Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет12/83
Дата20.11.2018
өлшемі1,76 Mb.
#21940
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83

Егер жоғарыдағы сөйленіс элементтері соңғы – толымды ба-
яндау   тәсілімен   ауыстырылса,   ауызекі   коммуникация
мақсатына   жетпес   еді.   Адресатқа   алдыңғы   мәтіндегідей   әсер
етпес   еді.   Екі   коммуниканттың   білім   аясының   ортақтығы
вербалды   тәсілдің   үнемделуіне   әкелген,   сөйленістің   жүйесіз,
семантикалық байла-нысы ауызша коммуникацияны мақсатына
жеткізген деп ойлай-мыз.
Сондай-ақ “талай қазы-қарта… тәтті еді”. “Мұғалім емес-
пін… қалай мен”  деген ауызекі тілден таспаға жазылып алынған
сөйлемдерде  “талай   қазы-қарта  (жеп   едік),   (керемет)  тәтті
еді”. “Мұғалім емеспін, қалай мен (тәрбие беруім керек?)” де-
ген толымды сөйлем үнемделген.
Сонымен   бірге   75-тен   асқан   қарт   адамның   мына   монологтік
сипаттағы сөзі таспаға жазылып алынып еді: “Санияздың ішінде
қыпшақ  боламыз.  Е-е-е,  қыпшақ  енді  сол,   қыпшақтан   тараған,
Мәуітбай, Құрымбай, Келесбай, е-е-е, одан кейінгі атамыз біздің,
Күдері,   Күдеріден   тарайд,   Күдеріден,   міне,   Әміре   деген   туад,
Әміреден кейін Молдабай туад, Молдабайдан кейін Дәулетжан,
Дәулетжаннан  кейін  Қайнолда,   Баймолда  деген   бес  ұл,  бір  қыз
болған,   Уәзипа   деген.   Осының   бәрі   Күдеріден   туады.   А-а-а-а,
Күдеріден   кейін,   міне,   Күдеріден   ана   Әміре   туады.   Әміреден
Дәулетжан,   Қайнолда,   Баймолда,   Молдабай,   ә-ә-ә,   Уәзипа   қыз
Күдеріден туады ғой. Енді Әміреден, міне, Мәкей туад, Бимолда
туад, Марфуға туад. Мен Молдабайдан туам, Молдабайдың ба-
ласымын. Менің баладарым, міне, Қиқар, Күзай, Бақытгүл де-ген
қыз, оның баладары бар. Баладарым, келінім бар, Алтынай деген,
Жеңісқан деген. Ол кезде жоқшылық уақыт, кедейшілік уақыт,
Мәкей   де   барған,   Марфуға   да   барған.   Бимолда   да   барған   ана
жаққа.   Ол   жақта   мен   оқуда   болдым,   оқу   жасында   жүрдім.
Көбінеки егінде болдық.
Біздің   мына,   Қаражал   деген   мына,   Маңырақтың   арғы
жағында   Ырғайлы   бар   ғой,   Ырғайлының   ар   жағында
Қаражал деген қыстау болған. Талдыбастау деген жер екен.
Сол   қыстауымыз   болған.   Сол   кезде   көп…   жоқ,   аздап-аздап
нан,   со-нан   кейін   мал   бағамыз.   Ол   кезде   олар   қайда-а-а-а,
Бақалыда бол-ды ғой деймін. Малменен жақсы болған”.
Мәтіндегі   аналитизм,   сөз   қайталау,   хезитация   (ол   кезде
жоқшылық уақыт, кедейшілік уақыт; Мәкей де барған, Марфуға
да   барған.   Бимолда   да   барған.   Қыпшақ   енді   сол,   қыпшақтан
тараған. Одан кейінгі атамыз біздің, Күдері, Күдеріден та-
райд,   Күдеріден,   міне,   Әміре   деген   туад),  мәтін   құрау  үстінде
табылған қолданыстар  (малменен жақсы болу,  оқу жасы,  кедей-
шілік уақыт), затты көрсете алу сипаты  іздің мына, Қаражал
деген   мына,   Маңырақтың   арғы   жағында   Ырғайлы   бар   ғой,
Ырғайлының   ар   жағында   Қаражал   деген   қыстау   болған.
Күдеріден, міне, Әміре деген туад), сөзді редукциялау ол кез-
де көп… жоқ, аздап-аздап нан…)  ауызша тіл ерекшеліктеріне
жатады.
Ауызша тілдің көбіне екі жақты болатыны, яғни коммуни-
канттардың   бір-бірін  көріп  отыруы,   мобильділік,   қайта   реак-
ция жасау мүмкіндігі оның құрылымына әсер етеді. Сондықтан
бір   сарынды   баяндау   болмайды,   сөз   тіркестері   қарапайым,
коммуникантқа   әсер   етуші   функциясы   динамикалық   түрде
ашық   болады,   автокоментатор,   сөз   қайталау,   хезитация   жиі
пайдаланылады. Бір сөйлемде бірнеше рет қайталанған бір сөз
интонациясы,   тембрі   әртүрлі   болатындықтан   оны   тыңдаушы
әртүрлі   семантикалық   бірлік   ретінде   қабылдайды.   Мысалға,
жазба тіл мен ауызша тілді бірдей меңгерген тіл маманының
радиодан жазылып алынған мына диалогіне назар аударайық:
“Жарнама деген жаңа айтпахшы, өтегүрмөуігөп мәселе боп
отұр. – Сонұмембірге мынау тақтайшалар бар, маңдайшалар
бар, дүкөндердің жанындағы атаулар бар, осындайда да біз
мемлекеттік   тілдің   нормасым   бұзұб   жатқан   жағдайлар
өтөгөп гездесет. Мен өзім де бірнеше рет осындай ғателіктер
гездескен гезде сол мекемеге турагіріп барып айтқаңгездерім
де болт. А, мынау, Темирязев кешесінің бойында бір дүкөнге
жазып ғойған екен “Шужиктар” деп жазып қойыпты. Ы…ы
гөрдүңіз   ба?,   ондай   да   гездесет.–   Ос’ сияқты   тағы   “Фото
кужат” деп жазыпқойған жерлер болдұ. Соларға тікелей гіріп
айтсам “Сеңгімсің?” дейт. Ия…..(2) Сонда ғараңыз? меніңше
ойлайм,   осы   мына   әрбір   ғазақтың   азаматы   осындай
ғателіктерді, шын мәнінде өзі гөріп тұрған ғателіктер болса
барып, меніңше ай-тугерек сияқты.
Тілшінің диалогі өз аудиториясына түсінікті өтті. Мәтін ішін-
дегі   жүйесіздікті   интонациялық   қор,   адресанттың   білім   аясы,
қыстырынды құрылымдар жымдастырып отырды. Диалогтегі
сонымембірге, осындайда біз, өзім де, жазып қойыпты, жа-
зып   қойған   екен,   меніңше   ойлайм,   осы   мына   әрбір,   шын
мәнінде   өзі,   содаңгейін   сол,   осы   тіл,   осы   гөшеде,   осы   қазақ
тілі, ол егер мысал үшін, сіздерге, сізге, осы мынау, мына, осы,
осы
46
47


кісілер,   емін-еркін  сияқты   т.б.қыстырынды   конструкциялар
мәтін құрылымымен логикалық, грамматикалық жағынан бай-
ланыспаса   да,   ойдың   ауызша   тіл   аудиториясына   акцент
жасалып жетуіне көмектесіп тұр.
Қыстырынды   констукциялар   ауызша   сөздің   барлығында
қолданыла береді. Оны бейтарап түрде таспаға түсірілген ауызша
тіл мәтіндерінен кездестіруге болады: жаңағы, несімен, себебі,
оның себебі бар дейтініміз, кәдімгі мына, тастайт та, табат,
немене   әлгі,   коллективке,   мен   ойлап   отырмын,   әлгі   екі  баланы,
неменелеріне, бірдеңке қылып, сонда ойлаймын, ойлап отыр-мыз,
бір мұғалым, өлді ғой деймін жарықтық, әлгі не деуші еді.
Олар   әңгімені   қарапайымдандыру   үшін   синтаксистік   тұрғыда
жүйесіз,   көбіне   морфологиялық   формаларсыз,   семантикалық
жағынан ғана байланысатын сөйленісті түсінікті ету үшін, оқиғаға
субъективті көзқарасын араластыру үшін қолданылады. Ал жазба
тілде   қыстырынды   конструкциялар   сөйлемнің   бойына
сыйдырылып  кетеді,   болмаса   редукцияланады.   Хат,  қолхат  фор-
маларында   болмаса,   бейресми   жазу  түрлерінде   қолданылмайды,
немесе сөйлем соңына беріледі.
Екінші, ауызша тіл ойлауға қарағанда баяу болғанымен, жазба
тілге қарағанда тез. Сондықтан ішкі сөйлеу кодына келген ой сол
қалпында сыртқа шығады. Сыртқы тіл ойды өзіне кодтап үлгере
алмайтындықтан   ауызша   тіл   синтаксистік   құрылымға   қарағанда
логикалық   құрылымға   көбірек   бағынады,   себебі   ауызша   тілде
коммуниканттың өз еркілігі, өз меншігіндегі сөйлеу мәнері, ком-
муникативтік актке дайындықсыз кірісіп кетуі бар.
Ауызша   тілде   жаңа   сөздер,   грамматикалық   формалардың
жаңа жұмсалымы көп болады.
Біз жазба тілдің өзіндік белгілерін көрсету үшін ауызша тілдің
ерекшеліктерін   санамаладық.   Себебі   қазақ   тіл   білімі
деңгейлеріндегі зерттеуге алынған нысандар жазба тіл матери-алы
болып келді. Мысалы, фонетика бірліктері ретінде әріп, тасымал,
ілгерінді,   кейінді   ықпал   сияқты   жазуда   белгіленген
морфонологиялық   құбылыстар   (мысалы:  ақ-ағар,  жарық-
жарығы),  үндесім   заңының   бұзылуына  кітап,   мұғалім  сияқты
жазу   дәстүріне   енген   кірме   сөздер   алынды.   Сол   сияқты   қазақ
тiлiндегі көптiк жалғаудың алты түрін (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар,
-тер)  көрсетсек  (қазiргi  оқулықтардың   бәрiнде   осылай),  жазба
тілтұрғысынан ғана сөз етiп отырғанымыз. Ал сөйленістегі -лөр,
-дөр, -төр (үйлөр, көлдөр, шөптөр) варианты ескерілмей-
ді. Болмаса септiк жалғауларының -ның, -нiң, -дың, -дiң, -тың,
-тiң,   -га,   -ге,   -қа,   -ке,   -на,   -не,   -а,   -е  варианты    жазудағы
форма-лар.   Осы   сияқты   барлық   грамматикалық   формаларды
айыруға   болады.   Бұған  сай   түбiр  морфемалардың   да   ауызша
вариант-тары шығатыны белгiлi. Ауызша сөйлеудiң үздiксiздiгi,
іргелес   морфемалардың   позициялық   өзгерісі   сөйлеудегі   бір
деңгейдегі айтылымын әртүрлі етеді.
Ал жазба форма дискреттi. Тiл деңгейлерiнiң осы екі сала-
сы,   фонетика   мен   морфология   арқылы,   жазуды   тiл   өмiр
сүруiнiң бiр формасы деп тануға болады. Осыған орай қазіргі
көркем   әдебиет   стилінде   классик   ақын-жазушылардың   сөз
саптауына,   мәтін   құрауына   сәйкес   келетін   сөйлемдерді
кездестіру қиын екенін көреміз. Бұл, әсіресе, орыс, ағылшын
тілдеріндегі детек-тив, вестерн, бестселлерде көп кездеседі.
Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері. Жазу термині а) жазу
процесі, ә) сол процестің нәтижесі, б) нәтиже негізінде пай-да
болған   тілдік   таңбалар   жүйесі   ретінде   қолданылады   дедік.
Сонда   жазба   тіл   дегеніміз   ішкі   сөйлеуге   (белгілі   бір   тілге,
мыса-лы,   қазақ   тілі)   кодталған   ойдың   фонемалық   сүзекіден
өтіп   жазу,   көруге   бағытталған   графикалық   кодқа   айналған
жүйесі.   Жалпы   алғанда,   жазу   –   адамның   ой-пікірін,   сөзін
белгілі бір тілде жазу таңбалары арқылы қағаз бетіне түсіру;
адамның   ой-пікірін,   сөзін  қашықтыққа   және   ұзақ   замандарға
жеткізетін материалдық сыз-ба таңбалар жүйесі.
Жазба  тілдің  жалпы  графикалық  ерекшелік,  графикалық
және графемдік ерекшеліктері бар.
Жалпы графикалық ерекшелікке мәтіннің парақ бетіне ор-
наласуы, азатжол, көз тынысы, (үлкен ашық жол), қаріп түрлері
(майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу,
қаріп түсі жатады.
Графикалық   ерекшелікке  сол   жазба   тілдің   қолданып
отырған графикасы, әріп саны, әріп тіркесі, әріп диакритикасы,
тыныс белгілер жатады.
Графемдік ерекшелікке әліпбидегі әріп мәндері, графеманың
мазмұн   межесі   мен   тұрпат   межесі,   тілдің   фонологиялық
құрылымының графемаларға сәйкес келуі, бір әріптің бір/бір-неше
фонеманы,   бір/бірнеше   фонеманың   бір   графемаға   сәйкес   жазба
тілдің оқылу және жазылу жүйесі жатады.
Жазба   тіл   көбінесе   екі   жақты   емес,   біржақты   акт
болатындықтан, ол тілдің ойқұраушы, ойды жарыққа шығарушы
48
49


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау