Kazenergy #39 re re indd Сауат Мыңбаев



жүктеу 13,46 Mb.
Pdf просмотр
бет31/38
Дата23.01.2020
өлшемі13,46 Mb.
#27182
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

еңбекті Жол – 

Жастарға ғибрат

әр адаМ өз бақытының сәулетшісі екендігін білеМіз. ал адаМға бақыт үшін 

көп нәрсе керек пе? «әрине, Жоқ, өйткені бақыт әр күніМізде, отбасыМызда, 

ЖұМысыМызда бар», - деп кейіпкеріМіз Жауап береді. егер адаМ кез келген іске 

сауатты, Жауапкершілікпен қараса, қолынан барлығы да келеді. алдыМызда 

қарапайыМ еңбекші адаМның тағдыры. МоМын, байсалды, аз сөзді – Жоғары 

деңгейдегі сызықты құбыршы құбайдолла әМинұлы нұрЖан осындай. 

Қ

ұбайдолла 



Нұржан 

Атырау 


облысындағы  Құлсары  қаласында 

дүниеге келді. Өз ата-анасының мысалында 

өмірге үйреніп, өсіп-өнді. Үлкен тату-тәтті от-

басыда  Құбайдолладан  басқа  оның  3  ағасы 

мен  3  қарындасы  өсті,  ал  оның  өзі  үйдің 

екіншісі болды. Кіші інілері мен сіңлілері тура-

лы қам жеу оған жүктелді. Еңбекке жастайы-

нан үйренген ол 16 жасында мұнай айыру за-

уытында жұмыс істей бастады.

Құбайдолланың  жастық  шағы  мемлекет-

те мұнай өнеркәсібі дами бастаған кезге сай 

келді. Кейіпкеріміз жұмыс істеген Маңғыстау 

түбегінің әр түкпірінен мұнай айырыла баста-

ды.  Сол  кезде  ол  тек  16-ға  толған  болатын, 

алайда  ол  мұнай  айыру  өнеркәсібінде  бүкіл 

операторлік қызметтерін орындады. 

Келесі екі жыл ішінде Құбайдолла өзін бағалы, 

қабілетті  қызметкер  ретінде  көрсетті;  ол 

тәжірибелерден  бас  тартпай,  ауыр  еңбектің 

әлі  реттелмеген  жүйесінде  үнемі  жаңа 

әдістемелерді  іздеді.  Сол  себепті  оның  ар-

мияда қызмет ету кезі келгенде, Қ. Нұржанды 

НПС-Құлсарының  бүкіл  ұжымы  шығарып 

салды.  Еңбектестері  оған  қызметтен  соң 

станцияға қайтып келуді тіледі. 

Отан  алдында  азаматтық  міндетті  орындап 

болғаннан  соң,  Құбайдолла  қайтадан  сол 

станцияда  оператор  болып  жұмыс  істей  ба-

стады. 

«Менің  ойымша,  жастық  шағымда  стан-



ция  бастығы  Орынғали  Мекебаев,  инже-

нер  Кесікбай  Елеуов,  аға  оператор  Түйекен 

Бисенов,  оператор  Ербатыр  Өтебалиев, 

пеш  механигі  Шаншархан  Наурызбаев 

сияқты  кісілермен  жұмыс  істегенім  –  үлкен 

сәттілік», - дейді Құбайдолла Әминұлы. «Осы 

тәжірибелі адамдар маған өз ісімде профес-

сионал болуға көмектесіп қана қоймай, өмірді 

үйреткен  менің  мұғалімдерім  болды.  Мен 

барлық қол жеткен табыстарым үшін оларға 

разымын». 

...Жылдан-жылға  мұнай  саласындағы  37 

еңбектік жыл елеусіз ұшып өтті. Мұнай айыру 

зауыты сол бойы қала берді, алайда жұмыс 

жағдайлары  өзгеріске  ұшырады,  өйткені 

осы  өндіріс  «ҚазТрансОйл»  акционерлік 

қоғамының  Батыс  филиалының  бір  бөлігіне 

айналды. 

Құбайдолла  Нұржан  осында  үлкен  еңбекті 

жолды  өтті.  Алдымен  ол  жылыту  пеш  опе-

раторы,  кейін  жылыту  қазан  машинисті, 

жүргізуші, сантехник-жөндеуші болып жұмыс 

істеді.  Онан  соң  басшылық  Құбайдолланың 

кез 


келген 

жұмысты 


орындағандағы 

кәсіпқорлығын  көріп,  бағалап,  оған  одан  да 

артық жауапкершілік жүктеді. 

Ол  сызықты  құбыршы  болып  жұмыс  істей 

бастады.  Ондағы  ең  басты  міндет  –  мұнай 

құбырларының үздіксіз жұмысты қамтамасыз 

ету.  Яғни,  бүкіл  шыққан  олқылықтар  мен 

ескерілмеген  жағдайлардың  да  алдын-алу. 

Балалық  шақтан  жауапкер  мен  еңбекқор 

болған  Құбайдолла  Нұржанға  осындай 

серпінді  жұмыс  тек  қуаныш  әкелді.  Апаттың 

алдын  алудың  бір  пунктіне  бірнеше  жүз  ки-

лометр  құбыр  сай  келгенде,  құбыр  кез  кел-

ген  метрінде  жарылып  не  тот  себебінен 

істен  шыға  алатын  жерде  де  ол  жоғары 

нәтижелерге  жетті.    Мемлекетті  «қара  ал-

тынмен»  қамтамасыз  еткен  артерия  үздіксіз 

жұмыс істеді. 

Тарих иелері

170  № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК




Құбайдолла 

Әминұлының 

қатысуымен 

көптеген әдетте болмайтын жағдайларға жол 

берілген жоқ.

Осындай жағдайлардың бірі 1986 жылы бол-

ды. Түскі үзіліс кезінде диспетчерден дабыл 

келді. Кейін «Өзен-Гурьев -Куйбышев» мұнай 

құбырының  558-інші  км-інің  сызықты  суыр-

масынан  тазартушы  поршеньнің  шыға  ал-

май  қалатындығы  анықталды.  Бірнеше  ми-

нут  ішінде  оқиға  болған  жерге  8  адамнан 

құрылған топ арнайы көлікпен келді. Дәл сол 

кезде бұзылғандықтың себебі де анықталды. 

Суырма  электроқозғағышы  да  істен  шықты. 

Бригада поршеньді шығарып, бұзылғандықты 

жою үшін, ашық далада 2 күн мен 2 түн өткізді. 

Алайда  уақыт  пен  күш  босқа  жұмсалмады. 

«Өзен-Атырау-Самара» 

мұнай 


құбыры 

қайтадан іске қосылды. 

Күлсары мұнай құбырының Авария-жөндеуші 

пунктінде (АЖП) 49 адам жұмыс істейді. Олар 

«Өзен-Атырау-Самара»  -  182  км,  «Прорва-

Күлсары»  -  103  км,    НПС  «№3-Қосшағыл»  -  

119 км мұнай құбырларының мен «Астрахан-

Маңғышлақ»  -  185  км,  «Күлсары-Прорва» 

- 175 км су таратқыштарының үздіксіз жұмыс 

істеуін  қамтамасыз  етеді.  Олар  техникалық 

қызмет  етумен  қоса,  төрт  бағыттағы  ма-

гистралды  құбырлардың  үлкен  бөлігінде 

шығатын бұзылғандықтарды жояды. 

Кейде жұмыста күнін де, түнін де өткізетінін 

айтады,  керек  болса,    бірнеше  апта  бойы 

далада,  жанұялары  мен  басқа  адамдардан 

алыс тұрады. Бірақ өз жұмысын жақсы көріп, 

маңыздылығын  түсінеді,  сондықтан  да  оны 

адал орындайды.

«Мен көптеген жылдар бойы жоғары деңгейлі 

мамандармен  бірге  жұмыс  істеймін,  олар: 

Кенжалы  Сары,  Жәдігер  Бопылдықов, 

Тынышбек  Турабай,  аға  мастер  Әлібек 

Желгелді мен дәнекерлеуші Серік Ізбасаров. 

Құбырымыздың  қорғанысы  мен  жәрдемі 

олардың да қызметінің арқасында қамтамасыз 

етіліп  жатыр.  АЖП  басқарушысы  Ғибатұлла 

Оразовтың жұмысы да өте маңызды», - дейді 

Құбайдолла Әминұлы. 

Ал  Құбайдолла  Нұржанның  өзі  жайында 

бүкіл әріптестері тек жақсы нәрселер айтады. 

Серік  Ізбасаров  пен  Тынышбек  Турабаевтің 

пікірлері  мынадай:  «Құбайдолла  осында  37 

жыл  бойы  жұмыс  істеп  жатыр.  25  жылдан 

аса біз бірге жұмыс істейміз. Ол өз ісіне зейін 

салып  қарайды.  Жұмыс  үрдісін  өте  жақсы 

көреді.  Әрқашан  да  жоғары  нәтижелерге 

ұмтылады.  Әрқашан  да  кез  келген  нәрсеге 

өзі үйренуге дайын болады, жас мамандарды 

да  үйретеді.  Олқылықтың  себептерін  бірден 

байқайды.

Бүгін Құбайдолла Әминұлы – «ҚазТрансОйл» 

Батыс 

филиалының 



Құлсары 

мұнай 


құбырлары басқармасының АЖП 6-дәрежелі 

сызықты құбыршысы. Ол - өндіріс үздігі. 

Құрмет тақтасында оның суреті, ал кеудесінде 

Энергетика  мен  минералды  ресурстар 

Министрлігінен  «Қазақстан  құбыр  транспор-

тына – 70 жыл» ескерткіш медалі ілініп тұр. 

Осылайша  «ҚазТрансОйл»  АҚ  басқармасы 

өндірісте  35  жылдан  астам  жұмыс  істеген 

кісіге өз разылығы мен құрметін көрсетті. 

Ал  2000  жылы  Қазақстанның  құбыр  транс-

портына  65  жыл  толғанына  байланысты 

өткізілген  «Ең  жақсы  сызықты  құбыршысы» 

атты  жарысқа  қатысқан  Құбайдолла  Нұржан 

көптеген қатысушылардың ішінен 2-дәрежелі 

дипломға ие болды.

Кәсіпқорлығымен  қоса,  кейіпкеріміз  –  үлгілі 

отағасы.  Қоғамда  оны  екеуі  де  үшін  бірдей 

құрметтейді. Әйелі Алтын Елеусізова екеуі 4 

қызы мен 1 ұлды тәрбиеледі. Оның әйелі көп 

жыл  бойы  Жылыой  ауданында  медбике  бо-

лып жұмыс істейді. 

Өзін аямай, Қазақстан құбыр транспортының 

дамуына көп күш жұмсаған қарапайым адам 

туралы әңгіме осындай.

 

 171


KAZENERGY


жүктеу 13,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау