31
www
.kazmektep.kz
педагогика ғылымы мен оның ішіндегі мамандар да шығармашылықтың
жоғарғы сатысында және маңызды мәселелерді шешуге қабілетті бола-
тын.
ҒЗИ-да педагогика ғылымдарына бағыт беретін Кеңес болды. Кеңестің
негізгі міндеттері: педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері бойынша
жүргізілетін зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар көрсету; университетте,
педагогикалық институтта, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтта-
рында және ҒЗИ-да педагогика-психология кафедрасын ашу. Бағыт беретін
Кеңес ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы проблемаларды шешуге көмектесті
және Ғылыми кеңестердің дамуына өз үлесін қосты. Айына үш рет жарық
көретін ақпараттық бюллетеньде ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі
бағыты және маңызды мәселелерімен байланысты ақыл-кеңестер жариялан-
ды (ОММ ҒТҚ Қ. 104, 1-6 т., 1972-іс, 1-3 п.).
Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен Министрлер кеңесінің
1966 жылғы 7 қазандағы «Ыбырай Алтынсаринның 125 жылдығын тойлау»
туралы №722 Қаулысы негізінде Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу
инс титутына Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. Институттың міндеті бо-
лып, бұрынғыдай, халыққа білім беру негіздерін ғылыми тұрғыда дамыту
болып қала берді. 1966–1968 жылдары институт құрылымы мынадай болды:
1. Институтты директоры, оның гуманитарлық және жаратылыстану-ма-
тематика пәндері бойынша екі орынбасары басқарды.
2. Ғалым хатшы.
Секторлар:
–
тарих және педагогика теориясы;
– мектепалды және мектепалдына дейінгі педагогика;
–
тәрбие жұмысының әдістемесі;
– бастапқы білім беру;
–
қазақ тілі мен әдебиетін оқыту;
– ұйғыр тілі мен әдебиетін оқыту;
– ұлттық мектептерде
орыс тілі мен әдебиетін оқыту;
– шет тілдерін оқыту;
– тарих
және география пәнін оқыту;
– еңбек пәнін оқыту;
– жаратылыстану-математикалық цикл
бағытындағы пәндерді оқыту;
– кешкі мектепте оқыту;
– халыққа білім беруді
жоспарлау мәселелерін өңдеу;
– техникалық құралдарды пайдалану әдістері.
– кітапхана (ОММ ҒТҚ Қ. 104, 2 т., 224-іс, 36 п.).
Осы кезеңде республика басшылығы ғылыми және ғылыми-педагогика
мамандарын дайындауға ерекше көңіл бөлді. Қазақ КСР Министрлер
Кеңесі мен Қазақстан КП ОК 1968 ж. 4 қаңтардағы «Ғылыми және ғылыми-
педагогикалық кадрларды дайындауды жақсарту» туралы №7 қаулысы бо-
йынша ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау міндеттері
арнаулы аспирантура, зерттеуші-стажерлар санын ұлғайту, орталық ғылыми
мекемелер мен ЖОО іссапарға жіберу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен
қатар ғылыми-зерттеу мекемелері, соның ішінде Педагогика ғылымдарының
ҒЗИ мен ЖОО аспирантураға қабылдау барысында ғылымға бейім, таңдаулы
мамандар мен стажерларды алуды тиянақты ұйымдастыруы қажет. Ғылыми
жетекшілер мен аспиранттардың кандидаттық диссертацияларын уақытылы
әрі сапалы түрде дайындауға жауапкершілігін арттыру, ғылыми басшылыққа
ҒА корреспондент мүшелерін, академиктерді, ғылым докторларын, профес-
сорларды кеңінен тарту мақсаты қойылды. Және диссертацияларды бағалау
үшін нәтижелеріне мүдделі мекемелер мен ұйымдарды қатыстыру ойласты-
рылды (ОММ ҒТҚ Қ. 104, 1-6 т., 2251-іс, 12-19 п.).
32
www
.kazmektep.kz
1969 жылы кейбір секторлардың орнына үш бөлім және екі зертхана
құрылған болатын:
– педагогика тарихы мен теориясы бөлімі;
– бастауыш
білім беру әдістемесі бөлімі;
– ұлттық мектептерде орыс тілі мен әдебиетін оқыту бөлімі;
– еңбекті ғылыми ұйымдастыру
және ақпараттар зертханасы;
– жас физиологиясы мен гигиенасы зертханасы (ОММ ҒТҚ Қ. 104, 2 т.,
362-іс, 47 п.).
Бастауыш білім беру әдістемесі бойынша Оқу-әдістемелік кеңес секция-
ларында бастауыштарға арналған бағдарламалар мен қазақ тілі, әліппе, ана
тілі оқулықтарының, 1–3 сыныптарға арналған табиғаттану оқулықтарының
мазмұны талқыланды (ОММ ҒТҚ Қ. 104, 1-6 т., 18-іс, 1-4 п).
1970 жылы қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесінің секторы қазақ тілі
әдістемесі секторы және қазақ әдебиеті секторы деп екіге бөлінген және пси-
хология зертханасы құрылған (ОММ ҒТҚ Қ. 104, 2 т., 362-іс, 47 п.).
1971 жылы Институттың құрылымы мынадай болды.
1. Басшылық: директор, директордың орынбасары және ғалым хатшы.
2. Педагогика тарихы мен теориясы бөлімі.
3. Бастауыш білім беру бөлімі.
4. Қазақ тілі секторы.
5. Қазақ әдебиеті секторы.
6. Қазақстан тарихы мен географиясын оқыту әдістемесі бөлімі.
7. Ұйғыр филологиясы секторы.
8. Орыс филологиясы мен шет тілін оқыту әдістемесі бөлімі.
9. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер мен еңбек пәнін
оқыту әдістемесі бөлімі.
10.
Экономика, педагогикалық зерттеулерді үйлестіру және ЕҒҰ бөлімі.
Қазақ мектептерінің 7-8 және 9-10 сыныптарына арналған оқу
бағдарламасын жасау және оларды эксперттеуге айрықша мән берілді. Оқу-
әдістемелік кеңес отырысында ЖОО-ға түсу үшін қазақ сыныптарының
орыс тілін тереңдетіп оқытатын факультативтік сабақтар туралы мәселелер
шешімін тауып жатты (ОММ ҒТҚ Қ. 104, 1-6 т., 2293-іс, 7-10 п.).
Мұрағат материалында (ОММ ҒТҚ Қ. 104, 1-6 т., 2636 і., 1-7 п.) КСРО
Педагогика теориясы мен тарихы бөлімі институттары мен Қазақ КСР
Оқу ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары
ҒЗИ жүргізген тәрбие және білім беру мәселелері мен оны қарастырудың
жағдайы туралы анықтама көрсетілген. Онда Педагогикалық ғылымдар ҒЗИ
КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының Жалпы педагогика ҒЗИ-мен
бірлесе отырып «Ауылдық мектеп желілерін тиімділікпен құру» (Қазақ КСР
материалдары бойынша) тақырыбын қарастырып жатқандығы көрсетілген.
Бұл зерттеудің негізгі міндеттері: тірек аудандар мен облыстардың эконо-
микасы мен мәдениетінің ахуалын және даму келешегін, олардың халыққа
білім беруді ұйымдастырудың тірек базасы ретіндегі ерекшеліктерін зерт-
теу болды; жұмыс жасап тұрған мектеп желілеріне талдау жасау және
оның педагогикалық мақсаттылығы мен экономикалылығын бағалау,
1971–1980 жылдары тірек пунктілерде және облыстарда жалпы білім беру
мектептерін келешекте тиімді орналастыру жоспарын әзірлеу, осы жоспар-
ларды еңбекшілер депутаттары жергілікті Кеңестерінің қарауы мен бекітуін
зерттеу нәтижелерін өмірге енгізу формаларының бірі ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді. Мектеп желілерін оңтайландыру өзіндік мақсат ретінде
емес, барлық ауыл мектеп оқушыларын тәрбиелеу және білім беру үдерісін
жан-жақтылықпен әрі дұрыс ұйымдастырудың тетігі ретінде қарастырылды.
Зерттеудің сапалық көрсеткіші ретінде ауыл мектептері құрылымының
жақсарғаны көрсетілді, соның ішінде: 1970–1980 жылдары Қостанай, Шым-