5.Ұлт интеллигенциясының көрнекті өкілдері
Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыры – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А.Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды
пышағына ілігеді.
Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп,
халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты.
Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.
Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл
тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.
Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол
қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік, самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша
кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
6.Ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда
Тарихтың “ақтаңдық” беттері туралы ең алғаш болып Қазақ әдебиеті газетінің 1988 жылғы 6 ақпаны күнгі нөмірінде халқымыздың тілі мен тарихына, мәдениеті мен әдебиетінің тағдырына байланысты жиі-жиі проблемалық мақалалармен көрініп жүрген белгілі жазушы Б.Нұжекеевтің "Шындықты бүкпей айтсақ" деген мақаласы жарияланды. Одан соң бастаманы “Арай журналы мен “Өркен” газеттері жалғастырып, бұрын халық жауы аталып келген Косарев, Бухарин жайлы материялды орыс тілінен аударып басып, өздері де осы тақырыпқа байланысты көлемді интервью, очерк, мақалаларды жариялай бастады.“Ел басынан күн туып, ері қайда жүр екеннің” кері келді. 1937 жылдың тажал аждаһасы Нығмет Нұрмақанов, Сейтқали Меңдешов, Рысқұлов сияқты жандардың өмірін қиды.Осындай тарихтың “ақтаңдық” беттері материялдар кезінде басылымдарда жиі жарияланып, одан қорытынды да шығарыла бастады.Облыстық мемлекеттік мұрағаттар тарапынан да материалдар шықты.Қарағанды мұрағаты мен Шымкент облыстық мемлекеттік мұрағаты құжаттары «Саяси - ҚУҒЫН сүргіндер: шындық пен қауесет», Қостанай облыстық мемлекеттік және Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты құжаттары "Депортированные в Казахстан народы" атты еңбектерде жарияланды. Аталмыш құжаттар жинақтары саяси репрессиялардың әртүрлі қырларын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |