|
Жүргізу қағидасы 1-параграф. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдарпараграф. Орманавиациялық жұмыстар
|
бет | 15/25 | Дата | 15.01.2020 | өлшемі | 2,07 Mb. | | #26688 |
| 133 параграф. Орманавиациялық жұмыстар
858. Орманавиациялық жұмыстарда ұшу мынадай мақсатта жүргізіледі:
1) ормандарды авиациялық қорғау;
2) ормандарды тексеру және есепке алу;
3) орман қорғау және орман пайдалану ұйымдарына қызмет көрсету.
859. Ормандарды авиациялық қорғау және тексеру бойынша ұшулар КҰҚ бойынша және берілген аудандарда орындалады.
Өрт анықталған кезде қадағалаушы ұшқыш өтініші бойынша ӘҚҚорганының ақпаратымен (бақыланатын әуе кеңістігінде) әуеден таңдалған алаңда тікұшақта қонуды орындауға рұқсат етіледі.
860. Төменгі өрт үстінен төмендеуге өрт жиегі бойынша ағаш төбелерінен ұшақты кемінде 200 м және тікұшақта 100 м биіктікте рұқсат беріледі.
861. Жоғары өрт ошақтары және түтінді аудандар үстінен КҰҚ бойынша ұшу үшін белгіленгеннен кем көрініс кезінде ұшып өтуге тыйым салынады.
862. Вымпелді хабар қабылдау пунктіне тастау кедергілер үстінен кемінде мынадай биіктіктерде жасалады:
1) ені 1500 м -50 м астам жазықты жерде және таулы аңғарларда;
2) таулы жерде - 100 м.
863. Вымпелдерді тастау кезінде мынаған рұқсат етілмейді:
1) еңіс бойы жоғары бет алуға және бұрылуға;
2) кемінде 300 м қашықтықта таудың күрделі шатқалдарына қатты шайқалған кезде жақындауға;
3) вымпелді тастауды тек әуе кемесінің командиріне жасауға;
4) қауіпсізден төмен биіктікте назар аудару мақсатында хабар қабылдау пунктінің үстінен эволюцияны орындауға.
864. Қуатты қондырғыларды пайдаланып, жауын-шашынды жасанды шақырып, парашюттерді, түсу жабдықтарын қолданып, сондай-ақ жүкті түсіріп және жарылыс заттарды жеткізіп, өртті белсенді сөндіру бойынша ұшулар әуе кемесінің ҰПН-не сәйкес жасалады.
134 параграф. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстары
865. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарына ұшуға мыналар жатады:
1) құрылыс конструкциясын, ЭБЖ, құбырларды монтаждау және демонтаждау;
2) сыртқы аспаға арналған жүктерді тасымалдау;
3) тиеу-түсiру операцияларын өткізу;
4) тікұшақтың салбырауымен және орын ауыстыруымен байланысты жұмыстың басқа түрлері.
Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын орындау масатында ұшулар әуе кемесінің ҰПН талаптарына және оған балама құжатқа сәйкес жасалады.
Нақты жағдайлардағы құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын орындау үшін ұшуларды жасау жөніндегі нұсқаулық белгіленген тәртіпте (оны әзірлеуге аталған жұмыс түріне рұқсат берілген пайдаланушының ұшу-командалық тұлғасына рұқсат етіледі) әзірленеді.
866. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын жүргізуге, жүктерді тікұшақтың сыртқы салбырауына орналастыруға мына жағдайда, егер тапсырыс беруші:
1) жүктерді тасымалдауға дайындау технологиясының сақталуын және техника қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз етпесе;
2) жұмысқа басшылық жасайтын өкіл тағайындамаса рұқсат етілмейді.
867. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын орындау алдында қажет жағдайда бақылаушы ұшып өту және ҰПН және тікұшақтың осы үлгісінің ұшу экипажының технологиялық жұмыстарының талаптарын сақтай отырып, жұмыс тәсілі мен шарттарының аса табысты бағыттарын айқындау үшін монтаждау алаңы (жүк түсіру) үстінен салбырау жасалады.
868. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын орындаудың анағұрлым орынды тәсілін айқындау үшін осы жұмыс түрі бойынша нақтыға ең жоғары жақындаған шарттарда арнайы берілген орында жаттығу ұшуларына ұйымдастырылады және қажет жағдайда жасалады.
869. Жұмысшылар бригадасымен (монтаждаушылармен) ұшу экипажының өзара іс-қимылы үшін радиобайланыс және әуе кемесінің командирімен орнатылған көзбен шолу белгісі қолданылады.
870. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарына ұшу бұлттардың төменгі шекарасынан кемінде 150 м биіктікте және кемінде 2000 м көрініс кезінде КҰҚ бойынша орындалады.
871. Егер ауа райы болжамы құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын орындау үшін минимумдерге сәйкес келмесе, ұшу-командалық құрамның лауазымды тұлғаларына әуе кемесініңкомандиріне мынадай жағдайлар кешенін орындау кезінде өздігінен шешім қабылдауға рұқсат беру (ұшу тапсырмасында көрсетіле отырып) құқығы беріледі:
1) әуе кемесінің командирі ретінде авиациялық жұмыстарды орындау бойынша шабуыл кемінде 500 сағатты құрайды;
2) нақты көрініс - кемінде 2000 м;
3) бұлттардың төменгі шекарасынан биіктігі - 200 м және астам.
872. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру операцияларын жасау кезінде қону алаңынан 5 км астам емес радиусте әуе кемесі командирінің нұсқауы бойынша АОҚ-мен, бірақ 20 минуттан кем емес ұшуды орындауға рұқсат беріледі.
135 параграф. Халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық iс-шаралар жүргiзуге арналған ұшулар
873. Түнгі ұшулар үшін жабдықталмаған әуеайлақтан жедел медициналық көмек көрсету мақсатымен ұшу мынадай жағдайда рұқсатетіледі:
1) жазық жерде – таң атқанда және түн басталғанша дейін 30 минут ішінде аяқтау;
2) таулы жерде – күн шыққаннан бұрын емес және күн батқаннан кеш емес аяқталады.
874. Ұшулар осы Қағиданың талаптарына сәйкес орындалады:
1) бұлттардың төменгі шекарасынан кемінде 100 м биіктікте және кемінде 1000 м көріністе КҰҚ-тың ең төменгі шарттары бойынша күндіз.
2) бұлттардың төменгі шекарасынан кемінде 300 м биіктікте және кемінде 400 м көріністе түнде.
Түнде жедел ұшуды орындау кезінде әуе кемесінде қонуға жарықбелгісі бар (алаулар, қуырғыш және т.б.) әуеайлаққа немесе қону алаңына рұқсат беріледі.
875. Егер әуе кемесі әуеден таңдалған алаңға қонса, одан түнде ұшуға тек жедел медициналық көмек көрсету жағдайында рұқсат етіледі.
Егер ӘК командирі ұшып көтерілу курсының жарық белгісі жабдығымен түнде қауіпсіз ұшып көтерілу үшін алаңды даярлау бойынша шараларды қабылдайды.
876. Әуе кемесінің жедел ұшып кетуі кезінде қону бағытында және пунктінде ауа райының нақты жағдайы туралы деректерсіз бағдарлы болжамдар бойынша орындауға рұқсат етіледі.
877. Күндіз және түнде жедел ұшуға АҰҚ бойынша ұшуға рұқсат берілген, арнайы даярланған экипажға (ұшқышқа) рұқсат беріледі.
878. Медициналық көмек көрсету бойынша жедел ұшуларды орындайтын әуе кемесіне қызмет көрсету бірінші кезекте жүргізіледі.
879. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша ұшулар мыналарға бөлінеді:
1) жедел медициналық көмек көрсету үшін ұшуды жедел орындауға;
2) санитарлық жоспарлы консультациялар үшін медицина персоналын, медициналық жүктерді жеткізумен және іс-шаралар бойынша басқа өтінімдерді орындаумен байланысты ұшуларға.
880. Халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық iс-шаралар жүргiзуге арналған ұшулар денсаулық сақтау ұйымдарының пайдаланушымен жасалған шарт және оның өтінімдері негізінде жасалады.
881. Екі бағытта жедел ұшу деңгейі денсаулық сақтау ұйымы өтінімі негізінде ұшуға тапсырмада көрсетіледі.
Адамдар өмірін құтқарумен байланысты жеке жағдайларда, құжаттаманы одан әрі толтыра отырып, жазбаша өтінімсіз жедел медициналық көмек көрсету үшін ұшуларды орындауға рұқсат етіледі.
882. Денсаулық сақтау ұйымының қызмет көрсету бойынша ұшулары осы Қағидада көзделген шарттар кезінде КҰҚ бойынша, КҰҚ және АҰҚ бойынша арнайы ұшумен орындалады.
Адамдар өмірін құтқарумен байланысты қажетті жағдайларда, әуе кемесінің командирінің келісімі кезінде осы Қағидада жазылған ұшу тәртібі мен қағидаларынан кетуге жол беріледі.
Бұл ретте әуе кемесінің командирі аталған ауданда ұшу тәжірибесі, аспаптар бойынша ұшуға рұқсаты, ал түнгі ұшулар кезінде денсаулық сақтау ұйымының қызмет көрсетуі бойынша шұғыл ұшуларды орындаған кезде ҚҰЕ бойынша арнайы ұшуға рұқсаты болуы тиіс.
Осы кезде аталған тапсырманы орындау үшін барлық ұшу экипажының дайындығы да ескерілуі қажет.
883. Түнгі жедел ұшуларды орындау кезінде әуе кемесінің қонуы түнгі ұшу үшін жабдығы немесе жарық белгісі (алаулар, күйдіргіштер) бар әуеайлақтарға және қону алаңдарына рұқсат беріледі.
Адам өмірін қалдырлаған салдардан немесе қауіптен құтқарумен байланысты ерекше жағдайларда, жарық белгісі жоқ, әуеден таңдалған, алаңға қонуды орындауға рұқсат беріледі, бұл ретте әуе кемесінің командирі және ұшу экипажы белгіленген тәртіпте арнайы тексеруден өтеді және ұшудың осы түріне рұқсат беріледі.
884. Азаматтық авиацияның барлық әуежайларында (әуеайлақта) медициналық көмек көрсету бойынша жедел ұшуларды орындайтын әуе кемелеріне техникалық қызмет бірінші кезекте көрсетіледі.
885. Мәжбүрлі қону жағдайында, әуе кемесінің экипажы ауруларды немесе медициналық жүкті жақын медициналық пунктке жеткізуді ұйымдастыру бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды және мүмкін жағдайда басқа әуе кемесіне қону үшін орын дайындайды.
Ескерту. 885-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
136 параграф. Көлік-байланыс жұмыстары
886. Көлік-байланыс жұмыстары тапсырыс берушінің жолаушыларын, жүктерін және жабдықтарын тасымалдау үшін әуе кемесі пайдаланылатын әртүрлі эпидемиялық, ғылыми және шаруашылық ұйымына қызмет көрсету мақсатында орындалады.
Көлік-байланыс ұшулары әуе трассалары бойынша, ЖӘЖ және белгіленген бағыттар КҰҚ және АҰҚ бойынша осы Қағида талаптарына сәйкес орындалады.
887. Жүктерді тасымалдауды сыртқы аспаларды пайдаланып жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Түсіруді ұшуда тастау әдісімен немесе тікұшақтың салбырау режимінде, әуе кемесі қонғаннан кейін жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
888. Жүктерді тастау парашютпен және парашютсіз жасалады:
1) парашютпен - кемінде 150 м биіктікте;
2) парашютсіз:
жазық жерде - 25 м төмен емес биіктікте;
ойлы-қырлы жерде - 50 м төмен емес;
таулы жерде - 100 м төмен емес.
Ескерту. 888-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
889. Сыртқы аспада жүгі бар тікұшақтарда ұшу елді мекенді аралап, КҰҚ бойынша орындалады;
1) жазық және ойлы-қырлы жерде:
күндіз және алакөлеңкеде - кемінде 2000 м көріністе және бұлттардың төменгі шекарасынан 200 м төмен емес биіктікте;
түнде - кемінде 4000 м көріністе және бұлттардың төменгі шекарасынан 450 м төмен емес биіктікте;
2) таулы жерде – күндіз бұлттардың төменгі шекарасынан 400 м төмен емес биіктікте мынадан кем көрініс кезінде:
рельефті 2000м. жоғары арттыра отырып 5000м. таулы жерде;
рельефті 2000м. жоғары арттыра отырып 8000 м. таулы жерде.
890. Сыртқы аспада тасымалданатын жүк мынадай жағдайда авариялық тасталуы тиіс:
1) қалықтап тұрғанда, егер қозғалтқыштың (қозғалқыштардың) барынша қуаты пайдаланылса, ал тікұшақ өздігінен төмендейді;
2) ұшу экипажының қарлы (шаңды) құйын жағдайында жермен көзбен көру байланысы жоғалған кезде;
3) тікұшақтың жылдамдық алу немесе тежеу кезінде жүктің жермен немесе кедергімен жанасуы кезде;
4) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жүктің шайқалуы кезінде;
5) жүкпен жерге қону мүмкін болмағанда, мәжбүрлі қону кезінде;
6) қозғалтқыш (қозғалтқыштар) істен шыққан кезде;
7) тікұшақ командирінің дәйекті шешімі бойынша басқа жағдайда.
137 параграф. Теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан ұшулар (бұдн әрі - ТБҚ)
891. Теңіз кемесінің бортына орналасқан тікұшақтың ұшуы кеме капитанының тапсырмасы бойынша орындалады. Тікұшақ командирі ұшып шығуға шешім қабылдайды және ұшу қауіпсіздігі үшін жауапты болады.
892. 2000 тікұшақтарда сағаттан кем емес дербес ұшуы және ұшу тапсырмасында жазылған тиісті рұқсаты бар тікұшақ командирі теңіз кемесінен ұшуларды орындау кезінде, мынадай жағдайларда нақты ауа-райы бойынша шешім қабылдайды және ұшуды орындайды.
1) осы жұмыс түрі үшін көріну кемінде 5000 м., 100 м ең төменгіден жоғары бұлттың төменгі шегінен жоғары;
2) ауа-райында осы жұмыс түрі үшін барынша шекті желдің жылдамдығын күшейтуді және әуе кемесінің осы үлгісі үшін ҰПН шектеулерін көздемейді. Бұл ретте тікұшақ командирі барлық ұшу уақытында ауа-райындағы өзгерістерді байқауы және оның төменде көрсетілген мәндері нашарлаған жағдайда тапсырманы орындауды тоқтату.
893. Теңіз кемесінде орнатылған радиотехникалық құралдардыпайдалана отырып, тұрақты екі жақты радиобайланысты және бағыт бойынша бақылауды қамтамасыз ететін қашықтықта теңіз кемесінен тікұшақтың ұшуына рұқсат етіледі.
894. ТҚБ ұшулар екі қозғалтқышы бар тікұшақтарда белгіленген бағыттар бойынша орындалады. ТҚБ ұшулар жағалау шегінен 30 км асатын қашықтықта белгіленген және жабдықталмаған РТҚ-ға тыйым салынады.
895. Радиусы 2 км және одан кем емес ауданда екі және одан көп ТҚБ кезінде ұшулар былайша ұйымдастырады: осы радиуста бір тікұшақтың болуын.
896. Тікұшақ экипажы ұшу алдындағы дайындық кезінде нақты ауа райы, теңіз кемесінің теңселу параметрі, ТҚБ ауданы мен бағыты бойынша теңіз бетінің күйі туралы мәліметпен қамтамсыз етіледі.
897. Теңіз кемелері және ТҚБ ұшулар ауа-райы жағдайында КҚҰ бойынша орындалады:
1) күндіз: көру кемінде 2000 м және бұлттардың төменгі шегінің биіктігі кемінде 150 м;
2) ҚҚҰ бойынша арнайы ұшулар кезінде:
күндіз: көру кемінде 1000 м және бұлттардың төменгі шегінің биіктігі кемінде 100 м;
түнде: көру кемінде 4000 м және бұлттардың төменгі шегінің биіктігі кемінде 450 м.
Ескерту. 897-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
138 параграф. Авиациялық эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстары
898. Эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу бойынша ұшулар шарттар бойынша және тараптар бекіткен ұшу (лар) бағдарламасына сәйкес пайдаланушылар жүзеге асырады.
899. Эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу бойынша ұшулар КҰҚ және АҰҚ бойынша күндіз және түнде орындалады.
Эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу бойынша ұшуларды орындау кезіндегі минимумдар ұшуларды сынау бағдарламасына сәйкес белгіленеді.
Осы жұмыс түріне барынша дайындалған ұшу экипажы жіберіледі.
900. Эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу бойынша ұшулар егер ұшуды орындау технологиялары мен ережелері осы жұмыс түрлерін реттейтін осы Қағиданың талаптарына, ҰПН немесе оған балама құжатқа және азаматтық авиация қызметі және әуе кеңістігін пайдалану заңына қайшы келмегенде орындалады.
139 параграф. Парашютшілерді түсіру және десанттау бойынша ұшулар
901. Парашютшілерді түсіру бойынша ұшулар өндірістік, секіру жаттығулары және спорттық іс-шараларды орындау мақсатында жүргізіледі.
902. Өндірістік секірулерді орындау бойынша ұшулар оны пайдалануға беру бойынша нұсқаулыққа сәйкес парашют жүйесін пайдаланудың ең төменгі биіктігінен төмен емес ӘК шынайы ұшулары кезінде орындауға рұқсат етіледі.
903. Парашюттен секіруге арналған әуе кемелерінде кіретін есіктің сыртқы тұтқасында және сол жақ тірек амортизаторының сүйірінде қоршау орнатылуы тиіс. Парашютпен секіру жеке де, топталып те орындалады.
904. Құтқарушы паршютшілерді кесінділерге, өртке, желге, шалшыққа (өте құрғақтан басқа), қурап қалған жасыл-желектерге, сондай-ақ олардың жоғарғы вольтты желілерге түсуі ықтимал жағдайларда тастауды орындауға тыйым салынады.
905. Жерге қону алаңын мұқият қарау үшін қауіпсіз биіктікке дейін ұшақтың төмендеуіне рұқсат етіледі.
906. Өзендер мен су қоймаларынан 500 м жақын орналасқан алаңдарға құтқарушы паршютшілерді тастау өзеннен немесе су қоймасынан барынша қашықтағы алаңды таңдап алу мүмкіншілік болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
907. «Дөңгелек нысанды» парашюттермен өндірістік секіру жерге қону орнындағы жердегі желдің күшеюі кемінде секундына 8 метр кезде, негізгі парашюттің тактикалық-техникалық сипаттамасы бойынша «қанат» үлгісіндегі барынша тік жылдамдықтан асатын желдің күші секундына 5 метрден аспайтын кезде орындалады.
908. Парашюттік-десанттық топтарды (ПДТ) паршютпен немесе басқаәдіспен түсіруге шешімді ПДТ тобының басшысы ӘК командирі мен іздестіру-құтқару жұмыстары басшының келісімі бойынша қабылдайды.
140 параграф. Арнайы қорғаныш құралдармен орманға парашютпен өндірістік секірулер
909. Орманға парашютпен секірулер орманның жазығында жел күші жерге қону орнында секундына 10 метрден аспаған кезде орындалады.
Парашютшілерді орманға тастауды тек апатты аудандағы бар алаңда көмек көрсету үшін апат орнына құтқарушы парашютшілердің уақытылы келуін қамтамасыз етпегенде жағдайда және құтқарушы парашютшілерді парашютсіз түсіруді орындау мүмкін болмаған кезде орындауға рұқсат етіледі.
910. Іздестіруші ӘК-мен орман учаскесін қарау кезінде қурап қалған ағаштар мен беткей құлдиының болуын ерекше назарға алуы тиіс.
911. Құтқарушы парашютшілерді орманға тастау тек үш адамнан кем емес топқа рұқсат етіледі. Қажеттілігіне қарай әрбір ӘК кіруінде бір парашютшіні тастауға рұқсат етіледі.
141 параграф. Парашютпен секіру жаттығулары
912. Парашютпен секіру жаттығулары парашютшілердің жерге қону қауіпсіздігінің талаптарына жауап беретін және мынадай өлшемдері бар әуеайлақтарда және арнайы таңдалған алаңдарда жүргізуге рұқсат етіледі:
1) бастапқы оқыту бағдарламасы бойынша секірулерді орындау кезінде - кемінде 600 х 600 м;
2) барлық басқа да жағдайларда - 400 х 200 м кем емес.
Жерге қону аймағы мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
3) олар бойынша ұшулар орындалатын әуе трассалары жанында тұру;
4) кедергілері жоқ (егер бұл дайындық (жаттығу) бағдарламасында көзделмесе);
5) оның шекарасы шегінде (кемінде 250 – 300м) қауіпсіз, бос құрылыс аймағы, темір жолдар, электр беру желілері, ірі су қоймалары және басқа жерге қону үшін қауіпті кедергілері болуы;
6) автокөлік үшін кірме жолдардың болуы.
913. Күндіз парашюттен секіру жердегі желдің мынадай жылдамдықкезінде орындауға рұқсат етіледі:
1) алғашқы парашютшілер үшін кемінде секундына 5 м;
2) лицензияланған парашютшілер кемінде секундына 10 м;
3) 2 сыныптан төмен емес нұсқаушы парашютшілер үшін негізгі және қосымша парашютшілердің ТТД еске ала отырып, секундына 15 м
914. Түнгі парашюттен секіру, сондай-ақ күндіз қатып қалған және қары аз жабындарда жердегі жел күшінің жылдамдығы кезінде орындауға рұқсат етіледі:
1) алғашқы үйренуші парашютшілер үшін кемінде секундына 4 м;
2) нұсқаушы парашютшілер мен лицензияланған парашютшілер үшін кемінде секундына 8 м.
915. Суға парашютпен секіру 3 балдық судың толқуы кезінде және су беті желінің жылдамдығы кезінде орындалады:
1) алғашқы парашютшілер үшін кемінде секундына 8 м;
2) тәжірибелі парашютшілер мен нұсқаушы парашютшілер үшін кемінде секундына 10 м.
916. Негізі парашютті кедергісіз ашып секірудің ең аз биіктігі:
1) "қанат" үлгісі - 1000 м.
2) дөңгелек нысанда - 800 м.
917. Осы секірулер орындалатын жердің бетін есептегенде, негізгі парашюттің ранцін ашудың ең төменгі биіктігі:
тандем - 1200 м.
негізгі парашютті ашуда секірулерді кідіртіп орындаған алғашқы үйренуші парашютшілер - 1100 м.
«қанат» үлгісіндегі парашюттерден секірулерді орындайтын парашютшілер – 1000 м.
дөңгелек нысандағы парашюттерден секірулерді орындайтын парашютшілер – 800 м.
142 параграф. Іздестіру және апаттық-құтқару жұмыстары
918. Іздестіру және апаттық-құтқару жұмыстары апатқа ұшырау үстіндегі немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипажын құтқару мақсатында ұйымдастырылады.
919. Іздестіру және апаттық-құтқару жұмыстарын өткізу тәртібі ұшудың негізгі ережесінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
143 параграф. Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудің, авиациялық радиобайланыстың жер үсті құралдарын және әуеайлақтық сұлбаларды ұшып тексеру.
920 Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудің, авиациялық радиобайланыстың жер үсті құралдарын (бұдан әрі – ҰРТҚ және байланыс құралдары) ұшып тексеруі нормативтік-пайдалану құжаттамасыныңталаптарына тактикалық сипаттамасы және ҰРТҚ, байланыс құралдары пайдалануға жарамдылық бағасы сәйкес келетінін растау үшін жүргізіледі.
ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшып тексеруі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 Қаулысымен бекітілген Азаматтық авиациясындағы ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
921. ӘК әуеайлағы ауданынан шығу және қонуға бет алуды орындағанда іске асырылатын әзірленген әуеайлақтық сұлбалардың ұшып тексеруі өкілетті органдармен келісілген бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
12. Ауа-райының барлық жағдайындағы ұшулар
922. Пайдаланушы ұшуларды орындау болжанатын әуеайлақтар (тікұшақ айлағы) үшін әуе кемелерінің пайдалануға берілетін үлгілеріне арналған минимумдары белгіленеді. Бұл минимумдар осы Қағиданың 4-қосымшасының талаптарына сәйкестеніп есептеледі.
Минимумдарды айқындау әдісі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі. Бұл минимумдар осы мемлекеттің әрбір нақты жағдайда арнайы рұқсатын қоспағанда, әуеайлақ орналасқан мемлекеттің авиациялық әкімшілігі белгілеген минимумдардан төмен болмауы тиіс.
Ұшуда жоспарланбаған қосымша әуеайлақтарына арналған минимумдардың бекітілген әдісі бойынша есептеуге рұқсат етіледі.
923. Кез келген нақты ұшып көтерілуге/қонуға арналған әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) минимумдарын айқындау кезінде пайдаланушы мынадай факторларды ескереді:
1) әуе кемелерінің үлгілері мен ұшу сипаттамалары;
2) ұшу экипажының құрамы, оның дайындығы және ұшу тәжірибесі;
3) пайдаланылатын ҰҚЖ өлшемдері мен сипаттамасы;
4) көзге көрінетін және көзге көрінбейтін жердегі құралдардың сәйкестігі және сипаттамасы;
5) навигация, ұшып көтерілу кезінде ұшуды бақылау және басқару,қонуға бет алу, теңестіру, қонғаннан кейін ҰЖҚ бойынша жылдамдық алу және екінші айналымға кету мақсаттары үшін пайдаланылатын әуе кемелерінің борттық жабдықтары;
6) қажетті рұқсаттарды және штаттан тыс рәсімдерді талап ететін ұшып көтерілу аймағындағы және ұшып шығу кезінде биіктікті алудағы, қонуға бет алу және екінші айналымға кетудегі кедергілер;
7) АҰҚ бойынша кіру рәсімдері үшін абсолюттік/салыстырмалы ұшу кедергілерінің биіктігі;
8) айқындау құралы және әуайлақтағы метеожағдай туралы ақпартты ұсыну рәсімі.
924. Осы тарауында қарастырылған әуе кемелерінің үлгілері Қағиданың 4-қосымшасында келтірілген әдіс бойынша айқындалады.
925. Пайдаланушы мынадай жағдайларды сақтау кезінде II және III санаты бойынша қонуға бет алуды орындайды:
1) мұндай бет алуларды орындауын болжайтын әрбір әуе кемесі шешімді қабылдау биіктігімен (ШҚБ, DH) кемінде 60м (200 фут) немесе ШҚБ-cыз қонуға бет алуды орындауы сертификатталған;
2) автоматты бет алуларды және/немесе қонуларды тіркеу (жазу) жүйесі белгіленді, мұндай ұшуларды қауіпсіз орындау бақылау мақсатында олардың мағынасын ашу және талдау жүргізіледі;
3) пайдаланушы мұндай ұшуларды (қонуға бет алуды) орындау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның рұқсаты болуы керек;
4) экипаж ең аз дегенде 2 ұшқыштан тұрады;
5) ШҚБ (DH) радио биік өлшегіші бойынша айқындалады.
926. Пайдаланушы ҰҚЖ кемінде 150 м (А, В және С ұшақтың санаты) немесе кемінде 200 м (D ұшақ санаты) көзбен көру кезінде әрбір нақты жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның арнайы рұқсатынсыз ұшып көтерілуді орындамады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|