ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
Оқу бағдарламасы
(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар)
Астана 2015
Бейнелеу өнері. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін эксперименттiк бағдарлама). – Астана, 2015. – 49 б.
Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған
Мазмұны
I Жалпы мәлімет 4
1«Бейнелеу өнері» пәнінің маңыздылығы 4
2 «Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты 4
4 «Бейнелеу өнері» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар 6
5 «Бейнелеу өнері» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс–тәсілдер 8
7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі 10
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 10
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы 11
II«Бейнелеу өнері» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі 13
2 Оқу мақсаттарының жүйесі 14
Жалпы мәлімет
«Бейнелеу өнері» пәнінің маңыздылығы
Бейнелеу өнері әлемді эстетикалық және рухани түрде меңгеруге және тұлғаның өз ойын білдірудің бір тәсілі болып табылады. «Бейнелеу өнері» пәні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, оқушылардың көркемдік қабілеттерін, кеңістікті және көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады. Көркем және басқа түрлі материалдар, құралдары мен тәсілдерін қолдану оқушылардың сенсорикасын, қолдың моторикасын және көзбен нақты мөлшерлеуін дамытады.
Пәнді оқыту:
оқушылардың көркем-эстетикалық, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырады;
оқушылардың жеке тұлғалық өсуіне, өзіндік көркем-шығармашылық жұмыстары мен жобаларындағы түпкі ойы мен пікірін білдіру арқылы қоршаған ортадағы өзінің рөлі мен өзін-өзі түсінуіне көмектеседі;
ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтардың мәнін, сонымен қатар коммуникациялық тілдердің бірі ретінде бейнелеу өнерінің рөлін түсінуге ықпал етеді;
көркем қабілеттердің дамуына негіз болатын білім мен дағдыны дамытады;
өз тәжірибесін әртүрлі тәсілдермен, шығармашылықпен көрсету мүмкіндігіне қол жеткізеді және жасампаз еңбек етуін ынталандырады;
тұлғаның маңызды қалыптастырушысы ретінде өз ойын жеткізе білу және өзін жетілдіре білу қабілеттерін дамытады;
оқушылардың ой-өрсін кеңейтуге ықпал етеді;
өзіндік бағалауын арттыру арқылы жағымды дүниетанымын қалыптастырады;
жаңа шығармашылық шешімдермен өзара оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігін ашады және пәнаралық дағдылардың кең ауқымын дамытады.
2 «Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Бейнелеу өнері» пәні бағдарламасының мақсаты – оқушылардың шығармашыл тұлға ретінде өз ойын білдіруі және қалыптасуы негізінде рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, кеңістік-бейнелі көркем ойлауы мен білім негіздерін қалыптастыру.
«Бейнелеу өнері» пәні бағдарламасы:
өнер түрлерін кіріктіру арқылы пәндік білімдерін, дағдылары мен түсінігін дамытуға;
ұлттық және әлемдік көркем мәдениеттегі өнерінің шығармаларымен таныстыру арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;
көркем-шығармашылық пен кеңістік ойлау, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін визуалды және тактильді өнер тілдері арқылы қоршаған әлемге өз көзқарасын білдіру қажеттігін қалыптастыруға;
еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының дамуы мен алғашқы технологиялық білімдердің қалыптасуына;
сенсориканың, қолдың моторикасының, байқағыштықтың, елестетудің, қиял мен шығармашылықтың дамуына;
оқушылардың визуалдық және эстетикалық қабылдаудың дамуы, көркем жұмыстарды сын тұрғысынан түсінуі үшін өнер жанрлары, стильдері туралы білімдерін қолдану;
танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы түрлі міндеттерді дербес шешу тәжірибесінің қалыптастыруға ;
өзінің көркем жұмысын орындау үшін, ақпараттың әртүрімен жұмыс жасай алу (табу, іріктеу, жинақтау) біліктілігін дамытуға;
бірлескен шығармашылық жұмысты орындау барысында ұжыммен және топпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге бағытталған;
Бағдарлама бойынша оқу арқылы оқушылар келесілерге қол жеткізеді:
ұлттық және әлемдік мәдениетінің көркем өнер шығармаларын, ондағы берілген идеялар мен құндылықтарды зерттеу және талдау;
өз жұмысын ұйымдастыра білу: мақсатын анықтау, жұмыс кезеңдерін айқындау, қажетті құралдарды табу, өз жұмысының нәтижесін бақылау және бағалай алу;
көлемді және жазықтықтағы көркем жұмыстарды шығармашылық тұрғысынан жасау үшін алынған білім мен дағдыларды қолданады ;
зерттеу, эксперимент жүргізу барысында әртүрлі ресурс түрлерін, оның ішінде АКТ құралдарын қолдана білу;
шығармашылық өнімді жасау үшін материалдар мен құралдарды дербес және сенімді қолдану, материал қасиеті мен жұмыс нәтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіну;
алған тәжірибесінің негізінде өнердегі түрлі техникалар мен тәсілдерді дербес қолдану;
өз идеясы мен жұмысына қатысты түсініктеме беру және конструктивті ұсыныс қабылдау;
әртүрлі жағдаяттарда тиімді және бірегей шешім таба білу;
әртүрлі материалдарды және құралдарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түйсіну және түсіну.
3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Функционалды сауаттылықты дамыту мақсатында оқушыларда коммуникативтік құзыреттілік негіздерін Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қалыптастырады.
1-сыныптан бастап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту арқылы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілде білім беру саясатын жүзеге асырады.
Үш тілде оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрін дамыту (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) арқылы коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Бейнелеу өнері» пәні оқыту тілінде (қазақ/орыс тілі) жүргізіледі. Мектептердегі үштілдік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін белгілейді. Тілдік саясатты жүзеге асыру «Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу бағдарламасының келесі бөлімдерінен көрініс табады:
«Бейнелеу өнері» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің «Бейнелеу өнері» пәні арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.
«Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9-тармақ) бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |