Канонерка ауылдық округінің 2013 жылғА Әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2014 жылғы арналған тапсырмалар



жүктеу 83,64 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі83,64 Kb.
#7846

КАНОНЕРКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ 2013 ЖЫЛҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ 2014 ЖЫЛҒЫ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Біздің мемлекетіміз Елбасының Жолдауын жүзеге асыру жолында «Қазақстан – 2050» стратегиялық мақсатына әр қадам сайын жақындауда.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауынада бізге ағымды жылда орындалуға тиіс мақсаттарды анықтап, нақты тапсырмалар қояды. Елбасы атап өткендей, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басты мақсаты – Қазақстан азаматының тұрмыс жағдайының өсуі.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын ауылдың аумағында жүзеге асыру, тірек елді мекені ретінде ауылды әлеуметтік-экономикалық дамытудың бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету Канонерка ауылдық округі аппарат жұмысының негізгі мақсаты мен тапсырмалары болып табылады.

2012 жылы Канонерка ауылдық округі Шығыс Қазақстан облысының елу тірек елді мекенінің қатарына енді. Халық өмірінің деңгейі, экономиканы дамыту, азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту басты критерийі болған және солай болып қала бермек.

Соңғы үш жылда Канонерка ауылдық округі тұрғындарының табысы айтарлықтай өсті. Табысы күн көріс деңгейінен төмен тұрғындар саны 27% азайған.

Округте 15 аз қамтылған отбасы тіркелген, оның ішінде 13 отбасы балаларға арналған жәрдемақы, 4 отбасы атаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алады. 2013 жылдың 9 айы ішінде: 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 312 мың 918 теңге, арнаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы 502 мың 208 теңге төленді.

Жұмыссыздар саны 45% қысқарған. 2013 жылдың 9 айы ішінде 97 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 35 жұмыс орны кәсіпкерлермен құрылды. «Семей Орманы» МОТР РММ Канонерка филиалымен жыл бойында 117 маусымдық жұмыс орны ашылды, 7 адам жеке мал бағумен айналысты.

Жұмыспен қамту орталығынан ауылдық округ бойынша 4 адам кәсіби оқуға жіберілді (2-шаштараз, 1-газ электрдәнекерлеуші, 1-нан пісіруші). Кәсіпкерлік негіздері курсынан 2 адам өтті. Жұмыспен қамту орталығында 5 адам тіркеуде, оның 5-і қоғамдық-ақылы жұмыстарға тартылды.

Соңғы 5 жылда ана өлімі байқалған жоқ, бала туылу деңгейі 27% өсті.

Ауыл шаруашылығы мен фермаларды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау Президент қойған маңызды тапсырма болып табылады. Мемлекет қолдауды қажет еткендерді қолдайды.

Ауылдық округте барлығы 38 шаруа қожалығы бар. 2013 жылы шаруа қожалықтарымен 5540 га егін егілді, оның ішінде: 2008,1 га бидай, 504 га арпа, 1179,4 га бидай аралас, 1436,1 га күнбағыс, 65,5 га қарақұмық, картоп 60 га, 11 га көкеніс, 275,9 га бір жылдық өсімдіктер.

Дәнді дақылдардың егістік көлемі 3757 га құрады.

Ауылдық округте шаруа қожалықтарын ірілендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 1,4 %, сүт 1,4 %, жұмыртқа 12,3 % ұлғайған. Өткен жылмен салыстырғанда округте ІМҚ 10,8 %, ҰМҚ 13 %, құс саны 12 % ұлғайған.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының талабын жүзеге асыру барысында жыл бойы малдарға серологиялық тексеру жүргізіліп, бірдейлендіру жұмысы жүргізілді. Округ бойынша бруцеллезбен ауырған малдар тіркелген жоқ.

Бюджетке жергілікті салықтан түскен түсім:

- жеке тұлғалардан түскен мүлік салығы – 175218 теңге

- жер салығы – 316890 теңге

- көлік салығы – 1920577 теңге

Ауылдық округте шағын және орта бизнес дамуда, 9 дүкен 4 дүңгіршек, 4 дәмхана, 1 асхана, 1 дәріхана дүңгіршегі жұмыс істейді.

Жыл бойында кәсіпкерліктің жаңа нысандары ашылды:

Округ бойынша ауыл шаруашылығын дамыту саласында жоспарланған және жұмыс ітеп тұрған жобалар:

ІМҚ көбейту, ЖК Т.Ж.Мусаканов, қаржыландыру көзі – «ЖҚ – 2020» бағдарламасының 2-бағыты бойынша 2,5 млн.теңге несие.

Кәсіпкерлікті дамыту аясында жалпы сомасы 83 млн.теңгені қамтитын 2 іс-шара жоспарланған:

- жол жиегіндегі дәмхананың ашылуы, ЖК А.В.Тулубаев, қаржыландыру көзі – 15 млн.теңге өз қаражаты. Дәмхана жұмыс істейді.

- полиэтиленді құбыр өндіру цехінің ашылуы. Жобаның басшысы «iSun Plast» ЖШС, қаржыландыру көзі – 68 млн. теңге көлеміндегі өз қаражаты. Жұмыс орын саны – 37. Қазіргі уақытта 52 млн. теңге игерілді.

Инфрақұрылымды дамыту мен абаттандыру бойынша 1 млн. 500 мың теңгеге 1 жоба жоспарланған:

- Канонерка ауылының аумағындағы рұқсат етілмеген қоқыстарды жою, қаржыландыру көзі – республикалық бюджеттен 1 млн. 500 мың теңге.

- стеланы орнату – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша ЖК А.В.Тулубаевпен 6 млн. 300 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Стеланы орнату 2013 жылдың қазан-қараша айлары.

Әлеуметтік сала бойынша 7 млн.теңгеге 1 жоба жоспарланған:

- жасанды жабындалған футбол алаңын орнату. Республикалық бюджеттен 7 млн.теңге. Қазіргі уақытта футбол алаңы орнатылды.

Ауылдық округте мал шаруашылығының дамуы мен мал басының көбеюіне байланысты 2013 жылдан бастап «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша мәдени өсімдіктерге егістік алқабын ұлғайту көзделіп отыр. Қазіргі уақытта «ауылдық округтің 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарлмасы» әзірленіп бекітілді.

2013 жылдың төртінші тоқсанында пластикалық құбырдың алғашқы өнімін шығару жоспарланған. Алдағы уақытта зауыттың аумағында пластикалық құбыр өндіретін тағы үш бағыт ашу көзделіп отыр.

Округте жыл сайын аумақты санитарлық тазалау, қоқыстарды шығару жұмыстары, мал қорымының жөндеу жұмыстары және басқа да іс-шаралар жергілікті бюджет есебінен жүргізіліп отырады.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ауылдық округте 2014 жылы ЖК А.В.Тулубаев шағыннаубайхана ашуды жоспарлап отыр.

2014 жылы ЖК Середаның 3000,0 теңге көлеміндегі өз қаражатына салынып жатқан шаштараз құрылысы аяқталмақ.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша округте жыл сайын жұмыс орнын сақтай отырып, негізгі азық-түлік өнімдері бағаларының тұрақтылығы бойынша кәсіпкерлермен және шаруа қожалық басшыларымен меморандумдар жасалады.

Жаңа кәсіпорындардың ашылуы мен шаруа қожалықтарының дамуы, сондай-ақ қосалқы шаруашылықта мал басының көбеюіне байланысты округте жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.

2014 жылы Канонерка ауылында Омск-Майқапшағай республикалық жолына жөндеу жұмыстары жүргізілмек және тротуар орнатылмақ.

Жобаға инфрақұрылым мәселесі енгізілген: 2,5 км созылатын екі жақтылы көше шамдарын орнату. Аталған шамдарды орнату есебінен Канонерка ауылының басқа да көшелерін жарықтандыру ұлғаяды.

2014 жылы Канонерка ауылының аумағында 12731 мың теңгеге спорт алаңын орнату, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарға арналған ескерткішке жөндеу жұмыстарын жергілікті бюджет есебінен жүргізу жоспарланған.

Әлеуметтік серіктестік бағдарламасы бойынша қазан-қарашада стела орнатылады.

Қазіргі таңда Қара-Мырза орманшылығында ұрықтандыру кешенінің құрылысы басталды, құрылысқа 70-ке жуық адам тартылмақ, бұл қосымша жұмыс орындары.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша округте 2 мектеп жұмыс істейді, онда 199 оқушы оқиды, 41 баланы қамтитын 2 мектеп алды топ бар. Канонерка орта мектебінде 25 балаға арналған толық күнді шағын орталық бар. Мектепте 1-4 сынып оқушыларына және аз қамтылған отбасының балаларына тегін ыстық тамақ беріледі. Аз қамтылған отбасы балаларына фондтан 159 мың теңгеге көмек көрсетілді. Екі мектепте де оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық кабинет бар. ҰБТ нәтижесі бойынша Бесқарағай ауданының орта мектептері арасында Канонерка орта мектебі 1 орынды иеленді. Балалар үйінің 5-9-сыныпта оқитын 5 баласы Қара-Мырза негізгі мектебі мұғалімдерінің тәрбиесінде. Мектептерде жазғы демалыс уақытында 35 баланы қамтыған мектеп жанындағы лагер жұмыс істеді, жолдама бойынша лагерде 16 адам демалды. Мектептерде спорт залы бар, волейбол, жеңіл атлетика, баскетбол, шаңғы, шағын футбол және үстел ойындары бойынша үйірмелер жұмыс жасайды.

Ауылдық округ бойынша құқық бұзушылық деңгейі өткен жылғыдай 23 құқық бұзушылыққа 23. жасалған қылмыстың басым бөлігі өзгенің затын ұрлауға байланысты. Учаскелік инспектормен 130 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Демалыс күндері, би кештері, сондай-ақ көңіл көтеретін орындарда және түнгі уақыттарда тәртіп бұзғандарды анықтауға учаскелік инспектор Е.Н.Валентиновпен ЕХБ кезекшілігі ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығымен күресу аясында дөңгелек үстелдер өткізіледі. Ауылдық округ әкімдігінде 9 27 40 сенім телефоны жұмыс істейді. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша округтің қоғамдық қауымдастығы: әйелдер кеңесі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы және тыл еңбеккері М.И.Киселевтің төрағалығымен белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде.

Ауылға жаны ашитын, қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде қатысатын тұрғындарды атап өтсек: Макаров Анатолий Павлович, Запрягаева Ирина Константиновна, Пелипенко Лидия Ивановна, Тулубаев Александр, Маловичко Евгений, Шокуров Алексей, мектептердың мұғалімдер ұжымы, Түмен орманшылығы ұжымы, әлеуметтік қызметкерлер ұжымы, жеке табынның мал бағушылары (Колесников Владимир, Макишев Болат, Аскамбаев Аскарбек, Рагулин Александр, Раскельдинов Сарсенбы, Колесников Николай).

12 қазанда Талдықорған қаласында Шығыс Қазақстан олысының күндері өткізілді, жәрмеңкеге Канонерка ауылдық округінің кәсіпкерлері қатысты, онда жергілікті тұздалған саңырауқұлақтар, көкеністер, т.б. апарылды.

Канонерка ауылында дәрігерлік амбулатория, Қара-мырза ауылында медициналық пункт жұмыс істейді. 2013 жылы 14 жасқа дейінгі 351 бала, 79 жасөспірімдер тексеруден өткізілді. Ауыл тұрғындарынан онкологиялық ауруларға қарсы тексеруден 1087 адам өтті, ол 92,3 % құрайды.

Туберкулезді анықтау, алдын алу мақсатында Семей қаласынан жылжымалы флюорография әкелініп, 354 адам тексерілді. ҚР денсаулық сақтау министрінің №145 бұйрығы негізінде тұрғындардың жеке санатына тексерілу жүргізілуде.

Канонерка әне Қара-Мырза ауылдарында мәдениет үйлері мен ауылдық кітапханалар жұмыс істейді. 2013 жылы Отбасы күні, Қарттар күні, Орман күні сияқты іс-шаралар өткізілген Қара-Мырза ауылының мәдениет үйі жөндеуден өткізілді, 2014 жылы 500,0 мың теңгеге музыкалық аппаратура алу жоспарланған.

Ауылдық округте Елбасы Жолдауын насихаттайтын 10 адамнан құралған АНТ жұмыс істейді, жұмыс жоспары мен кездесу кестесі бекітілген.

Канонерка ауылында 54 тыл еңбеккері, Алтын Алқамен марапатталған -8, Күміс Алқамен марапатталған -9, Орден «Ана даңқы» орденімен марапатталған - 1, 4 және одан көп балалы Конкаевой И. 1 отбасы бар.

Бүгінде жергілікті тұрғындардың елде болып жатқан реформаларға қызығушылығы артуда. Мал шаруашылығын дамыту мәселелері, әлеуметтік саладағы сұрақтар, инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстары жұмыс орындарын көбейтуге жол ашады, яғни тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешеді.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін өзі басқарудың қалыптасуы –азаматтық қоғам, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейі сынды жергілікті тұрғындардың тұрмысына әсер ететін факторларға байланысты көп кезеңді және динамикалық үрдіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы №438 Жарлығына сәйкес, бірінші кезең – 2013-2014 жылдар, екінші 2015 жылдан 2020 жылға дейінгі екі кезеңді қамтитын Қазақстан Республикасында жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың Концепциясы бекітілді.

Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде ауылдық округті абаттандыру мен көшелерді жарықтаныру туралы ұсыныстары айтылған. Қазіргі таңда аталған мәселелер шешілді, округте қосымша 20 көше шамы орнатылды.

2014 жылға тапсырмалар:

- көшелерді жарықтандыру, резерв есебінен қосымша көше шамдарын орнату;

- орталық көшені абаттандыру, гүлдер отырғызу;

-Канонерка орта мектебі ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу;

- ескерткішке ағымды жөндеу жұмысын жүргізу;

- орталық Ленин көшесімен өтетін Омск-Майқапшағай республикалық жолын жөндеу;

- Қара-Мырза ауылдық мәдениет үйіне музыкалық аппаратура алу;

- Канонерка ауылы аумағында спорт алаңын орнату;

- әлеуметтік серіктестік бағдарламасы бойынша стеланы орнату.


Канонерка ауылдық



округі әкімінің м.а.: Н.Беленкова
жүктеу 83,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау