Карипжанова Г.Т., Омарова С.К.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША
ТЕСТ ЖИНАҒЫ
Нұр-Сұлтан, 2019
ӘОЖ 30/81 (075,8)
КБЖ: 81.2 (каз) я 73
К25
«Тұран-Астана» университетінің Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды
Пікір берушілер: филол. ғ. д., проф. Ғ. Е. Имамбаева
филол. ғ. к., проф. Ж.М. Қоңыратбаева
филол. ғ. к., доцент Г.К.Рахимбаева
Құрастырушы Г. Т. Кәріпжанова, С.К.Омарова
К25 Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен тест жинағы/ құраст.
Г. Т. Кәріпжанова. С.К.Омарова – Нұр-Сұлтан: «Тұран-Астана» унив. баспасы, 2019. – 49 б.
ISBN
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тест жинағында жоғары оқу орындарында оқытылатын қазақ тілін оқыту әдістемесі пәніне арналған. Тест жинағын 5В020500 – «Филология: қазақ филологиясы» және 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына негізгі ғылыми курстарда пайдалануға болады. Сонымен қатар қазақ тілі мамандарына, жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттарға қажетті практикалық құрал ретінде де ұсынуға болады.
ӘОЖ 30/ 81 (075,8)
КБЖ: 81.2 (каз) я 73
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
ISBN © Кәріпжанова Г. Т., Омарова С.К. 2019
© «Тұран-Астана» универ., 2019
Алғысөз
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тест жинағы» қазақ тілі мен қазақ тілін оқыту әдістемесінен студенттердің функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған. Оқу-әдістемелік құралында студенттердің теориялық білімдерін тиянақтау, жүйелеу, бекіту мақсатында тест тапсырмалары құрастырылған.
Тест жинағында қазақ тілінің лексика, фонетика, синтаксис, морфология, сөзжасам тарауларын оқыту бойынша теориялық тақырыптар қамтылған.
Тест тапсырмалары мемлекеттік стандарт талаптарына сай құрастырылған.
Тест жинағына енген тапсырмалардың өзіндік ерекшеліктері бар. 8 жауаптан тұратын тест тапсырмаларының үш жауабы дұрыс болып табылады. Тест тапсырмалары студенттің өзіндік ізденуін талап етеді.
Тест жинағында студенттердің теориялық білімін тексеру, практикалық дағдыларын қалыптастыру, іздену арқылы тәжірибелік жұмыстар жасау, студенттердің біліктілігін арттыру, талдау барысында жүйелілік, бірізділік сақталуына ерекше көңіл бөлу ескерілген.
Достарыңызбен бөлісу: |