бiткеннен соң кафедраның сын-пiкiр бiлдiруiне жiберiледi. Сын-пiкiр бiлдiру үрдiсi мынадай мәселелердi көтередi:



  • жұмыстың жақсы жақтарын ашу;

  • жұмыстың қате жерлерiн көрсету;

  • жұмысты қорғауға жiберу туралы ұсыныстар.

Жұмысты тексерiп бiтiргеннен кейiн ғылыми жетекшi өзiнiң сын-пiкiрлерiн жазады, яғни онда мынадай мәселелерге тоқталады:

  • курстық жұмыстың жақсы жақтарына қысқаша сипаттама;

  • курстық жұмыстың қате жерлерiн нақты көрсету;

  • жұмысты ауызша қорғау кезiнде өзi тереңдей қарамай кеткен мәселелерге көңiл бөлу туралы ұсыныстар;

  • қорғауға жiберiлу-жiберiлмеуi туралы ұсыныстар.

Пiкiр бiлдiрушi адамның соңғы қорытындысы қорғауға жiберiлдi, қорғауға жiберiлмедi деген ұсыныстармен аяқталады. соңында пiкiр бiлдiрушiнiң қолы қойылады, қорғаған күнi көрсетiледi.

Курстық жұмысты бағалау кезiнде жұмыстың тек қана мәтiнi ғана емес төмендегiдей мәселелерге де көңiл бөлiнуi керек:



  • құжаттарды меңгеру деңгейi және өз ойларын жазбаша, ауызша жеткiзе бiлу мүмкiндiгi;

  • ғылыми және оқу әдебиеттерiн пайдалана бiлу деңгейi;

  • теориялық мәселелердi тәжiрибемен ұштастыра бiлу қабiлетi;

  • курстық жұмыстың ғылыми және тәжiрибелiк маңызы.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТIЗIМI


  1. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі, кеден қызметінің субъектісі ретіндегі кеден органдарының құқықтық мәртебесі мен функциялары.

  2. Криминалистикалық тактика түсінігі, оның қылмыспен күрестегі рөлі.

  3. Адамның сырт келбеті белгілерін бекітіп алудағы криминалистикалық әдіс-құралдар.

  4. Криминалистикалық идентификацияның тергеулік, сараптамалық және жедел іздестірушілік қызметтегі алатын орны.

  5. Куәландырудың процессуалдық, этикалық және тактикалық негіздері.

  6. Атыс іздерінің криминалистикалық зерттеуі.

  7. Сындыру құралдары мен аспаптарының, сондай-ақ өндіріс механизмдерінің іздері, олардың криминалистикалық мағынасы.

  8. Мәйітті табылған жерде қарау. Өлгеннің тұлғасы анықталған немесе анықталмағандығына қарамастан мәйітті қарау тактикасы.

  9. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында криминалистикалық фотографияны пайдалану.

  10. Оқиға болған жерді қарау: түсінігі, міндеттері және мазмұны.

  11. Криминалистикалық болжамдар. Болжам түрлері, оларды құрастыру және тексеру.

  12. Микрообъектiлердiң криминалистикалық мәнi, жiктемесi (классификациясы) және оларды алып-қолдану арқылы қылмысты ашу және тергеу.

  13. Криминалистикалық диагностика түсінігі мен мәні,оның қылмысты тергеп-ашудағы мағынасы.

  14. Тану үшін ұсыну түсінігі, мәні, мазмұны және түрлері. Адамдар, жануарлар, заттық дәлелдемелер, мәйітті тану үшін ұсынудың тактикалық тәсілдері.

  15. Криминалистикалық тіркеулерді қалыптастырудың түсінігі, мақсаты, объектілері, түрлері, нысандары және тәсілдері.

  16. Тергеу экспериментінің түсінігі, мақсаты және түрлері.

  17. Құжаттардың криминалистикалық зерттеуінің түсінігі мен мазмұны.

  18. Жоспарлау тергеуді ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың әдістері мен шарттары ретінде. Жоспарлау принциптері, функциялары және негіздері.

  19. Криминалистика заты, жүйесі және міндеттері.

  20. Сараптама түсінігі және түрлері. Сараптама тағайындау.

  21. Дактилоскопияның ғылыми негiзi, түсiнiгi, мәнi және оның криминалистикалық тiркеудегi, сондай-ақ қылмысты тергеудегi мәнi.

  22. Тактикалық тәсілдер және тактикалық ұсынымдар Тактикалық комбинация, осы санаттардың сипаттамасы.

  23. Криминалистика әдістерінің жүйесі. Жалпылама, жалпы және арнайы әдістердің мазмұны және практикалық мағынасы.

  24. Транспорт құралдарының іздері. Аталмыш іздерді зерттеу барысында шешілетін идентификациялық және диагностикалық міндеттер.

  25. Адам тістерінің, аяқ киім іздері және олардың криминалистикалық мағынасы. Криминалистикалық сараптама шешетін сұрақтар.

  26. Жауап алудың түсінігі, түрлері және мағынасы. Жауап алу барысында логика, психология және педагогика ілімдерін пайдалану.

  27. Криминалистикалық техника түсінігі, құрылымы және мағынасы.

  28. Тінту және алу түсінігі, түрлері және міндеттері.

  29. Iздер туралы қриминалистикалық iлiмнiң түсiнiгi, мәнi және құрылымы. Іздердің жіктемесі.

  30. Тергеу экспериментін жүргізудің тактикалық шарттары мен тәсілдері.

  31. Жәбірленушілерден жауап алу. Қылмыс туралы жалған көрсету берген тұлғалардан жауап алу ерекшеліктері.

  32. Қолжазбаларды криминалистикалық тұрғыдан зерттеудің ғылыми негіздері, осындай сараптамалар шешетін мәселелер.

  33. Қылмыстарды тергеп-ашуда арнайы білімдерді қолдану нысандары мен мақсаты.

  34. Беттестіру тактикасы.

  35. Көрсетулердi оқиға болған жерде тексерудiң мәнi, түсiнiгi және оны iске асыру тәсiлдерi.

  36. Күдікті және айыпталушыдан жауап алу. Өзінің алибиін айтқан күдіктіден және айыпталушыдан жауап алу тактикасы.

  37. Бөлек тергеу әрекеттерін жоспарлау. Жоспар құрылымы мен мазмұны.

  38. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеу.

  39. Экономикалық контрабанданы тергеу.

  40. Кеден органдарымен іске асырылатын анықтама үрдісінің жалпы сипаттамасы.

  41. Қорқытып алушылықты тергеу.

  42. Криминалистикалық габитоскопияның заты, жаратылыс танушылық-ғылымилық негіздері және оның қылмыскерлерді іздеудегі, қылмысты тергеп-ашудағы мағынасы.

  43. Суық қарудың криминалистикалық зерттеуі.


Қосымша 1

Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының менгерушiсi,

з.ғ.к. доцент Алимбаева А.А.

Ю-12к (күндізгі бөлім) тобының тәлiмгерi

Байжанов Асылжан Галымович

ӨТIНIШ
Маған «Құқықтағы ақаулықтар. Құқықтағы ақаулықтарды жою тәсілдері» атты курстық жұмыстың тақырыбын және жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының з.ғ.м. аға оқытушы Жақсыбаева Г.М. ғылыми жетекші ретінде бекітуiңiздi сұраймын.


күнi


қолы
ғылыми жетекшінің қолы

күні
менгерушiнің қолы

күні

Қосымша 2

МАЗМҰНЫ





КIРIСПЕ

3







1 тараудың атауы

4

1.1 Бөлiмнiң атауы

6

1.2 Бөлiмнiң атауы

9

1.3 Бөлiмнiң атауы

12







2 тараудың атауы

16

2.1 Бөлiмнiң атауы

18

2.2 Бөлiмнiң атауы

22







ҚОРЫТЫНДЫ

25







Пайдаланған әдебиеттер тiзiм

27

Қосымшалар

28


Қосымша 3
Пайдаланған ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.А. «Қазақстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев»: Послание Президента страны народу Казахстана: - Алматы, Білім 1998г. Стратегиясы

2. «Қазақстан Республикасының Конситуциясы» республикалық референдумда 1995 жылы 30 тамыз қабылданған (07.10.1998ж. №284-1 өзг. мен толықт.)

3. Брагинский М. «Кепіл және кепіл туралы заң». Шаруашылық және құқық, №1, 1993ж.

4. Майер Д. «Кепілдің көнерусс құқы». Қазан 1855ж.

5. «Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексі» (Жалпы бөлім) 27 желтоқсан 1994 жыл (өзгерістер мен толық.)

6. Төлеуғалиев Ғ. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы». 1 том. Алматы — «Жеті жарғы», 2001ж.

7. Гантовер Л.В. «Кепіл құқы». Спб., 1890ж.

8. Васьковский Е.В. Учебник гражданского права.М.: Б.Башмаковы. 1917.

9. Новинский И.Б. «Рим қүқығы». Мәскеу, 2003ж.

10. Баймолдина З.Х.. Гражданское право Республики Казахстан. Учебник для ВУЗов. Алматы, КазГЮА.,2001.

11.Салахова А.Р. «Түрғын үй несиелендірудің жүйесі: дамудың қазіргі жағдайы және перспективасы». Банки Казахстана, №8, 2004ж.

12.«Қазақстан Республикасы Президенті Нүрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халықтарына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», Астана 2007ж., 28 ақпан. Казахстанская правда, №33 (25278) 3 наурыз 2007ж

13. Баялбаева А. «Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің дамуы».

Финансы Казахстана, №1, 2004ж.

14. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы №2723 Заңы

15. «Тұрғын үй құрлысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несиелендіру жүйесін дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы №1774 Қаулысы (28.10.2001ж. Қазақстан Республикасының №1369 Қаулысымен өзгерістер еңгізілген)

16.«Ипотекалық несиелендірудің басты нэтіжелері элі алда»/ «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖТАҚ бағалы қағаздарымен операция бөлімінің бастығы М.Алдашевпен сүхбат/. Қазақстан бағалы қағаздар рыногы, №24 (119), 2005ж.

17. Дюсембаев Н.М. «Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің даму перспективалары». Банки Казахстана, №1, 2004ж.

18. «2004-2007 жылдарға арналған Қарағанды қаласының түрғын үй қүрлысының Бағдарламасы» 2004 жылы' 7 шілдеде №15 қалалық маслихатының III шақырыған X сессиясында бекітілген.



19. Треушников М.К.. Гражданское право. Учебник для ВУЗов. Москва, 2000.

20. Рябченко Л.И. «Ипотекалық несиелендіру: дамудың проблемалары мен перспективалары». Деньги и кредит, №3, 2004ж.

21. Бахмунтова Е. «Баспосөз біздер туралы». Қаржы әлемі, №11, 2005ж.

22. Иванов В.В. «Барлығы ипотека туралы». МТ. Пресс. 2000.

23. Гутин В.Б., Дарьин Е.М. «Тұрғын үй ипотекасы моделін жасау үшін әмбебап модульдері». Құрылысэкономикасы, №8. 2002ж.

24. «Ипотека туралы шындықтар мен аңыздар». Құрылыс және архитектура. № 42. 2003ж.

25. «RBC DAITI» ақпараты. Қазақстан бағалы қағаздар рыногы. №5. 2004ж.

26. Балабаева А.К. «Ипотекалық несиелендірудің ұлттық моделі» Банки Казахстана. № 6. 2005ж.

Қосымша 4

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

з.ғ.к., доцент

____________А.А. Алимбаева

2008ж. «____»_____________

курстық жұмыс
тақырыбы: «Құқықтағы ақаулықтар. Құқықтағы ақаулықтарды жою тәсілдері»
050301 «Юриспруденция»

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің Ю – 12 к тобының студенті

Байжанов А. Г.

____________________


Ғылыми жетекшісі:

з.ғ.м. аға оқытушы

Жақсыбаева Г.М.

____________________


Қарағанды 2008

Қосымша 5

Кiрiспе


Біздер бір - бірімізді өзара тәуелді қылып қоятын өскелең жаьандасу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, өйткені сыртқы күштер біздің болашағымызды анықтауда айтарлықтай роль атқаратын болады. Қазақстан Республикасының тэуелсіздік алуымен байланысты экономикалық саясаттың өзгеруі оның барлық өмір сүру салаларына тікелей әсер етті. Кейінгі жылдары біздің қоғамамызда болып жатқан нарықтық экономиканың негізін құрайтын әлеуметтік басқарудың барлық процестерінің, оның әр түрлі көріністерінің және оның ішінде азаматтық - құқықтық қатынастардың элементі сапасында түбірлі жаңару көрінді [1].

1 Мемлекет үлгiсi



1.1 Мемлекет үлгiсiнiң түсiнiгi
Аталмыш тақырыптың маңыздылығы бүгінгі күннің талаптарымен сипатталады, себебі тұрғын үй алу мәселесі әрдайым бірінші қатарда болып келді. Әсіресе қазір, тұрғын үй бағасы күрт өскен және мемлекет тарапынан тегін пәтер алудың күні өткен кезеңде. Бұл мәселені жедел шешудің бір тәсілі - ипотека. Оған екінің бірінің қолы жете бере ме? Тұрғын үй алу үшін жүртшылықтың көпшілігі ипотека алуға қаншалықты бара алады? Дипломдық жұмысымда мен осы сауалдарға жауап беруге талаптандым. Бұл жұмыстың негізгі міндеттері болып ипотекалық несиелендірудің нормативтік - құқықтық базасын талдау, ипотеканың тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау, шетелдік тэжірибені салыстырмалы түрде талдау және т.с. табылады.


Ескерту: Әрбір тарау жаңа беттен басталады, ал бөлімдер бір-біріне тек 2 интервалмен ғана ажыратылады.

Қосымша 6




Қосымша 7
Кесте 1 – Қазақстан Республикасының аймақтарында халықтың жұмыспен қамтамасыз етуі бойынша анализ

мың адам














































































Ескерту: Мәліметтер агенттіктің статистика жөніндегі жинағынан ҚР №5, 2006




жүктеу 261,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау