54
www
.kazmektep.kz
Мектепке дейінгі мекемелерде
ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда
заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты
БАЛАНЫҢ ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ
Шәкизат ПЕРДЕБАЕВА,
«Мұрагер-Астана» білім кешені
балабақшасының әдіскері
Ғ
дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға
қойған аса маңызды міндеті болып табылады. Тәрбие мен
білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Баланың
бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де
тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Мектеп жасына
дейінгі балалар қажымас зерттеуші, барлығын біліп, түсініп, анықтап алғысы
келеді. Адам әрекетінің қай түрі болмасын оған ойлаумен қатар қиял керек.
Кісі әрекет жасамас бұрын өз еңбегінің жемісі қандай болатындығын көз
алдына елестетіп отырады. Әр адам дұрыс қиялдап, армандай білсе, ол оның
нәтижесін де дұрыс көреді деп сенеміз. Балалардың қиялын дамыту – менің
тақырыбымның өзектілігі. Қиял үдерісінің адам әрекетінің қандай саласында
болмасын зор маңызы бар. Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен
байланысты болуы балаға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші
болады. Қиял басқа да психикалық үдерістер тәрізді дамудың ұзақ жолынан
өтеді. Қиялдың қарапайым түрлерінен бастап, шығармашылық қиялға дейінгі
кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Біз бұрын қабылдаған
заттар мен құбылыстардың сипатына сүйене отырып еш уақытта көрмеген
нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған
оқиғаларды суреттейтін материалдарды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген
алыстағы нәрселер бізге түрлі елестеулерді қалыптастырады. Бұл қиял
үдерісінің жемісі болып саналады. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі
әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады.
Ойын үстінде ойлау баланың шығармашылық талабына кең жол ашылады.
Бала ылғи да бір нәрсені жасауға, құрастыруға әрекет жасайды. Ойын баланың
ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады.
Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап, аңғара алмай-
ды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да
қиял тәрбиесінде есте болатын жай. Бала қиялы еңбек үдерісінде, іс-әрекет
үстінде дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт – саналы мақсаттың болуы,
болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күнібұрын көре білу,
яғни, оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу – адам қиялына тән негізгі белгілер.
Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъек-
тивті образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек
адамға ғана тән психикалық үдеріс.
Балада қиял ойын барысында, сурет салуда, ертегілер мен әңгімелер
құрауда, интеллектуалдық турлар олимпиадаларда байқалады. 6-7 жастағы
баланың қиялы бір-біріне ұқсамайтын заттар арқылы да жүре береді. Ата-
аналар балаларына сыйлық жасауда сақ болғаны жөн. Өйткені, үлкен аюлар,
қуыршақтар сияқты үлкен ойыншықтар баланың қиялын дамытуға мұрсат
бермейді. Балалар кішкентай түрлі бөліктері бар ойыншықтармен ойнаса
оның ой-өрісі дами түседі.