Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет2/24
Дата23.05.2018
өлшемі0,7 Mb.
#16734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

оқушыға  қажетті  кәсіби  құзыреттілігінің  барлық  жүйесін  қалыптастырмай, 

инклюзивті  білім  беру  жағдайында    жұмысқа  дайындықтың  жеке 

элементтерінің дамуы негізінде жасалады.  

Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімді даярлау  ерекшелігі білім 

беру  үрдісінің  нәтижесі  білім  мен  дағдылар  жүйесі  емес,  басты  құзыреттер 

жиынтығы  болатын  құзыреттілік  ыңғай  жасауға  бағытталуы    керек. 

Негізгілері  ретінде  академиялық  құзыреттер  (жаңа  білімдерді  алуға  қабілетін 

анықтайтын);  әлеуметтік-тұлғалық  құзыреттер  (мемлекет  пен  қоғамның 

идеологиялық,  адамгершілік  идеалдарын  сақтау  қабілеті);  кәсіби  құзыреттер 

(

проблеманы,  міндеттерді  қою,  оны  шешу  жолдарын  анықтау,  жопарларды 



жасау  және  оларды  педагогикалық  әрекеттің  әр  түрлі  салаларында  орындау) 

бөлуге болады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 


 



Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби  құзыреттілігі 

туралы түсінік   

 

 



Адамның кәсіпқойлығының қажетті құраушысы кәсіби құзыреттілік болып 

табылады.  Кәсіби  құзыреттілік  зерттеушілермен  маманды  даярлау  сапасының 

сипаттамасы  және  еңбек  әрекетінің  нәтижелілігінің  әлеуеті  ретінде 

қарастырылады [2]. Ал педагогтың кәсіби құзыреттілігі пәндік салада, сонымен 

қатар  педагогика  және  психология  саласында  ғылыми-теориялық  білімдер 

жүйесі кіретін маман тұлғасының сапалық сипаттамасын көрсетеді. Педагогтың 

кәсіби  құзыреттілігі  –  бұл  мұғалімнің  теориялық  білімдер  жүйесі  мен  оларды 

белгілі педагогикалық жағдайларда қолдану, педагогтың құндылықтары, оның 

мәдениетінің  интегративті  көрсеткіштерінен    (сөйлеуі,  сөйлесу  мәнері,  өзіне 

және жұмысына қарым-қатынасы, т.б.) тұратын көпфакторлы құбылыс [3]. 

Кәсібилікті  маманның  жетілуінің  әр  түрлі  аспектілерімен  сәйкестендіре 

отырып Маркова А.К. кәсіби құзыреттіліктің төрт түрін көрсетеді [4]: арнайы, 

әлеуметтік, тұлғалық және жеке: 

 

1.      



Арнайы,  немесе  әрекеттік  кәсіби  құзыреттілік  әрекетті  жоғарғы  кәсіби  

деңгейде  меңгеруді  сипаттайды.  Ол  тек  арнайы  білім  ғана  емес,  сонымен 

бірге оны тәжірибеде қолдана алуды білдіреді.  

  

2.      



Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби 

қарым-қатынас  тәсілдері  мен  бірігіп  кәсіби  өзара  әрекеттестікті  қолдану 

жолдарын меңгеруді сипаттайды. 

   


3.      

Тұлғалық   кәсіби  құзыреттілік  өзін  өзі  дамыту  мен  өз  ойын  білдіру 

әдістерін,  кәсіби  деформацияға  қарсыласу  құралдарын  меңгеруді 

сипаттайды.  Бұнда  маманның  өзі  кәсіби  әрекетін  жоспарлау,  өздігінен 

шешімдер қабылдау, проблеманы көре алу қабілеті де кіреді. 

 

4.      



Жеке  кәсіби  құзыреттілік  өзін  өзі  реттеу,  кәсіби  өсуге  дайындық,  кәсіби 

қартаюға  қарсы  тұру,  тұрақты  кәсіби  уәждемесінің  тәсілдерін  меңгеруді 

сипаттайды.   

 

Маркова  А.К.  кәсіби  құзыреттіліктің  маңызды  құраушыларының  бірі 



ретінде  өздігінен  жаңа  білім  мен  біліктерді  игеру  және  тәжірибеде  қолдану 

қабілетін  атайды.  Ресейлік  зерттеуші  Коточитова  Е.В.  әрбір  блок  келесі 

компоненттердің    «өсу  платформасы»  болатын,  алдыңғы  блокқа  сүйеніп 

құрылатын  педагогикалық  құзыреттіліктің  иерархиялық  моделін  ұсынады  [6]. 

Модельдің  құраушылары педагогикалық құзыреттіліктің алты түрінен тұратын 

блоктар болып келеді:   

 



-

білімділік; 

-

әрекеттік;  



-

коммуникативті;  

-

эмоционалды;  



-

тұлғалық;   

-

шығармашылық.  



Автор  педагогты  оқыту  барысында  қалыптасатын  құзыреттілікке  тікелей 

қатысты  болатын  бірізділік  қағидасының  ерекше  маңыздылығын  атап 

көрсетеді.  Контекстен  жұлып  алынған  жеке  блок  педагогтың  қажетті  кәсіби 

біліктілігін  қамтамасыз етпейді.   

 

Ресей  зерттеушісі  Дружилов  С.А.  педагогтың  кәсіби  біліктіліктің  келесі 



компоненттерін бөледі: мотивациялық-еріктік, қызметтік, коммуникативті және 

рефлексивті. 



Мотивациялық-еріктік  компонент құрамына  түрткілер,  мақсаттар, 

қажеттіліктер,  құндылық  ұстанымдарыкіреді,  тұлғаның  мамандықтағы 

шығармашылық көріністерін ынталандырады, кәсіби әрекетке қызығушылықты 

қарастырады. 



Қызметтік (лат.  тілінен   functio –  орындау)  компонент  жалпы  алғанда 

белгілі  бір  педагогикалық  технологияны  жобалау  және  жүзеге  асыру  үшін 

мұғалімге  қажетті  педагогикалық  әрекет  тәсілдері  туралы  білім  ретінде 

көрінеді.  



Коммуникативті   (лат.  тілінен   communico –  байланысамын,  сөйлесемін) 

құзыреттілік  компонентіне  өз  ойын  анық,  дәл  жеткізу,  сендіру,  дәлелдеу, 

талдау,  пайымдаулар  жасау,  рационалды  және  эмоционалды  ақпарат  беру, 

тұлға  аралық  байланыстар  орнату,  өз  әрекеттерін  әріптестердің  әрекеттерімен 

келісіп жасау, әр түрлі іскерлік жағдайларда сөйлесудің тиімді мәнерін таңдау, 

диалогты ұйымдастыру және қолдау іскерліктері жатады.   



Рефлексивті (кейінгі  лат.  тілінен reflexio –  қайта  айналу)  компонентке  өз 

әрекетінің  нәтижелері  мен  өзінің  даму  деңгейін,  жеке  жетістіктерін  саналы 

түрде  бақылау  іскерлігі;  креативтілік,  бастамашылдық,  ынтымақтастыққа, 

шығармашылыққа бағыттылық, өзін өзі талдауға бейімділік сияқты қасиеттері 

мен қабілеттерінің қалыптасқандығы жатады. Рефлексивті  компонент тұлғалық 

жетістіктердің  реттеушісі,  адамдармен  қарым-қатынаста,  өзін  өзі  басқаруда 

жеке  тұлғалық  маңызын  іздеу,  сондай-ақ  өзін  өзі  тануға,  кәсіби  өсуге, 

шеберлікті  жетілдіруге,  шығармашылық  маңызды  әрекетке  және  жұмыстың 

жеке стилін қалыптастыруға түрткі болып табылады [3]. 

Сонымен  қоса,  зерттеуші  аталған  педагогтың  кәсіби  құзыреттілігінің 

сипаттамалары  интегративті,  тұтас  және  жалпы  кәсіби  даярлықтың  өнімі 

болғандықтан, оны бөлек қарастыруға болмайтындығын айтады.  

Дружилов  С.А.  [3]  педагогтың  кәсіби  құзыреттілігі  маманды  кәсіби 

даярлау  кезінде  қалыптасады  деп  сендіреді.  Алайда,  егер  педагогикалық 

жоғары оқу орнындағы оқуды кәсіби құзыреттілік негіздерінің (алғышарттары) 

қалыптасу  үрдісі  ретінде  қарастырсақ,  онда,  автордың  ойынша,  біліктілікті 

 



жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау