В.В. пікірінше, педагогтың инклюзивті білім беру жағдайындағы жұмысқа
даярлығының құрылымы өзара тәуелді сипаттамалар кешені ретінде
көрсетілген. Оның сипаттамалары ішінде маңызды орынды алатын
мотвациялық-когнитивті компонент - кәсіби мінез-құлықтық ұстанымды
тікелей білдіру (инклюзивті білім беру субъектілеріне қатысты дәйекті мінез-
құлық), біліктілікті көрсетуге дайындық болып табылады [11].
Хитрюк В.В. педагогтың кәсіби-педагогикалық даярлығының құраушысы
ретінде инклюзивті даярлыққа әлеуметтік ұстанымдағы (бағалау-адаптивті,
гностикалық,
интегративті,
болжамдық,
құндылық-бағдарлық,
эго-
қорғаныстық) қызметтер, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында кәсіби-
педагогикалық әрекет мазмұнымен, бағыттылығымен анықталатын
спецификалық қызметтер (перцептивті-диагностикалық, интенционалды,
қозғаушы -эмотивті) тән екендігін айтады [11].
Алехина С.В. тәрбиешінің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс
істеуге кәсіби даярлығы мәселесін зерттей келе, инклюзивті білім беру
идеяларын жүзеге асыруға қарама-қайшы келетін тұрақталған құндылықтар
мен нормаларды өзгерту керектігін айтады. Автор даму мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты тәрбиешілердің ұстанымдары мен
стереотиптерін ауыстыру қажеттілігі маңызды деп санайды. Педагогтың білім
беруде инклюзивті ыңғай жасауды жүзеге асыруға дярлығы бұл жалпы білім
беру үдерісіне даму мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу бойынша нәтижелі
іс-әрекетті жоғары деңгейде қамтамасыз ете алатын әлеуметтік, адамгершілік,
психологиялық және кәсіби сапалар мен қабілеттердің жиынтығынан тұратын
тұтас, тұлғалық білім деп түсінеді [12].
Шумиловская Ю.В. пікірінше, болашақ мұғалімнің инклюзивті білім беру
жағдайында балалармен жұмысқа даярлығы даму мүмкіндігі шектеулі
оқушылардың ерекшеліктері туралы түсінік пен білімі, инклюзивті білім беру
жағдайында бұл оқушылармен жұмыс жүргізудің әдістері мен тәсілдерін
меңгеруі, осы әрекетке тұрақты ынтаны қамтамасыз ететін қалыптасқан белгілі
бір тұлғалық қасиеттердің жиынтығы ретінде анықталады [13].
Мовкебаева З.А. өз зерттеулерінде болашақ педагогтарда дамуы бұзылған
әрбір баланың мүмкіндіктері мен спецификалық ерекшеліктеріне сәйкес мектеп
пәндерінің бағдарламалық мазмұны мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарының талаптарын бейімдеу; жекеленген оқытуды
ұйымдастыруда және бағалау критерийлерін таңдауда нақты әдістерді қолдану;
дамуы қалыпты балалармен және басқалармен нәтижелі тұлға аралық қарым-
қатынасты орнату; даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі оқыту мен
дамытуды қамтамасыз ететін дидактикалық материалдарды жасау бойынша
кәсіби біліктілікті қалыптастыру қажеттілігін алға тартады [14]. Білім беру
жүйесін инклюзивті білім беру үдерісіне дайындаудың ең алғашқы, әрі
маңызды кезеңі мамандардың психологиялық және құндылықтық, кәсіби
біліктілік деңгейлерінің өзгерісі болып табылады. Инклюзивті білім беруді
дамытудың алғашқы кезеңдерінің өзінде жалпы білім беретін мектеп
мұғалімдерінің даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысқа дайын болмауы
10
(кәсіби, психологиялық және әдістемелік), инклюзивті ортада жұмыс істеуге
мұғалімнің кәсіби біліктілігінің жеткіліксіздігі, педагогтарда психологиялық
тосқауылдар мен кәсіби таптаурындардың болуы мәселелері өзекті болып тұр.
Қазақстандық зерттеуші Оралканова И.А. [15] «мұғалімнің педагогикалық
әрекетке даярлығы» түсінігін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын
шетелдік мұғалім-практиктер зерттеулерінің нәтижелерін ескере отырып,
психологиялық және кәсіби дайындық тұрғысынан мәнді талдау негізінде
педагогтардың тұлғалық, теориялық және тәжірибелік даярлығының
біртұтастығын көрсететін өзара байланысты психологиялық және кәсіби
сапалардың кешені түріндегі даярлық құрылымын анықтады. Аталған түсінікті
талдау нәтижесінде, автор «мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында
жұмысқа даярлығы» инклюзивті білім беру талаптарын есепке ала отырып оқу-
тәрбие үдерісін ұйымдастыруда кәсіби әрекетті жоғары мотивациялық-
құндылықтық деңгейде орындауға мүмкіндік беретін үйлесімді өзара
әрекеттесуші, өзара толықтырушы психологиялық және кәсіби сапалардың
кешені ретінде айқындайды. Сондай-ақ, қазақстандық зерттеушінің
анықтамасы бойынша, психологиялық даярлық бұл мұғалімнің белгілі бір
тұлғалық қасиеттерінің кешені, ал кәсіби – дидактикалық білім мен әдістемелік
іскерліктер блогы болып табылады. Мотивациоялық-құндылықтық
компонент, Оралканова И.А. пікірінше, инклюзивті білім берудің құндылығын
саналы түсінумен сипатталады. Бұл компоненттің көрсеткіштері: 1) инклюзивті
білім беру идеясын құндылық ретінде қабылдау; 2) даму мүмкіндігі шектеулі
балалардың тең құқықтығын мойындау және балаларды құндылық ретінде
қабылдау; 3) инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін өзін өзі
дамытуға және оқуға дайындығы [15].
Оралканова И.А. мұғалімдердің инклюзивті білім беруге психологиялық
даярлығының құрылымына келесі білімдерді енгізеді:
−
тұлғаның құндылықтық бағдары;
−
тұлғаның уәждемесі;
−
толеранттылық;
−
эмпатия;
−
педагогикалық оптимизм.
Оралканова И.А. пікірінше, мазмұнды компоненттің негізгі
көрсеткіштері:
-
инклюзивті білім беру негіздерін білуі;
-
даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дене қол жетімділігіне қойылатын
талаптарды білуі;
-
мұғалімнің ақпараттылығын қамтамасыз ететін, даму мүмкіндігі шектеулі
балалардың құқықтарына қатысты сауаттылықты арттыратын жалпы білім
беретін мекемелердің оқу-тәрбие үдерісіне даму мүмкіндігі шектеулі
балаларды қосу туралы нормативті-құқықтық негіздерді білуі;
-
инклюзивті білім беру жағдайында оқу және тәрбиелеу үдерісін
ұйымдастыру ерекшеліктерін білу. Ол бастауыш сынып мұғалімдерінің
даму мүмкіндігі шектеулі балалар денесіне ыңғайлы жағдайды қамтамасыз
11