Бұндай қазандар қуатгары сәйкесті 300, 500 және 800 МВт
шыгырларды бумен қамтамасыз етеді. Бу қазаны мен шығыр
қайраттық (энергетикалық) құрама (блок) түзеді. Ресейде 1200 МВт-
тық қайраттық кұрама іске қосылды, оның қазаныньщ бу өндірулігі
3950 т/сағ. ЖЭО-да көрсеткіпггері төмен және өндірулігі аз қазандар
да қолданылады. Электрстансанда (ЭС) қондырғырылған қазандар
аса қызған будың бу қыздырғыштың шығу біріктірмесіндегі
(выходной коллектор) қысым мен ыстықтық бойынша сипатталады.
Қысым бойынша қазандарды жоғары қысымды (10 жэне 14 МПа)
және шектіден жогары (25,5 МПа) деп бөледі. Қысымы 14 МПа және
жоғары булық қазандардың, дағдыдағыдай, буды екінші аса
қыздыруы болады. Өндірулігі 700 т/сағ қысымы 31,5 МПа жаңа буды
аса қыздыру ыстықтығы 655 °С-қа дейін және екінші асақыздыруы
570 °С-қа дейін казан пайдаланылады.
МЕМСТ (ГОСТ) бойынша булық қазандар түрлерінің мынадай
белгілері алынған: П - тура агынды қазан (прямоточный котел); Е —
айналмасы табиғи (естественная циркуляция); Пр — айналмасы
мәжбүрлі (принудительная циркуляция); Пп — тура агынды
екінші рет
аса қыздыруы бар (прямоточный котел с вторичным перегревом
пара); Еп - айналмасы табиги жэне екінші рет аса қыздыруы бар;
бірінші сан - бу өндірулік, т/сағ; екінші сан - бу қысымы; кгс/см
2
(1
кгс/см
2
~ 0,1 МПа).
Мысалы, Пп-950-25,5 болса: тура агынды қазан буды аралық
асақыздыруы бар, бу өндірулігі 950 т/саг, аса қызған будың қысымы
25,5 МПа (255кгс/см2), қатты отын үшін, ошақтан қож қатгы күйде
шыгарылады. Отынның басқа түрлері жағылса, қосымша белгілер
кіргізіледі: Г - газ отыны; М - мазут; Гм - газмазут; Ж - сұйық қож
шыгару (жидкое шлакоудаление). Е-420-140 ГМ — қазанның табиги
айналмасы бар, газ жэне мазут жагады, қысымы 140 атм ,420 т/саг бу
өндіреді.
Е-420-140Ж - қатты отын жагу үшін қожшыгару сұйық күйде,
ал қалган көрсеткіштері жогарыдагыдай. Зауыттық белгілер де
болады. Онда басында шығарушы зауыт жазылады: Т — Таганрог
қазан зауыгы, П — Подольск машина жасау зауыты, БКЗ - Барнаул
қазан зауьпы.
Бөліктілік еселеуіші (коэффициент блочности). Құрастыру және
жасау мерзімін қысқарту мен сапасын жогарылату үшін, қазандарды
зауьпта бөлікті (блочный) етіп істейді. Осыган байланысты бөлік
өлшемдері темір жолмен тасуга ыңгайлы болу керек. Қүрастыру
27