Екінші тік шахта және оны ошақ камерасымен қосатын жазық
газжолы жылуды ағындық тәсілмен алатын қыздыру беттерін
орналастыруга арналган. Ошақ қалқандарына жылуын
бергеннен соң,
жану өнімдері ошақтан ыстықтығы 900-1000 °С-та (отын түріне
байланысты) шығып, газжолына келеді.
Ошақтың қалқан құбырларының ішінде су қозгалган кезде, буға
айналады. Судың буға айналуын іске асыратын қыздыру беттерін
буландыргыіи, бутүзгіш беттер деп атайды. Бу қазанына келетін суды
қорек суы дейді.
Қорек суыңца эртүрлі қоспапар болады. Буга айналу барысында
құбырдың ішкі бетінде қақ түрінде шөгінділер пайда болады. Ол
жылу беруді нашарлатып (шөгіндінің жылуөткізгіштігі метал
жылуөткізгіштігінен өте аз болғандықгаи), құбыр металының аса
қызуына. беріктігінің төмендеуіне жэне жұмыс денесінің (су, бу)
қысымының эрекетінен оның жарылуына әкеліп соғады. Сондықтан
қорек суыньщ тазалығы жоғары болу керек.
Жоғарғы сәулелік бөліктен (ЖСБ-ВРЧ) ішінара қыздырылған бу
оньщ жолындағы соңгы қыздыру бетіне келеді, ол жазық газжолында
орналасқан ағындық буды аса қыздырғыш деп аталады. Ағыңдық
буды аса қыздырғышта бу белгілі қысымға және ыстықтыққа ие
болады да, шығырға жіберіледі.
Бу қыздыргыштан кейін де жану өнімдерінің ыстықтығы едэуір
жоғары (800-900 °С). Ары қарай жану өнімдері аралық бу
қыздырғышқа түседі. Оған шығырда ішінара
жұмыс істеген бу екінші
рет (арапық) қыздыруға жіберіледі.
Арапық бу қыздырғыштан кейін де жану өнімдерінің
ыстықгығы элі жогары (500-600 °С) болгандықтан, оның жылуын
ағындық үнемдегіште
9 пайдаланады. Онда қаныгу
ыстықтығынан кіші ыстықтыққа дейін қыздырылған қорек суы
төменгі сәулелік бөлікке (ТСБ-НРЧ) келеді. Үнемдегіигген соң, жану
өнімдерінің ыстықтығы 300-400 °С және одан әрі пайдалану ауа
қыздырғышта іске асырылады. Ауа қьгздырғышта суық ауа 250-420
°С-қа дейін ысиды. Ыстық ауаның ыстықтыгы отын түріне және оны
жағу тәсіліне байпанысты.
Ауа қыздырғыштан соң, жану өнімдерінің ыстықтығы едәуір
төмен 110-160 °С болады. Олардың жылуын одан әрі пайдалану
тиімсіз болады да, түтін сорғышпен түтін мұржасы арқылы әуеге
(атмосферага) шығарылады және оларды шығар газдар (уходящие
газы) дейді.
21