15
www
.kazmektep.kz
Зияткерлік құрам- Кооперативтік Қарым-қатынастық
Жеке тұлғалық
бөлік
құрамбөлік құрамбөлік құрамбөлік
Кез келген мәселені Өзара қолдауға Адамның жеке тәжі- Өзін-өзі түсіну, адам-
шешудегі ойлану, құрылатын рибесінің басқа
ның өзінің ішкі жан
өзінің іс-әрекетін іс-әрекет. адамға жеткілікті дүниесімен анықтала-
ой елегінен өткізу.
және басқаның тәжі- тын «Мені» және
рибесін өзіне алатын «Мен емесі».
қарым-қатынас.
лық – рефлексивті, конструктивті – жобалау, коррекциялық – реттеушілік.
Рефлексиялық психологияда рефлексиялық біліктілік рефлексияның әр
түрінен тұратын күрделі құрылым ретінде қарастырылады (1-кесте).
1-кесте
Осындай 4 бағытты қамтыған рефлексия ғана мұғалімнің өз ісіне
басқаның көзімен қарап, өзінің іс-әрекетінің «дұрысы» мен «бұрысын» көріп,
ой елегінен өткізіп, өзінің жаңа қабілеттерін меңгеруіне, яғни инновациялық
даярлығының қалыптасуына жол ашады. Сондықтан әрбір мұғалімнің
жоғарыда аталған төрт құрам бөліктен тұратын рефлексивті біліктілігін
қалыптастыру және дамыту жолдарын білуі, түсінуі және тәжірибеде қолдана
алуы маңызды.
Мұғалімдерді осындай қабілеттерді меңгеруге арнайы даярлайтын
модельдер ұсынылуда. Рефлексия жағдайында кез келген іс-әрекет ой
елегінен өткізіледі, оның мотивтері мен мақсаттары анықталады. Рефлек-
сия – бұл тек қана адамның өзін-өзі білуі мен түсінуі ғана емес, сондай-ақ
басқалар өзінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін, эмоционалдық реакцияла-
рын, когнитивтік көзқарастарын қалай білдіретінін білу болып табылады.
Рефлексиялық қабілеттерді қалыптастыруға арналған Бортон моделі (1970)
Не? Оның салдары қандай? Әрі қарай не болмақ? деген үш сұрақ төңірегінде
қарастырылады. Осы сұрақтарға жауап таба отырып мұғалім өз тәжірибесіне
талдау жасайды. Сипаттамадан, талдаудан, осыған не себеп болды дегенді
қарастыратын өзіндік санадан, басқаша істегенде қалайша болуы мүмкін
деген қайта құрылымдаудан, бағамдау мен жинақтаудан тұратын Смит
(1989) ұсынған модель мұғалімнің өз тәжірибесі туралы терең ойлануға
итермелейді. Рефлексияның 5R-көмекшілері (Bain et al..2002) деп аталатын
модель мұғалімнің өз тәжірибесін баяндаудан бастап, жауап беру, байланысын
табу, себеп-салдарын түсіндіру, қайта құрастыруды қамтитын бес бағыттағы
сұрақтар төңірегінде ойлантады. Қазіргі таңда мұғалімдердің тәжірибесіне
ене бастаған модель – Гиббс циклі (1988). Бұл модельдегі сұрақтар циклі
өзіндік рефлексияға алып келеді. Не болғанын сипаттай отырып сезімін,
бағалауын, талдауын, қорытындысын, болашаққа жоспарын көрсететін
әрекеттерден тұратын Гиббс циклі мұғалімдерге өз тәжірибесін талдауға
тиімді. Рефлексиялауға көмектесетін тағы да модельдер бар. Мұғалім қандай
модельді таңдаса да рефлексиялық біліктілікті қалыптастыру және дамыту
метатанымдық үдеріске тікелей байланысты.
Педагогтің іс-әрекетінің нәтижесі оқушының іс-әрекетін нәтижесімен
бағаланатындықтан, оқушылардың да іс-әрекетін қатар қарауға тура келеді.
Сондықтан мұғалімнің рефлексиялық біліктілігін дамытудағы мақсаты
оқушының өз бетінше өздігінен ойлануына ықпал етуі болып табылады.
Олай болса, педагогикалық рефлексия мәселесі мұғалімнің өзінің тұлғасын
өзі өзектендіруімен тығыз байланысты. Өзін-өзі өзектендіру тұлғаны дамыту
тетігі ретінде адамның әлеуметтік ерекшеліктерін көкейкесті етуімен сипат-
талады. Бұл өзіндік рефлексияға алып келеді. Өзіндік рефлексияның өлшеу
16
www
.kazmektep.kz
бірлігі – өзіндік талдау. Ғалымдардың пікірінше, мұғалімдердің өзін-өзі
өзектендіруі төмендегідей факторларды анықтайды: өзінің жеке тұлғасы мен
іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді сапалы жетілдіру мақсатында
зерттеу; жүйені жобалау және өзінің әрекетінің реттілігі; мұғалімнің білім
мазмұнын беру бойынша өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Жоғарыда
аталған модельдер аталған факторларды қамтитын өзіндік талдауды
ұйымдастыруға көмекші бола алары сөзсіз.
Қорыта айтқанда, рефлексиялық біліктілігі қалыптасқан жағдайда оқыту
мен
оқудың тиімділігі артып, нәтижелілігі жоғарылайды.
Әдебиет
1. Степанов С.Ю., Похмелкин Г.Ф. Принципы рефлексивной психологии педагогического
творчества//Вопросы
психологии, 1991. – №5.
2. Бизяева А.А. Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия. – Псков:
ПГПИ им. С.М.Кирова, 2004.
3. Кулюткин Ю.Н., Сухобская Г.С. Личность внутренний мир и самореализация//
Идеи, концепции, взгляды, 1996.
4. Сластенин В.А., Исаев И.Ф. Педагогика//Уч. пособие. – М.:
Школа-пресс, 1997.
Алматы қаласы.
аһандану заманында болып жатқан әлеуметтік-мәдени өзгерістер, мек-
теп оқушыларының қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрде-
ТӘЖІРИБЕДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ
Ғалия ТОЛЫҚБАЕВА,
Педагогикалық шеберлік орталығы
Алматы қаласындағы филиалының аға менеджері,
Гүлмира АСАНБЕКОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия
КММ-нің мектеп тренері
Ж
ленуі – олардан тығырықтан шығатын өмірлік дағдыларын қажет етеді.
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», – деп хакім
Абай айтып кеткендей, мектеп партасында отырған әр оқушының «өмір
таразысындағы» дұрыс әрекеті тек қана білім деңгейімен өлшенетіні сөзсіз...
Сондықтан мұғалімдердің білім бәйгесінен қалмауының тағы бір кілті
әлемдік өркениеттің тәжірибесі негізінде білімін жетілдіру болып табылады.
«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді...», – деп Б.Момышұлы айтқандай, жаңа ғасырдың
«даналарын» оқыту үшін ұстаздың рөлінің өзгеріске ұшырап жатқандығы
анық. Олай болса, «Оқушылар ХХI ғасырда табысты болуы үшін нені
үйренуі керек?» деген сұрақ білім беру бағдарламасындағы ұлттық стан-
дарттар, бағалау, оқыту әдістері, құндылықтар, ауқымды халықаралық
тәжірибенің өзара әрекеттесуімен тығыз байланысты. Өйткені, табысты
болу үшін оқушыларға білім қаншалықты қажет болса, дағдының да сон-
дай қажет екенін заманның өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан «Тәжірибедегі
рефлексия» тақырыбындағы жалпы білім беретін мектептердегі педагогика
кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту
бағдарламасы заман қажеттілігінен туындап отыр. Курстың мақсаты – екі
апта ішінде деңгейлік курстан өткен мұғалімдерді мектепте біліктілік артты-
ру курсын жүргізуге дағдыландыру болып табылады.
Аталмыш курс бойынша сертификатталған тренерлер мектептерінде жүз
сағат көлемінде курс жүргізеді. Курс жүргізу кестесі мектеп басшысының
қолдауымен жасалуда. Бұл курстың ерекшелігі мұғалімдер курста үйренген