Сабақ тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы. Сабақ мақсаты



жүктеу 251,5 Kb.
Дата28.01.2020
өлшемі251,5 Kb.
#27566
түріСабақ

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

46 орта жалпы білім беретін мектебінің



жоғары санатты

І деңгей бойынша сертификатталған

тарих пәнінің мұғалімі

Хамзин Жеңіс Кәкібайұлы


Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 7 «жетінші»

Сабақ тақырыбы:

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік, экономикалық күш-куаты жағынан әлем таныған, іргелі мемлекет дәрежесіне жету себептерін түсініп, Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, «Қасым ханның қасқа жолы» әдет-ғұрыптық заңы туралы білімі қалыптасуына жағдай жасау.

Табыс критерийлері:

  • Қасым ханның тұсындағы  қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен танысады,

  • Қасым ханның заңдарын  жан-жақты зерделейді,

  • Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы іс-әрекетіне талдау жасап, баға береді.

Оқытуда қолданылатын модульдер:

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, АКТ-ны қолдану, Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушыларға жас ерекшелігіне сәйкес білім беру.

Сілтеме:

Оқулық, әдістемелік нұсқау, хрестоматия, М.Х.Дулати «Тарих-и-Рашиди» шығармалары.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, электронды оқулық, ХV-ХVІІ ғ. Қазақ хандығы картасы, қосымша материалдар. «Елтұтқа» оқу құралы, М. Мағауин « Қазақ тарихының әліппесі», Қ. Салғарин «Қазақтың қилы тарихы» , А.Сейдімбек «Қазақ әлемі» , З. Е. Елешова « ХҮ-ХҮІІ ғасырдағы қазақ тарихы» .

Сабақ түрі:

Аралас сабақ





Уақыт

Мұғалімнің

іс- әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

Керекті жабдықтар

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды түгендеу



Психологиялық дайындық

Қайырлы күн - туған жер,

Қайырлы күн –туған ел!

Қайырлы күн-ұстазым

Сәлем бердік достарым!

Сәтті өтсін бұл сабақ

Сәтті болсын күніміз!

Сынып оқушыларын үш түрлі түстер арқылы топқа бөлу.



Кезекші оқушы сабақта жоқ оқушыларды айтады.

Сынып оқушылары үш топқа бөлініп отырады.



Жылжымалы тақта

3 мин

Мағынаны ашу: «Сиқырлы қоржын».

1. Хандықты басқару ісі кімдерге тиесілі болды?

2. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалаларға неге құштар болды? 3.Қазақ хандығы жер үшін қандай көршілес хандықтармен ашық соғыс жүргізді?

4.Шайбани ханмен жасасқан келісім бойынша Қазақ хандығына қандай қалалар қосылды?

5.Қазақ хандығында халықтың саны кімдердің есебінде көбейді?

6.Қазақ хандығының күш-қуатының,билік-беделінің артқаны неден көрінеді?



Өткен тақырып бойынша алған түсініктерін «Сиқырлы қоржын» ойыны арқылы кезектесіп жауап береді, бірінің ойын- бірі қорытындылап тұжырым жасайды.

Сиқырлы қоржын













5 мин

Сыни ойлауын дамыту мақсатында БІЛУ(Кім? Не?Нені? Қашан?Қалай? Не істеді?)тапсырмасын беру. Кесте толтыру тапсырылады. Қасым хан туралы бейне материал көрсету: «Қазақ елі. Қазақстан тарихы" 3-бөлімнен үзінді.

«ББТЗО» кестесін толтырады. Кестеге ойларын жазады.

Экраннан бейнеролик көріп, алған әсерлерін айтады.



«ББТЗО» кестесі.

Оқулық, дидактикалық материалдар, үлестірме қағаздар







































10 мин


ТҮСІНУ (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)

Берілген тақырыпшаны өз беттерімен оқып, түсінуін ұйымдастыру. Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасауын қадағалау. Жаңа тақырыпты өздері

игеруін бақылайды

Топтық жұмыс ұйымдастыру:

І топ. (жеке, жұппен, топпен талқылайды)

Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі:

Жәнібек пен Керей хандардан кейін Қазақ хандығының тағына Керейдің ұлы Бұрындық (1574 – 1511жж) отырды. Бұрындық Самарқанға көшіп кеткесін Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандығы билікті қолына алады.

   Қазақ хандығы Қасым хан кезінде саяси мәдени экономикалық әлеуметтік жақсы дамыды.

Қасым туралы:

Бабыр, М.Х.Дулати, Қ. Жалайыри, Ә.Х.Марғұлан пікірлері.



ІІ топ.(жеке, жұппен, топпен талқылайды)

Қасым ханның заңдары:

«Қасым ханның қасқа жолы»

1) Мүлік заңы(жер дауы, мал-мүлік дауы);

2) Қылмыс заңы(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);

3) Әскери заң(аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);

4) Елшілік жоралары(майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);

5) Жұртшылық заңы(шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл).

ІІІ топ.(жеке, жұппен, топпен талқылайды)

Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты: «Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай ол өзінің бейбітшілік сүйгіш саясатымен халқының махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды» деп жазады Алаш ардагері Әлихан Бөкейханов.

1 миллионнан асатын халқы бар, керек кезінде мұздай қаруланған үш жүз мың әскер жасақтай алса да, Қасым хан жаңа жерлер жаулап алу үшін басқыншылық соғыстар жүргізбей, күш – қуатын елінің тыныштығын қорғауға, мемлекеттің тұтастығын нығайтуға арнады. Сыртқы саясатта көрегендік дипломатиялық қатынастар жасай отырып, Қасым хан елінің ұзақ уақыт тыныштықта өмір сүруіне, мемлекетінің іргесін кеңейтіп, шекарасын нығайтуда асқан дарындылық танытты. Оның тұсында Түркістан аймағындағы қалалар қазақ ұлысына бағынды. Хандықтың шекарасы оңтүстікте Жетісу жерінің дені, солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен Қарқаралы тауларына дейін жетті. Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтып, Сарайшық қаласын бағындырды.

Баласы Жәнібектің сардар Қасым,

Қазақтың біріктіріп құрап басын.

Осы жер ата-қоныс шекараң деп,

Найзамен сызып кеткен шекарасын – деп Мәшһүр Жүсіп жырлағандай, алаштың ардақтысы болған Қасым хан Сарайшықта Алтын Орда хандарының зиратына (пантеон) жеке күмбез соғылып, жерленеді.



159-161 - беттегі мәтінді оқып, берілген тапсырманы орындайды. Алған түсініктерін «Постер» арқылы ортаға шығып, бірінің ойын- бірі қорытындылап тұжырым жасайды.

Оқушылар топтық жұмыс жасайды. Әр топ келесі топтың жұмысына талдау жасап, сын айтады. Жеке, жұппен, топпен талқыға салады.



Қасым хан Барақ ханның немересі, Жәнібек ханның ұлы. Шежіре түрінде қарасақ:

Жошы хан

Тоқа Темір

Қоджа Ұғлан

Бәдіғұл сұлтан

Ұрұс хан

Құйыршық

Барақ

Жәнібек

Қасым

Өз заманының шебер дипломаты Қасым хан алғашында Моғолстан мемлекетімен достық одақ орнатып, шайбанилердің Жетісуға төндірген қаупіне тосқауыл қояды. Ойрат- жоңғар билеушісі Амансажының Моғолстанға жасаған шабуылына тойтарыс береді. Ноғай ордасымен, Сібір хандығымен одақтаса отырып, Әбілхайыр ханның мұрагерлерін тізе бүктіреді. Көршілес үлкен мемлекеттердің ішінде Ресей мемлекеті бірінші болып қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Бұл орыс елінде ұлы князь ІІІ Василийдің (1505-1533) билік жүргізген кезі еді. Қасым хан басқарған тұста қазақ елі Еуропаға таныла бастады.



Постер.

«Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығы, тарихты оқыту әдістемесі, дидактикалық материалдар, үлестірме қағаздар.

слайд

слайд


2 мин

ТАЛДАУ

Берілген сұраққа оқушылардың жауабын тыңдап, толықтырады, талдауды ұйымдастырады. Қасым хан. Ол кім? Ол не істеді? Тарихта қандай істерімен аты қалды?




Оқушылар сабақ барысында игерілген материалды талдайды. Әр топ бірігіп жұмыс жасайды. Бір-бірін тыңдап, ақылдасады.




12 мин

ҚОЛДАНУ

Оқушылардың дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай

деңгейлік тапсырмалар береді:

А деңгейінің тапсырмасы



1тапсырма. “Келісемін, Келіспеймін”

  1. Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандық билікті қолына алды. +

  2. Қ. Жалайыри деректерінде Қасым хан тұсында халықтың саны 1 миллионнан астам болғандығы айтылды. -

  3. Қасым хан тұсында Батыс Солтүстікте шекара Еділге дейін жетті. -

  4. Қасым хан өмірінің соңында Сарайшықта отырып билік етті.+

  5. Саид хан 1514 жылы Қасым ханнан ойраттарға қарсы күреске көмек беруін сұрады. -

В деңгейінің тапсырмасы

2 тапсырма «Қасым ханның қасқа жолы» сипаттама бер.

«Бағытталған оқу» стратегиясы.

Қасым ханның заңдары

Екі жақты күнделік толтыруын ұйымдастыру.


Маңыздысы

Менің ойым

С деңгейінің тапсырмасы



3 тапсырма « Ретке келтір ». Оқиғаның жүйелілігін анықта.

1. ------------ жылы қыста Шайбани хан Иран шахымен шайқаста жеңіліске ұшырады және Мерв түбінде өлтірілді.
2. ------------ жылы Тахир хан бауыры Тоғым ханмен бірге Орта Азия әміршісі Абд ар- Рашид ханмен шайқаста қаза тапты.
3. Шайбани хан Қараталда Жаныш сұлтанның қыстауына ---------- жылы тұтқиылдан шабуыл жасады.
4. Моғолстан билеушісі Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі мен Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсуі ---------- жылы болды.
5. Қасым хан билікті өз қолына ----------- жылы алды.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын

оқушының жұмысына көңіл бөлу, қадағалау .


Берілген тапсырмалардың жауабын тауып, дәптерге жазады. Топпен ақылдасады

Шығармашылықпен жұмыстанатын оқушы орнында жұмыс жасайды.

Экраннан көрсетілген тапсырманы орындап, екеуара тексеріп, бірін – бірі бағалайды


Қазақстан тарихы оқулығы, дидактикалық материалдар, оқушы дәптері, атлас, жұмыс дәптері.


4 мин

ЖИНАҚТАУ

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.

-Қасым хан тұсында қазақ хандығының күшеюін қалай дәлелдеуге болады?

-Қасым хан көрші елдерге байланысты қандай саясат ұстанды?

-Қасым ханның дипломатиялық шеберлігін қандай оқиға дәлелдейді?



Әр топ кезектесіп сұрақтарды оқып, жауап береді.

Қасым ханға сипаттама беріп өз әңгімесін оқу.






3 мин

БАҒАЛАУ

Оқушылардың бүгінгі сабақтағы

жұмысына баға беріледі.


Жеке, жұптағы, топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау, критерийлері бойынша бағалайды.

Бағалау парағы, дескриптор.

1 мин

Үйге тапсырма:

§38. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы

“Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы” хронологиялық кесте құру, қосымша хабарлама дайындау.


Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу.

Күнделік

3 мин

Рефлексия (Кері байланыс)

Сабақ бойынша кері байланыс «Алақан» әдісі арқылы.



Әр саусаққа өз алған әсерлерін жазып, кері байланыс жасайды.

«Бас бармақ» - бүгін сабақты қаншалықты ұқтым?

«Балан үйрек» – не қиын болды?

«Ортан терек» - маған сабақта не ұнады?

«Шылдыр шүмек» – маған бүгін сабақта не көмектесті?

«Кішкене бөбек» - бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?

Оқушылар ақ қағазға қолдарын салып, саусақтардың ішіне сұрақтарға жауап жазады.

Оқушылар бүгінгі көңіл – күйлерін бақыт ағашына жапсырады.



жүктеу 251,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау