-
оңалту орталықтарымен,
-
ата-аналарға арналған кеңестік пункттермен
-
инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі коммерциялық және
коммерциялық емес, басқа да қоғамдық ұйымдармен.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мектеп мұғаліміне
кейбір кездері жалпы білім беру үдерісіне баланы нәтижелі енгізу үшін
қосымша кеңес пен қолдау керек болуы мүмкін. Кеңесті әр түрлі
дереккөздерден алуға болады:
-
Консультативті-әдістемелік
орталықтар,
педагогтарды
қолдау
орталықтары немесе ресурстық орталықтарда балаға бағдарланған
нәтижелі, инклюзивті білімберу әдістері, материалдар мен сабақтағы
әрекеттер бойынша кеңестер алуға болады.
-
Әлеуметтік педагог немесе бала психологы психологиялық жарақат алған
немесе оқудағы қиындықтар туындаған жағдайда, баланың әлеуметтік
немесе мінез-құлық проблемалары оның отбасымен немесе/және
құрдастарымен байланысты үзуге әкелген жағдайларда көмек көрсете
алады.
-
Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтары мен логопедтер
нақты әрбір балада негізгі дағдыларының (күнделікті өмір, ойын, араласу,
оқыту) даму ерекшеліктерін практикалық түсінуді қалыптастыруға, бұл
балалармен жұмыс жоспарын жасау мен бағалауда көмектесе алады.
-
Медициналық қызметкерлер, әр түрлі маманданған дәрігерлер,
диетологтар әр түрлі органикалық немесе қызметтік себептерден болған
бой өсуінің тежелуі, көруі немесе естуі нашарлаған, оқуы мен мінез-
құлқында проблемалар туындаған жағдайда елеулі көмек көрсете алады.
Қазақстандық зерттеуші Оралканова И.А. [15] өзінің бастауыш сынып
мұғалімдерінің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын
қалыптастыруға арналған диссертациялық зерттеуінде мұғалімдердің
инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын қалыптастырудың
келесі компоненттерін, критерий мен деңгейлерін бөліп көрсетіп, сипаттайды:
-
адаптивті
-
репродуктивті
-
оптималды.
Адаптивті деңгейге, автор инклюзивті білім берудің идеологиясы мен
философиясын толыққанды қабылдамау және жеткіліксіз түсінуді, даму
мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге құлықтың болмауын, балаларға
нәтижелі инклюзивті білім берудің формалары, әдістері мен құралдары туралы
түсініктің фрагменттілігін жатқызды.
Репродуктивті деңгей мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында
жұмыс істеуге даярлығының критерийлеріне шартты түрде сәйкес келумен
сипатталады: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
саласында білімін жетілдіруге мотивацияның әлсіз болуы, инклюзивті білім
19
беру ұйымы туралы дифференциалды теориялық түсініктерінің болмауы,
инклюзивті білім беру үдерісінде кәсіби міндеттерді шешу жолдарын нашар
меңгеру.
Оптималды деңгей мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында
жұмыс істеуге даярлығының критерийлері мен көрсеткіштеріне сәйкестігін
қамтып көрсетеді: оқу-кәсіби міндеттерді шешуде саналылық, өз беттілік,
рефлективтілік байқалады, инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіну мен
қабылдау, балаларға инклюзивті білім беруге сананың бағыттылығы мен
тұлғалық бағдарлығы. Бұл деңгейдегі мұғалімнің мотивациясының дәрежесі
едәуір жоғары, олар эмпатия мен толеранттылық танытады, инклюзивті білім
беру мен балалардың мүмкіндіктеріне қарамастан олардың құндылығын
мойындайды, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттері өзінше ерекше
және шексіз екендігіне сенеді, олармен жұмыстың ерекшеліктері туралы
білімдері терең, толық, тұтас және жүйелі, инклюзивті білім беру жағдайында
балаларды оқыту нәтижесін бағалау, сипаттау, болжау, құрастыру қабілеттері
бар, ата-аналармен және басқа мамандармен «топта» жұмыс істеуге дайын
болып келеді [15] (Кесте 1).
Кесте 1 – Мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге
даярлығының компоненттері, көрсеткіштері, критерийлері мен деңгейлері
(Оралканова И.А. бойынша)
К
ом
по
не
нт
те
р
Көрсеткіштер
Критерийлер
Деңгейлер
Адапт
ивті
Репрод
уктивті
Оптима
лды
1
2
3
4
5
6
М
от
ив
аци
ял
ық
-құ
нд
ыл
ықт
ық
1.
Инклюзивті
білім
беру
қажеттілігіне
сену
-
педагогикалық білімді
алуға уәждемесінің болуы
+
+
-
даму мүмкіндігі шектеулі
балалардың
тең
құқықтығын мойындау
+
+
+
2.
ҚР-да
инклюзивті білім
берудің
идеяларын
дамытуға ұмтылу
-
балаларды
құндылық
ретінде қабылдау
+
-
даму мүмкіндігі шектеулі
балалардың
қабілеттері
өзінше ерекше және шексіз
екендігіне сену
+
20