Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет9/83
Дата20.11.2018
өлшемі1,76 Mb.
#21940
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83

тұрады. Дыбыстық тіл айту, тыңдау арқылы ауызша сөзде өмір
сүрсе, жазба тіл жазу мен оқу арқылы жазба сөзде өмір сүреді.
Сонда жазу ауызша сөзді жазба сөзге айналдыратын код болып
табылады, өздігінен жүйе құрай алмайды.
Сөйтіп,   Л.В.Зиндер   ауызша   тілдегі   морфонологиялық
құбылыс   тәрізді   жазу  да   графонологиялық   құбылыс   болаты-
нын, септік қосымшалары ауызша тіл мен жазба тілде екі түрлі
көрінетінін айтады. Сөйтіп, жазуды  да жүйе мен қолданысқа
бөлетін уақыт келгенін айтады.
И.Е.Гельбтің  ойынша,  жазудың   о   бастағы   болмысы   тілден
өзгеше еді. Адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға
қарағанда жетілген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу
өзінің дербес жүйелік сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба
орынбасары   болып   қалды.   Сондықтан   “жазуды   ауызша   тілдің
эквиваленті   деп,   көрінетін   таңбалар   арқылы   сөйлеуді   түсіретін
тәсіл   деп   танитын   лингвистер   жазудың   тарихи   дамуын   дұрыс
бағаламай   отыр,   олар   бұл   анықтамаларының   жазудың   алғашқы
сатысына сәйкес емес екенін біле алмайды. Ол кездегі жазу тілдің
ауызша   формасын   берген   жоқ”   дейді.   Ғалым   жазу   алғашында
сөйленген сөзбен әлсіз байланысты дейді.
Бір суретті әркім әртүрлі оқыды, ауызша тіл формаларына
сәйкеспеді, жазу фонетикалана бастағанда ғана ауызша форма-
сымен сәйкесе бастады. Бұл көзқарасқа қатысты тағы мынадай
пікір   барын   білеміз:   жазу   адамзат   тілінің   даму   сатысымен
сәйкес жетіліп отырды;  суретжазу  (пиктография),  ұғымжазу
(логог-рафия) адамзат тілінің дыбыстық бірліктерге ажырамай,
тұтас  сөйлемдердің бір морфемамен синкретті бірлігі кезінде
пайда   болса,  дыбысжазу  (фонография)   тілдің   дыбыстық
бірліктерге бөлінген дәуіріне сәйкес келеді: “Кең мағынасында
алғандағы жазу өзінің даму сатыларында ауызша тілмен бірдей
бола ал-майды, ал жазуды зерттеушінің лингвист болуы шарт
емес   ”   де-ген   И.Е.Гельб,   сондықтан   ойжазу   мен   дыбысжазу
арасындағы алшақтыққа назар аудару керек екенін айтады.
И.Е.Гельб   оқығанда   ғана   түсінікті   болатын   визуалды
морфемалардың болатыны жазудың ауызша тілден бөлек ком-
муникация құралы екендігін дәлелдейді дейді.
В.А.Истрин  сөйлеу тілді жарыққа шығаратын құрал болса,
жазу  сөйлеуді   таңбалайтын,   есте   қалдыратын   көмекші   құрал
болады деді. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктері ауызша
тілдің қашықтық пен уақыт жағынан шектеулігін, деректі аргу-
мент бола алмайтын, есте сақталынбайтын кемістіктерінің ор-
нын толтырып келе жатқанын айтады.
Сонымен,   жазудың   ауызша   тілге   қарағанда   екіншілігі   ту-
ралы   пікір   Л.В.Зиндер,   И.Е.   Гельб,   В.А.Истрин   еңбектерінде
айтылғанмен,   ғалымдардың   пайымдауларынан   жазуды   дербес
жүйе ретінде танығандарын аңғара аламыз.
Жазу   пәніне   қатысты   тіл   білімі   тарихында   жазудың
алғашқылығы   туралы   пiкiрлер   бар.   Мысалы,   Н.Я.Марр   мен
И.И.Мещанинов жазу ауызша  тілмен бір мезгілде,  тіпті  одан
бұрын   шыққан,   оның   себебі   жазудың   магиялылығынан,
жазудың қол қимылы, кинесикалық амал-тәсілдер арқылы пай-
да болғанынан деді. Яғни жазуды адамзаттың тіл арқылы емес,
ым-ишарат арқылы қарым-қатынас жасаған дәуіріне апарады.
Мұндай көзқарасты Ч.Лоукотка, Чжан Чжэн мин, Ван Гиннекан
жақтайды.
Жазу пәнін анықтаудағы келесі бағыт – жазуды өз алдына
дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп, мәртебесiн жоғарылатқан
көзқарас – әсіресе ХІХ ғасырдың ішінде жазба ескерткіштердің
табылып, оқылуы кезеңінде көтерілді.
Жазба ескерткіштердегі әріп таңбалар сол тілдің дыбыстық
құрамын   нақты   бейнелейді   деп   қабылданды.   Сондықтан
ондағы графикалық элементтер абстракті әріп-фонема ретінде
ұғынылды.
XIXғ.   аяғына   дейін   тіл   біліміне   қатысты   зерттеулердің
барлығы   жазба   дүниені   негізге   алып   жүргізді.   Жазу   ауызша
тілдің  дәл  өзі,   бейнесі,   дәлме-дәл  көшірмесі   болып  қаралды.
Младограмматиктер тіпті жазба ескерткіш арқылы сол ұлттың
ертедегі дыбыстық құрамын анықтауға болады деген түсініктен
ажырамады.   Якоб   Гримм   “Неміс   грамматикасы”   (1819)
кітабының   бірінші   тарауын   “әріптер”   туралы   (Vоn   den
Buchstaben) деп атаған.
Сондықтан  ауызша  тіл мен жазудың  арақатынасы  тура-лы
мәселе   кеш   көтерілді   деуге   болады.   Тіл   біліміне   қатысты
алғашқы еңбектерде тіл мен жазу оппозициясы болмады.
Жазуды   дербес   тіл   ретінде   қарастыру   А.Макинтош,
Дж.Маклохлина, Ф.Хаусхальдер сияқты ағылшын лингвистерінің
(40-60 ж. бермен қарай) еңбектерінде басталды. Олар ауызша тіл
ауызекі стиль, жазба тіл– әдеби стиль, белгілі бір тілдің жа-зуы
басқа әліпбимен жазылса, екі мәтінді бір тілдің материалы деуге
болмайды, ауызша тіл мен жазба тілдің өзіне тән мазмұн
34
35


және   тұрпат   межесі   болатын   болып   шығады   деді.
Ф.Хаусхальдер   әрбір   әдеби   тілдің   дамуына   жазба   тіл   негіз
болады,   көптеген   сөз   жазылған   қалпында   айтылады,   кейбір
сөздер мәтін арқылы танылады, жазба тіл алғашқы, ол ауызша
тілге әсер ететін “ата-жазба” тіл деді.
Осындай   көзқарастардың   негізінде   ХХғ.   30-40жж.   жазу
зерттеу нысанына айнала бастайды. Дыбысжазу туралы ғылым
графикалық   лингвистика  деп   аталды.  А.А.Волков  жалпы   жа-
зуды  грамматология  зерттейді   деді.  Грамматология  терминін
алғаш   қолданған   Дж.Гельб   грамматологияның   үш   бөлімін
көрсетті:  субграфемика,  графемика,  параграфемика.   Автор
грамматология   жазудың  барлық  типін зерттейтінін  айтты.  Оның
ізімен   А.М.Кондратьев   грамматология   ғылымы   жазу   тарихын,
жазу  теориясын,   жазу  психологиясын,   қолтаңбатану,  жазу  пато-
логиясын, палеография, эпиграфиканы қарастырады деді.
Жазба   тілге   байланысты   кеңестік   тіл   білімінде
А.А.Волковтың “Грамматология” (1982) және Т.А.Амированың
мақалалары   мен   “К   истории   и   теории   графемики”   (1977),
“Функциональная   взаи-мосвязь   письменного   и   звукового
языка” (1985) деген еңбектері бар.
Жазудың  автономдығы туралы  ғылыми көзқарасты қалып-
тастырған   Прага   лингвистикалық   мектебінің   өкілі  Й.Вахек
болды. Автор Ф.де Соссюрдің тіл мен сөз тұжырымына сәйкес,
жазба тілмен жазба сөз болады. Жазба сөзде пайда болған бір-
ліктер мен құрылымдар қайталана келе жазба тілдің нормасына
айналады   деді.   Графиканы   ауызша   сөзді   қағазға   түсіруге
қажетті жазба таңбалардың инвентарі (terminustechnicus) десе,
орфогра-фияны жазба тіл мен ауызша тіл аралығындағы көпір,
екі жүйе элементтерінің сәйкестік жиынтығы деді.
Жазба   тіл   деп   белгілі   бір   ұжым   ішінде   норма   саналған
графикалық тәсілдер жүйесін түсінеміз. Ал жазба сөз деп осы
норманың жекелеген нақты реализациясын айтамыз, күнделікті
өмірде біз жазба сөзді кездестіреміз деді. Тілді әмбебап тілдік
норма деп атады да, оның ауызша және жазба нормасы бар деп
бөлді.   Егер   бір   нормадан   екінші   нормаға   ауысу   оңай   болса,
онда   екі   норма   бір-біріне   жақын,   ондайда   тілдің   әмбебап
нормасын да жақсы байқауға болады деді.
Жазу ауызша   тілге  табан   тірегенмен,   дербестікке ұмтылумен
келеді, ол таңбалардың таңбасы емес, заттың таңбасы. Й.Вахек әр
адамның сөйлеу мәнері, сазы, тембрі болатыны сияқты әр
адамның жазуы да әр басқа, ал баспа тілі бұл жағынан бейтарап,
анық,   толыққанды,   онда   ой   ең   соңғы   нүктесіне   дейін   толымды
беріледі   деп,   жазба   тілмен   баспа   тілінің   арасын   айырды   және
жазба тілдің құрылымдық ерекшеліктерін көрсетті. Жазба тіл-де
ойды беру үшін қосалқы тәсілдер қолданылады деп, оларға
жайлап, дауысын бәсеңдетіп айтты; дауысын көтеріп  деген
суреттеулерді   мысалға   келтірді.   Бұл   жазба   тәсілдің   жетілме-
гендігін емес, дербестігін көрсетеді, ол ауызша нормада абзац
табиғатының беріле алмауымен бірдей деді. Қос нүкте орны-на
ауызша   нормада   “ол   былай   болады”,   “ол   мынау  ғой”   деген
сияқты сөздер керек. Сондықтан жазуы жоқ тілде акустикалық
субстанция көзге еленбейді, көлеңкеде қалады, ол жоқ сияқты
болады, егер сол тілде жазу пайда болса, осыған дейін білінбе-
ген тілдік субстанция белгілі дәрежеде байқала бастайды деді.
Ч.Лоукотка француз бен ағылшын тілдерінде жазу ауызша
тіл жүйесінің сызба нобайын ғана береді, екі тіл бір-біріне әсер
ете алмай келе жатыр деген.
Умберто Эко жазба тілдерді ауызша тілден бөлек, бейтаныс
азбукалармен,   астыртын   хабарлармен   біріктіріп,   бөлек   қарау
ке-рек дейді.
Жазудың дербес жүйелілігін айқындаған кеңестік ғалымдар
ішінен  Т.А.Амированы  атай   аламыз.   Ғалым   жазу   туралы
ғылымды  графикалық лингвистика  деп атауды  жөн санай-ды,
графикалық   лингвистиканың   табан   тірейтін   тұғыры   жазба
тілдің дербестігін, жазу дыбыстық тілдің көшірмесі еместігін
мойындау дейді.
Ғалым  жазудың  нысандары ретінде жазу, жазба мәтін,  жазба
тілді   атады.   Әліпби   –  жазба   тілді   жүзеге  асыратын   графикалық
таңбаның   жиынтығы,   жазу   –   жазба   сөйлеуді,   қарым-қатынасты
әліпбиді   пайдалана   отырып   жүзеге   асыратын   таңба   түрі,   жазба
тіл– жазба қарым-қатынас, ауызша тілдің табан тірейтін жүйесі,
жазба сөз (жазба мәтін) – жазба тілдің жүзеге асырылуы, жазба
мәдениет – қағазға түскен мәтіндердің жиынтығы, жазба дәстүр
– жазудағы тұрақтылық деді.
Фонологияда   фонеманың   фоны,   аллофондары   болатыны
сияқты дыбысжазу – графемика, оның кіші бірлігі – графема,
графеманың омографтары, графы болады деді.
Графемалар  арқылы  графикалық  морфема,  графикалық  сөз,
графикалық формалар құрылатынын айтады. Т.А.Амирова жазба
француз тiлiнде ауызша тілге карағанда зат есiм, сын
36
37


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау