Оңтүстік Қазақстан облысы



жүктеу 1,23 Mb.
Дата21.12.2017
өлшемі1,23 Mb.
#5209
түріСабақ


ОҚО, Бәйдібек ауданы, Кеңес ауылы, Өмірбек Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектебі

Мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Бегманов Мейіржан Орақбайұлы

6 сынып


Сабақтың тақырыбы: Натюрморт

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы

сауатты сурет салуға үйрету. Натюрморт салдыру

арқылы жарық пен көлеңкені, заттың пішінін

салудың заңдылықтарына баулу.



Дамытушылығы: Оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру,

акварель бояуымен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке,

ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының салт-

дәстүрлері тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Затқа қарап, сурет салу

Әдісі: Әңгімелеу, үйрету, көрсету.

Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, биология.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Натуралық постановкалық заттар, суретшілер шығармаларының иллюстрациясы, үздік сурет салатын оқушылар шығармалары, өнер жайлы сөзжұмбақ, альбом, қарындаш, бояулар, бейнелеу, құрал-жабдықтары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.


  • Балалар, бүгін біз сендермен ерекше сабақ өткізгелі отырмыз. Сендер бейнелеу өнері пәнін жақсы көресіңдер ме? Сурет салғанды ұнатасыңдар ма? Өнердің ең құнды түрін білесіңдер ме?

Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамының көркемдік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не?

  • Айналамызға өмір көріністерін жазықтыққа, әрі кеңістікке бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

  • Орыс тілінде суретші өз шығармасын қарындаш, көмір не тушьпен салса, «рисует» «сурет салады» дейді де, ал бояуларды пайдаланып салса, «пишет» - «жазады» дейді.

Біз қазақ тілінде сурет салу өнеріне байланысты мұндай екі ұдайы ұғым жоқтығынан, екі жағдайда да «сурет салады» деп айтамыз.

Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.



  1. Кескіндеме

  2. Графика

  3. Мүсін

  4. Сәулет өнері

  5. Сәндік қолданбалы өнер

  6. Дизайн өнері

Сыныпты парта қатары бойынша бірнеше топқа бөлеміз: Акварель, Гуашь, Қарындаш.

Осы үш топқа сұрақ қоямыз. Сендер жауап беріп ұпай жинайсыңдар.



  • Живописьтің басты құралы не?(Түс)

  • Табиғат әлемінде кездесетін түс дақтары екі топқа бөлінеді, ол қандай? (жылы және суық)

  • Хроматикалық түстерді атап беріңдер? (Түстік). (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)

  • Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме?(түссіз) түстер (ақтан, қара, сұр).

  • Локальді түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі).

  • Живописьтік түс дегеніміз не? (нәрселердің алыс - жақындығын, күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі).

  • Акварель бояуы қандай? (мөлдір , нәзік деген ұғымды білдіреді. «Аква» - грек сөзі – «су». Акварельдің ең негізгі қасиеті мөлдірлік).

  • Гуашь бояуы? (өте ашық түстер бір – бірімен жақсы жағылады. Қара мен ақ түстерді қосқанда бай түстерді табамыз).

  • Қарындаштың әр түрін штрихта пайдаланып көркем шығармада орындау қай өнер?(графика).

Графика тілінде сызық – штрих. Образдық кескіні қара, ақ болып келеді. Өшіргішпен тез өшіріп, ұтымды пайдаланады. Тушьпен салғанда өшіргішпен өшіруіне, түзеуге болмайды.

Жаңа сабақ.

  • Ал, енді, мына алдыларыңдағы заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады?

  • Живопись өнерінің натюрморт жанрына. Живопись өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т.б. жанрлары бар. Бүгін біз натюрморт жанрына тоқталамыз.




  • Натюрморт – француз сөзі, өлі заттардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

  • Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлоі бейнеленген көркем сурет құрылымымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт – қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.

Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.

Ал күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.

Натюрморт алғаш XVIII ғасырдың басында Голландияда пайда болған. Олар өздерін қоршаған заттарға сүйсіне қарап, натюрморт орындауды озық үлгіге айналдырды.

Қазақстан суретшілері арасында А. Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған жұмыстарын тамашалауға болады. Сондай – ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботагөз Ақанаеваның натюморттарын атап айтуға болады.



Өзіндік жұмыс. Стол үстіндегі түрлі – түсті қағаздардан қиылған тұтас бір біріккен сурет сала отырып, жапсырмалау. Алдымен оларды дұрыс орналастыруымыздан басталады. Қағаз бетіне заттарды орналастыру, орындарын белгілеу, көру нүктесін таңдау – үйлесімділіктің бастапқы негізі болып табылады.Нұсқаның жеке бөлшектері бір – бірімен байланыста болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады.

  • Қағаздың ортақ нүктесін тауып, заттарды дұрыс орналастыру.

  • Жапсырмалау арқылы бөлшектерден натюрморт бейнеленген сурет шығару.

Сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:



  1. Хайуанаттардың суретін салатын суретші ( анималист)

  2. Көк пен сары түстердің қосындысынан қандай түс шығады? ( жасыл)

  3. Мата бетіне сурет салу қалай аталады? ( батик)

  4. Жансыз заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма(натюрморт)

  5. Әшекей бұйымдар жасайтын адам ( зергер)

  6. Ермексаз, сазбалшық немесе ағаштан жасалған көркем шығарма ( мүсін)

  7. Адамның бет - әлпеті бейнеленген көркем шығарма (портрет)

  8. Бояусыз салынған көркем шығарма (графика)

  9. Алғашқы кәсіби қазақ суретшісі (Ә. Қастеев)

Қорытындылау.

  • Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

  • Сабақ несімен ұнады?

Бағалау.

Әр топты жауаптарына байланысты бағалау.



Үйге тапсырма беріледі.
жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау