Картографияның мәні Картография (гр chartes – папирус қағазы + grapho – жазамын, сызамын) – географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері (тәсілдері) жөніндегі ғылыми пән. Картография


Картографиялық бейнелеу тәсілдері



жүктеу 131,69 Kb.
бет13/62
Дата25.10.2023
өлшемі131,69 Kb.
#44016
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
Картография емтихан ответтері КД-21

Картографиялық бейнелеу тәсілдері

Тақырыптық карталарда:
1) құбылыстардың кеңістіктегі орнын ауыстыруын және уақыт бойы өзгеруін көрсетуге болады, мысалы, желдердің, мұхит ағыстарының, жүк және пассажир тасмалдауының, адамдар мен жануарлардың миграциясының т.с.с. бағыты мен жиілігін бейнелейді;
2) белгілі бір уақыт мерзімінде табиғи немесе қоғамдық құбылыс орналасқан аумақтың формасының немесе көлемінің өзгеруі, мысалы, шегіртке таралған аумақтың кеңеюі немесе азаюы;
3) белгілі бір уақыт мерзімінде құбылыстың мөлшерлі өзгеруі, мысалы, тауар айналымының өсуі;
4) құбылыстың құрылымындағы өзгерістер, мысалы, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістер арасындағы өзара қатынасы негізінде анықталатын мемлекеттің индустриалдану дәрежесі.
Құбылыстардың аталған ерекшеліктерін тақырыптық карталарда бейнелеу үшін картаға түсірудің әр түрлі тәсілдерін қолданады: аймақтар (ареал), сапалық көрініс (качественного фона), нүктелік, изосызықтар, белгілер, локализденген диаграммалар, картодиаграммалар, картограммалар, сызықтық белгілер және қозғалыс белгілер тәсілдері.
Аймақтар (ареалдар) тәсілі.
Мөлшерлі көрсеткіштерін есепке алмай отырып аса маңызды аумақта таралған құбылыстың кеңестікті орналасуын картада көрсету үшін аймақтар (ареалдар) және сапалық көрініс тәсілдерін қолданады.
Аймақтық тәсілдің мәні, картаға түсірілетін құбылыс таралған аумақты, картада бейнеленген барлық аумақтан ерекше белгісімен ажыратуы. Мұндай тәсілмен әдетте, өсімдіктер мен жаунарлардың таралу ареалдары, ағынсыз облыстар, теңіздегі жүзіп жүретін мұздар таралу аудандары, пайдалы қазба байлықтары таралған аудандар т.с.с.
Белгілі бір құбылыстың ареалдарын кейбір жағдайда картада сызықтың белгілі бір суретімен және түсімен көрсетеді. Басқа бір жағдайда карта бетіндегі ажыратылған ареалды бояумен немесе штрих сызықтарымен көрсетеді. Кейбір жағдайда, құбылыстың таралу шекарасы анық емес болғанда ареалды құбылыстың атымен белгілейді, мысалы мақташылық, ауданы бойынша кіші ареалдарды, шекарасын көрсетпей геометриялық, өнер немесе әріптік белгілерімен құбылыс таралған ареалды толтырады.
Жануарлар, өсімдіктер түрлерінің т.с.с. құбылыстардың таралу ареалдары әр түрлі, олардың арасындағы өзара қатынастары әр түрлі болуы мүмкін, яғни ареалдар бір-бірінен қашықтықта болады, немесе бір-бірімен жанасып және бір-бірін жабып тұрады. Мұндай жағдайда картаның бір аумағы екі және одан да көп ареалдар құрамында орналасуы мүмкін.
Құбылыстың таралуын ареалдар тәсілімен көрсету кейбір жағдайда нақтылыққа сәйкес емес, мысалы, ботаникалық карталарда сексеуілдің таралу аймағы Қазақстанның шөл аудандарына сәйкес келеді. Дегенмен, сексеуіл барлық шөлдерде жаппай тараған жоқ.
Аймақтық тәслдің бір түрі мөлшерлі ареал, мұндай тәсілде құбылыс таралған аймақтың шекарасын көрсетпейді, себебі барлық жерде таралған, бірақ аумақта бұл құбылыстың белгілі бір сандық көрсеткішпен сипатталатын жерді шектейді. Мысалы, Еуропалық Ресейдің негізгі өзендерін көлік мақсатында қолданады, берілген картада ажыратылған өзен алаптарында жүктің 30 % астамы өзен көлігімен тасмалданады, ал одан тыс аймақтарда 30 % дейін (за пределами выделенной территории грузы перевозят по рекам, но относительное значение этих перевозок составляет менее 30 %).
Сапалық көрініс (качественного фона) тәсілі.
Сапалық көрініс тәсілінің мәні, картада бейнеленген аумақ толығымен бөлінген бөліктердің сапалы айырмашылықтарын көрсетуден тұрады. Бөлінуді көрсетілетін құбылыстың қабылданған жіктелуінің негізіндегі белгі бойынша жүргізеді. Мұндай белгі ретінде, мысалы топырақтың түрі немесе аумақтың басқа бір табиғи ерекшелігі, ауыл шаруашылығының мамандануы болу мүмкін т.с.с.
Картаның әр бір ажыратылған учаскесінің шекарасы болады және өзінің түсімен боялады (штриховкамен немесе сәйкес белгілермен). Ажыратылған учаскелер саны көп болып және олардың арасында типологиялық қайталанатын учаскелер кездескен жағдайда сапалық көрініс бояумен қатар картаның легендасына сәйкес сандық немесе әріптік индекстерді қолданады.
Сапалық көрініс тәсілімен территорияның белгілі бір белгісі бойынша аудандастыруын көрсетуге болады. Мысалы, өзендер аудандастыру картасында өзендердің қоректену бойынша облыстарды ажыратуға болады. Кейбір жағдайда мұндай тәсілмен синтетикалық карталарды, мысалы, климаттық, табиғат зоналарының картасы, саяси, саяси-әкімшілік карталарын көрсетуге болады.
Сапалық көрініс тәсілін пайдаланғанда бейнеленген территория толығымен бөліктерге бөлінеді, яғни ажыратылған контурлар бір-бірін жаппайды және арасында ашық кеңістік болмайды.
Қажет болған жағдайда сапалық көрініс тәсілімен территорияны екі әр түрлі белгі бойынша аудандастыруды көрсетуге болады. Бір көрсеткіш бойынша аудандастыру торы екінші белгі бойынша аудандастыру торының үстінен түседі. Бір бірінен ажырату үшін, бірінші аудандар торын көріністік (фоновая окраска) бояумен, ал екінші аудандар торын штриховкамен ажыратады.

жүктеу 131,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау