5. Жазба тілдің дербестігін алғаш айтқан ғалым?
6.Әріп пен дыбысты, жазба тілмен ауызша тілді терминологиясы
бойынша қатаң айыруды талап еткен ғалым?
7. Тіл білімінің негізгі нысаны жазба тілемес, ауызша тіл болу ке-
рек деген кім?
8. Жазудың ауызша тілден ерекшелігін айқындаған ғалымдар?
9. И.Е.Гельб «жазудың о бастағы болмысы тілден өзгеше еді.
Адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға қарағанда жетіл-
ген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу өзінің дербес жүйелік
сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба орынбасары болып қалды»
деген пікірін қалай түсінесіз?
10. В.А.Истрин жазуды дербес жүей деді ме, әлде есте қалдыратын
көмекші құрал деді ме?
11. Жазуды өз алдына дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп,
мәртебесiн жоғарылатқан көзқарас не себептен пайда болды?
12. Графикалық лингвистика дегеніміз не?
13. А.А.Волков жалпы жазуды зерттейтін ғылымды қалай атады?
14. Грамматология терминін алғаш қолданған ғалым?
15. Прага лингвистикалық мектебінің өкілі Й.Вахектің жазу
теориясындағы қызмет калай бағалайсыз?
16. Жазба тілмен жазба сөз болады деген ойды алғаш айтқан
ғалым?
17. Т.А.Амированың жазу теориясына қатысты көзқарасын
айтыңыз.
18. Графикалық лингвистика деген терминді ұсынған ғалым?
19. О.Сүлейменовтің «тіл тарихына барған сайын, алғашында
таңба болғанын сосын оның ауызша түрі – сөз болғанына көзім жете
түсті» дегенін қалай түсінесіз?
3-дәріс. Жазба тіл және оның ауызша тілден ерекшеліктері
Біз жалпы тілді ауызша тіл және жазба тіл оппозициясында
таптастырамыз. Оның мынадай себебі бар: 1) қазіргі адам сана-
сында ойдың сыртқы тілге кодталуының екі түрі болады: гра-
фема арқылы сөздің графикалық портреті және фонема арқылы
сөздің негізгі дыбыстық реңкі, 2) адам санасында тіл екі түрлі
болып сақталады: ауызша және жазбаша, жазу
монополиясының күшеюі тілдік санада екі түрлі ойлау жүйесін
қалыптастырып отыр.
Кез келген сөзді естіген сауатты адамның санасында сөздің
фонетикалық бейнесімен қатар, графикалық портреті елес бе-
реді. Бұл – әдеби стиль түрін меңгермеген кез келген сауаты
бар адам санасында болатын код түрі.
Б.Куртенэ тек сөйлей ғана білетін адам мен сөйлей де жаза да
білетін адамның санасында айырмашылық барын айтқан. Стиль
түрлерінің ешқайсысымен машықтанбаған, сауатты адамның
санасында, сонымен, екі түрлі елес өмір сүреді. Бұның бірін-шісін
– ауызша тілді адам кішкентай кезінен отбасы, үй ішін-де, ауыл,
аула айналасы, қоғамдық орындарда (көлік, дүкен, ас-хана т.б.)
меңгеріп, ал теледидар, радио, мәдени орындардағы
сөйленістерден бейтарап әдеби сөйлеуді естіп өседі. Ал мектеп-ке
барып, сауатын ашқаннан жазба тілді алдымен ауызша тілдің
деңгейінде (сөз тіркесін, сөйлем түрлерін құрап) қабылдайды.
Жазуды пайдаланып, біреуге білдіретін ойын хат, қолхат арқылы
шығарады. Немесе іштегі ойын сөйлем, мәтін (шығарма, әңгіме)
құрау арқылы білдіреді. 2-сыныптан басталатын жазба тілдің
жүйесін меңгерудің осындай сатылары адам санасында, жоғарыда
айтылғандай, жазба тілдің елесін қалыптастырады.
7-8 сыныпқа келгенге дейінгі бала белгілі авторлардың
көркем шығармаларын оқып, мазмұндап, ойды көркемдеп жет-
кізетін құралдарды қалай пайдалануды зердесіне тоқып, сана-
сына елес түрінде сіңіргеннен кейін енді өзі осы елесті пайда-
ланып, белгілі бір мотиві бар ойын сыртқа көркемдеп жеткізу
дәрежесіне жетеді (шығарма түрінде). Сондықтан 6-7-8 сы-
ныпта еркін тақырыптағы шығармашылықтың жоғары деңгейі
көрінеді. Оқушылар сезіміне әсер еткен кез келген құбылысты
көркемдеп, әсірелеп жеткізуге төселе бастайды (көркем әдебиет
стилі). Жас кезеңінде балалардың көркемдік сезімін ояту не-
гізгі мақсат саналады. 9-11 сынып бағдарламасы шығарманың
авторы, кейіпкері, оқиғасының өту дәуіріне талдау жасауға ауы-
сады. Бала енді сезіміне әсер еткен мотивті әсірелеп жеткізуді
емес, оның себебін іздеуге шығады. Сөйтіп, шығармасында
салқынқандылық, саналы ой көріне бастайды
(публицистикалық стиль). Бала мектепті осы үрдісте аяқтайды
да, кейін ЖОО-нда дәріс, семинар есебінен өз мамандығының
терминологиясы-мен танысып, жеке салаға маманданады
(ғылыми стиль). Ал жұмысқа орналасқанда қызмет бабындағы
ресми сөйлеу, ресми ісқағаздар стилін меңгереді.
Бұл айтылғандардан, біздіңше, тілді таптастырудың мына-
42
43
дай жүйесін табуға болады: тіл ауызша және жазба тіл арқылы
көрінеді. Ауызша тіл ауызекі сөйлеу тілі (отбасы, аула т.б.),
бейтарап әдеби тіл (БАҚ тілі, шешендік сөз, дәріс, жиналыс),
ресми тіліне (мектеп бағдарламасы, ғылыми конференция,
жиналыс сөзі т.б.) бөлінеді. Жазба тіл жазба ауызекі тіл (хат,
қолхат, интернет тілі) және жазба әдеби тілге (көркем әдебиет,
публицистикалық, ғылыми, ресми ісқағаздар стилі) ажырайды.
Сонда кез келген сауаты бар адам алғашқы үш сатыны
меңгереді, санасында айту-есту, жазу-көру елесі тұрақты бо-
лады. Тілдің шығуының өзі бір нәрседен әсер алу және оны
сыртқа шығару мотивінен пайда болғандықтан, кез келген адам
табиғатына көркем әдебиет мәтіні жақын тиеді. Сондықтан
сауаты бар адам көркем әдебиет стилінде өзі жаза алмаса да,
сол стильде жазылған мәтінді қабылдап, түсіне алады, яғни
оның көркемдеп жеткізу және ойлау елесі толық болады.
Публицистикалық стиль туралы да осыны айтамыз.
Ал ғылыми мен ресми ісқағаз стилін кез келген адам түсіне
де, пайдалана да алмауы мүмкін. Өйткені ол ұғым, түсінік
пайымдау мен (ғылыми стиль), әлеуметтік, қоғамдық, саяси
жағдаятпен (ресми ісқағаздары) байланысты.
Сонымен, тілді меңгеру деген ауызекі сөйлеу тілінен жазба
әдеби тілге қарай (әсіресе ғылыми, ресми ісқағаздары) қиындай
түседі. Ол, ең алдымен, жазу жүйесінің күрделілігінен шығады.
Ауызша тіл мен жазба тіл арасында бейтарап әдеби тілдің бо-
луы алдыңғысынан соңғысына көшуді жеңілдетеді, яғни
ауызша сөйлеу тілі мен әдеби тілді жазу арқылы қағазға түсіріп
үйренген адам, бірте-бірте жазу жүйесіне де ене бастайды.
Ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері. Жазу жүйесінің
күрделілігі неден басталады, ауызша тіл мен жазба тіл арасы
қандай деген сауалдар төңірегінде ойлану үшін алдымен ауызша
тілдің өзіне тән ерекшелігін саралау керек. Ауызша тілдің өзіне
тән ерекшелігі айқындалса, жазба тілдің белгілері екшеледі.
Сөйлеу тілін зерттеу тілдік жүйені жүзеге асыру мүмкіндіктері
мен перспективасын білуге қызықты деректер бере алады, ол
арқылы тіл мен сөйлеу арасын анықтауға болады .
Ауызша тіл дегеніміз ішкі сөйлеуді дыбыстау мүшелері
арқылы дыбыс толқындарымен сыртқа шығаратын, белгілі бір
тілдік таңбаға кодталған, естілетін және айтылатын тілдік жүйе
немесе ойдың дыбысталуы, ойдың дыбыстық кодқа айналуы.
Ауызша тіл – уақыт пен кеңістік жағынан мобильді, айты-
латын сөзді сол мезетте сол қалпында қайталау мүмкіндігі жоқ
тіл.
Ауызша тілде ең алдымен, сөз экономиясы болады. Ол:
коммуниканттардың паралингвистикалық, экстралингвистика-
лық, суперсегментті тәсілдер қорына: интонация, жест, тон,
темп, мимика, затты көрсете алу, имплицитті семантика, фонға
ие болуынан;
- конситуация коммуникацияның толық мүшесі болуынан,
қоғамдық-әлеуметтік контекстің болуынан;
- осыған байланысты сөздердің семантикалық
байланысының күштілігі, морфологиялық формасыз,
шылауларсыз байланыса беруінен;
- аналитизм, инверсияның күштілігінен;
- коммуниканттардың санасында вербалданбайтын жасырын
мазмұнның болуынан шығады.
Мысалы, үй іші жағдайындағы екі әйелдің әңгімесінен “Бір
айдай жатып, жұмысқа бармай, қашып, барса, бәрін осыған
жауып, оңбағандар, содан мойнына бәрін ілген, алғанын да,
алмағанын да, содан қойшы әйтеуір, мен білем, таза екенін,
бір құдайдың өзі біледі, маған айтты бәрін жыр қылып, сол
құртып кетті, баланы күйдіріп ап, қайта құдай сақтап, бұны
шақыртып, жақсы болған жерден шақыртып, бір уақытта
Тукаш келді, айтып берді Данияр. Әлі күнге дұрыс тұра алмай-
ды ешқайда” деген мәтін жазылып алынды. Бұл сөйлемдердің
мағынасын адресат (екінші әйел) түсініп, қоштап, бірге айты-сып
отырады, өйткені екі коммуникант арасында білім аясы ортақ.
Диалог қысқа, жүйесіз, тілдік элементтерге тапшы болса да, ІІ-
коммуникант сөйленіс мазмұнын түсініп, имплицитті ой-ларды
эксплициттеп қабылдап отырады. Бұл қысқа құрылымда мынадай
ой болған: Баланы күйдіріп ап, қайта құдай сақтап, жақсы
болған жерден шақыртып дегенде “Әйелі кішкентай баласын
күйдіріп алып, басқа жерде жұмыс істеп жүрген (жап-жақсы
болған жерден) күйеуін шақыртып алады. Құдай сақтап, баласы
тез жазылып кетеді. Жұмыстан рұқсатпен, заңды түрде кетпей,
мойнындағы жауапкершілікті сезінбей, Д. сол кеткен-нен жұмысқа
бармай қояды. Бір айдан кейін іздеу салған соң, жұмыс орнына
барса, Д.-ның жауапсыз кеткенін пайдаланып, олар барлық
шығынды Д-ның мойнына жазып қойған. Д. болған оқиғаны
шешесіне айтып береді. Сөзінің шын екенін шешесі мен бір
құдайдың өзінен басқа ешкім білмейді. Міне, сол келеңсіз
оқиғадан бері Д.-ны еш қай жер жұмысқа алмай келеді”.
44
45
Достарыңызбен бөлісу: |