Канонерский сельский округ



жүктеу 66,31 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі66,31 Kb.
#5151

2012 жылға арналған Канонерка ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының тезистері және 2013 жылға арналған тапсырмалар
Қазақстанның даму жолы – экономиканы нығайтудың жаңа міндеттері, халықтың тұрмысының жақсаруы. Экономикалық табыстар мен қоғамдық жағдайды жақсарту арасындағы тұрақты балансты табу әрбір адам үшін өмірлік маңызға ие. Қазіргі заманда бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Халыққа арналған жаңа Жолдау осы актуалды тақырыпқа арналған.

2012 жылдың қорытындысы нәтижесінде Канонерка ауылдық округі Шығыс Қазақстан облысы бойынша елу тірек ауылының қатарына енді.

Халық өмірінің деңгейі басты критерий болған және солай қала береді. Соңғы 3 жыл ішінде Канонерка ауылдық округі тұрғындарының табысы айтарлықтай жоғарылады. Азаматтар саны төменгі аралық табысы 25% төмендеді. Округте 20 аз қамтылған отбасы тіркелген, оның ішінде 14 отбасы балаларға арналған жәрдемақы алады, 6 отбасы әлеуметтік көмек алады. Жұмыссыздар саны 35% қысқарды. 2012 жылы жаңа 36 жұмыс орны құрылды, оның ішінде «Семей Орманы» МОТР ММ Канонерка филиалында 2 жұмыс орны, «Канонерка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не 1 жұмыс орны ӘЕС маманы, округтің кәсіпкерлерімен 33 жұмыс орны құрылды. Жыл бойына «Семей Орманы» МОТР ММ Канонерка филиалында маусымдық жұмыстарға 150 жұмыс орны құрылды, жеке меншік мал бағуға 8 адам қамтылды. Жұмыспен қамту орталығынан округ бойынша 6 адам кәсіптік оқуға жіберілді (автомашина жөндеу және жүргізушіге 3 адам, электр дәнекерлеушіге 3 адам).

Соңғы 5 жылда ана өлімі болған жоқ, округте туылу көрсеткіші 27% өсті.

Ауыл шаруашылығы және фермерлікті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау – Президент қойған маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Мемлекет мұқтаж адамдарға көмек көрсетеді.

Ауылдық округте барлығы 41 шаруа қожалығы бар. 2012 жылы шаруа қожалықтарымен 4264,4 га егін егілді, оның ішінде: бидай 1906,4 га, арпа 668 га., дәнді дақылдар қоспасы 587,2 га., күнбағыс 645,1 га, картоп 20га. Ауылдық округте шаруа қожалықтарын ірілендіру жұмыстары жүргізілуде.

Ет өндіру 5634 цн., сүт 27303 цн., жұмыртқа 436 мың дана. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 2 % өсті, сүт 1,5 %, жұмыртқа 15 % өскен. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда округте ІМҚ санының 12 %, ҰМҚ саны 6 % ұлғайған, құс саны 27 % өскен.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын орындау мақсатында жыл бойы ауыл шаруашылығы жануарлары серологиялық тексеруден өткізілді, бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ бойынша бруцеллезге шалдыққан мал бастары тіркелген жоқ. Бородулиха ауданында аусыл ауруының шығуына байланысты округте қаңтар-ақпан айларында жоспардан тыс ІМҚ мен ҰМҚ вакцинацияланды.

Бюджетке жергілікті салықтан түскен түсім 3035497 теңгені құрады. Ауылдық округте шағын және орта бизнес дамуда, 7 дүкен, 6 дүңгіршек, 4 дәмхана, 1 асхана, 1 дәріхана дүңгіршегі жұмыс істейді. Жыл бойына кәсіпкерліктің жаңа нысандары ашылды: 1 жол жиегіндегі «Ёлки-палки» дәмханасы ЖК Тулубаев А.В., ІМҚ мен ҰМҚ арналған жемдеу алаңы ЖК Токтыбаев А.А.. 2012 жылдың ішінде жол бойында саудамен айналысатын 20 адам патенттің негізінде салық төлеу режиміне көшті.

Канонерка ауылының дамытуды жүзеге асыруда 2012 жылы жалпы сомасы 64 млн.763 мың теңгені құрайтын, 36 қосымша жұмыс орнын құратын 18 іс-шара жоспарланған. Тірек ауылы жобасын нәтижелі орындау және дамыту бойынша түсіндіру жүргізілді. Ауылда 30 адамнан құралған штаб ұйымдастырылған, штаб төрағасы ардагерлер кеңесінің төрағасы Киселев Михаил Иванович, тірек елді-мекені бойынша іс-шаралар жоспары дайындалған, жауаптылар белгіленген. Әлеуметтік серіктестер ретінде кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және тұрғындар тартылды.

Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жүзеге асырылғаны:

ЖК А.А.Токтыбаевтың жүн-тері дайындау қоймасының іске қосылуы, қаржыландыру көзі – өз қаражаты.

ЖК А.А.Токтыбаевтың ІМҚ және шошқаға арналған жемдеу алаңы, жүзеге асырылған уақыты 2012-2014 ж.ж., қаржыландыру көзі – «ЖҚ – 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн.теңге қарыз ақша. Жер телімі рәсімделген, ғимараты бар. 40 бас шошқа алынды, оның ішінде: 20 бас аналық, 10 ІМҚ.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүзеге асырылғаны:

ЖК Е.Н.Ганженконың дәмханасын жаңарту, қаржыландыру көзі – 1 млн.теңге қарыз ақша, дәмханада су құбыры орнатылды, ғимарат ішіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ЖК В.Ю. Цыкунова үй жағдайында консервіленген азық-түліктерді (саңырауқұлақ) шығару, қаржыландыру көзі – жеке қаражаты.

ЖК В.А. Запара тұрғындарға күрек, шарбақтар, терезе жақтауларын жасайды. Қаржыландыру көзі – жеке қаражаты. Ғимарат пен құрал-жабдық бар.

Инфрақұрылымды дамыту бойынша 7 іс-шара жүзеге асырылды:

Көшелерді жарықтандыру:

Канонерка және Қара-Мырза ауылдарына 35 көше шамы орнатылды, қаржыландыру көзі – аудандық бюджет.

Санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді, көктемгі-күзгі кезеңде қоқыс шығарылды, қаржыландыру көзі – аудандық бюджет.

«Чистая пятница», «Сенбіліктер» өткізіледі, жеке меншік аулаларда санитарлық тазалық жүргізіледі. «Семей Орманы» МОТР ММ Канонерка филиалында «Марш парков» акциясы өткізіледі.

Канонерка ауылының жоспарына түзету жүргізілуде, қаржыландыру көзі – аудандық бюджет.

Ауылішілік жолдарға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар орнатылды. Қаржыландыру көзі – «ЖҚ – 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 20 млн.теңге. Ауылішілік Молодежная, Маяковский, Новая, Мичурина, Комсомольская, Степная көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдық округ әкімінің ғимаратының территориясына абаттандыру жұмыстары жүргізілді (құрамында дәрігерлік амбулатория, полиция тірек пункті). Қаржыландыру көзі – 8 млн.теңге көлеміндегі облыстық бюджет, 2 млн. теңге аудандық бюджет.

Қара-Мырза ауылына су бөлінетін колонкаға жөндеу жүргізіліп, су айдауыш мұнара және балаларға арналған ойын алаңы орнатылды.

Тұрғындардың әлеуметтік серіктестігі көмегімен Мәдениет үйінің территориясына абаттандыру жұмысы жүргізілді: балаларға арналған спорттық алаң, футбол алаңы орнатылып, ескерткіш жаңартылды.

Әлеуметтік саланы дамыту бойынша аудан бюджетінен 6 млн.837 мың теңгеге 4 жоба жоспарланған, 4 жоба да орындалды.

Мектептің материалды-техникалық базасын нығайту үшін химия, үй шаруашылығы кабинеттері ашылып, қазандық алынған. Мәдениет үйіне заманауи музыкалық аппаратура алынған.

Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша округте 226 оқушысы, 45 баланы қамтитын 2 мектеп алды тобы бар 2 мектеп жұмыс істейді. Канонерка орта мектебінде 25 балаға арналған толық күнді шағын орталық жұмыс істейді. Мектептерде 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. Аз қамтылған отбасынан шыққан 24 оқушыға фонд қаражатынан тамақтандыру ұйымдастырылған. 2 мектепте де оқушыларды тексеру және көмек көрсетуге арналған медициналық кабинеттер жұмыс істейді. ҰБТ нәтижесі бойынша Бесқарағай аудандық орта мектептерінің ішінде Канонерка орта мектебі 1 орынға шықты. Қара-Мырза негізгі мектебінің 7 мұғалімі батылдық танытып, Балалар үйінен 5-9 сыныптағы 10 баланы патронаттық тәрбиеге алды. Мектептерде спорт зал жұмыс істейді: онда волейбол, жеңіл атлетика, баскетбол, шаңғы, шағын футбол және үстел ойындарын жүргізетін үйірмелер бар.

Қылмыстар бойынша жасалған қорытындыға сай ауылдық округте қылмыс деңгейі өткен жылдың деңгейінде қалды 23 қылмысқа 23. Қылмыстың басым бөлігі өзгенің затын ұрлауға қатысты. 23 қылмыстың 5-і ашылған жоқ. Учаскелік инспектор 130 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Құқық бұзушылықтың алдын алуда округ тұрғындары арасында белсенді рөл атқаратын әйелдер кеңесі, ардагерлер кеңесі. Демалыс күндері кешкі мезгілдегі би кештерінде кезекшілік ұйымдастырылады, сондай-ақ көңіл көтеретін орындарда және заңды тұлғаларсыз түнгі мезгілде көшеде жүрген кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыстар жүргізіледі.

Канонерка ауылында дәрігерлік амбулатория және Қара-Мырзада медициналық пункт жұмыс істейді. 2012 жылы 14 жасқа дейінгі 329 бала, 69 жасөспірім, тұрғындардан жүрек-тамыр ауруын анықтауда 332 адам тексерілді. Онкологиялық ауруларды анықтау үшін мемлекеттік бағдарламаға сәйкес округ тұрғындары арасында скрининг өткізілді. 908 адам тексерілді. Туберкулездің алдын алу мақсатында округ тұрғындары жыл сайын флюорографиялық тексеруден өткізіледі.

Канонерка және Қара-Мырза ауылдарында ауылдық клуб пен ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Канонерка ауылдық Мәдениет үйінде әр түрлі іс-шаралар өткізіледі, Қара-Мырза ауылында ауылдық клубтың жер телімі рәсімделген, толық жөндеу жұмысын жүргізудің жобасы дайындалуда.

Ауылдық округте 10 адамнан құралған ел Президентінің Жолдауын түсіндіріп, насихаттайтын ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді. 2012 жылдың 15 қаңтарында, 28 қазанында Канонерка ауылының тұрғындары қоғамдық және саяси белсенділігін танытып, сайлауға қатысты.

Канонерка ауылында 56 тыл еңбеккерлері, 8 Алтын алқа, 9 Күміс алқаны иеленген көп балалы аналар бар.

Аудан әкімінің ауылдық округ тұрғындарының алдында берген есебінде айтылған ескертулер мен ұсыныстар 2012 жылдың ішінде орындалды.

2013 жылға арналған міндеттер:

- ТДБ бойынша көшелерді жарықтандыру, ауыл шетіндегі көшелерге көше шамдарын орнату;

- орталық көшені абаттандыру, гүлдерді егу;

- жасанды жабындымен футбол алаңын орнату;

- стеланы орнату;

- ауыл ішіндегі жолдарға ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Канонерка ауылының орталық көшесімен өтетін Омск-Майқапшағай республикалық жолын жөндеу;

- Канонерка орта мектебін АДБ бағдарламасы бойынша абаттандыру;



- ауылдық кітапханалардың МТБ нығайту.
жүктеу 66,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау