Kazenergy #39 re re indd Сауат Мыңбаев



жүктеу 13,46 Mb.
Pdf просмотр
бет34/38
Дата23.01.2020
өлшемі13,46 Mb.
#27182
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Мұнай құбыры 

ісінің шебері 

 «қара алтын» қазақстанның ең басты қазыналарының 

бірші. талай еңбекті қаЖет ететін Мұнай саласы адаМ 

факторының, яғни өндірістік тылдың ЖұМысшыларының 

арқасында ғана Мұнайды өңдеу, өндіру, тасыМалдау 

проЦестері үздіксіз орындалуда. сондықтан да 

қазақстанның Мұнай құбырының 75-Жылдығы Мұнай 

саласының ардагері аМангелді нұрғалиұлы ысМайылоВ 

үшін аса Маңызды оқиға.  

Тарих иелері

176  № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК




1958

жылы  Қызылжар  тұрғын-

дары 

Нұрғали 


мен 

Айшаның  жанұясындағы  бесінші  және  кен-

же  бала  Амангелді  туылады.  Оның  ата-

анасы мен жақын туыстары тау-кен орында-

рында,  жол  құрылысында  еңбек  етіп  жүрді.  

Сегізжылдық  мектепті  тәмамдағаннан  кейін 

өз  өмірін  жұмыс  еңбегімен  байланыстыруға 

бел  буған  бала  Сатпаев  қаласындағы 

техникалық  училищеге  түседі.  Онда  жүк 

автомобильдерінің  жүргізушісі  мамандығын 

игереді. 1982 жылы Жәйрем қаласына БелАз 

жүргізушісі болып қызметке орналасады.  

Қазақтың  ұрпақтар  сабақтастығына  қатысты 

дәстүрлеріне сәйкес кіші бала үй иесі болып 

саналады. Осы дәстүрді сақтаған Амангелді 

өз  ошағына  оралып,  мұнай  құбырына 

жұмысқа  тұрады.  Жас  кәсіпорынға  жас  ма-

мандар  қажет  болды.  Жұмыс  аз  болған 

жоқ.  Басты  мақсат  –  Ресейден  Шымкентке 

қарай  Павлодар  облысы  арқылы  мұнайдың 

үздіксіз  және  қауіпсіз  түрде  тасымалдануын 

қамтамасыз ету. 

Содан  бастап,  Амангелді  Нұрғалиұлының 

өмірі  қазақстандық  жердің  басты  байлығы 

мұнаймен байланысты. 27 жыл ішінде ол та-

лай қиыншылыққа тап болды, бірақ олардың 

барлығын да жеңе алды.  1980-ші жылдардың 

басында өнеркәсіпте еңбек ету аса қиын бо-

латын.  Жұмыстың  барлығы  қолмен  жасал-

ды.  Алайда,  жылдар  өткен  сайын  салада 

елеулі  өзгерістер  орын  алып,  мұнай  тасы-

малдау процесі толығымен автоматты түрде 

жүргізілетін болды. 

Ол  уақытта  мұнайшының  жұмыс  тәртібі 

қалыпты  жұмыс  тәртібінен  өзгеше  болды. 

Дұрыс  ұйқыны  бірден  ұмытуға  тура  келді...

Тәулік  бойы  мұнайдың  әрбір  тамшысының 

қажетті  жерге  жетуін  бақылап  отыру  оңай 

шаруа  емес.  Амангелді  Ысмайылов  «қара 

алтынның»  қажет  мөлшерде  тасымалдану-

ын қатаң бақылап отырады.   Күні-түні стан-

ция басшыларына мұнай ағымының жағдайы 

жайлы  баяндап  беріп  отырады.  Өндірістік 

тізбекте  мұнай  құбырындағы  олқылықтарды 

ол ең бірінші болып байқайды. 

  Еңбек  жолының  бастапқы  кезеңі  жайлы 

Амангелді  Нұрғалиұлының  естеліктері  мы-

надай; «Бұрын біз мұнайды Шымкент өңдеу 

зауытына  жеткізетінбіз.  Ол  жылдарды  есіме 

алғанда  көз  алдыма  бірден  Атасудан  келе 

жатқан,  мұнайға  толы  цистерналар  вагон-

дары келеді. Осы вагондарды сапалы түрде 

жүктеп, жіберуге дайындау басты міндет бол-

ды.  Шойыннан салынған жол үлкен цистер-

наларда тасымалданған мұнай көлемін әрең 

дегенде көтеретін. 

Осы  жылдар  бойы  жұмыс  белсенді  түрде 

жүргізілді  деп  айта  алмаймын.  1995-200 

жылдар  аралығында  жұмыс  көлемі  азайды. 

Бірақ, 2000 жылы Атасу құю эстакадасы іске 

қосылғаннан кейін процесс тездетіліп, жұмыс 

істеу процесі біраз оңайланды. Ал Қызылорда 

облысында  Құмкөл  базасы  салынғаннан 

кейін  біздің  нысандағы  өмір  қайнап  кетті. 

Қол  еңбегін  техника  алмастырды.  Радио 

байланысының орнына кабельдер келді. Бұл 

қысымды 25-30 шақырым қашықтықтан меже-

леуге  мүмкіндік  берді.  Бақылағаннан  басқа, 

жапқыштарды  керек  кезінде  ашып-жабуға, 

өткізгіш  үздіксіз  жұмыс  істеуі  үшін  бейне 

бақылауға  жағдай  жасады.  Электроника  де-

ген осы». 

-    Қазір  Атасу-Алашанькоу  мұнай  құбыры 

арқылы  ай  сайын  600-800  тонна  мұнай  та-

сымалданады.  4-5  жыл  сайын  құбырлардың 

тексерілуі  мен  диагностикасы  өткізіледі. 

Табылған  олқылықтар  бақылауға  алынып, 

оларды  жою  жұмыстары  басталады.  Мұнай 

құбырының  өзі  айына  екі  рет  тазартыла-

ды.  Мұнай  қалдықтары  Атасу  станциясына 

жеткізіледі, - дейді өз ісінің маманы Амангелді 

Ысмайылов. 

Жерасты 

құбырларының 

жұмысын бақылайтын адамның ерекшеліктері 

көп,  әсіресе,  ашық  құбырды  бақылайтын 

адамға қарағанда жауапкершілігі зор.

Амангелді 

Нұрғалиұлының 

адалдығы 

мен  жауапкершілігін  бағалап,  2000  жылы 

Тәуелсіздік  күніне  орай  «ҚазТрансОйл»  АҚ 

президентінің  өзі  Амангелді  Ысмайылов-

ты  «Ерен  еңбегі  үшін»  медалімен  марапат-

тады. Бұл медаль алғыс хаттары мен мара-

паттау  хаттарының  санатына  қосылды.  Со-

нымен  қатар,  2005  жылы  мұнай  құбыры 

көлігінің  70-жылдығына  орай  Амангелді 

Ысмайылов  ұзақ  және  мінсіз  еңбегі  үшін 

«ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ-мен құрмет грамотасы-

мен мадақталды. 

Жұмысына  бар  жігерін  беретін  мұнайшы 

үшін жанұядағы тылдың мықты болуы қажет. 

Амангелді Ысмайыловтың ең жақын досы мен 

әріптесі – оның әйелі Нұрғайша. Қонақжайлы 

әйел қашан болса да күйеуінің достары мен 

әріптестері  үшін  майлы  дастарқан  әзірлеп 

беруге  дайын.  Оның  жасаған  қымызы    аса 

дәмді.  Табиғаты  бай  аймақта  туылған  ол 

күйеуінің  еңбегін  қолдап,  екеуі  төрт  баланы 

тәрбиелеуде. 

Бүгін  өз  жерінің  патриоты,  өз  ісінің  үздігі 

Амангелді Ысмайылов  болашақтан зор үміт 

күтеді.  Мұнай  саласындағы  орасан  зор  жо-

спарлар мен жетістіктер – оның мақтанышы. 

Ол  еліміздің  бас  байлығы  мен  саланың  да-

муы  жайлы  сағаттап  әңгіме  айта  алады.  

Аймақтың жарқылдаған маржанына айналған 

мұнай орталығы Қазақстан азаматтары, яғни  

біз үшін де мақтаныш. 

Салтанат Аманқызы

амангелді 

нұрғалиұлының 

адалдығы мен 

жауапкершілігін 

Бағалап, 2000 

жылы тәуелсіздік 

күніне Орай 

«ҚазтрансОйл» 

аҚ президентінің 

Өзі амангелді 

ысмайылОВты 

«ерен еңБегі 

үшін» медалімен 

марапаттады. 

 

 177



KAZENERGY


жүктеу 13,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау