Казахстан республикасы бiлiм және ғылым министiрлiгi



жүктеу 0,77 Mb.
Pdf просмотр
бет14/28
Дата22.05.2018
өлшемі0,77 Mb.
#16092
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

34

Қорғанысты  жерге  қосу — жермен  электрлік  қосу  немесе  оның

эквивалентімен  кернеуде  болуы  мүмкін  металлды  тоқ  жеткізуші  емес

бөліктерді  қосу. Мұндай  қосулар  жерге  қосқыштармен  жəне  жерге  қосатын

жетектермен  жүргізіледі. Қорғанысты  жерге  қосу  электрқондырғысының

корпусында оқшаулау бұзылған жағдайда жəне оған адам жанасқанда тоқ жерге

адам  арқылы  да, жерге  қосу  арқылы  да  өтеді. Адамның  қарсыласуы  жерге

қосудың қарсыласуынан жоғары болғандықтан, адам арқылы өткен ток қауіпті

емес.

Электр  қондырғысының  əрбір  жерге  қосатын  элементі  жерге  қосқышпен



жеке жерге қосқыш жетектермен жалғануы тиіс. Бірнеше жерге қосу бөліктерін

ілеспелі  түрде  қосуға  болмайды, себебі  бір  жерге  қосу  жетегінің  зақымдануы

қосылған  жабдықтық  жерге  қосу  жүйесін  істен  шығаруы  мүмкін. Жерге  қосу

жетектері  ретінде  кесу  көлемі 50 мм

2

  сымды  қолдану  ұсынылады. Жерге



қосқыштар ретінде жермен сенімді қосылған құбырлар, металл конструкциялар,

құбырлар, кабельдердің  болат  қабықтары  қолданылады.    Сонымен  қатар

белгілі бір тереңдікте (0,5-1,5м) қағылған болат құбырлар,     болат бұрыштар,

көлденең салынған    болат жолақтар, дөңгелек болат жəне т.б. қолданылады.

Қорғаныстық  нөлдеу – алдын-ала  электрлік  жалғаулар  нөлдік  қорғаныш

өткізгішпен  тоқ  өткізбейтін  темір  бөлшектер, бұл  бөлшектердің  бойында

кернеу  болуы  мүмкін. Бұл  дегеніміз – электр  құрылғының  темір  бөлшектері

генератор мен трансформаторға қосылады. Сол себепті корпуста бір ақау болса,

электр желісінде тұйықталу болады, сонда электр құрылғысы сөніп қалады.

Сақтандырушы сөну – электр тогынан зақымдану қаупі төнген жағдайдағы

электр  қондырғысының  автоматты  түрде  сөнуін  қамтамасыз  ететін

қорғаныстық əрекет.

Электр  көрнеуінің  қондырғысының  металды  ток  өткізбейтін  бөлшектеріне

өту жағдайында, электр қондырғысын автоматты түрде өшіретін арнайы аспап

жұмысқа  кіріседі. Осыған  байланысты  адамның  электр  тоғынан  жарақаттану

қаупі жоққа шығады.

Өшу уақыты 0,1-0,2 с, ал жылдам əрекет ететін автоматтарда – 0,06-0,07 с.

«Геологиялық  барлау  жұмыстары  кезіндегі  қауіпсіздік  ережелерінің»

талаптарына сəйкес зақымдалған бөліктің сөну уақыты 0,2 с-тан аспау керек.

Тұйықталу кезінде электр қондырғыларының корпусынан жер асты арқылы

ток жүреді, ол потенциалдардың  анықталған  айырымдарының  зонасын  құрып,

жер  астында  радиалды  бағыттарда  тарайды. Бұл  зонада  орналасқан  адамның

аяқтары  потенциалдар  айырымына  тап  болады, сонымен, қадамдық  кернеу

пайда  болады  да, адамның  денесі  арқылы  өткен  ток  алшақтаған  сайын

қадамдық  кернеу  азаяды  да, одан 20 м  қашықтықта  нөлге  тең  болады.

Қадамдық  кернеуден  қорғану  үшін  электр  қондырғысының  қасында

сақтандыратын  қондырғылар  орнату  қажет, резеңкеден  жасалған  аяқ  киім,

ботылар қолдану керек.

Қадамдық  кернеудің  ең  қауіптісі  жердегі  өткізгіш  желілерінің  жоғарғы

электрлік  кернеумен  түсуі. Жер  бетіндегі  электр  желілерінің  қауіпсіздігін

сақтау мақсатында арнайы қорғаныс қызметі тұрып, сəтсіз жағдай болғанда дем

арада энерготехника қызметшілеріне хабар беру керек.




35

Жоғары  электр  кернеу  желісі  сымының  үзіліп, жерге  құлау  кезінде

қадамдық  кернеудің  үлкен  қаупі  төнеді, жерде  үзілген  сынуын  байқағанда.

Олар ұзындығы 2-3 м қиылысу ауданы 50 мм

2

 кем емес прожильдегі болаттан



жасалады. Сонымен  қатар  диаметрі 50 мм  дейінгі  болат  құбырлар (труба)

қолданылуға болады.

Өндірістік  аудандарда  геологиялық  барлау  жұмыстарында  электр  өткізгіш

желілері  халыққа  электр  жарақаты  қаупін  төндіруі  мүмкін. Қызметшілерді

мұндай  зақымдаудан  сақтау  үшін  бұрғылау  қондырғыларында  қауіпті  кернеу

сигнализаторларын  СОН-1, СОН-2, АСОН  орнатуымыз  керек. Сигнализатор

жиілігі 50Гц ток қабылдайды жəне бұрғылау қондырғысында анттенна арқылы

жұмыс 


істейді. Антеннада 

электр 


қозғалысының 

күші 


жүргенде,

электромагниттік  рельені  қосқанда  өз  кезегінде  ашық  жəне  дыбыстық

сигнализация береді.

Ғимараттар  мен  құрылыстар  найзағай  түсуінен  қираудың  қауіптілік

дəрежесі  бойынша  жəне  олардың  күн  күркіреуден  қорғау  шараларының

талабына  қарай 3-ке  бөлінеді, найзағай  шағылу  каналында  ток 200000 А, ал

температура  шамамен 10000

0

С  жетеді. Сондықтан  да  адамға  тура  түскен



найзағай  соққысы  көп  жағдайда  өлімге  алып  келеді. Зақымдану  найзағайдың

бұтақталған  бөлігінен  болған  жағдайда, адам  күйеді, жарақаттанады.

Найзағаймен  зақымдалған  дене  арқылы  тоқтың  ағу  моментінде  қадамдық

кернеу жəне кернеулік түсудің зақымдану қауіпті болады.

Электр 

тоғының 


адамға 

əсері. Əсер 

ету 

жағдайы 


бойынша

электропотологияда  сыртқы  жəне  ішкі  электрожарақаттар  болып  бөлімінді.

Сыртқы жарақаттар – күйіктер, терінің металдануы жəне электрлік белгілер.

Электрлік  күйіктер  электр  тізбегі  арқылы  адам  денесінен  өтеді. Алғашқы

кезде  күйік  жылулық  электр  энергиясынан  жəне  салыстырмалы  жеңіл  түрде

болады (тері  қызарады, қабыршақталады). Электр  тогынан  болған  күйік  өте

ауыр болуы мүмкін жəне зақымдалған бөлікті өлтіріп тастайды.

Терінің  металдануы-терінің  жоғарғы  қабатының  электр  тогының  əсерінен

ұсақ  бөлшектермен  металдануы. Бұл  уақытта  тері  жəне  зақымдалған  жер

қалыпты түрге келіп, ауру сезімі кете бастайды.

Электрлік белгі-диаметрі 5мм дейін терінің жоғарғы қабатында сұр дақтың

қалуы. Электрлік  белгілер  ауру  тудыра  қоймайды  жəне  одан  емделу  жеңіл

болады.

Ішкі  электр  жарақаты  тыныс  алу  жолдарының, жүрек, жүйке  жүйесі  жəне



қан  құрамының  өзгеруімен (электролиз) аяқталады. Электр  тогының  адам

ағзасына əсер етуін төрт топқа бөлеміз: 1-есін білмей қалуы; 2-ми жұмысының

жоғалуы, есін  жоғалту, бірақ  жүрек  жұмысы  мен  тыныс  алу  жұмысы

сақталады; 3- естің  жоғалуы  мен  жүрек  тің  соғуы  нашарлайды; 4-клиникалық

өлім, сондай-ақ демалу мен қан айналымы тоқтайды.

Электр  тогының  адам  ағзасына  əсері  алғашқы  жеңіл  түрінде 0,6-1,5мА

болады, мұны сезілетін ток деп атаймыз. Анықталған жайғдайда адам денесінен

тез  өтетін  қол  жұмыстарын  тоқтататын  ток  өтетін  ток  деп  аталады (10-15мА).

Токтың  ұзақ  жүріп  өтуі  адам  денесінің  кедергісін  төмендетіп, демалуы  мен

жұмыс  ортасын  əлсіретеді. Мұндай  жағдай  токтың 25-50мА  шамасында




жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау