Жоспар ы: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



жүктеу 0,52 Mb.
Дата18.12.2017
өлшемі0,52 Mb.
#4470
түріҚұрамы


Ж о с п а р ы:


І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім


  1. Қазақстандағы басқа ұлттар немесе этникалық топтар тарихы

1. Ресей империясының құрамындағы кезеңде жүргізілген халық санағының нәтижесі

2. КСРО құрамындағы кезеңде жүргізілген халық санағының нәтижесі

3. Қызылорда аумағына күшпен қоныс  аударылған ұлттар көрсеткіші

4. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде қоныстанған ұлттар мен

ұлыстар
2. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы халқында



ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
«Біз, еліміздің басты жетістігі - ұлтаралық қатынас келісімі, біздің ортақ үйіміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауы болып саналады деп айтқанымызда, бұл тек жай ғана ақиқат емес. Бұл тұрақсыз дүниедегі елеулі табысымыз.»

Н.Ә. Назарбаев

Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек.

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Солақай саясат пен нәубет заманда қазақ еліне келіп қалған өзге ұлт өкілдерін кеңпейілділікпен құшақ жая қарсы алып, бір үзім нанды бөліп жеп, аштықтан аман алып қалған ерлік істерін уағыз ете отырып таныстыру. Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту.

Жаңалығы: Елбасының көрегенділігімен құрылған Қазақстан Халықтары Ассамблеясы 20 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ал бұндай Ассамблея көптеген елдерде жоқ. Ресейдің өзінде 3 жыл бұрын ғана құрылған екен.

Зерттеу кезеңдері:

1- Дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау, мақсатын, өзектілігін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгерту

2- Теориялық кезеңі: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі әдебиеттерді оқу және талдау, қажетті деректерді жинақтау;

3- Қорытынды кезеңі: алынған нәтижелерді пайдаланып, қорытынды мен ұсыныстарды дайындау , ғылыми жоба қорғау:

Зерттеудің әдіс- тәсілдері:

1.Теориялық материалдарды жинақтау;

2.Тақырып бойынша материалдарды іріктеу;

3.Ақпарат көздерінен мәлімет алу;

Зерттеу жұмысы М.Мұқановтың «Қазақ жерінің тарихы», М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбектердің «Ел тұтқа» кітаптары, Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, Қазақстан тарихы веб-порталы және интернеттегі ақпараттар кеңінен пайдаланылды.



  1. Қазақстандағы басқа ұлттар немесе этникалық топтар тарихы

1.1. Ресей империясының құрамындағы кезеңде жүргізілген халық санағының нәтижесі

  Ресей империясының құрамында болған кезеңде және Қазақстанда жүргізген саяси-әкімшілік реформаларының негізінде алғаш рет қазақ халқының құрамында үлкен өзгерістер басталды. Халық саны жайлы мәліметтер салық мөлшерін, жер иелігі мен жерді пайдалану жүйесін айқындау үшін қажет еді. ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныс аудару ісі қолға алынды. Бұл шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Орыс және украин шаруаларын Қазақстанның барлық облыстарына қоныстандыру XIX ғ. 70-жылдары қарқын алып, ғасыр соңына қарай ол жаппай сипатқа ие болды.

Осы кезеңнен бастап Қазақстанда құрылған облыстардағы халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып қалыптаса бастады.

1886 жылы Түркістан өлкесінде қоныс аударушыларды орналастыру тәртібі туралы ереже қабылданды. Қоныс аудару саясатына ұйымдасқан сипат беру үшін және Қазақ жеріне шаруалардың ерікті әрі бей-берекет қоныс аударуын шектеу мақсатында 1889 жылы 13-шілдеде патша үкіметі «Қазына жеріне село тұрғындары мен мещандардың ерікті қоныс аударуы туралы және бұрын қоныс аударған аталған топтарды есепке алу тәртібі туралы» арнайы ереже қабылдады. Бұл ереже бойынша қоныс аудару тиісті органдардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылатын болды. Сондай-ақ, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында қоныс аудару аудандары нақты белгіленді.

Патша үкіметінің жоспарлы жүргізілген қоныс аудару саясаты нәтижесінде 1897 жылғы санақ есебі бойынша Далалық өлкеде қазақтар – 77%, орыстардың үлес салмағы 20%, басқа ұлт өкілдерінің барлығын қоса есептегенде – 3%-ды құрады. Ал Түркістан өлкесінде мұндай көрсеткіштер төмендегідей болды: «жергілікті бұратаналар» – 94,4%, орыстар – 3,7%, басқа халықтар – 1,9%.

Санақ материалдарының өзіндік ерекшеліктері де болды. Санақ негізіне халықтың этникалық емес, адамның тілдік қатынасы басты нысан ретінде алынды. Егер украиндар, белорустар, еврейлар өздерінің ана тілі деп орыс тілін атаса, онда олардың ұлты орыс деп жазылған. Сондай-ақ, татарлардың, өзбектердің, қырғыздардың кейбіреуі ана тілі ретінде қазақ тілін (сол кезде қырғыз немесе қырғыз-қайсақ) атаса, олардың да ұлты қазақ деп тіркелген.

Өз кезегінде қазақтар санақ науқанына патша үкіметінің салық мөлшерін ұлғайтуға бағытталған шарасы деп, оған әрдайым күдікпен қараған. Сол себепті көбінесе отбасы мүшелерінің санын азайтып беруге тырысқан. Бұл шамамен қазақтардың 10%-ы 1897 ж. санақ бойынша есепке алынбай қалуы мүмкін деген болжамға жетелейді.

1897 жылғы Ресей империясындағы санақ қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында барлығы 4 млн 147 мың адам өмір сүрген. Санақ нәтижелері анықтағандай, Қазақ жеріндегі үлес салмағы басым үш этникалық топты айқындауға болады: халықтың саны бойынша: қазақтар 74–78%-ды, орыстар 10–13%-ды, украиндар 1–2%-ды құраған. Ұлттық құрамы жағынан алғанда басқа халықтар – 300 мың адам немесе 7,2% болды. Мысалы, 1897 жылы Қазақстанда 55 мың татар, 55 мың ұйғыр, 30 мың өзбек, 15 мың дүнген, 10,5 мың мордва өмір сүрген.

Көпұлтты Қазақстанның қалыптасу тарихы Цинь империясының Құлжа аймағынан Жетісуға ұйғырлар мен дұнғандардың қоныс аударуымен де тығыз байланысты. Бұл аймақтағы саяси жағдайға жергілікті халықтардың Қытай үкіметіне қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі елеулі әсер етті. 1864 жылы 7-маусымда Кучар қаласында дүнгендер көтеріліске шығып, ол бүкіл Синьцзян аумағын қамтыды және оған ұйғырлар, қазақтар мен қырғыздар да қатысқан еді. Алайда, 1877 жылы бұл көтерілістерді Қытай әскері Қашқарда толығымен басып-жаншыған еді. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанға қоныс аударуы 1881–1883 жылдары жүзеге асырылды. Бұл аудандарға барлығы 45 мың ұйғыр (тараншы) және 5 мың дүнген қоныстанды. 1897 жылғы санақ мәліметтері бойынша: дүнгендердің саны – 14,130, ұйғырлардың саны – 55,999 адамға жеткен.

Қазақстанның этникалық құрылымының өзгеруіне патша үкіметінің революцияшыл пиғылдағы азаматтарды жер аудару саясаты да өз әсерін тигізген еді. І дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда 60-қа жуық ұлттың өкілдері өмір сүрді. Олардың қатарында орыстар мен украиндардан басқа: татарлар, ұйғырлар, өзбектер, башқұрттар, немістер, поляктар, дүнгендер, еврейлер, тәжіктер, молдовандар және т.б. бар.

ХІХ ғ. ІІ жартысынан бастап орыс және украин шаруаларын қоныс аудару саясаты жаппай сипат ала бастағаны белгілі. Өмір тауқыметі мен патша үкіметінің саясаты оларды өз атамекенін тастап, белгісіз аймаққа қоныс аударуға мәжбүр етті.
1.2. КСРО құрамындағы кезеңде жүргізілген халық санағының нәтижесі

1917 жылғы санақ бойынша тұрақты тұрғылықты жерінде сол мезетте бар адамдар (наличное население) мен уақытша тұрмайтын халықтың есебі алынды. Өткен жылғы санақпен салыстырғанда 1917 жылы қазақ халқының саны 446 мың адамға азайып, 3 млн. 548 мың адам ғана қалған. 1917 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыс халқының үлес салмағы 18,9%-ды, украиндар – 10,3%-ды құрады.

Қазақ жерін экономикалық тұрғыда отарлау жол қатынасын, әсіресе су және темір жол көлігін дамытуды талап етті. Темір жол қатынасының пайда болуы өлкенің этникалық құрамының өзгеруіне де әсері болды. Қазақ жерін әскери-казактық, шаруаларды қоныс аудару және экономикалық тұрғыда отарлау барысында 400-ден астам станицалар мен деревнялар, 30-дан астам қалалар пайда болды. Қала халқы Ресейдің орталық аудандарынан келген қоныс аударушылар есебінен өсе бастады. Қалалардағы халықтың басым бөлігін орыстар – 54%-дан 82,8%-ға дейін құраса, татарлар – 14,3%, қазақтар – 16%, басқа ұлттар – 3% болған.

Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу үдерісі кеңестік дәуірде одан әрі күшейді. Кеңестік алғашқы халық санағы 1920 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 5 млн 400 мың адамды құраған.

  1921 жылы жазда Қазақстанда қатты қуаңшылық болып, Орал, Орынбор, Ақтөбе, Қостанай облыстары аумағындағы егіннің барлығы дерлік күйіп кетті. Республикада 2,3 млн. астам адам аштыққа ұшырады. 1922 жылы халық саны 1914 жылмен салыстырғанда 1 млн. астам адамға азайғанын көрсетті.



1926 жылы 17 желтоқсанда екінші бүкілресейлік халық санағы жүргізілді. 1926 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның этникалық құрамы төмендегідей болып қалыптасқандығын көрсетті: қазақтар – 58,5%, орыстар – 20,6%, украиндар – 13,9%, өзбектер – 2,1%, татарлар – 1,3%, ұйғырлар – 1%, немістер – 0,8%. Ал сандық тұрғыдан алғанда: қазақтар – 3627612 адам, орыстар – 1275056, украиндар – 860201, немістер – 51094, татарлар – 79758, өзбектер – 129399, белорустар – 25584, ұйғырлар – 63432, өзге ұлт өкілдері – 88.453 адам болған.

Ал Қазақ АКСР-нің халықшаруашылық есеп басқармасының 1930–1936 жылдардағы мәліметтері бойынша Қазақстандағы халық санының кемуі төмендегідей көрініс берген: 1930 ж. – 5873,0 мың адам; 1931 ж. – 5114,0 мың адам; 1932 ж. – 3227,0 мың адам; 1933 ж. – 2493,5 мың адам; 1934 ж. – 2.681,8 мың адам; 1935 ж. – 2926,0 мың адам; 1936 ж. – 3287 мың адам.

1930 – 1932 жж. республика аумағына басқа ұлт өкілдерінің келуі жалғаса берді. Қоныс аударып келгендер республикадағы орыс халқының санын 12%-ға (1174 мың), татарларды 30%-ға (27 мың), белорустарды 22%-ға (6 мың) адамға арттырды.

Қазақстан үшін аса ауыр нәубет әкелген ұжымдастыру мен көшпелі халықты күштеп отырықшыландыру науқаны еді. Өйткені, кеңес үкіметінің есепсіз саясаты Қазақстанда 1930–1933 жылдарды қамтыған үлкен аштыққа алып келді. Қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген бұл аштықтан ресми дерек бойынша 1 млн 750 мың адам немесе қазақ халқының 42%-ы қырылып қалды деген деректер бар.



Кеңес өкіметі 1939 жылы халық санағын қайта жүргізді. Қазақстан халқының этникалық құрамы туралы статистикалық мәліметтер төмендегідей болды: Қазақ КСР-нің жалпы халқының саны – 6 млн 93 мың 507 адам. Олардың ішінде: қазақтар – 38,0%; орыстар – 40,2%; украиндар – 10,8%, 1,5–1,8% аралығында немістер, татарлар, өзбектер, корейлер және басқа ұлт өкілдері – 3,3%.

1937 жылғы және 1939 жылғы Қазақстан халқының этникалық құрамы туралы статистикалық мәліметтер:





Ұлттар

1937 жыл

1939 жыл

1.

Қазақтар

42,6 %

37,9 %

2.

Орыстар

37,4%

40,2 %

3.

Украиндар

10,7 %

10,8 %

4.

Өзбектер

2,2 %

1,7 %

5.

Татарлар

1,8 %

1,8 %

6.

Немістер

1.6 %

1,5 %

7.

Белорустар

 

0.5 %

8.

Ұйғырлар

0,7 %

0,6 %

9.

Корейлер

 

1,6 %

10.

Әзірбайжандар

 

0.2 %

11.

Дүнгендер

 

0.1 %

12.

Басқаұлттар

3 %

3,1 %

 

1943–1944 жылдары күштеп қоныс аударылған халықтардың алғашқыларының бірі – қарашайлықтар болды. 1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиялық облысы жойылып, 14774 қарашайлық шаңырақ, жалпы саны 69287 адам Қазақстан мен Қырғызстанға қоныс аударылды. Олардың 45529 адамы Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына қоныстандырылды.

Кеңестер Одағында жаппай саяси қуғын-сүргін саясаты белең алған тұста барлығы 3 млн  астам адам депортацияланған. Олардың арнайы қоныстары негізінен Қазақ жері мен Сібірде орналасты.

1941–1942 жылдары республикаға Украина мен Орталық Ресейден 200-ден астам өндіріс орындары көшірілді. Сонымен бірге, Қазақстанға майданға жақын аудандардан бейбіт халық эвакуацияланған-ды. 1941 жылы республикаға 386,5 мың адам көшірілсе, ал 1942 жылдың соңында тағы 500 мыңнан астам адам келді. Олардың көпшілігі кейін Қазақстанда орнығып қалған еді. Соғыс кезінде кеңес армиясы қатарына 1 196 164 қазақстандық жауынгер шақырылды. Сонымен, соғыс жылдарында Қазақ жеріне 1,5 млн эвакуацияланған және депортацияға ұшыраған халықтар  келді.



Ұлы Отан соғысы алдында Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар.

 




Ұлты

Саны

Көшірілген жылы

1.      

Финдер

8423 адам

1935

2.      

Немістер

28 580 адам

1936

3.      

Поляктар

35 735 адам

60 667 адам



1936

1940


4.      

Кәрістер

98 454 адам

1937

5.      

Гректер

200 адам

1937

6.      

Армияндар мен курттар

1121 жанұя

1937

7.      

Ирандықтар

2010 жанұя

1937

Барлығы:

247 718 адам

 

 

1954 – 1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн жуық  адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлес салмағы күрт төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылу қаупі туды. Алайда, иммиграциялық қысым жалғаса берді. Қазақстандағы өндірістік құрылыс пен көлік саласы үшін жұмысшы күшін жасақтау науқаны ұйымдастырылып, 1954–1965 жылдары республикаға 0,5 млн  жуық адам келді. Олар негізінен Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан келді.



1959 жылы қаңтарда соғыстан кейінгі алғашқы халық санағы жүргізілді. Бұл санақ бойынша Қазақстан халқының саны 9,3 млн адам болған және ол 1939 жылғы санақ есебімен салыстырғанда 52,5%-ы көбейгенін көрсетті. Республикадағы этникалық топтардың арасалмағы төмендегідей болып қалыптасты: қазақтар – 30%, орыстар – 42,7%, белорустар – 1,2%, кәрістер – 0,8%, ұйғырлар – 0,6%, әзірбайжандар – 0,4% және басқа халықтар – 5,5%.

Тоталитарлық билік саясатының нәтижесінде Қазақстанның көпұлттылық сипаты тереңдей берді. Бұл жерде ерекше ескерте кететін жайт, жергілікті халықтың, яғни қазақтардың үлес салмағы 30%-ға дейін төмендеп кеткен еді. Бұндай жағдай бүкіл Кеңестер Одағында жалғыз Қазақстанда ғана қалыптасты. Егер Оңтүстік Қазақстанда жалпы халыққа шаққандағы үлес салмағы 37,6%, Батыс Қазақстанда – 52%-ды құраса, бұл көрсеткіш Шығыс және Орталық Қазақстанда 18 – 19% болған.

1950 жылдардың екінші жартысынан басталып кейінгі жылдары өз жалғасын тапқан Қазақстан экономикасының даму қарқынының өсуі жұмысшы күшіне деген сұранысты үнемі алға тартып отырды. Соған сәйкес 1959 –1970 жылдары Қазақстан қалаларына Ресейден 480 мың адам, Украинадан – 72,3 мың адам келді.     

1970 жылы қаңтарда болған кезекті халық санағы қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 13 млн адамды құрап, 11 жыл ішінде 40%-ға өскенін көрсетті. Оның ішінде қазақтар – 32,6%, орыстар – 42,5%, украиндар – 7,2%, немістер – 6,6%, татарлар – 2,2%, ұйғырлар – 0,9%, кәрістер – 0,6%, әзірбайжандар – 0,4%, дүнгендер – 0,1% және басқа халықтар – 3,8% болған.

1979 жылы Қазақстан халқының саны 14 млн 684 мың адамды құрады. Олардың ішінде: қазақтар – 36%; орыстар – 40,8%, немістер – 6,2%; украиндар – 6,1%; татарлар – 2,2%; өзбектер – 1,8%; белорустар – 1,2%; ұйғырлар – 1,0%; корейлер – 0,6%; әзірбайжандар – 0,5% және басқа халықтар – 3,6% болды. 1979 жылы халық санының өсуі 1970 жылмен салыстырғанда 12,9%-ды ғана құраған. Оның себебі – республикадағы өзге ұлт өкілдерінің Кеңес Одағының басқа аймақтарына қоныс аударуымен түсіндіріледі.

1990 жылдардың басында Қазақстанда 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстар тұрақты өмір сүрген. Олардың ішінде қазақ, орыс, неміс, украин, өзбек, татар, ұйғыр, белорус, корей халықтарының үлес салмағы 95%-дан астам еді. Ал республикадағы екі негізгі этностар: қазақтар мен орыстардың үлес салмағы 77,5%-ды, жалпы саны 12 млн 760 мың адамды құрады.


1.3. Қызылорда аумағына күшпен қоныс  аударылған ұлттар көрсеткіші

Жоспар бойынша 1941 жылдың 25 қазанына дейін Қазақстанға 467 мың немісті, оның 15 мыңын Қызылорда облысына көшіру белгіленді, бірақта мұрағат деректері бойынша Қазақстанға 420 мыңнан - 444 005 неміс ұлтының өкілі қоныстандырылды. Олардың 3145-і Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарына орналастырылды, Арал ауданына 1291, Қазалы ауданына 1854 неміс. Бұлармен бірге облысқа 1938 жылы Германияға күшпен қосылған Австрияда туылған 14 австриялықтар қоныстандырылған.

Қызылорда облысына шешендер мен ингуштарды қоныстандыру жоспар бойынша белгіленбеседе, іс жүзінде керісінше болған.

Қызылорда облысы бойынша арнайы қоныс аударылғандарды шаруашылықтарға жайғастыруға жауапты бөлім басшысы Хвораттың мәліметіне сәйкес 1944 жылдың ақпан-наурыз айларында Қызылорда облысына 6191 шешен мен ингуштардың жанұясы 26 924 адам төмендегі кестеге сай қоныстандырылды.

Шешендер мен ингуштардың Қызылорда облысы аудандарына орналастырылуы

 


Қоныстанған ауданы

Жанұя саны

Адам саны

Жұмысқа тартылғандар саны

Ерлер

Әйелдер

Жасөспірімдер

Арал ауданы

323

1381

296

173

 

Қазалы ауданы

790

3932

724

863

261

Қармақшы ауданы

852

3863

1626

728

125

Жалағаш ауданы

785

3885

656

128

 

Тереңөзек ауданы

751

3684

735

671

717

Сырдария ауданы

868

2867

519

833

313

Шиелі ауданы

1076

4182

714

744

463

Жаңақорған ауданы

746

3130

659

784

89

 

6191

26924

 

 

 

 

Бұл 26 924 адамның 5311 ер азаматы, 4865 әйелі және1524 жасөспірімді еңбекке жарамды деп танылып жұмысқа тартылды.

Қызылорда облысына қоныс аударылған 3403 қалмақ, шешен, ингуш жанұялары тұрақты пәтермен қамтамасыз етілді. Олардың 1093 жанұясы өндіріс орындарына жұмысқа алынып, өндіріс орындары есебінен пәтермен қамтамасыз етілсе, 2310 жанұясы жергілікті колхоз тұрғындарынан сатып алынған я босаған пәтерлермен қамтамасыз етілді. Бұған қоса үкімет тарапынан облысқа қоныстанушыларға үйлер салып алуға 1820 мың сом есебінде несие берілді. 1945 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл несиенің 1485 мың сомы игерілді. Несиенің көп бөлігі Қармақшы ауданына - 255000 сом, Жалағаш ауданына – 260000 сом, Жаңақорған ауданына – 245000 бөлінді. Алайда 1944 жылдың соңына дейін несиені толық игерген тек Сырдария, Жалағаш, Арал аудандары болды.

1943-1944 жылдары Қазақстанға көшірілген халықтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 55900 үй салу керек болды, оның 2900 үйі мүлдем жағдайы жоқтарға, қиын жағдайда тұрып жатқандарға 1944 жылы салыну керек болды. Ал 1944 жылы жоғарыда айтылғандай 1638 үй ғана салынды, бұл 3%-ға жетпейтін еді. Осы жерде біздің дархан ата-бабаларымыз келген ұлттарды құшақ жая қарсы алып, өз үйлеріне паналатқан.

Қызылорда облысы колхоздарына қабылданған шешен, қалмақ, ингуш жанұяларының саны және бақша егуге жер телімін алған жанұялар саны.

 




Ауданы

Колхозға қабылданған жанұялар саны

Бақша егуге жер алған жанұялар саны

1.      

Қазалы

364

460

2.      

Жалағаш

488

455

3.      

Сырдария

89

110

4.      

Жаңақорған

376

13

5.      

Қармақшы

248

180

6.      

Тереңөзек

521

79

7.      

Шиелі

769

599

 

Бұл мал облыстағы 2902 жанұяға ғана берілді. Малды бергендегі сүтін ішіп, жүнін пайдаланып, мал санын көбейтеді деген үкімет мекемелері басшыларының ойын, көптеген ашынған қоныстанушылар назарға алмай, малды сойып, тамаққа пайдаланған. Ондай жағдайдың көп болуына байланысты облыстық партия комиттеті арнайы шешім қабылдауға мәжбүр болған. Облысқа соңынан келген шешен, ингуш, қалмақтардың жағдайы шындығында қиын болды. Алдыңғы халықтар келгендеріне біраз уақыт болып, жылы кезде келіп жағдайларын біршімі түзеп алған болса, суық кезде келген шешен-ингуштардың жағдайы қиын болды.

Қазақстанның суығы шешен, ингуш, қалмақтарға, түріктерге қиынға түсті. Қысқы мезгілде жұмысқа шықпау фактілері, жұмысқа шыққанның өзінде үсіп қалу, суық тию фактілері көбейді. Осыны ескеріп облыстық кеңестің атқару комитеті Қызылорда облысындағы күштеп қоныс аударылғандар үшін пима дайындау үшін 116 центнер жүн бөліп, 1944 жылдың қараша-желтоқсан айларында 2840 пар пима дайындауға тапсырма берді. Бұның 520 парын қалмақтарға, 2320 парын шешендерге беруге көзделді. Бұдан кейін күштеп қоныс аударылғандардың мұқтажы үшін тағы 58 центнер жүн бөлінді. Әр қоныс аударушыға бөлгенде 230 грамнан келді. Бұған жүн шұлық т.б. керегіне жарататын зат тоқып алуға мүмкіндіктері болды. Алайда тапсырма белгіленген мерзімде орындалмай жатты. 2840 пар пиманың мерзімінде 190 пары ғана дайын болса, 200 тон дайындаудың орнына 66 тон ғана, 500 пар басқа аяқ киімнің 200 пары ғана дайын болды. Осы кезде көмекке қызылордалықтар келеді. Майдан мұқтажы үшін жинаған жылы киіміне қоса, күштеп қоныс аударылғандар үшін киім-кешек, азық-түлік, аяқ-киім жинап берді. Мысалы Қармақшы ауданының тұрғындары өздеріне жетпей жатса да, қоныстанушылар жағдайын көріп 152 пар аяқ-киім, 360 түрлі киім, 25 келі жүн, 150 литр сүт берді. Ал Қармақшыдағы Мехзавод осында жұмыс істеп жатқан қоныстанушылар мұқтажына 698 метр мата бөлді. Жалағаш ауданының тұрғындары 7 пальто, 313 пар аяқ-киім, 202 кг жүн, 20 шалбар, 4500 сом ақшалай жинап берді. Аралдықтар 57 телогрейка, 6 мақта шалбар, 53 пар пима, 39 пар бәтеңке, 3 пар резина етік жинап берген. 

Қандай бір қиын заманда да  Қазалы халқы ата салттан аттамаған, адал еңбекпен күн көріп, қонағына дастарханын жайған дархан халық. Қазалыға өткен ғасырда келген сан түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері – орыстар, қазақтар мен татарлар, өзбектер мен еврейлер, соғыс кезінде жер аударылған немістер мен кәрістер, түріктер мен шешендер күні кешеге дейін тұрды. Ұрпақтары әлі де бар. қазіргі таңда Қазалы ауданында 290 орыс, 28 кәріс, 23 неміс, 62 татар, 90 өзбек, 21 украин, 8 қырғыз, 2 молдаван, 3 башқұрт, 3 түркімен, 3 грек және басқа да беларусь, поляк өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған сәйкес, бүгін «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы ғимаратынан «БІРЛІК-ЕДИНСТВО» этно-мәдени қоғамдық келісім бірлестігі ашылды. Бірлестіктің мақсаты - қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ұлтаралық бірлікті сақтау, мәдениетті қолдау. «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз», «Біз көп ұлтты қоғамбыз» деген қағиданы ұстанған бірлестік мүшелері бұдан былай халықаралық бағдарламалар және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жобалар аясында жұмыс жасайтын болады. Жұма Нафиса Тайырқызы жетекшілік ететін бірлестік құрамында 10-ға жуық түрлі ұлт өкілі бар.

 Бірлестіктің ашылуына аудан әкімі Бахыт Жаханов ауданда алғаш рет құрылған этно-мәдени бірлестіктің барлық ұлт өкілдерінің басын қосатын құтты орын болатынына сенетінін жеткізген болатын.

    1. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде қоныстанған ұлттар мен ұлыстар

Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Соның ішінде Қазақстанда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар бар. Олардың Қазақстанға келу тарихы әр түрлі. Қазіргі қоғамдағы ұлттардың көптүрлілігі адамдардан, басқа ұлттармен қарым-қатынаста шыдамдылықты, мейірімділікті, ашықтықты талап етеді. Өйткені көпұлтты пәтерде бейбіт өмір сүру үшін өзіміздің көршілерімізбен тату-тәтті тұруымыз керек.



Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері.
Қазақстанның өңірлерінде орналасуы
Қазақстанның өңірлерінде орналасуы


Украиндардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған. Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп түрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында түрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Ұйғырлардың көп бөлігі Алматы облысында, дүнгендер — Жамбылда, түріктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түрады. Корейлер — Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында, күрділер — Алматы мен Жамбылда, ал тәжіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған.

Қазақстанда этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар , 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі.




  1. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы хақында

Қазақстан Тәуелсіздігінің бас­ты құндылығы – ұлттар достығы. Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы биіктеп, үнемі шуақ төгіп тұр­а­тыны да сондықтан. Мұнда Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамашылдығымен 1995 жылы құ­­рылған Қазақстан халқы Ассам­блеясының ұлттар мен ұлыстар­ды ұйыстырушы маңызы орасан. Жұрт­шылық жүрегіне жақын құ­рылым мемлекеттің ұлттық сая­сатын жүр­гізудегі негізгі тұтқа са­налып отырғандығы айқын.

130-дан астам ұлт өкілдерінің туған жері – топырағы, қасиетті қарашаңырағына айналып отырған бүгінгі Қазақ елінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қалыпты қызмет көрсетіп келеді. Ассамблея туралы Заң 2008 жылы қабылданғанымен, ол 1995 жылдың 1 наурызында ел Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде өз жұмысына кіріскен болатын. Десек те, бұл бастама 1992 жылы, Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстан халқының алғашқы форумында Ассамблея құру идеясын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұсынғандығын ескере кеткен жөн.

Ел ішінде Ассамблеяның қалыпты жұмыс істеуі нәтижесінде ұлттар өзара айрандай ұйысқан, тату-тәтті мамыражай тіршілік етіп келе жатқанына қалың бұқара куә. Бүгінде республикадағы этностардың мәдениеттері, тілдері дәстүрлерінің дамуына қажетті жағдайлар жасалғандығын ешкім де жоққа шығармас. Ал уақыт озған сайын этномәдени бірлестіктердің саны тұрақты өсіп, қазір олардың саны 800-ден асады. Оның ішіндегі 28-і республикалық дәрежеге ие. Статистикаға көз жүгірсек, осы күндері 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарлама мен 7 тілде телебағдарлама тарайды. Ал білім беру саласында өзбек, тәжік, ұйғыр, және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізілуде. Сондай-ақ, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылған. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда, елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істеп келеді. Жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған кітаптар жарық көруде. Жалпы халықтық мерекелер ретінде Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой секілді жиын, шаралар дәстүрге айналған десек те болады. Мұның бәрі де ұзақ мерзімді басым мақсаттарды көздеген Елбасы саясатының нәтижесі және Қазақстан халқының ынтымақ, татулығының жарқын көрінісі деуге әбден болады.
«Сырт көз – сыншы» дейді қазақ. Елдегі Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан мемлекет ретінде де Қазақстанның халықаралық беделінің өсуіне зор ықпал етуде. Оған Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отырғандығы дәлел. Сондай-ақ, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун біздің елімізге жасаған сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып, Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өткен болатын. Ал ұлттарды ұйыстырудың қазақстандық мұндай жарқын үлгінің БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда кеңінен таныстырылып, оң бағаға ие болғанымен қоймай, оның ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекеттің тіліне аударылуының өзі зор мақтаныш, асқақ абырой емес пе?!.

Қазақстандағы қоғамдық келісімнің мұндай үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келе жатқаны да жасырын емес. Бұл шет елдіктердің Қазақстандағы ұлттар татулығына тамсана отырып, айтқан пікірі мен білдірген көзқарастары. Ал енді ел ішіндегі Ассамблеяның мақсат-мүддесі жайында аз-кем айтып өтсек, артық болмас. Жалпы, Ассамблеяның басты мндеттерінің бірі – қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. Ал Президент бекіткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң елдің мемлекеттік ұлттық саясатын іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамдық азаматтық институттардың этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Сондай-ақ, этносаралық қатынастарды нақтылай отырып, Ассамблея мен оның құрылымдарының мәртебесін тиісті заңдық дәрежеде бекітеді. Сонымен қатар, олардың жұмысының елдің саяси бағытымен үндестірумен қатар, оның жаңа жүйесін қалыптастырады. Яғни, мұндағы басты атап өтетін көрсеткіш – ол Қазақстан Республикасы Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және оны іске асыруға ықпал ететін мекеме ретінде танылады. Ал құрылымдық тұрғыдан мекеме ҚР Президентіне тікелей бағынады. Ол қызметтік бағыттарын айқындаумен қатар, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын тағайындайды. Бүгінгі таңда Ассамблея құрамында төрт жүзге жуық мүше бар. Олар Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрып, қызмет атқаруда. Ал оның құрамына ҚР Парламент депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді.

Демократияға ден қойған зайырлы мемлекет ретінде елордамыз Астана қаласында халықтар бірлігі мен татулығын нығайтуға арналған түрлі жиындар жиі ұйымдастырылып тұрады. Сондай ауқымды басқосуларға әркез Елбасымыздың өзі белсенді қатысып, ой-пікірін ортаға салып жататын кезі аз емес. Оған тіпті, халықаралық дәрежедегі лауазымды тұлғалар да шақырылып, ұлттар арасындағы бейбітшілікті бекіте түсудің мәселелері жан-жақты қарастырылатын кездер аз емес. Мұндай алқалы басқосуда елдегі мәдени орталықтар мен түрлі ұлт өкілдеріне мінбер ұсынылып, сөздері тыңдалады. Олар күмеуін табуы тиіс проблемаларды шешудің жолын ұсынумен қатар, өз ришылықтарын да білдіріп жатады. Сондай жиндардың бірі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сссиясына Н.Назарбаев қатысып, Ассамблеяның атқарған шаруасын қорытындылап, алдағы жоспарларын нақтылаған болатын. Сонда «Қазақстан – келісім мен бірліктің интегралды ұясы» деген. Тіпті, осы тақырып аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, ұлттар арасындағы татулық, бірлік пен жайлы қарым-қатынастың үлгісі қандай болу керектігін еурпалықтарға көрсету қажеттігі жайында да тапсырмалар берген. Сол жиында «бұл «Еуропаға жол» бағдарламасы аясында жүзеге асуы тиіс», – деп те нақтылаған болатын Мемлекет басшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Парламент мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұратов бірде былай деп мәлімдеген болатын. 

– ҚХА (Қазақстан халқы Ассамблеясы) – бұл ұлттар арасындағы үйлесімділік пен тұтастықты сақтаудың тамаша институты. Біздің елдегі жетістікті көрген БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан «Қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің өзара татулығын нығайтуда әлемге үлгі бола алаты ел» деген болатын. Мұндай лебіз қазақстандықтарға зор мақтаныш сыйлаумен қатар, мол жауапкершілік артады. Бұл жерде басты рольге ие қазақ халқына шексіз алғыс айтуымыз керек. Тағдыр талайымен тарыдай шашырап, қайғы-қасіретке толы қуғын-сүргін жылдарында «бөтенсің демей», өзге ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алып, ағалық қамқорлық көрсеткен қазақ халқына қандай құрмет көрсетсек те лайықты. Осы кезге дейін ұлттарды ұйыстырып келген олар, болашақта да қауымдастықтардың басын қосатын негізгі күш бола алатындығына сенімдімін, – деген жылы лебізі әлі де елдің есінде. 

Мұндай сөздер қайырымды істің қайтарымы болмаса да, көңілдерге жылу беретіні жасырын емес. Сондай-ақ, дархан көңіл кең пейілді қазақтың мәрттігі мен жомарттығын жүрекпен сезіне білетін жандардың бірі – Қазақстандағы кәрістер ассоциациясының президенті Григорий Кан: «Біздің аталарымыз бен әкелеріміз 1937 жылдың 9 қазанында жер аударылып (депортацияға ұшырап) бір топ кәрістермен бірге Бестөбе маңына әкелінген екен. Онда біздің сол кездегі әке, аталарымыз жерленген зираттар әлі де сақтаулы тұр. Бестөбе – жылдың 365 күні мен 24 сағатында өңмеңіңнен өтетін желі тоқтамайтын таңғажайып жер. Ал енді елестетіп көріңіздерші, 1937 жылдың қоңыр күзі мен қара суығын. Айнала аштық жайлаған азынаған желді дала. Осындай жағдайда біздің ата-әжелеріміз бен әке-аналарымыз қалай аман қалушы еді? Бақытымызға орай, ақ көңіл қазақ бауырларымыздың қол ұшын созуымен, біздің тұқымымыз құрымай, ұрпағымызды сақтап қалдық. Сол үшін де қазақ халқын, қазақ жерін қай кезде де құрмет тұтып, есімізге сақтаймыз», – деп ағынан жарылған болатын.

Міне, қиын-қыстау кезеңнің өзінде өзге ұлт өкілдерін қол ұшын созып, қатардан қалдырмаған қазақ елі бүгінде Тәуелсіз мемлекет ретінде, олардың материалдық құндылықтарын қамтамасыз ете отырып, адами құқықтарын да сақтап келеді. Президентіміздің өзі төрағалық етіп Ассамблея құрып, Заң шығару ісіне де біркісідей қатыстыруда. Өзге ұлт өкілдерінің тең құқылы демократиялы мемлекетте өздерін еркін сезініп, өсіп өркендеулеріне зор мүмкіндіктер жасалуда.  Қазір құрылғанына 20 жыл толып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететін саяси жүйенің ең маңызды бір бөлігіне және азаматтық қоғамның ықпалды институтына айналды. 2014 жылдың 21 сәуірінде өзінің ХХІ сессиясын «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбымен өткізді.

Сессия барысында Мемлекет басшысы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге «Құрмет» орденін және Ассамблеяның бірқатар мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін табыстады.

Елімізде көптеген ұлттардың өкілдері өнер мен әдебиетте қазақстандық мәдениетке зор үлес қосты. Мысалы, ұйғыр сазгері Құдыс Қожамияров, әншісі Гүлвира Рәзиева, татар сазгері Латиф Хамиди, өнер зерттеуші (“Қазақтың мың әні” зерттеу еңбегін жазған) Александр Затаевич, қазақ операларының негізін салушы Евгений Брусиловский, орыс жазушылары мен ақындары Иван Шухов, Дмитрий Снегин, Иван Щеголихин, Галина Черноголовина, Вениамин Ларин және басқалар біздің жалпыұлттық мәдениетімізді өрлетті.

Мұндай айғақтар спортымызда да мол. Айталық, Олимпиада чемпиондары: Илья Ильин, Александр Винокуров, Владимир Смирнов, Василий Жиров, Юрий Мельниченко, Анатолий Храпатый, Юрий Зайцев, Виктор Мазин, Валерий Рязанцев, Анатолий Быков, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Ольга Шишигина, Ольга Рыпакова, жүлдегерлері Геннадий Головкин, Ислам Байрамуков, Людмила Прокашева, Елена Хрусталева, Анатолий Назаренко, Георгий Цурцумия, Гюзель Манюрова, Иван Дычко допты хоккейден КСРО-ның және Еуропаның неше мәрте жеңімпазы, “Динамо” командасын ұзақ жылдар бойы баптаған Эдуард Айрих, Лондонда мерейге бөленген ауыр атлетшілеріміздің бас бапкері Алексей Ни, әйгілі күрес бапкерлері Вадим Псарев, Петр Матушак, боксшыларымызды жаттықтырған Юрий Цхай және басқалары ұлтқа бөлінбей, “Біз – қазақстандықпыз!” деген мақтаныш сезімін ту етіп көтерді.



Қорытынды

Қорыта айтқанда, Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Отанымыздағы көптеген халықтардың бір шаңырақ астында ауызбіршілікте өмір сүруінің өзі Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасы. Ұлт көшбасшысы өз сөзінде: «Әлемде бір ғана қауым бар, ол – адамзат қауымдастығы, бір ғана жаратушы бар, ол – Алла Тағала. Бір ғана тіл бар, ол – жүрек тілі. Ендеше барша адамзаттың тілегі бір», – деп үндеу тастаған болатын және өз сөзінің дәлелін іс жүзінде көрсетіп те келеді. Еліміздегі қол жеткізген табыстар осы халықтар достығымен тығыз байланысты. Бүгінде өзімізді әлемге ауызбіршілігі және ынтымағы жарасқан ел деп танытсақ, мұның бәрі қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлығының арқасы. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп білетін қандастарымыздың толеранттық қасиетінің аясында еліміз дамыды, өсті, бүкіл дүниежүзі қызыға да қызғана қарайтын, тіпті біздің достығымыздан үлгі алатын мемлекетке айналды. Кеңес халқы ортақ Жеңіс үшін батырлық пен ерліктің үлгілерін көрсетіп жатқан уақытта сталиндік қылмыскер топ өз халқына геноцидін жалғастыра берді. «Халық жауларын» жоюмен қанағаттанып қана қоймай, ол тұтас этникалық қауымдастықтарды өздерінің туған жерлерінен күшпен қоныс аударып, террорлық әдістер қолдануға көшті. Күштеп жер аударудың алғашқы құрбандықтарының бірі — Қиыр Шығыстағы кеңестік корейлер. 1937 жылы Қазақстанға бұл этностың 100 мыңдай өкілі қоныс аударылды. 1941- 1942 жылдары республикаға 408 мың неміс депортацияланды. 1943-1944 жылдары ешбір дәлелсіз басқыншыларға дем берді деп айыпталған Солтүстік Кавказ халқы да жер аударылды. Олардың ішінде Қазақстанға депортациялауға қарашайлар — 45,5 мың адам, балкарлар — 25 мың, чешендер мен ингуштар 406 мың адам душар болды. Сондай-ақ Қазақстанға қалмақтар (2,2 мың), ирандықтар (2 мыңнан аса отбасы), поляктар, финдер, күрдтер, қырым татарлары, түріктер, гректер, батыс беларустар мен батыс уқраиндықтар, литвалықтар т. б. қоныс аударылды. Тіршілік ауыртпалығы мен күшті моральдық қысым жағдайында жергілікті халықтың тілектестігі мен қолдауынсыз өмір сүру қоныс аударушылар үшін қиын еді. Осы ретте ата-бабаларымыздың ерлік істері қалай дәріптесек те лайықты деп ойлаймын.




Ұ с ы н ы с :


  1. Ел басына күн туған қилы замандарда жерімізге қоныс аударған ұлттар мен ұлыстар туралы жазылған шығармалар негізінде кинофильмдер, деректі фильмдер түсірілімі өзіміздің туған жерімізде жүргізілсе.


П а й д а л а н ы л ғ а н ә д е б и е т т е р:


  1. М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 179 б.

  2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том  

  3. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпин реформасы.// Қазақстан тарихы веб-порталы. e-history.kz

  4. Мұқанов М., Қазақ жерінің тарихы, Алматы, 1994, Атамұра

  5. Тынышбаев М., История казахского народа (учебное пособия). Алма-Ата, Қазақ университеті, 1993 ж.

  6. Асылбеков М.Х., Жаркенова А.М., Население Казахстана в конце ХІХ-начале ХХ века. (1897-1917 гг.) Алматы, 2001 ж.






жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау