Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша



жүктеу 4,2 Mb.
бет11/38
Дата29.11.2023
өлшемі4,2 Mb.
#44504
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
multi-213 x606468403

2. Эмбрионалды діңгек жасушалар
1999 жылы «Science» журналы эмбрионалды діңгек жасушалардың ашылуын биологиядағы үшінші маңызды жетістік (біріншісі-ДНҚ молекуласының құрылымының анықталуы, екіншісі «Адам геномы» жобасы) ретінде мойындады (1 сурет). Діңгек жасушалары — тірі ағзалардың ерекше жасушаларының иерархиясы, осы жасушалардың әрқайсысы кейін дифференциациялана алады. Діңгек жасушалар ассиметриялық жолмен бөліне алады. Осындай бөлінудің нәтижесінде жаңа пайда болған жасушалардың бірі аналық жасушасына ұқсайды, ал екіншісі дифференциацияға қабілетті жасуға айналады. 1908 жылы Берлинде гематологиялық қоғамның жиналысында орыс гистологы Александр Максимов (1874—1928) «діңгек жасушасы» терминін енгізеді. Ол діңгек қан түзуші жасушаның бар болатынын дәлелдеді. 1981 жылы америкалық биолог Мартин Эванс бірінші рет діңгек жасушалардың дифференциацияланбаған плюрипотентті линияларын — тышқан бластоцисттерін бөліп алды. 1998 жылы Д. Томпсон мен Д. Герхарт өлмейтін эмбрионалды діңгек жасушалардың линиясын бөліп алды (ЭДЖ).



Сурет 1. Адамның эмбрионалды діңгек жасушаларының фотографиялары


Діңгек жасушалардың бастамасы тотипотентті зигота болып табылады. Бірінші бірнеше бөлінуде зиготалар тотипотенттілікті сақтап тұрады және ұрық өз тұтастылығын жоғалтса монозиготалы егіздер пайда болады. Олардан плюрипотентті (омнипотентті) және мультипотентті (бласттық) діңгек жасушалар дамиды. Ал содан кейін ағза ұлпаларының жетілген унипотентті жасушалары түзіледі. Діңгек жасушалардың қуыстары ұлпалардағы дифференциациялану үшін қажетті болған кезде бөлінетін діңгек жасушалар орналасатын жерлері. Діңгек жасушалар бөліну арқылы көбейеді. Діңгек жасушалар жетілген жасушаларға қарағанда шексіз бөліне алады.


Ағзада діңгек жасушалардың бір қатар популяциялары бар. Ересек ағзалардың әртүрлі мүшелер мен ұлпаларында тез жетіліп, қажетті типті жасушаларға айналуға дайын жарым-жартылай жетілген діңгек жасушалары болады. Оларды бласттық жасушалар деп атайды. Мысалы, жарым-жартылай жетілген ми жасушалары — бұл нейробласттар, сүйек — остеобласттар және т.б.
Дифференцировканы ішкі және сыртқы себептер қосу мүмкін. Діңгек жасушалардың потенциалы зор: оларды зақымдалған мүшелер мен ұлпалардың регенерациясы мен дәрілік терапиямен емделмейтін ауруларды емдеу үшін қолдануға болады. Эмбрионалды діңгек (ES - embrionic stem) жасушалар әмбебап болып келеді.
Олар ұрық дамудың ерте кезеңдерінде эндодерма, эктодерма мен мезодермаға бастама беретін жерінен алынды. Қазіргі кездегі адам ES-жасушалық линиялары жасанды in vitro ұрықтандыру нәтижесінде пайда болған эмбриондардан жасалынды. Бірақ олардың барлығы бірдей болмайды. Плюрипотенттілікті тексеру үшін жануарлардың ES-жасушаларында апробацияланған екі тест ұсынылған. Бірінші тест тексеріліп жатқан ES-жасушаларын жануардың ағзасына енгізуіне негізделген. Егер жануарда тератома (эндодерма, эктодерма мен мезодерма жасушалары болатын қатерлі ісік) қалыптасса, онда олардың плюрипотенттілігі дәлелденген деп саналады. Екінші тестте жасушалар-кандидаттар белгіленеді де, дамып жатқан эмбрионға енгізіледі. Егер жасушалар туылған төлдің барлық ұлпаларында болса, онда олар плюрипотентті деп саналады. Бірақ осындай әдістеменің қолдануы ұлпаларында адам ДНҚ-сы болатын жануар-химераның пайда болуына әкелу мүмкін. Ал бұл жағдай этикалық көзқарастан болмауға тиіс. ES-жасушалар линиясын алу үшін бластоцистадан ішкі жасушалық массасын алып, қоректендіруші жасушалармен Петри табақшасына салады. Бірнеше күннен кейін табақшада жасушалар колониялары қалыптасады. Егер олар стандартты тесттерге оң нәтиже беріп, өздігінен тіршілік етуге қабілетті болса, оларды эмбрионалды діңгек жасушаларға жатқызуға болады. Эмбрионалды діңгек жасушалардың қасиеттері:
1. Тотипотенттілік — ағзаның кез келген 350 ұлпасын қалыптастыруға қабілеті.
2. Хоуминг — діңгек жасушалардың ағзаға енгізген кезде, зақымдалған жерді тауып, сол жерде бекініп, жоғалған функцияны орындауға қабілеті.
3. Теломеразалық белсенділік.
4. Цитоплазмада ұрықтың ерте дамуына жауапты барлық 3 мың геннің мРНК болуы.



жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау