43
www
.kazmektep.kz
7. Сыртта қапырық болып тұр,
Үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (тоңазытқыш-холодильник)
8. Жерге тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады. (жаңбыр-дождь)
9. Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. (ешкі-коза)
10. Мен жүгірсем – жүгіреді,
Мен мүдірсем – мүдіреді. (көлеңке-тень)
ІІІ бөлім – Дода (әр пән бойынша 5 сұрақ қойылады).
ІV бөлім – Тапқырлық. (Шарты: әр дұрыс жауапқа 2 ұпай).
Сайысымыз
осымен аяқталды, сөз кезегі әділқазыларға берілді.
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Аман-сау болайықшы көріскенше,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде. Көкбайрақ, желбірей түс көгімізде!
Алматы облысы
Жамбыл ауданы.
абақтың мақсаты – тілек сөздерді түсініп оқып,
өмірмен байланыстыра отырып мағынасын ашуға
ТАУДАЙ БОЛ!
Гүлмира КАДЕШОВА,
«NURORDA” мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
С
бағыттау; сөздік қорларын молайтып, сауатты оқуға,
өз ойларын дәлелдеп айтуға, ізденуге қалыптастыру;
әдептілікке, адамгершілікке, ізгілікке, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, өзіндік, топтық жұмыс; түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігіне интерактивті тақта, ақын Жарасқан Әбдірашевтің
өлеңдері, оқулық, дәптер, бейнеролик қолдандым.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру сәті (мұғалім сөзі).
Армысың, алтын күн,
Армысың жан досым
Армысың, асыл жыр,
Жылуыңа жылу қос,
Армысың көк аспан,
Міне, менің қолым бос.
(Оқушылар бір-бірінің қолын алады.)
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
«Қызық дәстүр» (қатармен жұмыс).
1. Тізбектеп оқу.
2. Мәтінді мазмұндау.
3. Сұрақпен жұмыс.
Қазақтың салт-дәстүрлеріне шолу жасау
(бейнеролик).
ІІІ. Жаңа сабақ.
– Балалар, осындай салт-дәстүрлер кезінде балаларға, жастарға не айта-
ды?
– Тілектер айтылады (Азамат бол!, Бақытты бол! Үлкен бол!, т.б.).
Таудың суретін көрсету арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.
Автор туралы қысқаша мәлімет беріліп бейнесюжет көрсетілді.
– Балалар, ақын аталарың мен немересінің
арасында қандай іс-әрекет
болды ? Ақын немересіне не айтты деп ойлайсыңдар?
44
www
.kazmektep.kz
– Жақсы тілектер, сөздер, т.б.
Ал енді сол тілектерді оқып көрелік.
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім өлеңді мәнерлеп, тізбектеп оқиды.
Сұрақтар беру арқылы өлеңге талдау жасалады.
Көсем – топ ішінде тез шешім қабылдап, өз ойын айтып, топты жақсы
ұйымдастыратын беделді тұлға.
Оқушылар жасырын парақшаларды ашып, сөздердің мағынасын
түсіндіреді.
– Балалар, ертеде ата-бабаларымыз бізге қандай жақсы тілектер айтқан
екен, оқып көрелік (хрестоматия, 24-бет).
Оқушылар екі өлеңді салыстырады («бол» деп аяқталатын жолдарды
оқып талдайды).
ІV. Дәптермен жұмыс.
Оқушылар өлеңнің «бол» деп аяқталатын жолдарына ұқсатып тілектер
жазады, оқиды.
V. Топтық жұмыс.
Оқушылар ұяшық таңдау арқылы тапсырмаларын алады.
Қожанасыр туралы әңгімелер.
Мақал-мәтелдер.
«Бесік жырын» әндетіп айт.
Жаңылтпаш.
Жұмбақтар.
VІ. Сабақты қорытындылау.
Рефлексия.
– Балалар, осы өлеңдегі негізгі ой не? Жақсы сөзді оқығанда қандай
сезімде боласыздар?
– Қуанамыз. көңіл күйіміз көтеріледі, т.б.
– Балалар, қонаққа келген апайларға, бір-бірімізге, елімізге деген
жүректен шыққан тілегімізді жазайық (оқушылар тілек жазып оқиды,
берілген парақшаға жапсырады).
Жаңбырмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді, – деп халқымыз бекер айтпаған, ендеше, осы жақсы
тілектерді бойымызға сіңіре отырып еліміздің білімді де білікті азаматы мен
азаматшасы болайық.
50-беттегі өлеңді мәнерлеп оқып, жақсы тілектер жазып келу үй тапсыр-
масына берілді.
Астана қаласы.
зерек
Өлең кімге
көсем
арналған?
сергек
әділ
шешен
1
2
3
4
5