4 тақырып. Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті. AutoCad жүйесі.
№23 Практикалық жұмыс. AutoCad жүйесі көмегімен қарапайым сызбаларды жасау құралдары
AutoCAD жүйесін менгеру
1 бөлім
1. Жұмыс мақсаты
AutoCAD-ғы жұмыстың негізгі принциптерін менгеру
2. Жұмыс мазмұны
1. AutoCAD программасын іске қосу
1. Негізгі меню және панель инструментовпен танысу.
2. Сызбаның рамкаларын және жазуларды жасау(приложение А).
3. Есепке қойылатын талаптар
Есепте келесі мәселелер болу керек:
– жұмыс атауы, есеп қойылымы, жұмыс орындау тәртібі және салған сызба;
4. Жалпы мағлұматтар
AutoCad сызба-графикалық жұмыстарды автоматтандыратын жүйе. AutoCad графикалық пакетінде сызба жасау үшін керекті барлық құралдар. Қолдан сызудың құралдарына автоматтандырылған жүйеде графикалық қарапайымдар(нүкте, кесінді, шенбер және т.б.), оларды редактирлеу командалары(өшіру, тасымалдау, көшіру және т.б.), қарапайымның қасиеттерін беру командалары(графикалық объектілердің қаландығын, типін, түсін көрсету).
AutoCad объектінің бейнесімен емес, бейнені құратын геометриялық сипаттауымен жұмыс жасайды. Мысалы, AutoCad графикалық редакторында кесінді екі нүктемен сипатталады, шенбер ортасымен және радиусымен сипатталады және т.б.
Нүктенің координаттары сызбаның жұмыс аумағында тышқанмен, клавиатура арқылы командалық жолда беріледі. Координатты көрсетудің бірнеше әдісі болады:
1. Тышқан көмегімен – қалып жолында координаттар көрсетіледі.
2. Тышқан көмегімен – тор арқылы. Егер тордың қадамы - 5мм болса, қадамдарды санау арқылы көрсетіледі.
3. Клавиатура көмегімен-x және у координаталарын пробелсыз үтір енгізу(мысалы, 100,200).
4. Клавиатура көмегімен-салыстырмалы декартты координаттар ретінде. Алдыңғы нүктеден жаңа нүктеге көшу үшін координаталар осімен қаншаға және қай бағытта қозғалу керек екенін көрсету керек. Біздің мысалда ОХ осімен +120 ал ОУ осімен 0мм-ге қозғалу керек, сондықтан @120,0 енгіземіз.
5. Клавиатура көмегімен-салыстырмалы полярлы координаттар ретінде. Жаңа нүктені алдыңғы нүктемен қосатын вектордың ұзындығын және көлбеулік бұрышын. Біздің мысалда ұзындығы 120, 0 бұрышымен қозғалады, сондықтан @120<0 енгіземіз [ "<" (бұрыштың белгісі), бұрыш теріс болуы да мүмкін].
Координаталар осіне параллель сызықтарды салуды жеңілдету үшін Автокадта ортогональдық режимі жасалған, F8 клавишасын басқанда немесе "Орто" сөзімен қалыптар жолында көрсетілген.
Кесіндіні салу. Рисование менюінде Отрезок командасын таңдау. Сол кезде командалық жолда келесі шақыру шығады:
Команда: line_Координатаны көрсетіңіз:
(Команда: отрезок Определить первую точку:).
Бірінші нүктенің Х және У координаталарын үтір арқылы енгізу:
Команда: line_Координатаны көрсетіңіз:100,100
(Команда: отрезок Определить первую точку:100,100).
Enter'>Enter клавишасын басып, екінші нүктенің координаттарын енгіземіз:
Команда: Spesify next point or [Undo]:150,200 Enter
(Определить следующую точку или [Отменить]:150,200 Enter
Команда: Spesify next point or [Undo]: Enter
(Определить следующую точку или [Отменить]: Enter
4 сурет. Кесіндіні сызу
Бейненің көрнекті болу үшін экрандағы бейнеленук масштабын өзгертуге болады, бұл суреттің масштабын өзгертпейді.
"Масштаб" –тың келесі командалары бар(6 сурет):
Окно масштаба – рамкадағы сызба фрагментін барлық экранға үлкендетеді;
Предыдущий масштаб – кіші масштабтағы алдыңғы масштабқа көшу;
Расширить масштаб – сызбаның барлық қарапайымдары(көрінбейтіндері де) көрінетін масштабты таңдау;
Показать все – сызбаның барлық көрінетін қарапайымдары көрінетін масштабты таңдау;
Динамический масштаб – қарау нүктесін және көріну масштабын таңдауға мүмкіндік береді. Масштаб тышқанның сол жақ баспасын басып, қозғалатын рамканың размерлерін өзгерту арқылы таңдалады. Масштаб тышқанның оң жақ баспасын басса, рамкадағы сызбаның фрагментін экранда толық көрсетеді.
Рисунок 6 – Масштабты басқару панелі
AutoCad-тың барлық қарапайымдарына қандайда бір қасиеттер тән (слойға жататындығы, түсі, сызық типі, қалыңдығы және т.б.). Кейбір қасиеттер барлық қарапайымдарға тән (мысалы, түс); кейбір қарапайымдардың ерекше қасиеттері бар.
Көптеген осьтік сызықтардан, размерлерден, штриховкалардан және т.б. тұратын күрделі детальді сызғанда сызбаның жеке элементтерін жеке слойларды орналастырған тиімді. Жүйені жүктегенде нөлінші бір слой ғана орнатылады. Слойды "менеджер свойств слоя" терезесі арқылы жасауға болады("формат" ® "слой" арқылы шақырылады)(8 сурет).
7 сурет – Объекттің қасиеттер панелі
Достарыңызбен бөлісу: |