70
www
.kazmektep.kz
шақырып, ұлттық білім беруді дамытуда тың өзгерістердің бастамашысы
бола білді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-
баев «Қазақстан–2050» стратегиясында:
«Білім мен кәсіби біліктілік, ма-
мандарды дайындау және қайта даярлау – заманауи білім беру жүйесінің
бағдары және негізгі бағыттарының бірі», – деп атап өтті.
Елбасымыздың тапсырмасын орындауда уақыт талабына сай білім
беруді реформалауды жүзеге асыру міндеті біліктілікті арттыру жүйесі пе-
дагог қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артатындығын түсінеміз. Осы
міндетті жүзеге асыруда «Өрлеу» БАҰО АҚ құрылғалы бері біліктілік
арттыру жүйесін жаңғырту, мазмұнын жаңарту, курстық және курсаралық
шаралар арқылы педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай жасау, курстар-
ды әдістемелік қамтамасыз етумен көрінетін жүйелі үздіксіз жұмыстар
атқарылуда.
Өзінің 70 жылғы шежірелі тарихында «Өрлеу» біліктілікті арт-
тыру ұлттық орталығы АҚ филиалы ОҚО бойынша Педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты оңтүстік өлкесіндегі ұлы
да ұлағатты маман иелері педагог қызметкерлердің білімін жетілдіріп,
еліміздегі жас буынды, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жүйесін
дамыту ісінде өзіне лайықты орын таба білді.
1946 жылы Әдістемелік орталық,1948 жылы Абай атындағы Оңтүстік
Қазақстан облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты, 1991
жылы Облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау
инс титуты, 1999 жылы Облыстық үздіксіз білім беру институты, 1999
жылы Облыстық үздіксіз білім беру институты мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорыны, 2007 жылы Облыстық білім беру жүйесіндегі
жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта
даярлау орталығы, 2012 жылдан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы Акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан
облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру инсти-
туты болып қайта құрылды.
Қазіргі таңда институт мемлекеттің білім беру саясатының ба-
сым бағыттарын және «Өрлеу» ұлттық орталығының стратегиялық,
тақырыптық жоспарларын орындау мақсатында көпқырлы жұмыстар
атқарды.
Атап айтсақ:
– ақпараттық-коммуниациялық технологияларды пайдалану негізінде
педагогтердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру үшін ақпараттық-
әдістемелік
ортаны дамытты;
– курсаралық кезеңдегі курстық даярлық идеясының жүзеге асыры-
лу сапасы диагностикасы мен мониторингі негізінде педагогикалық білім
беру ісінің үздіксіздігін
қамтамасыз етті;
– білім беру қызметінің вариативтілігі мен сапалы болуына ықпал етті;
– халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, біліктілікті артты-
ру және үз дік сіз педагогикалық білім беру саласында тәжірибе алмасу
жұмыстарын жүргізді;
– қызметкерлердің кадрлық және ғылыми әлеуетін күшейтті.
– ҚР «Білім туралы» Заңына 2016 жылдан бастап күшіне енген
өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалдарының
екі тілде әзірлеген 77 біліктілікті арттыру курстарының жаңа мазмұндағы
бағдарламалары ҚР Білім және ғылым министрлігімен үстіміздегі жылы
бекітілді.