Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша


Жасушаларды дақылдаудың жалпы ұсынымдары



жүктеу 4,2 Mb.
бет31/38
Дата29.11.2023
өлшемі4,2 Mb.
#44504
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
multi-213 x606468403

3. Жасушаларды дақылдаудың жалпы ұсынымдары
Жасушаларды дақылдаудың жалпы ұсынымдары:

  1. Жасушалар физикалық стационарлы түрде, физикалық және химиялық градиенттердің дамуы ықпалданып, өсіріндінің дифференцияциясы өамтамасыз етілуі үшін бір-бірімен тығыз байланыста өсірілуі қажет,

Кейбір өсімдік түрлерін жарық жағдайында дақылдау қажет.
2. Өсіріндінің өсуін баяулату үшін қоректік ортаның құрамын және оттегі деңгейін реттеп отыру қажет.
3. Жасушаларды бастамашыларымен қамтамасыз етіп отыру қажет, бірақ концентрациясы төмен болуы керек. Бастамашылар бастапқы өнімге қайта айналу тізбегінде максималды жақын болу керек.
4. Мүмкіндігінше метаболиттерді қоректік ортаға немесе жасушаға секреттейтін және мұндай секрециясы ықпалдандыруға болатын жасушаларды пайдаланған жөн.


Әдебиеттер:
1. Вечканов Е.М., Сорокина И.А. Основы клеточной инженерии: уч. пос. Ростов-на-Дону, 2012. – 136 с.
2. Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 – 260 б.
3. Р.Адамс. Методы культуры клеток для биохимиков. Москва: Мир, 1983.
4. Уәлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы: оқулық. Алматы: ЖШС «Дәуір», 2009 – 336 б.
ДӘРІС 13. ӨСІМДІК ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ПРОТОПЛАСТАРЫНА СИПАТТАМА. ПРОТОПЛАСТТАРДЫ АЛУ, ДАҚЫЛДАУ, ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ БІРІКТІРУ
Жоспар:
1. Протопласт туралы түсінік
2. Протопласттарды бөлу кезеңдері
3. Протопласттарды дақылдау
4. Протопласттарды қолдану
5. Протопласттардың бірігуі
Протопласт (грекше protos- алғашқы және platos- түзілген, жапсырылған) – целлюлоза қабықшасынан айырылған, цитоплазмалық мембранамен қоршалған, белсенді метаболизмді жүзеге асыруға қабілетті, биосинтез жүргізе алатын және энергияны трансформациялай алатын жасуша (сурет 1). Алғаш осы терминді 1880 жылы Д.Ханстеин қолданған болатын.


Сурет 1. Өсімдік протопластының суреті


1892 жылы Дж.Клеркер алғаш рет протопластты бөліп алды. Ол су өсімдігі жауқияқ (Stratiotes aloides) жапырақ ұлпасын плазмолиздеп (плазмолиз - цитоплазманың қабырғаға жақын қабатының өсімдік жасушасының қатты қабықшасынан бөлінуі), жасуша қабықшасын алып тастаған. Бұл механикалық әдіс болып табылады. Әдістің бірнеше шектеулері бар:

  1. Өнімділіктің жоғары болмауы.

  2. Ұлпаларды тек экстенсивті плазмолизбен ғана қолдануға болады.

  3. Еңбек сыйымдылығы және ұзақтылық.

Протопласттарды бөлудің басқа әдістері – ферменттерді қолдану арқылы жүретін энзимдік әдіс. 1952 жылы алғаш рет Салтон лизоцим ферментінің көмегімен бактерияның жасуша қабықшасын бұзды. 1960 жылы Коккинг қызанақ тамырының ұшын зең саңырауқұлағының (Myrotheciumverrucaria) өсірінді сұйықтығынан алынған гидролитті ферментпен өңдеп, алғаш рет энзимдік әдіспен жоғары сатылы өсімдіктерден оқшауланған протопласттарды алды.
Энзимдік әдістің артықшылықтары:

  1. Бір мезетте протопласттардың көп мөлшерде бөлінуі (грамм ұлпалар немесе жасушалар 10 млн. дейін).

  2. Жасушалар күшті осмостық қысымға ұшырамайды.

  3. Жасушалар зақымданбайды.

  4. Әдіс салыстырмалы түрде жылдам жүреді.

Жасуша қабықшасын жою үшін үш түрлі фермент типі қолданылады: целлюлоза, гемицеллюлоза және пектиназа. Ферменттердің комбинациясы мен өзара байланысы әр жасуша типіне қарай әр түрлі.



жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау