13
басқарманың барлық құжаттары мен жобалары еңбек қорғау бойынша
шараларды алдын-ала қарастыру қажет.
Өнеркəсіпте еңбекті қорғар басқармасы келесі функциялардан тұрады:
· Өндіріс жəне еңбекті ұйымдастыру жəне жабдықтауды қолдану, олардың
орындалуын бақылау, технологиялық процестердің орындалу барысында
пайда болатын қауіптер мен зияндылықтарды болжау.
· Арнайы техникамен өңдеуде ұйым жəне еңбек қорғаудың жақсаруы
бойынша əлеуметтік жəне экономикалық, арнайы техникалық, ұйымдық
шаралар жасау.
· Еңбек қорғау бойынша жұмыстарды жоспарлау.
· Еңбек қорғау бойынша арнайы қызметтер мен ұйымдардың құрылымының
жақсаруы (олардың жұмысының тиімділігінің жоғарылауы бойынша
шаралар қабылдау).
· Еңбек қорғау жағдайын сипаттаушы көрсеткіштерді жасау жəне еңбек
қорғауды жақсарту бойынша жұмыста қолдану жəне еңбекті қорғау
сұрақтары бойынша статистикалық жəне оперативтік мəліметтерді жинау,
оның жақсаруы бойынша жұмыстар жасау.
· Еңбек қорғау жағдайына оперативті жəне жоспарлы тексеріс жүргізуді іске
асыру, жəне жұмыс орындарында, цехтарда, учаскелердегі нормативті
құжаттарды орындау, олардың басшыларымен тексерімен жұмысты бағалау,
өндірістік жұмыс шешімінде осы бағаларды ескеру жəне еңбек қорғау
құралдары жəне шарттары құжаттандыру.
· Жұмысшыларды қауіпсіз, тиімді еңбекке дайындауды басқылау ұйымы:
үйрету, нұсқау, атқарушы жұмысына жұмысшылардың дайындығын
тексеру.
· Еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар жəне ережелер талаптарын барлық
техника-технологиялық құжаттарға сəйкес бақылау, еңбекті қауіпсіз енгізу
жəне жасау, еңбекті қорғау бойынша ұйымдық-техникалық құжаттарды
енгізу жəне жасау ұйымы.
· Апаттың алдын алу мен оны ликвидациялау бойынша жұмыстар
ұйымдастыру.
· ЕҚ облысында жарақатсыз жəне апатты болдырмау мақсатында тəжірибелі
түрде жұмыс істеу.
· Қауіпсіздік ережесін бұзу салдарынан болған апаттар мен төтенше
жағдайларды зерттеу.
· ЕҚ жақсартуға арналған құралдарды қаржылық жəне материалдық-
техникалық пайдалануын бақылау.
ЕҚ басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін:
-ұжымдағы барлық адамдарды еңбек қорғауды жақсарту жұмыстарына үйрету
-əрбір жұмысшының міндетін, құқығын жəне жауапкершілігін анықтау
-ЕҚ жоспарлық жəне жүйелік түрде жүргізу
-əрбір шешімге нақты комплекстік тапсырмалар мен жүйелік шешім қабылдау
-ЕҚ əрбір іс-шараларын нақты максимальды түрде орындау
14
-ЕҚ жақсарту мен талаптарын орындау мақсатында материалды жəне моральды
шараларды көп қолдану.
Еңбек қорғауды ұйымдастыру жəне оны кəсіпорындарда басқару тəсілдері
Көптеген кəсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің басқаруды тиімді
жоғарылату үшін кəсіпорындарда автоматтандырылған басқару жүйесіне
кіретін (АСУП) арнайы автоматтандырылған еңбек қауіпсіздігін басқару
жүйелері қолданысқа ие болып отыр.
Бұл жүйелер келесі түрде жүзеге асырады:
- жинау, өңдеу жəне əртүрлі нысандарда, цехтарда, учаскелерде еңбек
қауіпсіздігінің жағдайы туралы шұғыл ақпарат сақтау;
- кəсіпорындардың еңбек қауіпсіздігін жақсарту мақсатында жасалатын
əрекеттерді бақылау;
- апаттың алғашқы кезінде іс-əрекет жүргізу;
- өндірістік жарақаттану мен апаттарды талдау.
Құжат берілген кезде техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру міндетті;
себебі забойдың жағдайы күрт өзгерсе жəне қосымша шараларды өткізуді талап
етеді. Шаралар жұмыс орнының жағдайына байланысты жəне ескерту, үйрету
элементтерінен құралу тиіс.
Еңбек қауіпсіздігін басқару үрдісінде төмендегі ақпараттық материалдарды
қолданған жөн:
- өндірістік апаттар мен жарақаттанудың динамикасы мен сатылары туралы
мəліметтер;
- жарақаттың кең тараған себептерінің тізімі жəне олардың қатысты қауіптілігі
мен жарақаттанудың меншікті салмағы;
- апаттардың жəне адамдардың қауіпті жағдайлардың объективті, субъективті
жəне ұйымдастырушылық, техникалық себептері;
- қауіпті жерлер мен зоналардың тізімі жəне ережесі;
- өндірістік процестер мен технологиялық операциялардың салыстырмалы
қауіптілігі;
- негізгі кəсіптердің қатысты қауіпсіздігі туралы мəліметтер;
- апта күндері, тəулік жəне сағаттың кезектерінде орындалған қауіпті
жағдайлардың жиілігіне қатысты мағлұмат;
- апаттардың экономикалық, қоғамдық салдары туралы мəлімет.
Геологиялық ұжымдардағы өндірістік жұмыстарды ерекше орын алады.
Көптеген өндіріс салаларына қарағанда өндірістік жұмыстар алдын-ала
зерттелген аудандарда, ал геологиялық барлау жұмыстары аз зерттелген
экономикалық жəне мəдени орталықтардан алшақ жатқан облыстарда
жүргізіледі. Геологиялық жұмыстардың көптеген түрлері – геологиялық іздеу,
геофизикалық, гидрогеологиялық, ашық таукен барлау т.б. жұмыстары көп
уақытта ашық əдіспен жыл бойы кіші ұйымдармен жүргізіледі.
Аталған қиыншылықтарға қарамастан, геологиялық ұйымдардың жұмысшы
күшінің шарртары санитарлық нормаларды жəне қауіпсіздік техниканың
талаптарын
қанағаттандыруы
тиіс. Сондықтан
геологиялық
барлау
15
жұмыстарында аталмыш нормалар мен қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай
орындау қосымша күрделі кешенді жұмысты атқаруды қажет етеді.
Еңбекті ұйымдастыруға:
- өндірісте адам еңбегін қалыптастыру;
- жұмыс орындарын қалыптастырып, қажетті механизм кешенімен қамтамасыз
ету ;
- еңбек əдістері мен тəсілдері, сонымен қатар оңаша жұмысшылардың еңбегін
талдау жұмыстары жатады;
Геологиялық ұйымдарда əрдайым өндірісті жақсарту мақсатында түрлі
шаралар жүргізілуде. Негізгі бағыттары ретінде:
- жұмыс жоспарын жақсарту;
- жаңа геологиялық барлау техникасын енгізу, технологияны рационалдау жəне
энергоқарулануын өсіру арқасында геологиялық барлау жұмыстарын
техникалық жағынан жарақтандыру;
- басқару жұмысын оңтайлы ету, əрбір нысананы жоғары ережелі техникалық
басшылықпен қамтамасыз ету;
- еңбек жəне өндірістік тəртіпті нығайту.
Геологиялық барлау жұмыстарының техникалық жарақтандыруы -
өндірістік еңбектің өсуі, өндірістік еңбек талаптарын жақсарту жəне
қауіпсіздігімен қамтамасыз етуінің негізі болып табылады. Геологиялық барлау
жұмыстарында тозған геологиялық барлау техникасын жаңарту - өндірістің
технологиясын жоғары дəрежеге жеткізу деген сөз.
Əдебиеттер: негізгі 1 (15-19 бет); қосымша 1 (5-12 бет)
Бақылау сұрақтары:
1.Еңбек қорғау пəні жəне обьектісі. Еңбек қорғау құрамы.
2.”ЕҚ туралы заң”, “Еңбек заңы” бойынша ЕҚ туралы сұрақтар.
3.Өнеркəсіптерде ЕҚ-ды басқару жүйесі. ЕҚ басқарудың негізгі ережелері.
4.Геологиялық барлау жұмыстарындағы техника қауіпсіздігі.
5.”Еңбек қорғау” жүйесінің негізгі элементтері.
6.Еңбек қорғаудың маңызды бөлімі.
7.Өнеркəсіпте еңбек қорғауды басқарудың мақсаты мен қызметтері
8.Өндірісте еңбек қорғауды ұйымдастыру жəне басқару əдістері.
2-ші дəрістің тақырыбы: Еңбек қорғау жағдайын талдау. Өндірістік
санитария жəне еңбек гигиенасы.
Дəріс конспектісі. Қазіргі геологиялық барлау техникасын жəне қауіпсіздік
шараларын сақтау – оңтайлы пайдалану өндірісті апатсыз, жарақатсыз
геологиялық барлау жұмыстармен қамтамасыз етудің кепілі. Бірақ бекітілген
технологиялық
жұмыстардан
ауытқу, өндірістік
құрал-жабдықтардың
эксплуатациялық режимдерін бұзу қауіпті жəне зиянды өндірістік
факторлардың пайда болуына əкеледі. Ал бұл факторлар нақты жағдайларда
адамдардың жарақаттануына жəне денсаулықтарының кенеттен бұзылуына
жағдай жасайды. Зиянды өндірістік фактор – бұл өндіріс ортасының факторы,
яғни оның əсері адамдардың жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі мен ауруға
шалдығуына себеп болады. Табиғатына байланысты барлық зиянды жəне
Достарыңызбен бөлісу: |