Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша



жүктеу 4,2 Mb.
бет14/38
Дата29.11.2023
өлшемі4,2 Mb.
#44504
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
multi-213 x606468403

3. Мүшелерді дақылдау әдістері
in vivo жағдайларына максималды ұқсас болатын анатомиялық байланыс пен ұлпалардың қызмет етуін сақтай отырып, мүше немесе мүше бөлігін in vitro дақылдау мүшелік өсірінді деп аталады. Эксплант перифериясында жеке бөлініп алынған жасушалардың миграциясы дақылдаудың арнайы жағдайлары арқылы басылады. Соның нәтижесінде тіпті дифференциацияланған құрылымдар пайда болуы мүмкін.
Мүшелік өсіріндінің негізгі ерекшіліктері:
1. Мүшелік өсіріндіде жасушаралық әрекеттесулер ұзақ уақыт сақталынып тұрады.
2. Мүшелік өсірінді жасушалары гистологиялық және гистохимиялық құрылымын сақтап тұрады. Ұлпаның әртүрлі компоненттері кеңістік өзара байланыс пен функционалдық белсенділігін сақтап тұрады. Эпителийдің өсуі мен дифференцировасын қамтамассыз ететін строма сақталынып қалады. Сондықтан мүшелік өсіріндегі ұлпа физиологиялық эксперименталдық үлгіге ең жақын болып келеді.
3. Мүшелік өсіріндіні дайындау қиын емес болып келеді.
4. Мүшелік өсірінді көбеюге қабілетсіз.
5. Эмбриондық мүшелер мен олардың бастамасы in vitro-да in vivo жағдайларында сияқты өсіп, гормондарға сезімталдылық пен гормондардың әсеріне жауап беруге қабілеттілігін сақтап қалады.
6. Мүшелік өсіріндіні таза О2 ортасында дақылдау керек.
7. Мүшелік өсіріндінің дақылдауы белгілі бір уақытпен шектелген және бірнеше айдан аспайды.
Мүшелік өсіріндіні дақылдаудың бірнеше әдісі бар.



Сурет 1. Мүшелік өсіріндіні дақылдау әдістері .
Төменде мүшелік өсірінділерді дақылдаудың негізгі әдістері сызба түрінде ұсынылған.
Сағат шынысы әдісін Фелл мен Робинсон жасаған.
Ілінген тамшы әдісі (Максимов) Харди бойынша, 1978.
Агар қоймалжынымен эмбриологиялық шыны сағаты. Вольф пен Хаффен, 1952.
Троувеллдің модификацияланған әдісі

Сурет 2. Мүшелік өсірінділерді дақылдаудың негізгі әдістері


4. Омыртқасыздардың жасушалар мен ұлпаларын дақылдау
Омыртқасыздардың жасушалық өсірінділерін дақылдау қажеттілігі ауылшаруашылықта энтомопатогенді құралдарды алуымен байланысты. Энтомопатогенді вирустарды дақылдау үшін бунақденелілердің тірі жасушалары керек. Соған байланысты вирустық құралдарды алу үшін алдын ала бунақденелілер-иелерін көбейту керек.
Омыртқасыздардың жасушалық өсірінділер қолдану арқылы осы мәселелер шешіледі. Бірақ омырқасыздар жасушаларын дақылдауы бір қатар қиыншылықтар мен ерекшіліктермен байланысты. Біріншіден, омыртқасыздардың өсуі мен метаморфоздың алуантүрлігі мен ерекшелігі. Екіншіден, қоректік ортаның арнайлығы. Қоректік ортаның құрамын дайындаған кезде гемолимфаға ұқсас қылдырады.
Омыртқасыздарды дақылдау үшін өсірінді орталардың ерекшіліктері:
1. Органикалық қышқылдардың болуы.
2. Аминқышқылдар үлесінің жоғары болуы.
3. Ортаның жоғары осмостық қысымы.
Омыртқасыз жануарларлардың жасушалық өсіріндінің көзі имагиналды дискілер, қабығы жойылған эмбриондар, жеке мүшелер болып келеді.


Әдебиеттер:
1. Вечканов Е.М., Сорокина И.А. Основы клеточной инженерии: уч. пос. Ростов-на-Дону, 2012. – 136 с.
2. Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 – 260 б.
3. Р.Адамс. Методы культуры клеток для биохимиков. Москва, Мир, 1983.
4. Р.Фрешни (под ред.). Культура животных клеток. Методы. Уч.пос. Москва: Мир, 1989.
5. Джамалова М.А. Биотехнология животных: учебник. Алматы: Агентство «Маматай», 2004. – 304 с.

ДӘРІС 7. МОНОКЛОНДЫ АНТИДЕНЕЛЕР. ГИБРИДОМАЛАР.




Жоспар:
1. Антиденелер туралы жалпы түсінік
2. Моноклонды антиденелер туралы түсінік

3. Гибридомаларды алу
4. Иммуноферментті талдау
5. Вакциналар өндірісі



жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау