Кальций металлының химиялық физикалық қасиеті
Периодтық жүйедегі орны
Кальций IV периодтың, II топтың негізі топшасының элементі , атомдық нөмірі 20, олай болса ( ; Атом құрылысының формуласы 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2, валенттілік электрондары 4s2; сондықтан кальций қосылыстарында тұрақты II валентті, тотығу дәрежесі 0, +2.
Табиғатта таралуы
Кальций табиғатта таралуы бойынша бесінші орында, оның ең көп кездесетін минералы кальцит CaCO3 (мәрмәрдің, бордың, әктастың негізгі құраушысы), доломит CaCO3 MgCO3, гипс CaSO4 2H2O, фосфорит Ca3(PO4)2, апатит 3Ca3(PO4)2 CaF2, балқытқыш шпат CaF2, норвегиялық селитра Ca(NO3)2. Кальций ионы жануарлар мен адамдардың сүйегі мен тісінің құрамына кіреді.
Кальций минералдарының бай қоры Қаратау өнірінде кездеседі.
Алынуы: Кальцийді өзінің хлоридінің балқындысын (KCl қосып) 8500C-та электролиздеп алады: CaCl2 Ca + Cl2
Физикалық қасиеттері Кальций қатты ( г/см3), =8420С, = 14950С болып келетін ақ түсті металл.
Химиялық қасиеттері Химиялық белсенді металл ( ), ауада оңай тотығады, ашық кызыл түсті жалынмен жанады.
а) жай заттармен әрекеттесуі:
2Ca + O2 = 2 CaO немесе 2Ca + O2 = СаО2 пероксид
Са + Н2 CaH2 кальций гидриді
Ca + Cl2 = CaCl2кальций хлориді
Са + S = CaS кальций сульфиді
3Ca + N2 Ca3N2кальций нитриді
Ca + 2C CaC2 кальций карбиді
2Ca + Si Ca2Siкальций силициді
ә) күрделі заттармен әрекеттесуі
Сумен бөлме температурасында да оңай әрекеттеседі:
Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + H2
Түзілген зат – Ca(OH)2 әқ сүті деп аталады.
Химиялық белсенді элемент болғандықтан аммиактан сутекті ығыстырып шығарады.
Ca + 2NH3 = Ca(NH2)2 + H2
Сұйытылған қышқылдармен (HCl, H2SO4) әрекеттескенде сутегін ығыстырады (HNO3 - нан басқасынан)
Ca + 2HCl = CaCl2 + H2
Азот қышқылының сұйық ерітіңдісімен әрекеттескенде:
4 + 10H O3(c) = 4 (NO3)2 + H4NO3 + 3H2O
4 8 Ca0 - 2 Ca2+ тотықсыздандырғыш – тотығу
1 2 N+5 + 8 N-3 тотықтырғыш – тотықсыздану
Тотықсыздандырғыш ретінде кейбір металдарды алуда қолданылады: 3Ca + V2O3 3CaO + 2V
Кальций қосылыстарын кальций карбонатының немесе кальций оксалатының тұнбаға түсуі бойынша және жалынның түсін күйдірілген кірпіш түске бояуы арқылы анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |