Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


  Педагогтар мен мамандардың пәнаралық өзара әрекеттестігі



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет10/24
Дата23.05.2018
өлшемі0,7 Mb.
#16734
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24



Педагогтар мен мамандардың пәнаралық өзара әрекеттестігі 

 

Инклюзивті білім берудің маңызды қағидаларының бірі ведомствоаралық 



интеграция және әлеуметтік серіктестік қағидасы болып табылады. Мүмкіндігі 

шектеулі тұлғаларға білім беру интеграциясының стратегиялық мақсаттары тек 

әлеуметтік  серіктестік  және  жалпы  білім  беретін  педагог  пен  медициналық, 

психологиялық,  дефектологиялық  сала  мамандары  арасындағы  тұрақты 

әрекеттестік барысында ғана орындалатыны түсінікті болып отыр.   

Педагогтар  мен  мамандардың  өзара  әрекеттестігі  -  бұл  баланың 

проблемаларын  шешуде  кешенді  ыңғай  жасауды  қамтамасыз  ететін,  балалар 

мен жасөспірімдерді дамыту, оқыту, тәрбилеу мен әлеуметтендіру міндеттерін 

шешуге  бағытталған,  білім  беру  үдерісінің  субъектісін  (бала,  сынып,  топ) 

қолдау бойынша педагогтар мен мамандардың біріккен әр түрлі әрекеті дегенді 

білдіреді  [23]. Осылайша,  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  жалпы 

білім  беру  үдерісінде  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  педагогикалық 

қолдауда  мамандардың  өзара  әрекеттестігі,  бұл    пәнаралық  ыңғай  жасау 

үдерісінде 

психологиялық-педагогикалық 

қолдаудың 

стратегиясын, 

тактикасын, мазмұны мен динамикасын жасауға, даму мүмкіндігі шектеулі бала 

мен оның отбасының проблемаларын нәтижелі және кешенді шешуге қабілетті  

әр  түрлі  саладағы  мамандардың  (педагогтар,  дефектологтар,  психологтар, 

логопедтер)  біріккен  күшімен  жасалған  жүйелі  түрдегі  ықпал  ретінде 

қарастырылады.    

Бұндай өзара әрекеттестікке жатады: 

бала  проблемаларын  анықтау  және  шешуде,  әр  түрлі  саладағы 



мамандардан білікті көмек көрсетілуде кешенділік; 

баланың тұлғалық және танымдық дамуын көпаспектілі талдау; 



баланың  оқу-танымдық,  сөйлеу  тілдік,  эмоционалды-еріктік  және 

тұлғалық салаларының жеке жақтарын түзету және жалпы дамытудың кешенді 

жеке бағдарламасын жасау [24]. 

Мұндай  өзара  әрекеттестік  әр  түрлі  міндеттерді  нәтижелі  шешу  және 

координациялауды анықтайды: 

даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың психологиялық-медициналық-



педагогикалық кеңестен өтуі және оларды білім беру үдерісіне қосудың, оның 

ішінде  инклюзивті  сыныптары  үшін  білім  беру  бағдарламалары  мен  оқу-

әдістемелік кешенді таңдау шарттарын анықтау;  

оқушыларға  арналған  оқу  құралдары  мен  дидактикалық  материалдарды 



бейімдеу;  

жалпы  білім  беретін  ұйым  мамандарының  кәсіби  құзыреттілігін 



арттырумен байланысты іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;  

бірігіп өткізетін іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру (пәнаралық 



консилиумдар,  оқыту  және  тәжірибелік  семинары,  әдістемелік  бірлестіктер 

және т.б.);  

жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті тәжірибесін мониторингілеу 



және бағалауды ұйымдастыру; 

24 


 


координацияланған шешімдерді қажет ететін басқа да сұрақтар бойынша.  

Жалпы  білім  беретін  мектепте  инклюзивті  білім  беруді  нәтижелі  жүзеге 

асыру  үшін  жұмысы  мүмкіндігі  шектеулі  және  басқа  балаларға  бағытталған 

педагогтар мен мамандардың міндеттерін бөлісуде белгілі бір теңгерім (баланс) 

сақтау  қажет.  Осы  жерде  атақты  ресейлік  ғалым  Н.Н.Малофеевтың  [25]  сөзін 

еске  алуға  болады:  «инклюзивті  мектепте  мұғалім  ешқашан  проблемамен 

жалғыз  қалмайды,  себебі,  арнайы  көмек  пен  қолдаудың  көлемі  мен  сипаты 

баланың  барлық  ерекше  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  құрамына  мектеп 

әкімшілігі,  жалпы  білім  беру  мұғалімдері,  педагог  ассистенттері,  арнайы 

педагогтар,  психологтар  мен  оқушы  ата-анасы  кіретін  ұжыммен  –  барлық 

командамен анықталады». Ресейлік ғалымның пікірінше, бұл анықтама жақсы 

естілгенмен,  шынайы  өмірдегі  жағдайды  емес,  идеалды  модельді  сипаттайды 

[25]. 


Малофеев  Н.Н.  маман-дефектологтың орнын  «команда»  ауыстыра  алады 

деген  «шынайы  сенім»    өткен  ғасырдың  60-жылдардағы  халық  театры  кәсіби 

театрды  ығыстырады  деген  ұстаным  сияқты  екендігін  ескертеді.  Сол  сияқты, 

керемет  санаторийлер  мен  демалыс  үйлерінің  көбеюіне  байланысты 

ауруханаларды қысқарту ешкімнің ойына келмейтіні анық. «Құрамына мектеп 

әкімшілігі,  жалпы  білім  беру  мұғалімдері,  педагог  ассистенттері,  арнайы 

педагогтар, психологтар мен оқушы ата-анасы кіретін команда» оларға білікті 

көмек  көрсете  алады.  Сонымен  қоса,  ЕБА  бар  балаға  арнайы  дайындықсыз 

мектеп  әкімшілігі,  пән  мұғалімдері,  ата-аналар,  тіпті  дефектологтар  мен 

психологтардың ұжымдық әрекеті еш пайда әкелмейді» [25]. 

Ресейлік ғалымның кейбір пайымдауының кесімділігіне қарамастан, оның 

дұрыстығын  мойындау  керек.  Педагогтар  мен  мамандар  баланың  қамы  үшін  

өзара келісіп жұмыс істеу керектігі түсінікті. Алайда, инклюзивті білім беруде 

басымдылық даму мүмкіндігі шектеулі балалармен нәтижелі жұмыс тәжірибесі 

бар  мамандарға,  яғни  мұғалім-дефектологтарға  беріледі.  Инклюзивті  білім 

беруді нәтижелі ұйымдастыруда мектеп мұғалімдері өз жұмыстарында мұғалім-

дефектологтар  берген  ұсыныстар  мен  ұстанымдарды  бағдар  ретінде, 

жетекшілікке алуға үйренуі керек.   

Инклюзияның  мақсатын  жүзеге  асыру  үшін  жалпы  білім  беретін  ұйымда 

әр  түрлі  саладағы  мамандар  –  психологтар,  дефектологтар,  логопедтер, 

медициналық  қызметкерлер,  т.б.  жұмыс  істейді.  Инклюзивті  топта  нәтижелі 

жұмыс  істеу  үшін  мамандардың  өзара  әрекеттесуін  ұйымдастыру  үшін  түрлі 

сызбаларын  жасау  қажет.    Әр  түрлі  санаттағы  мамандардың  (мұғалім-

логопедтер,  мұғалім-дефектологтар,  педагог-психологтар  және  т.б.)  жұмыс 

тәжірибелерін  көрсету  арқылы  жиналыстарды,  семинар-практикумдерді, 

әдістемелік  бірлестіктерді    жоспарлы  және  тұрақты  түрде  өткізу,  сондай-ақ 

даму мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру сұрақтары бойынша 

авторлық  әдістемелік  құралдарды  басып  шығару  білім  беру  үдерісіне  барлық 

қатысушыларының  өзара  байланыс  орнатуына,  ақпарат  алмасуына  әсерін 

тигізеді. 

Білім  беру  үдерісінің  жалпы  сапасын  жақсарту  үшін  оның  барлық 

қатысушылары: әкімшілік, педагогтар, мамандар, балалар мен ата-аналар [19]: 

25 

 



жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау