Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет12/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50

23
www
.kazmektep.kz
ақпараттық  құралдар  мен  интернет  ықпал  жасайды.  Ал,  тарихи  түсінік 
барлық оқушыда бірдей деңгейде, анық қалыптасуы керек. Тарихи  түсінікті  
игеру – көптеген тарихи фактілерді тұжырымдауға қажетті шарт. Түсініктерді 
қалыптастыру  үдерісіне    тиімді    жетекшілік  жасау  үшін,  оның  классифи-
кациясын  білу  керек.  Түсініктер    тарихи  материалдың    мазмұнына  орай 
бөлінеді: а) экономикалық – әртүрлі тарихи кезеңдердегі шаруашылық өмір 
мен еңбек  құралдары,  экономикалық  үдерістер  туралы; ә)  әлеуметтік-сая-
си – мемлекеттің әлеуметтік қатынастары мен саяси құрылысын көрсететін 
түсініктер (монархиялық, демократиялық, деспот, абсолютті монархия және 
т.с.с.); б) тарихи-мәдени (қайта өрлеудің гуманистік мәдениеті,  материалдық 
және рухани мәдениет, т.б.); в) идеологиялық (діни, утопиялық социализм, 
коммунизм,  фашизм,  т.б.).  Сондай-ақ,  тақырып  аясының  кең  немесе  тар 
екендігіне орай, классификацияның басқа түрі де болуы мүмкін:
–  жекелеген  елдердің  белгілі-бір  кезеңдеріне  ғана  тән  болып  келетін 
жеке тарихи түсініктер (сфинкс, мушкет, смерд, хан, төре, т.с.с.). Бұл тарихи 
түсініктерді оқушы 1-2 сабақ материалынан меңгере алады;
– бір немесе бірнеше елдерге бір дәуір ішінде сипатты, тән болып келетін 
түсініктер (қарапайым өндірісі, буржуазиялық нарықтық қатынастар, феода-
лизм және т.б.);
– әлеуметтік түсініктер – бір немесе бірнеше тарихи дәуірге тән тарихи 
үдерістің жалпы байланыстары мен заңдылығын көрсетеді. Олар ең жоғары 
тұжырымдау түсініктері. 
Тарихи фактілер екі сипатта болуы мүмкін.
Біріншіден,  бұл  тарихта  бір  ғана  рет,  белгілі-бір  жағдайларда  ғана, 
тек  белгілі  бір  адамдар  ғана  қатысқан,  мерзім  мен  кеңістік  ішінде  қатаң 
шоғырланған жекелеген оқиғаларды көрсететін фактілер. Олар қайталанбайды. 
Мысалы,  «Мұз қырғыны» – бұл жеке тарихи оқиға. Ол Чуд көлінде 1242 
жылдың 5 сәуірінде болды. Онда А.Невскийдің әскері мен немістің   «төбат-
рыцарьлары»  қатысты.  Ресейдегі  крепостнойлық  құқықтың жойылуы да 
жеке оқиға. Ол Ресейде 1861 жылдың 19 ақпанында болды. 
Екіншіден, белгілі бір тұтас тарихи кезең мен дәуірге тән, олардың си-
патты  белгісін  көрсететін  тарихи  құбылыстар  да  болуы  мүмкін.  Мысалы, 
барщина мен оброк – феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалардың атқарған 
міндеттіліктері. Бұл фактілерді меңгерген кезде оны француз шаруасының, 
ағылшын шаруасының немесе орыс шаруасының атқарғанын білу маңызды 
емес, барщина мен оброкты басқа тарихи құбылыстардан ерекшелеп тұрған 
сипатын  білу  маңызды.  Мұндай  фактіні  біз  тарихи  құбылыстар  қатарына 
жатқызамыз.  Басқа  мысал:  өндірістік  төңкеріс  –  бұл  қол  еңбегінің  маши-
на  еңбегімен  алмастырылып,  фабрикалық  өндіріске  өту  және  бұрын  та-
рихта  болмаған  таптардың  пайда  болу  үдерісі.  Бұл  үдеріс  әлемнің  әртүрлі 
бұрышындағы  саналуан  елдерде  де  болуы  мүмкін. Аталған үдерістің бо-
луы үшін капиталистік қарым-қатынас дамуы керек. Сондықтан, бұл тарихи 
факт –  тарихи құбылыс.
Фактілер  көлемі,  күрделілігі,  мағынасы  жағынан  өзара  ерекшеленеді. 
Мысалы, Қырым соғысы – бұл жекелеген, қайталанбайтын факт болып та-
былатын  тарихи  оқиға.  Ол  тарихта  бір  ғана  мәрте  (1853–1856  ж.),  нақты 
хронологиялық  кезең  ішінде  болды.  Бұл  соғысқа  белгілі  бір  елдер  ғана 
қатысты  (Ресей,  Түркия,  Англия,  Франция),  кеңістік  ішінде  шоғырланған 
(әскери қимылдар Қара теңіз, Қырым түбегінде, Кавказ тауларында болды). 
Бұл оқиғаны түсініп, меңгеру үшін оны одан кішірек, Синоп шайқасы, Се-
вастополь  қорғанысы,  Камчаткадағы  Петропавловск  қорғанысы  тәріздес 
фактілермен танысу арқылы игеру керек. Яғни, өзінің толық ашылуы үшін 
неғұрлым кішірек фактілерді білуді талап ететін күрделі фактілер – бірінші 
кезектегі фактілер, ал, кішірек фактілер – екінші кезектегі фактілер деп атала-


24
www
.kazmektep.kz
ды. Бірінші кезектегі фактіні түсіну екінші кезектегі фактіні меңгермейінше  
мүлдем  мүмкін  болмайды.  Өз  кезегінде  екінші  кезектегі  фактілер  де 
нақтыланады. Мысалы, жоғарыда келтірілген Синоп шайқасының өзі орыс 
және  түрік  эскадрасының  орналасуы,  олардың  сапқа  тұру  ерекшеліктері, 
қару-жарақтарының ерекшеліктері, шайқас эпизодтары және т.б. бөліктерден 
құралады.  Бұл фактілер тарихи білімнің алғашқы бөлшектері деп аталады. 
Әдістемеде  олар  тек  бір  ғана  қарапайым  тарихи  құбылысты  немесе  оның 
бір  ғана  сипатты  белгісін  көрсетететін  қарапайым  фактілер  деген  топқа 
біріктіріледі.Тек әртүрлі сипаттағы фактілерді өзара ұштастыра отырып, та-
рихи оқиғаның нақты образын жасап шығаруға болады. Бұл тарихи фактілер 
мен материалдарды таңдап алуды өте ұқыптылықпен жүргізуді талап етеді. 
Бұл кезде мұғалім оқушылардың есінде өмір бойы сақталуы міндетті негізгі 
фактілерді  және  олардың  өзінің  мазмұнын  ашу  үшін  қажетті  қосалқы 
фактілердің арақатынасын дұрыс реттеп таңдап алуы қажет.
Пәнаралық    байланыстар    пәндерге  ортақ    фактілер,  түсініктер,    идея-
лар,  іскерліктер  мен дағдыларға  орай  қалыптастырылуы  қажет.  Сондай-
ақ,  пәнаралық  байланыстар  әмбебаптық сипатта болады.  Өйткені, олардың 
қызметі   мен   ықпалы  барлық  пәндерге  жалпы,  ортақ  болып келеді.
Пәнаралық  байланыстарды  жүзеге  асырмайынша  дүниетанымдық 
көзқарастың  біртұтастығын сақтау мүмкін емес. Пәнаралық байланыстарды 
жүзеге асыру күрделі, өйткені, бұл мұғалімнің тек өзінің ғана пәнін білуді 
ғана емес, сондай-ақ жалпы мәдениетінің тереңдігін, пәнаралық байланыстар 
орнатылатын пәндерден  хабардар болуды талап етеді.
Түсініктер  бойынша  пәнаралық  байланыс  құру  үшін,  біріншіден, 
мазмұны мен құрылымын білу және осы түсініктің жалпы білім қатарында 
алатын орны қандай екендігін білу керек.  Екіншіден, осы түсініктің қандай 
белгілері басқа пәндерге қарастырылатынын білу маңызды.
Байланыс  бағыттары  тек  қана  мазмұн  мағынасы  ғана  емес,  сондай-ақ, 
оқушылардың осы түсінікпен немесе оның белгілерімен әрбір пәнде таныс-
тыру кезегімен де анықталады. Сондықтан, пәнаралық және пәнішілік бай-
ланыстар  ретроспективалық,  мерзім  жағынан  сәйкес    не  перспективалық 
болып  бөлінеді,  пәнаралық  байланыс  орнатылып  жатқан  тарих  сабағының 
үстінде оқушыларға осы түсінік туралы білім аяқтаймыз, жаңғыртамыз не-
месе алғашқы білім бөлшектерін беруді бастаймыз.
Тарихтың көптеген маңызды түсініктері мен заңдылықтарын қоғамтану 
пәні де  таныстырады. Сондықтан, бұрыннан оқушыларға белгілі материалды 
жаңа қырынан көрсету түсінікті неғұрлым толық әрі барлық қырынан ашуды 
мүмкін етеді.
Оқу үдерісінде көптеген байланыстар сабақ мазмұнына байланысты сан-
алуан бағытта дамуы мүмкін. Бұл байланыстардың ретсіз шашылып кетпеуі 
үшін пәнішілік байланыстарды орнату маңызды. Сондықтан, тарих курста-
рында  көркем әдебиеттің  дамуының бағыттарын, қалыптастыруын, дамуын 
біле отырып тарихпен байланыстырып отыру керек.
Пәнаралық және пәнішілік байланыстарға сүйеніп отыру көптеген  жал-
пы  қорытындылар  жасауға  мүмкіндік  береді.  Алайда,  көркем  шығарма  ту-
ындыларын  оқушылардың теориялық білімімен ғана қамтамасыз етіп қана 
тоқталатын  деңгейде  емес,  олардың  ішкі  жандүниелік  тұрақты  бағытына 
айналатындай  жеткілікті  көлемде  таныстыру  қажет.  Пәнаралық  байланыс-
тар  іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыруда  ескеріліп,  орнатылады. 
Пәнаралық  байланыстың  бұл  түрі  оқушыны  дамыту  ісі  үшін  маңызды. 
Оқу  жылы  барысында  оқушы  тек  білімінің  белгілі-бір  мөлшерін  ғана 
алып  қоймай,  сондай-ақ  олармен  оқып,  танысу  барысында  оқу  еңбегінің 
бірқатар іскерліктерін меңгереді. Оқу жылы барысында меңгеретін іскерлік 
пән  бағдарламаларында  көрсетіледі.  Ал,  тарих  бағдарламаларында, 


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау