Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



жүктеу 0,49 Mb.
бет14/35
Дата06.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#42902
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Педагогиканың жалпы негіздері Лекциялар

Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

  1. Экономика ғылымдары қандай әселелерді зерттейді?

А) адам және оның экономикалық қатынастарын;
В) оқушының зиянды әдеттерін;
С) кәсіптік бағдар беру;
D) оқушының ақыл-ой күшімен ойлауын.
2. Экономикалық тәрбие дегеніміз не?
А) қоғмдық өндіріске тартып, политехникалық білім беру;
В) экономикалық білімдер негізімен қаруландыру;
С) адамгершілік, еңбек, эстетикалық, ақыл-ой, т.б. тәрбие түрлерін бір уақытта жүргізу;
D) дұрыс жауабы жоқ.
3. Оқушының экономикалық ойлауын дамыту қандай пәндердің көмегі арқылы іске асырылады?
А) математика, қазақ тілі, информатика;
В) орыс тілі, дене шынықтыру, еңбек;
С) қоғамтану, химия, еңбек;
D) жоғарыдағының бәрі.
4. Экономикалық тәрбиедегі негізгі бағыттардың бірін атаңыз?
А) ақша;
В) еңбек;
С) қоғам;
D) тамақ.
5. Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қандай еңбек түрі ерекше орын алады?
А) өнімді еңбек;
В) қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек;
С) шығармашылық еңбек;
D) жоғарыдағының бәрі.
6. Экономикалық тәрбиенің оқудан тыс қолданылатын формалары:
А) қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, сұрақ-жауап кештер, коференциялар, пікірталастар;
В) тәрбиелік жағдайаттар, әңгімелер;
С) оқырмандар коференциясы;
D) әртүрлі үйірмелер.
7. Экономикалық тәрбие және білім берудің әдістері:
А) жаттықтыру, тәжірибелік есептер шығару;
В) түсіндіру, әңгіме;
С) тәжірибелік жағдаяттар туғызу;
D) шығарма жаздыру.
8. «Ер жетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы жөнінде тәжірибесі болып, ақшаны жұмсай білуі керек» - деп жазған кім?
А) И.Г.Песталоцин;
В) Я.Г.Коменский;
С) Ж.Ж.Руссо;
D) А.С.Макаренко.
9. Барлық қоғамдық-экономикалық формацияға тән бірдей ортақ тәрбие белгілері бар ма?
А) ешқандай ортақ белгілері болуы мүмкін емес, себебі әрбір қоғамдық құрлысқа тән тәрбиенің өз мақсаттары, түрлері мен әдістері бар;
В) барлық қоғамдық құрылысқа тән ортақ тәрбие белгісі – жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуге қамқорлық;
С) барлық қоғамдық құрылысқа тән ортақ тәрбие белгісі, тәрбие, себебі ол мәңгілік категория;
D) дұрыс жауабы жоқ.
10. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін қандай міндеттерді мектеп іске асыру керек?
А) қоғамның нарықтық экономикалық заңдары, өмір сүру заңдылықтары:
В) мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын түсініп, өз ісіне ие бола алатын, ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;
С) ақыл-ойға сыйымды қажеттіліктерді қалыптастыру;
D) жоғарыдағының бәрі.
11. Экономикалық тәрбие беру неге бағытталады?
А) жалпы білім беретін мектепте, жастарға кәсіптік бағдар беруді дұрыс шешуге;
В) адамның бойында ортақтасып, басқаларға тән тәртіптілік, ұжымшылдық, ықыластық, іскерлік, еңбекке шығармашылық саналы көзқарасты дамыту;
С) оқушылардың кең әлемде алған білімдерін мамандық таңдауға негіздеу;
D) үнемділікке тәрбиелеу.
12. Экономикалық тәрбиенің ұйымдастыру формалары:
А) сабақ, саяхат, факультатив, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, т.б.;
В) оқыту процесіне барлық бөлімдердің қатысы бар, жалпы бағыт, бағдар беретін негізгі талаптар;
С) жеке адамды жан- жақты дамыту,
D) дұрыс жауабы жоқ.
13. Экономикалық тәрбие мәселелеріне байланысты теориялар жне тәжірибелі біліммен оқушыларды таныстыру үшін, қандай көрсеткіштер еске алынады?
А) қазіргі кезеңдегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі міндеттері мен бағыттары;
В) жас ерекшелігіне сәйкес, заңдарды меңгеру деңгейі;
С) жұмысты жоспарлау, материалдарды, құралдарды талдай білу және сапасын көтерудің мүмкіндігін табу, еңбек өнімділігін арттыру;
D) жоғарыдағылардың бәрі.





ЖОСПАРЛАРЫ

  1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.

  2. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі.

  3. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.

  4. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары.

  5. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар.

  6. Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы.

1. Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Ең бастысы – адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.
Материалистік эстетика – эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі эстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстетика – болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның енегізгі компоненттері:
• Эстетикалық қабылдау.
• Эстетикалық сезім.
• Эстетикалық талғам.
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады.
Сезім байлығы – адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу, Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз – адамдардың көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нәрсесі.
Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады.


Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
• Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
• Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
• Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
• Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.


2. Қазақ халқында көшпенділік өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын-ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті.Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұриысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады.
Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланыста туады.
Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі – ақылдың көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра тұту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры – бәрі тәрбиенің тағылымдары.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше:
• Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер.
• Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, үскірік, т.б.
• Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңеу өнері.
• Ауыз әдебиеті.
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

  1. Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді:

Ана тілі – мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.
Музыка – сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.
География – оқушылардың эстетикалық дүниетанымын дамытады.
Бейнелеу өнері – кескіндеме, мүсін , графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.
Әдебиет, тарих – шығармашылық қабілетін дамытады.
Химия, физика – табиғи құбылыстар туралы түсінік алады.

  1. Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтықты тәрбиелеу үшінмузыка пәнә бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген. Музыка пәнәнің бағдарламасында, ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылырдың есту қабілетін дамытуды көздейді.

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен әмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдікке тәрбиелеп, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзәктікті сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдары арқылы шамасына сай беру, сызықтық сурет салуын меңгеру арқылы олардың өзіндік іс-әрекеті қалыптаса бастайды.
5. Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.
Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі – көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстар айтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес өткізіледі.
Саяхаттың негізгі объектілері көркем галарея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады.
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханшы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқулады, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылырдың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.
6. Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы:
Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушылардың ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатнас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй-жағдай эстетикасы. әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерінің өз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойласырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті.
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстетикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) – бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы – эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.
Мінез-құлық эстетикасы – оқушылардың өзге адамдармен қарым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым – этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетикада қарастырады.
Сыпайылық – ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді.
Әдептілік – көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылданған мінез-құлық қағидалары.
Байыптылық – байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.
Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

  1. Эстетикалық тәрбие дегеніміз не?

А) Табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу.
В) Жеке адамды жан-жақты дамыту.
С) Жас жетекшілерге экономикалық заңдар туралы дұрыс түсінік беру.
D) Іс-әрекетке ортақ мақсат көздейтін адамдар тобы.

  1. Эстетикалық тәрбиенің міндеті:

А) Оқу еңбегінің мәдениетін арттыру.
В) Өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту.
С) Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен таныстыру.
D) Негізгі қозғалтқыш органдарын дамыту.

  1. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары не?

А) Табиғи факторлар.
В) Қоғамдық еңбек.
С) Өзіне-өзі көмектесу еңбегі.
D) Әдебиет және өнер.

  1. Оқушылардың эстетикалық тәрбие жүйесі қалай іске асырылады?

А) Оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде.
В) Еңбек балалардың жас ерекшелігіне сай болғанда.
С) Мамандық туралы түсінікпен қаруландыру күйінде.
D) Өнімді еңбек жасаған кезде.

  1. Эстетикалық мәдениет туралы кімнің еңбегінде жазылған?

А) Ы. Алтынсарин.
В) Я. А. Коменский.
С) А. С. Макаренко.
D) И. Г. Песталоцин.

  1. Қатынас эстетикасы дегеніміз не?

А) Ата-анамен, оқушылар және мұғаліммен, басқа адамдармен қарым-қатынасы.
В) Адамдарды қоғамдық өнерге даярлау.
С) Оқушылардың әр тарапты дамуының процесі.
D) Баланың жастайынан іскерлік жұмыстарын игеру процесі.

  1. Әрбір адамның әзін ұстай білу үлгісі және дене қимылы жөніндегі ұғымды білдіреті0н қимыл:

А) Манера, жест.
В) Дене тәрбиесі.
С) Дидактика.
D) Экологиялық тәрбие.

  1. "Адамда: бет-бейнесі, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек",-деп кім айтқан?

А) А. С. Макренко.
В) Ы. Алтынсарин.
С) А. П. Чехов.
D) Ж. Ж. Руссо.

  1. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын күтуге, үйді жинауға, тазалықта сақтауға үйрететін эстетика:

А) Қатынас эстетикасы.
В) Киім-кешек эстетикасы
С) Үй-жағдай эстетикасы.
D) Дұрыс жауабы жоқ.
10. Оқушы жастардың танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтеруде ең басты сүйеніші кімдер?
А) Достары.
В) Қоршаған орта.
С) Өзі.
D) Мұғалімдер мен ата-аналар.
11. Сәннің қазіргі өмір талабына сәйкес болуды қажет ететін эстетика?
А) Киім-кешек эстетикасы.
Б) Үй-жағдай эстетикасы.
С) Ешбіреуі де емес.
D) Қатынас эстетикасы.
12. «Манера – дене қимылын бір қалыптылыққа ұстауға, мейірімді дауыспен сөйлесуге, өзіңді ұстай білуге, жеңіл жүруге жету», - деп айтқан кім?
А) И.Г. Песталоции.
Б) Ж.Ж. Руссо.
С) Я.А. Коменский.
D) Дистервег.
13. Эстетикалық білімнің негізіне:
А) Дене тәрбиесі.
Б) Еңбек процесі.
С) Дұрыс жауабы жоқ.
D) Оқу пәндері.
14. әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыруда табиғат қандай рөл атқарады?
А) Адамдарды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады.
Б) Ешбір пайдасы жоқ..
С) Білімін дамытады.
D) Еңбекке баулиды.
15. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы не?
А) Білім.
Б) Дағды.
С) Өнер.
D) Ұжым.






жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау