Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


  Инклюзивті білім беруде мұғалім мен әр түрлі мамандардың



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет6/24
Дата23.05.2018
өлшемі0,7 Mb.
#16734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24



Инклюзивті білім беруде мұғалім мен әр түрлі мамандардың 

қызметтік міндеттері 

 

 



Мовкебаева  З.А.  және  Оралканова  И.А.  сынды    қазақстандық  авторлардың 

[17] 


әділ  жасаған  ескертулері  бойынша,  мектепке  дейінгі  және  мектептік  оқыту 

тәжірибесіне  белсенді  түрде  енгізіліп  жатқан  инклюзивті  білім  беру 

педагогикалық маршрутты ендіруде жаңа ережелерді талап етеді. Ол өз әрекетін 

тек дидактикалық тұрғыдан ғана емес, құндылықтық бағдарды өзгерту деңгейінде 

де  қайта  қарастыруды  меңзейді.  Инклюзивті  білім  берудің  ең  басты  қағидасы 

даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сай неғұрлым 

шектемейтін, көбірек ортаға қосатын білім беру орта жасалуы керек. Инклюзивті 

білім  беруидеясын  қолдап,  оны  жүзеге  асыра  отырып  педагогтар  инновациялық 

тәртіпте әрекет етеді.    

Авторлардың айтуынша, инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім 

беретін ұйымдарда педагог жұмысының басты міндеттерінің бірі даму мүмкіндігі 

шектеулі  баланы  және  оның  отбасын  жалпы  білім  беру  ортасына  енгізуді 

реттейтін  үдерісті  сапалы  түрде  басқару  болып  табылады.        Бұл  бағыттағы 

алғашқы  қадам  білім  беру  үдерісінің  барлық  қатысушыларын,  ең  алдымен,  өзін 

өзгерістегі  әлеуметтік  жағдайға  дайындау  болуы  керек.  Педагогтар  тыңдауға 

үйреніп, дәйекті, шыдамды болып, әр баланың оқу мәнеріне сыйластықпен қарау 

керек [17]. Сонымен қатар, оларға қажет: 

 

− 



балалар әр түрлі оқитынын, әр түрлі қарқынмен білім алатынын мойындау 

және осы ерекшеліктерді ескере отырып сабақты жоспарлау; 

− 

әрекеттерді  бекітілген  оқу  жоспарына  емес,  жағдайға  байланысты 



жоспарлау; 

− 

барлық балалар мектепке келу үшін және оқу үдерісін тиімді ету үшін ата-



аналармен өзара әрекеттесу; 

− 

сыныптағы  барлық  балалардың  және  жеке  әрқайсысының  сұраныстарын 



икемділікпен, шығармащылықпен орындау;  

− 

әр  сыныпта  оқушылардың  белгілі  бір  бөлігінің  оқуында  қиындықтары 



болатындығын білу. 

Сонымен  бірге,  Мовкебаева  З.А.  мен  Оралканова  И.А.  [17]  балаға 

бағдарланған оқытудың белсенді әдістерін қолдануды ұсынады. Ол әдістер:  

 

− 



барлық  балаларға  ойнауға,  оқуға  және  жауапкершілікті  бөлуге 

көмектесу; 

− 

оқудағы  қиындықтардың  дәрежесі  мен  ауырлығын  төмендетіп, 



қиындықтың ары қарай дамуына жол бермеу; 

− 

мінез-құлық проблемаларын шешу; 



− 

оқу жоспарында күнделікті өмірде қолданатын дағдыларды пайдалану; 

− 

оқуды қызықты түрде жасау; 



14 

 



− 

өткен материалды мектептегі және үйдегі жағдайлармен байланыстыру; 

− 

балалардың  қызығушылығын  сақтау  және  оларға  өздерінің  жеке 



темптерімен сәйкес оқуға мүмкіндік жасау үшін оқыту жылдамдығы мен 

әдістерін түрлендіру; 

− 

сыныпта өзара қарым-қатынасты жақсарту; 



− 

мұғалімге өз дағдыларын жетілдіруге көмектесу. 

Тағы  бір  ресейлік  автор  Панасенкова  М.М.  пікірінше,  жақсы,  түсінікті 

сөйлесу  де  оқыту  мен  білім  беруде  маңызды  болып  табылады.  Оның  ойынша, 

педагогтар: 

 

− 



қарапайым,  түсінікті  тілде  сөйлеп,  материалды  логикалық,  дәйекті 

түрде түсіндіруге;  

− 

вербалды  емес  тілдің  тәсілдерін  білу  және  дұрыс  өңдеу,  дене  тілін 



түсіну, дауыстың ырғағын,  бет әлпетінің өзгерісін айыруға, т.б.; 

− 

көбіне сөйлесуде бақылайтын емес,  қолдайтын және мадақтайтын 



тәсілдерді қолдануға; 

− 

сөйлеу  тілімен  қолдана  алмайтын,  нашар  еститін  немесе  ана  тілі  оқу 



тілінен  басқа  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  көмектесу  үшін 

сөйлесу әдістерін қолдануда иілгіштік танытуға;  

− 

балалардың шаршауын алдын алу үшін үнемі үзілістер жасап отыруға; 



− 

оқу  материалының  барынша  аудиовизуалды  қолжетімділігін 

қадағалауға тырысу керек [18]. 

−   


Мамандар  арасында  жалпы  қабылданған  талап  спецификалық  терминдерді 

қолдануда белгілі ережелерді сақтау болып табылады (1-сурет):     

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



15 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

1-

сурет. Спецификалық терминдерді қолдану ережелері 



 

 

Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғалімі: 



оған берілген балалардың денсаулығы мен өмірі үшін тікелей жауапты  

мектеп  сабақтарын,  экскурсиялар,  сыныптан  тыс  шаралар  мен  ойын-



сауықты  балалардың  жасына  сай,  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарттарына  және  бағдарламалық  материалдарға  сәйкес  жоспарлайды  және 

жүзеге асырады;   

сыныпта типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін жағдай 



жасайды;  

басқа мамандармен және мұғалімдермен бірге мерекелер, ойын-сауық және 



спорттық іс-шараларды дайындайды;  

барлық  оқушылардың  біріккен  іс-әрекетін  жоспарлайды  және 



ұйымдастырады (басқа мамандармен бірге);  

мамандардың  ұсыныстарын  ескере  отырып  әрбір  оқушыға  жеке    ыңғай 



жасайды;  

балаларды отбасында тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналармен жұмыс 



жүргізеді және оларды мектеппен белсенді әрекеттестікке тартады;  

 

Қолданбаған 

жөн! 

 

Көру қабілеті зақымданған адам  



есту қабілеті зақымданған адам 

мүгедектігі бар оқушы 

 

дене мүшелері зақымданған бала 



интеллектуалды бұзылыстары 

бар  бала  

оқуында қиындықтары бар қыз 

соқыр 

саңырау  

мүгедек

 

жарымжан

 

ақыл-ойы кем 

 

оқытылмайтын  

 

Қолдануға 

болады!

 

16 



 


жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау