К. И. Сэтбаев атындагы Қаз¥ту-нің доценті, техника ғылымдарының кандидаты



жүктеу 4,44 Mb.
Pdf просмотр
бет8/46
Дата19.11.2018
өлшемі4,44 Mb.
#21814
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46

1.11. Сурет. Қазіргі бу қазанының 
сұлбасы  ҚС -  корек суы; ЫБ -  
ылғалды бу;
ҚБ -  қыздьфылған бу; О -  отын;  А -  
ауа; ЫА -  ыстық ауа; ЖӨ - жану 
өнімдері;
ШГ -  шыгу газдары
Жанатын  отын  оттықтарға  (7)  беріледі.  Сонымен  қатар  оттыққа 
алдын  ала  қазандықган  шығатын  газдармен  ауақыздырғышта  (5) 
қыздырылган  ауа  беріледі.Ошақ  камерасын  (
8
)  оттықтар  арқылы 
берілген  отын  мен  ауаньщ  қоспасы  жанып,  жоғары  температуралы 
(шамамен  1500°С)  жалын  пайда  болады. Ол  өзінің  жылуын  ошақ 
қабырғаларының  ішіне  орналасқан  құбырларға  (1)  береді.  Бұл 
құбырларды  булану  қыздыру  беттері  немесе  экран  деп  атайды. 
Экраңдарға өзінің  қызуының  бір  бөлігін  беріп  ошақ  газдары  1000°С 
температурада 
артқы 
экранный 
жогарғы 
бөлігінен 
өтіп, 
буқыздырғышты  (3)  арапап  өтеді.  Сонан  соң  жану  өнімдері  су 
экономайзері  жэне  ауақыздырғыш  арқылы  өтіп,  қазандықтан 
110

150°С температура шамасында шығып кетеді.
Бу  қазанына  келіп  түсетін  суды  қорек  суы  деп  атайды.  Ол 
алдымен  су  экономайзеріне  (4)  келіп  түсіп,  шығу  газдары  арқылы 
қыздырылып,  жанған  отынның  жылуын  үнемдейді.  Судың  булануы 
экран кұбырларында (1) өтеді.  Булану беттері барабанға (2) жалғанып 
жэне  томен  түсіргіш  құбырлар 
(
10
)  арқылы  айнапма  контурын 
түзеді.  Барабан  бу  мен  судың  бір-бірінен  ажырасу  процесі  болады, 
сонымен  бірге  ондағы  судың  артық  бөлігі  қазанның  сенімді  жұмыс 
істеуін  қамтамасыз  етеді.  Барабаннан  шыққан  құрғақ  қаныққан  бу 
буқыздырғышқа  (3)  келіп  түсіп,  аса  қыздырылған  бу  тұтынушыга 
жөнелтіледі.  Қазанның  барлық  қыздыру  беттері  ауақыздырғышты 
қоса  есептегенде,  әдетте  құбырлы  беттер  болып  келеді.  Тек  қана
29


кейбір  қуатгы  бу  қазандарының  ауа  қыздырғышының  беті  басқаша 
пішінде болуы мүмкін.
Қазан ошагының төменгі бөлігі трапециял ы болып келеді де, ол 
күл жинағыш деп аталады. Онда жану кезінде бөлініп шыққан  күлдің 
жабысқан  бөлшектері 
қүлап  түсіп  қабылдагышта  жиналады. 
Газмазутгы қазандарда күл жинагыш болмайды.
Су  қыздыратын  үнемдегіш  (экономайзер)  және  ауақыздырғыш 
орналасқан газжүргіш канал конвективті бет деп аталады, себебі онда 
жылу су мен ауаға негізінен конвекциямен беріледі. Осы газжүргіппсе 
орналастырылган  әртүрлі  қыздыру  беттері  жану  өнімдерінің  бу 
қыздыргыштан  500-700°С-қа  шыққан  температурасын  100°С-қа 
дейін  төмендетуге  мүмкіндік  береді,  демек  отынның  жылулығын 
толыгымен пайдаланады.
Барлық  қүбырлар  жүйесі  мен  барабан  тіреулер  мен  көлденең 
арқалықтардан  тұратын  қанқага  сүйенеді.  Ошақ  пен  газжүргіштер 
жылуоқшаулагыш  материалдардан  қаланып,  сыланган.  Оның  сырты 
болаттан  жасалған  парақтармен  қымталып,  іпггегі  газдың  сыртқа 
шықпауын және  сыртқы  ауаның ішке  сорылмауын  қамтамасыз  етеді. 
Қазанның  жүмыс  істеу  сенімділігін  арпыру  үшін  кей  кездерде  су 
және субулы қоспаның айналмалы контурда (барабан, төмен түсіргіш 
қүбырлар,коллектр,көтеруші  қүбырлар-барабан)  жақсы  қозғалуын 
арнайы  сораптың  көмегімен  қарқындатады.  Бұл  қазаңдарды  көпеселі 
еріксіз  айналмалы  қазаңцар  деп  атайды.  Олардың  ең  соңгы  түрі 
ретінде тік агынды қазандарды айтады.  Мүнда су, субулы қоспа және 
қыздырылған бу  еріксіз түрде  қорек  сорғының көмегімен  қозғалады. 
Осы агрегатгарда барабан қажетті болмагандықтан, оны орнатпайды. 
Тікагынды  нобай  бойынша  буланғыш  және  қыздырғыш  беттері  жоқ 
суқыздырғыш  қазандар  да  жүмыс  істейді.  Су-субулы  қоспа  бу 
ағынының қозгалуының негізгі нобайы 
1
.
12
-суретге көрсетілген.
Газжүргіпггер  мен  ошақта  арнайы  қойылған  түгінсорғыштың 
тартуымен вакум жасалынады.  Бу қазандарының сенімді,  қауіпсіз әрі 
тиімді жүмыс  істеуін қамтамасыз ету үшін олар дистационды басқару 
және автоматтандыру жүйелерімен жабдықталады.
30


1.12. Сурет. Бу қазаныңдағы су, субулы коспа мен будьщ жүру сулбасы. 
а -  табиги айналым; б -  көпеселе еріксіз айналым; в -  тік ағынды.
Еліміздің 
өндірістерінде 
орналасқан 
бу 
қазандарыньщ 
құрылымдары  апуан  түрлі  және  олардың  өлшемдері  де  эртүрлі. 
Кейбіреуін  жиналған  күйінде  автомашинамен  алып  жүруге  мүмкін 
болса, өте  ірі жылуэлектр  стансаларының қазандарының биіктігі 
100 
метрге дейін жетеді.
Қазіргі  шығар ылатын  ең  ірі  бу  қазандары  энергетикалық 
мақсатгарда  қолданылады.  Олардың  буөнімділігі  4000  т/сағ-дейін 
жетеді,  ал олардың бу тұганатын турбиналардың қуаты  1200 МВт-қа 
дейін,  будың  қысымы  - 
25  МПа-ға,  ап  қыздырылған  будың
температурасы  560°С-қа  дейін  жетеді.  Бұл  дүние  жүзіндегі 
қазандарда  кездесетін  аса  жоғары  параметрлер.  Қолдануына 
байланысты қазандықтар бірнеше топқа бөлінеді:
-  жылыту,  мұндағы  жылытуга  жэне  ыстық  сумен  қамтамасыз 
етуге ар налган;
-  өндірістік технологиялық шараларында пайдаланады;
-  жылыту-өндірістік,  жоғары  көрсетілген  жылумен  қамтамасыз 
ету мекемелерінде қолданады.
Қуатына  байланысты қазандық қондырғылар кіші, орташа, жогары 
деп  бөлінеді.  Кіші  жылу  өнімділігі  23,3  МВт-  дейін,  орташа-  23,3-
116,3  МВт және  жоғары-116,3  МВт  көп  болуы тиіс.  Сонымен  қатар 
қазандықтар болуы, су жылытқыш және су булы бөліп бөлінеді. 
Бақылау сүрақтар:
1. Жылу өндіргіш қондьфғылардың ( ЖӨҚ ) атқаратын міндеті?
2. ЖӨҚ- ның негізгі бөлшектері?
3. ЖӨҚ- ның бөлінуі?
4.  Отындардың  химиялық  энергияларын  жылу  энергияларына 
айналдыру туралы жалпы мәліметтер?


жүктеу 4,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау