Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру


- тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны



жүктеу 1,5 Mb.
Pdf просмотр
бет3/49
Дата05.05.2023
өлшемі1,5 Mb.
#42457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Үлгілік оқу бағдарламалары kaz.

 3-
тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
7. Осы бағдарлама пәннің мақсаты мен міндеттерін, тақырыптық жоспарын, оқыту әдістерін, оқу 
нәтижелерін бағалау критерийлерін, пререквизиттері мен постреквизиттерін шолудан басталады. 
8. Пәннің мазмұнын, семинар (практикалық) сабақтарының және білім алушылардың өзіндік 
жұмыстарының тақырыптарын қамтитын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының 
мазмұны осы бағдарламаға қосымшада келтірілген. 
9. Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары: 
1) студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту 
үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген; 


2) біліктілікке бағытталған оқыту; 
3) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары; 
4) кейс-стади; 
5) жобалар әдісі. 
10. Бағдарламаның пререквизиттері мен постреквизиттерін жоғары оқу орнының өзі тағайындайды. 
Жоғарғы және (немесе) жоғарғы 
оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін "Қазақстанның 
қазіргі заман тарихы" жалпы 
білім беру пәнінің үлгілік оқу 
бағдарламасына 
қосымша 
 
Жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақстанның 
қазіргі заман тарихы" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
Пәннің мазмұны 
Семинар 
(практикалы) сабақтар 
тақырыптары 
Білім алушылардың 
өзіндік жұмыстарының 
тақырыптары 
Сағат
тар саны 
1 апта: Пәнге кіріспе. 
Отандық тарихты оқудың 
тұжырымдамалық негіздері. Қазақ 
мемлекеттілігінің тарихи 
бастаулары мен сабақтастығы: 
ежелгі және ортағасырлар, жаңа 
дәуір. Мемлекеттің саяси, 
әлеуметтік-экономикалық және 
мәдени дамуының заңдылықтары. 
Қазақстанның қазіргі заман 
тарихының басты мәселелерінің 
өзектелігін айқындау. "Қазақстан 
Республикасында тарихи сананы 
қалыптастырудың 
тұжырымдамасы". Әлемдік-тарихи 
үдерістер мәнмәтініндегі 
Қазақстанның қазіргі заман 
тарихы. Қазақстанның қазіргі 
заман тарихының кезеңделуі. 
Қазақстанның қазіргі заман 
тарихының тарихи деректері мен 
тарихнамасының талдануы. 
Тарихи жады 
негізінде мәдени 
сабақтастық және ұлттық-
азаматтық бірегейлік. 
"Қазақ 
мемлекеттілігінің 
эволюциясы" тақырыбы 
бойынша рефлексия 
формасындағы эссе жазу. 
10 
2 апта: Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері. 
ХХ ғасыр басындағы 
Қазақстандағы әлеуметтік-
экономикалық жағдай. Ішкі 
Ресейден орыс және басқа 
еуропалық тұрғындарды қазақ 
жеріне қоныстандырудың қарқын 
алуы, экспедициялық зерттеу 
жұмыстарының жүргізілуі, 
қоныстандыру мекемелері 
жүйесінің құрылуы, қоныс аудара 
келгендерге жасалған қолдау. 
Азаттық қозғалыс 
идеологиясының 
қалыптасуы мен ұлт 
зиялылардың қызметі. 
"Саяси партиялар: 
большевиктер, кадеттер, 
әлеуметтік 
революционерлер, "Алаш", 
"Үш Жүз", "Шуро-и 
Исламия", "Шуро-и-улемия" 
және т.б. тақырыптар 
бойынша ғылыми-зерттеу 
жобасын әзірлеу. 
10 


Қазақ қоғамының дәстүрлі 
шаруашылығындағы өзгерістер. 
Аграрлық қатынастардың 
шиеленісе түсуі. 
Қазақ жерінде өнеркәсіп 
ошақтарының қалыптасу 
ерекшеліктері және оның отарлық 
сипаты. Транспорт. Сауда. 
Еуропалық капиталдың енуі. 
Өнеркәсіп орындарындағы 
жұмысшылардың әлеуметтік 
жағдайы. 
Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр 
басындағы отаршылдыққа қарсы 
ұлттық қозғалыстардың мақсаты, 
ерекшеліктері және тарихи 
сабақтастығы. Қазақ халқының 
ұлттық қозғалысының бастаулары. 
Ұлттық қозғалыс түрлерін 
сипаттау. 
Қазақ зиялыларының қалыптасуы: 
әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. 
Жәдидтік ағартушылық ойларының 
Ұлы Дала еліне ықпалы. Ресей 
империясының түрік-мұсылман 
халықтарының интеллектуалды 
элиталарының өзара ықпалдасуы. 
Қоғамда орталық биліктің атына 
арыз-тілектердің жазылуы. 
Қарқаралы петициясы. Орал және 
Торғай облыстарынан дін және 
жерге байланысты жазылған арыз-
тілектер. Жер мәселесінің 
қойылуы. Бұл құжаттық 
материалдардың бағдарламалық 
сипаты. Мұсылмандардың 
қайырымдылық қоғамдары және 
олардың қызметі. 1905 жылғы 17 
қазандағы патша манифесі. 
Қазақтардың Ресейдің І – ІІ 
Мемлекеттік Думаларының 
жұмысына қатысуы. Аграрлық 
мәселе және қазақ депутаттары 
А.Бірімжанов пен Б.Қаратаевтың 
сөздері. 
Ресейлік түрікшілдіктің 
доктринасы: қазақ ұлттық 
қозғалысының қалыптасуына әсері. 
Қазақ зиялыларының дума 
жанындағы мұсылман фракциясы 
құрамындағы қызметі. 1907 ж. 3 
маусым заңы бойынша қазақтан 


депутат сайлау құқының жойылуы. 
Қазақ саяси тобы өкілдерінің 
жалпыресейлік мұсылман 
съездеріне (С.- Петербург, Н.- 
Новгород) қатынасуы. 
Империяның түрік-мұсылман 
халықтарының 
консолидациясындағы "Иттифак-
эль-муслиминнің" (Мұсылмандар 
одағы) рөлі. 
Бірінші дүниежүзілік соғыс 
жылдарындағы Қазақ өлкесі. 
Қазақстандағы соғыс тұтқындары. 
Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-
жетілуі. 1916 жылғы ұлт-азаттық 
көтеріліс, оның себептері, 
қозғаушы күштері, басталуы, 
барысы және негізгі кезеңдері. 
1916 жылғы көтеріліске қазақ 
зиялыларының көзқарасы. Тылдағы 
қара жұмысқа алынған қазақ 
жастарының жағдайы. 
Ә.Бөкейхановтың шақыруымен 
тыл жұмысындағы жастармен 
жұмысқа ұлт зиялыларының өз 
еркімен аттануы. Бұл азаматтық 
актінің салдары және тарихи 
маңызы. Көтерілістің жеңілу 
себептері және тарихи маңызы. 
Патша өкіметінің жазалау 
шараларының салдары. 
Қазақтардың Қытайға (Құлжа 
өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға 
жаппай иммиграциясының 
алғашқы толқыны. Тәуелсіз 
Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. 
көтерілісті бағалауға жаңаша 
көзқарастың қалыптасуы.
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-
демократиялық революциясы және 
оның Қазақстанға ықпалының 
ерекшелігі. Уақытша өкіметтің 
жергілікті басқару органдарының 
құрылуы. Революциялық 
өзгерістерге байланысты ұлт-
азаттық қозғалыстың жаңа 
міндеттері. Қазақ саяси басқарушы 
тобының Қазақ комитеттерін 
құруға байланысты шақырулары. 
Қазақ комитеттерінің құрылуы 
ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту 
әрекетінің көрінісі. Облыстарда 


өткізілген қазақ съездері және 
оларда қаралған мәселелер. Ұлттық 
саяси топ өкілдерінің Уақытша 
өкімет органдары құрамындағы 
қызметі. 1917 жылдың жазындағы 
саяси дағдарыс. Шілдедегі 
Жалпықазақ съезі және оның Алаш 
партиясын құру туралы шешімі. 
Партияның бағдарламасы. 
Жалпыресейлік Құрылтай 
Жиналысына депутаттар сайлау, 
Алаш партиясының жеңісі.
Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық 
идея, ұлттық мемлекеттіктің 
қалыптасу эволюциясы. ЮНЕСКО 
шешімімен Алаш қозғалысының 
көшбасшысы Ә.Н.Бөкейхановтың 
150 жылдық мерейтойының атап 
өтілуі. Алаш қозғалысының 100 
жылдығы: ұлттық 
интеллигенцияның саяси, мәдени-
ағартушылық қызметіне жаңа 
көзқарастың қалыптасуы. 
3 апта: Азаматтық-саяси қайшылықтар. 
Қазан төңкерісі және Қазақстанның 
саяси өмірі. Уақытша өкіметтің 
мемлекеттік институттарының 
ыдырауы, большевиктердің билікке 
келуі. Ресей халықтарының құқы 
Декларациясы (15 қараша 1917 ж.) 
жариялануы. 
Желтоқсандағы жалпықазақ съезі. 
Ә.Бөкейхановтың төрағалығымен 
Алашорда (Халық кеңесі) 
үкіметінің құрылуы. Алаш 
автономиясын жариялауға 
дарялық. Қоқан қаласында 
Түркістан автономиясы (Қоқан 
Автономиясы) үкіметінің құрылуы. 
М.Шоқайдың естеліктері. Советтік 
биліктің орнауы. Алашорда және 
Қоқан автономиясы билік 
орындарының таратылуы. Кеңес 
өкіметінің Қазақ комитеттерін 
"ұлттық-буржуазиялық" биліктің 
көрінісі ретінде тануы.
Қазақ жері: "ақтар" мен 
"қызылдардың" текетірес 
күрестерінің аясында. Алашорда 
үкіметінің қазақ әскери 
жасақтарының іс-қимылдары. 
Қазақ халқын таптық тұрғыдан 
Қазақстандағы 
кеңестік биліктің 
әлеуметтік-экономикалық 
және саяси өзгерістерінің 
ерекшеліктері. 
"Қазақстандағы 
аштық, 1921-1922 жж.: 
құжаттар, статистика, 
ақпарат" деректері бойынша 
контент- талдау дайындау. 
10 


екіге бөлу. Соғыс қимылдарының 
бүкіл қазақ өлкесін қамтуы. 
"Әскери коммунизм" саясатының 
қазақ өлкесіндегі арандату 
әрекеттері. Қырғыз (Қазақ) 
революциялық комитетінің ұлттық 
мемлекет құру идеясын күйретуі. 
Алашорда үкіметіне "кешірім" 
жариялануы. А. Байтұрсынұлының 
В.И.Ленинге жолдаған хаттары, 
оларда большевиктер ұстанымына 
айтылғын сын. Қырғыз (Қазақ) 
АСР-ның құрылуы – ұлттық 
мемлекет құру идеясын таптық 
негіздегі мемлекет құру идеясымен 
ауыстыру. Қырғыз (Қазақ) АКСР - 
нің территориялық аймағының 
"жоғарыдан" белгіленуі. Қазақ 
АССР және Түркістан 
Республикасы. Мұсылман бюросы 
және Түрккомиссия: саяси билік 
үшін күрес. Тұтас Түркістан 
идеясы, жеңіліс табуы. Т. Рысқұлов 
және М. Сұлтанғалиев. 
Басмашылар қозғалысы. Әнуар 
Паша және А.З. Валидов.
Кеңестік тоталитарлық басқару 
жүйесінің негіздерінің қалануы. 
Жер-су реформасының мақсаты. 
Оны жүзеге асырудағы ауытқулар 
мен қателіктер. Қазақстандағы 
жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). 
Оған көшудің әлеуметтік-
экономикалық және саяси 
негіздері. ЖЭС-тің мазмұны және 
оны жүзеге асыру ерекшеліктері. 
Қазақстандағы аштыққа қарсы 
қазақ зиялыларының күресі. Қазақ 
өлкелік партия комитетінің "қазақ 
ұлтшылдығына" қарсы күресі. 
Түркістан республикаларын 
ұлттық-мемлекеттік межелеу - 
біртұтас Түркістан идеясының 
біржақты күйреуі. Қазақ 
жерлерінің ҚКАСР құрамына 
біріктірілуі. 
4 апта: Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы. 
Коммунистік партияның қоғамдағы 
саяси дара билігінің күшеюі. Жаңа 
көпұлтты империя - КСРО-ның 
құрылуы. Ф.И.Голощекиннің "Кіші 
Қазан" идеясы және оның қатерлі 
Қазақ халқының дәстүрлі 
шаруашылығы 
бұзылуының салдары. 
Тақырып бойынша ғылыми-
зерттеу жобасын әзірлеу: 
"Білім беру жүйесіндегі 
кеңестік үкімет 
реформаларының қарама-
10 


мазмұны. Қазақ өлкелік партия 
комитетінің жер мәселесіне 
байланысты шешімінің отарлық 
мазмұны. Қазақ зиялыларын 
қуғындаудың басталуы. 
Қазақстанды 
индустрияландырудың жолдары 
мен әдістеріне байланысты 
теориялық айтыстар. Қазақ 
қайраткерлерінің 
индустрияландыруға байланысты 
пікірлері. Қазақстанды 
индустрияландырудың 
ерекшеліктері. 
Қазақ ауылын кеңестендіру–
дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. 
Жайылымдық-шабындық жерлерді 
бөлу және оның нәтижелері. Бай 
қожалықтарын тәркілеу және оның 
әлеуметтік- экономикалық 
салдарлары. Көшпелі және 
жартылай көшпелі қазақ 
шаруалары қожалықтарын күшпен 
отырықшылыққа көшіру. Ауыл 
шаруашылығын жаппай 
ұжымдастыруға көшу. 
Ұжымдастырудың әдістері, 
түрлері, қарқыны. Еріктілік пен 
заңдылық принциптерінің 
бұзылуы. Адам құқының тапталуы. 
Ауқатты шаруалар қожалығын тап 
ретінде жою. Қазақтардың дәстүрлі 
шаруашылық жүйесінің күйреуі. 
Меншіктен айыруға және күштеп 
ұжымдастыруға қарсы халық 
наразылығы мен көтерілістер – 
ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы. 
Қазақтардың шетелге ауа көшулері. 
Қазақтардың аштан қырылуы. 
Қазақ босқындарының қайғылы 
тағдыры. "Бесеудің хаты". 
Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты-
ащы шындықтың ақиқаты. 
Аштықтың демографиялық 
салдарлары. 30-шы жылдардың 
екінші жартысындағы 
Қазақстанның ауыл 
шаруашылығындағы ауыр ахуал.
Қазақстанның қоғамдық-саяси 
өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі 
мен ғылымындағы ұлт 
мәселесіндегі таптық-партиялық 
қайшылықтары: қазақ тілінің 
араб таңбасынан 
кириллицаға ауысуы және А. 
Байтұрсынов бастаған топ 
реформаларына қарсылық 
көрсетуі". 


принципті ұстану залалдары және 
оның ұлыдержавалық астарлары. 
Қазақ мүддесін қорғаушылар 
С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың 
және Ж.Мыңбаевтың 
ұстанымдары. М.Шоқайдың 
эмиграциядағы саяси қызметі – 
түрік халықтарының рухани 
жаңаруына бағытталған елеулі 
қадам. Оның "Кеңестер билігіндегі 
Түркістан" ж.б. еңбектері. Ұлт 
зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – 
қазақ ұлтын рухсыздандырудың 
және мәңгүрттендірудің бастауы. 
Қазақстанды әкімшілік-
территориялық аудандастыру – 
тоталитарлық басқаруға барар 
қадам. Қазақ АКСР-ның одақтас 
республикаға айналуы. Сталиндік 
"үлкен" қуғын-сүргін, оның 
ауқымы мен ауыр салдарлары. 
Саяси сенімсіздік пен жекеленген 
халықтарды Қазақстанға еріксіз 
қоныс аудару – ұлттық намысты 
қорлаудың нақты мысалы. 
Білім беру жүйесінің қалыптасуы. 
Сауатсыздықпен күрес. Ұлттық 
және мәдени негіздердің күйзелісі. 
Әдебиет пен өнердегі социалистік 
реализмнің біржақтылығы. Театр 
және музыка өнері. Қазақстан 
жазушылары мен 
композиторларының 
шығармашылық қызметі. 
Мәскеудегі Қазақстан әдебиеті мен 
өнерінің он күндігі – ұлт рухының 
өміршеңдігінің айқын көрінісі. 
Ғылым мен ғылыми мекемелердің 
дамуы. КСРО ҒА-ның 
Қазақстандық филиалы. 
Екінші дүниежүзілік соғыс 
қарсаңындағы кеңестік биліктің 
сыртқы және ішкі саясатының 
негізгі бағыттары. Соғысқа дейінгі 
Қазақстандағы қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік-экономикалық және 
мәдени-рухани ахуал. 
Фашистерден отанды қорғау 
соғысының басталуы. Майдан 
шебіне жақын аудандардан 
Қазақстанға халықты, өнеркәсіп 
орындары мен мәдениет 


ошақтарын көшіріп әкелу. 
Республика өмірін соғыс қажетіне 
шұғыл бейімдеу. Қазақстан 
жерінде жасақталған әскери 
бөлімдердің ірі шайқастарға 
қатысуы және жанқиярлық 
ерліктері. Қазақстандықтар -
партизан қозғалысына дем 
берушілер. Кеңес Одағының 
батыры атанған қазақстандықтар 
мен қатардағы жауынгерлердің 
ерліктері - ата-баба 
қаһармандығының дәстүрлі 
жалғасы. Соғыс тұтқындарының 
тағдыры. Ерлігі бағаланбаған 
қазақстандықтар – кеңестік 
биліктің әділетсіздігінің айқын 
көрінісі. "Түркістан" легионы. 
М.Шоқай соғыс жылдарындағы 
әрекеті. Екінші дүниежүзілік 
соғыстың ащы қорытындылары 
мен тағылымды сабақтары. Соғыс 
жылдарындағы ғылым, мәдениет 
және халыққа білім беру қызметі. 
5 апта: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен 
зардаптары. 
Соғыстан кейінгі жылдағы 
Қазақстандағы ауыр ахуал. Бейбіт 
құрылысқа бейімделу 
ауыртпалықтары. Әскери-
өнеркәсіптік базаны жеделдету 
бағытын қолға алу. Қазақстан 
халық шаруашылығындағы 
қиыншылықтар мен проблемалар. 
Республика өңіріндегі ядролық 
сынақтар және олардың 
зардаптары. Білім мен ғылымдағы 
жағымды өзгерістер. Жалпыға 
бірдей жеті жылдық білім беру 
жүйесінің орнауы. Жоғарғы және 
арнаулы орта білім беретін оқу 
орындарының ашылуы. Кәсіптік-
техникалық білім беру жүйесі. 
Қазақстан Ғылым Академиясының 
құрылуы. Партияның 
шешімдерінде мәселені үстірт 
шешетін волюнтаристік 
әрекеттердің өсе түсуі. 
И.Сталиннің жеке басына 
табынушылық саясатын сынау. 
Н.Хрущевтың "жылымығы" 
жылдарындағы Қазақстан. Күнәсіз 
Кеңестік қоғамның саяси 
және әлеуметтік-
экономикалық дағдарысы. 
Тақырып бойынша ғылыми-
зерттеу жобасын әзірлеу: 
"Адам құқықтарын шектеуге 
бағытталған, қоғамдық 
өмірдегі партиялық 
бақылаудың күшеюі: кәсіби 
тарихшы Е.Б.Бекмахановтың 
Кеңесары Қасымов бастаған 
көтеріліс тарихын зерттеуі 
бойынша "әділетсіз" 
айыпталуы". 
10 


қуғындалған мемлекеттік, 
қоғамдық қайраткерлерді "ақтау" 
және оның жартыкештік сипаты. 
Партиялық-мемлекеттік басқару 
жүйесіндегі Хрущевтің реформасы 
және оның тиянақсыздығы. Ұлт 
мәселесіндегі шектеулердің күшейе 
түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан 
үкіметі арасындағы қатынастардың 
күрделілігі. Теміртау оқиғасы. 
Реформаторлық бағыттағы 
шаралардың жартыкештігі. КСРО 
мен ҚазКСР арасындағы 
территориялық мәселелерді 
шешудегі қайшылықтар – 
Мәскеудің ұлттық мүддені 
ескермейтіндігінің айқын көрінісі. 
1955, 1962 жылдарда шетелдік 
қазақтардың Қазақстанға оралуы. 
Ауыл шаруашылығын әміршіл-
әкімшіл әдістермен көтеруге 
бағытталған шаралар. Әкімшілік 
әдістерден экономикалық әдістерге 
көшуге талпыныс. Экономиканы 
басқару саласындағы тиянақсыз 
реформалар. Салалық 
министрліктердің таратылып, 
совнархоздардың құрылуы 
Жоғарғы партиялық-мемлекеттік 
басқару жүйесіндегі 
ойластырылмаған біржақты 
өзгерістер. Л.Брежнев бастаған 
номенклатуралық топтың билікке 
келуі. 1965 – 1966 жж. 
экономикалық реформалардың 
аяқсыз қалуы. Экономиканың 
экстенсивтік үлгісінің орнығуы. 
Кеңестік экономиканы басқару 
тәсілдерін орталықтандыру 
тұрғысынан өзгерту және 
өнеркәсіптік, аграрлық 
реформалардың қайшылықтары. 
Мемлекеттік меншіктің 
басымдылығы жағдайындағы 
кеңестік менеджмент жүйесінің 
және тұтастай модернизациялық 
моделінің тиімсіздігі. 
Идеологиялық тоқырау: ресми 
марксизмнің дағдарысы, 
зиялылардың астыртын әрекеттері, 
диссиденттік үйірмелер қызметі. 
60-70-
ші жылдарға қазақ 


жастарының бейресми студенттік 
үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы 
рөлі ("Жас тұлпар"). 
КСРО өнеркәсібінің дамуына 
Қазақстанның қосқан үлесі. 
Өнідірстегі өзін-өзі басқарудағы 
шектеулер және оның дамуындағы 
қайшылықтар. Жұмысшылардың 
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның 
келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы 
дағдарыстың өршуі. 
Әкімшіл басқарудың аграрлық 
саладағы қайшылықтарды 
асқындыра түсуі. Кеңестік 
өкіметтің ауыл мен деревняны іс 
жүзінде кедейшілік пен тоқырауға 
ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін 
материалдық ынталандырудың 
төмендеуі. Аграрлық саланың 
басқару мен ұйымдастырудың 
өмірге жақын жаңа түрлерін 
енгізуге бағытталған біржақты 
бастамалар және олардың 
сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық 
аудандық агроөнеркәсіптік 
бірлестіктерді агроөнеркәсіптік 
кешендерге жоғарыдан біріктірудің 
тиімсіздігі. Қазақ ауылының 
келеңсіз әлеуметтік-гуманитарлық 
қырлары "күнделікті тарих" 
деректерінде.
Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз 
теңгермешілік, халықтың басым 
бөлігінде негізгі табыстың 
төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, 
әскери және шаруашылық басқару 
жүйесіндегілерге берілген 
артықшылықтар- әлеуметтік 
әділетсіздікті өрістете түсуге 
бағытталған қадам. Халықтың 
материалдық тұрмыс жағдайының 
төмендеу себептері. Тұрғын үй 
мәселесіндегі шешілмейтін 
қиыншылықтар. Орталықтың этно-
демографиялық саясатының 
келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, 
соның ішінде қазақтардың ауылдан 
қалаға көші-қонды тежеуді 
паспорттық жүйе, "тіркеу" 
(прописка), тілдік кемсітушілік 
(дискриминация), жолдармен 
жүзеге асырып отыруы. Ауыл 


тұрғындарының азаматтық 
құқықтарына қысым жасау. 
Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну 
тауарларының тапшылығы. 
"Көлеңкелі экономика" (қара 
нарық), криминалдық топтардың 
таралуы. Экологиялық 
дағдарыстар. Арал қасіреті. Оның 
табиғи экологиялық және 
техногендік себептері. Кеңестік 
милитаристік империя жасақтаған 
әскери-өнеркәсіптік кешенінің 
қазақ халқына тигізген 
трагедиялық зардабы: Семей 
ядролық сынақ полигоны (1949-
1991). Атомдық радиациядан 
болған жергілікті халықтың 
денсаулығындағы генетикалық 
зақымдар, жаппай онкологиялық, 
психикалық, т.б. аурулардың 
таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің 
қоршаған ортаны ластауы.
Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан 
әміршіл басқарудың күшеюінен 
мәдени және рухани өмірдегі 
қайшылықтардың тереңдей түсуі. 
6 апта: Қазақстандағы "қайта құру" саясатының сипаты. 
КОКП-ның әміршіл-әкімшіл 
басшылық рөлі мен 
М.С.Горбачевтың демократияшыл, 
реформаторлық қызметі 
арасындағы қарама-қайшылық. 
Жариялылық пен демократияны 
насихаттау барысында одақтық 
республикаларда туындаған ұлттық 
шиеленістер. Экономикалық 
дағдарыс. КСРО –ның әкімшіл-
әміршіл жүйесін демократиялық 
жолмен қайта құруға талпыныстар.
Елді басқарудағы елеулі өзгерістер 
және реформаторлық бағыттың 
біртіндеп үстемдік алуы. Қайта 
құру мен жариялылықтың 
экономикаға әсері. Ұлттық 
республикалардың экономикалық 
өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі 
қаржыландыруға қол жеткізу 
жолындағы талпыныстары. 
Экономиканы басқарудағы 
өзгерістер. Одақтық басқару 
жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік 
кәсіпорындардың республикаларға 
Қазақстандағы 
орталыққа карсы күштер 
мен ұлттық сананың өсуі. 
Келесі тақырып 
бойынша эссе түріндегі 
рефлексия: тарихи 
шынайылықтың әсерінен 
тұлғаның түрлену үдерісі. 
10 


қайтарылуы. Экономикалық 
тәуелсіздікке жету шараларының 
жартыкештігі.
Д.А.Қонаевтың Қазақстан 
Компартиясының Бірінші хатшысы 
ретіндегі қызметі. Алматыдағы 
және республиканың басқа 
қалаларындағы Желтоқсан 
көтерілісі және оның шынайы 
себептері. Партиялық 
басшылықтың бастамасымен 
жастарға және зиялы қауым 
өкілдеріне қарсы бағытталған 
қуғын-сүргіннің қайта өршуі. 
Орталық биліктің оқиғаға берген 
әділетсіз бағасы. Қазақстанда ұлт-
азаттық сананың өсе түсуі. Алаш 
қозғалысы қайраткерлерінің ресми 
ақталуы және оның жартыкештігі. 
Жаңа қоғамдық ұйымдар мен 
партиялардың пайда болуы. Қазақ 
КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің 
сайлануы. Президенттік 
институттың енгізілуі және тұңғыш 
президенттің сайлануы. Тіл туралы 
заңның қабылдануы мен оның 
маңызы. Қазақ КСР-ның 
мемлекеттік егемендігі туралы 
Декларация. 1991ж тамыз бүлігі. 
КОКП қызметінің тоқтатылуы. 
Кеңестер Одағының ыдырауы және 
Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достастығының (ТМД) құрылуы.
7 апта: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 
"ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі 
туралы" Конституциялық заң. 
Қазақстандағы алғашқы 
жалпұлттық Президент сайлауы. 
Қазақ КСР – Қазақстан 
Республикасы болып өзгертілуі. 
Тәуелсіздік ұлттық және 
мемлекеттік құрылыстың факторы 
ретінде. Тәуелсіз Қазақстан 
дамуының мемлекеттік 
стратегиясын айқындау. Қоғамды 
демократияландыру үдерісін 
дамыту. Дербес дамудың дара 
жолын айқындау.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы 
саясатын қалыптастыру. Қоғамның 
конституциялық құрылыс негізін 
жасау. ҚР рәміздері – туды, 
Қазақстанның ұлттық қайта 
жаңғыруы және 
демократиялық құқықтық 
мемлекеттің құрылуы. 
Тақырып бойынша эссе 
түріндегі рефлексия: 
Мәдени-тарихи мұрадағы 
және патриотизмді 
қалыптастырудағы саяси 
рәміздердің маңыздылығы. 
10 


елтаңбаны, әнұранды бекіту. 
Қазақстан Республикасының 
Қарулы күштерін құру туралы заң. 
Елдің егемендігін, тұтастығын,
қорғанысын, азаматтарының 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 
ұлттық армияның құрылуы. 
Президент Н.Ә.Назарбаевтың 
"Ұлттық валютаны енгізу туралы" 
Жарлығы және оның маңызы. 
Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік шекарасын анықтау. 
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. 
Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, 
азаматтық бірлікті және саяси 
тұрақтылықты нығайту.
Бүкілхалықтық референдум, 
қазіргі қолданыстағы ҚР 
Конституциясын қабылдау. 
Қазақстанда парламентаризмнің 
дамуы. Атқарушы биліктің ішіндегі 
мемлекеттік басқару жүйесін 
жаңарту. Орталық пен 
аймақтардың, мемлекеттік басқару 
деңгейі арасындағы өкілдіктерді 
бөлу, орталықсыздандыру. 
Жергілікті өзін-өзі басқару туралы 
Заң. Құқық қорғау органдарының 
(сот, прокуратура, милиция, 
арнайы қауіпсіздік қызметтері және 
т.б.) құрылуы. Құқықтық реформа 
және заңдарды ізгілендіру. Құқық 
қорғау жүйесін оңтайландыру. 
Азаматтардың құқығы мен 
бостандығын қорғауды нығайту. 
ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлықпен 
күрес туралы" Заңы және оның 
нәтижелері.
Биліктің негізгі үш тармағының: 
Президент, Парламент және 
Үкіметтің біріккен еңбегінің 
нәтижесінде еліміздің саяси 
жүйесінің барлық құрамдас
бөліктері қызметінің құрылымдық, 
ұйымдық-құқықтық және өзара 
қарым-қатынасы мәселелерін жан-
жақты реттейтін, еліміздің 
демократиялық, зайырлы, 
құқықтық және әлеуметтік 
мемлекет орнату бағытында 
әлеуметтік-экономикалық дамуын
қамтамасыз ететін заң жүйесінің 


жаңадан түзіліп, қабылдануы және 
бұл үрдістердің қоғамдық 
қатынастардағы қажеттіліктерге 
байланысты үнемі жетілдірілуі. 
Президенттің Қазақстан халқына 
алғашқы Жолдауы: "Қазақстан – 
2030. Барлық қазақстандықтардың 
өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және 
әл-ауқатының артуы", ҚР 
дамуының ұзақ мерзімге арналған 
басым бағыттары. Астананы 
Алматыдан Астанаға көшіру.
"Қазақстан – 2050" стратегиясы: 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты" ҚР Президенті-
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына 
Жолдауы."Қазақстан жолы-2050: 
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" 
атты ҚР Президенті Н.Ә. 
Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауы.
8 апта: Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі 
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: 
экономикалық дағдарыс, 
әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс 
деңгейінің төмендеуі, 
жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі. 
Оларды еңсеру жөніндегі шаралар: 
экономиканың құрылымын өзгерту, 
әлеуметтік бағдарланған нарық 
құру, жекешелендіру және бағаны 
ырықтандыру, инвестициялық 
саясат. Н.Ә.Назарбаевтың қанатты 
нұсқамасы – "ең әуелі экономика – 
сонан соң – саясат".
Жоспарлы экономикадан 
нарықтық экономикаға көшу. 
Өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-
банк секторлары сияқты 
экономиканың шешуші 
салаларының даму басымдықтары 
мен келешегі. Қазақстан 
экономикасын реформалаудың 
бағыттары – экономика дамуының 
кластерлік принципі, еңбек 
өнімділігі деңгейін арттыру, 
заманауи технологияларды енгізу, 
инвестициялық, салық, аграрлық-
индустриалдық саясаты, 
инфрақұрылымды әсіресе көлік 
және байланысты дамыту. 
Қазақстан 
Республикасының 
экономикалық 
реформаларының 
жаңғыруы кезеңдері мен 
ерекшеліктері. 
"Экономикалық дамудың 
кластерлік принципі" - елдің 
бәсекеге қабілеттілігін 
арттыру" тақырыбында 
бағдарлама немесе жоспар 
әзірлеу. 
10 


Стратегиялық маңызы бар жаңа 
темір жол магистралін салу. 
Қазақстандық экономиканы 
дамытуға шетелдік инвестицияны 
тарту.
Президенттің ел халқына 
Жолдауы: "Бәсекеге қабілетті 
Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті 
экономика үшін, бәсекеге қабілетті 
халық үшін" және оның маңызы. 
Дүниежүзілік экономикалық 
дағдарыс және оны табысты 
еңсеру. Дағдарыстан кейінгі 
кезеңдегі экономика мен қаржы 
секторының дамуы.
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. 
Индустриалдық-инновациялық 
дамудың мемлекеттік 
бағдарламасы, оны жүзеге 
асырудың алғашқы табыстары.
2011 жылғы 28 ақпандағы ҚР 
Президентінің Қазақстан халқына 
Жолдауы "Жеделдетілген 
экономикалық жаңару – үдемелі 
инновациялық индустрияландыру 
Бағдарламасының жалғасы". 
"Қазақстан – 2020" стратегиялық 
жоспарының басымдықтары. 
Қазақстанның экономикалық 
өсуінің келешегі. Қазақстанның 
тұрақты экономикалық дамуының 
траекториясы. ХХІ ғасырдағы 
экономиканың қазақстандық үлгісі.
ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан 
үшін маңызы. "Нұрлы Жол – 
болашаққа жол" жаңа 
экономикалық саясаты – 
Қазақстанның жаһандануға берген 
жауабы. "Нұрлы жол" 
экономикалық даму жоспары.
9 апта: Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі 
Әлеуметтік реформалар және 
әлеуметтік жаңару: кедейшілікті 
еңсеру, халықты еңбекпен қамтуды 
көтеру, жастарды, студенттерді 
қолдау жөніндегі мемлекеттік 
бағдарламалар, зейнетақы мен 
жәрдемақыны арттыру реформасы. 
2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан 
Республикасы Президентінің 
Қазақстан халқына Жолдауы: 
"Қазақстан халқының әл-ауқатын 
Қазақ қоғамына сапалы 
өзгерістер алып келген 
әлеуметтік реформалар мен 
оның нәтижелері 
"Қазақстан 
Республикасының 
әлеуметтік бағдарламаларын 
іске асыру" тақырыбы 
бойынша бағдарлама немесе 
жоспар әзірлеу. 
10 


арттыру – мемлекеттік саясаттың 
басты мақсаты". Адам капиталын, 
елдің еңбек қуатын дамытудың 
стратегиясы. Жұмыспен қамтуды 
қамтамасыз етудің жаңа 
стратегиясы, тұрғын-үй 
коммуналдық шаруашылықты 
жаңарту.
Денсаулық сақтау, спорт және 
дене шынықтыруды дамыту. 
Астана және Алматы қалаларында 
өткен қысқы Олимпиада 
ойындары, 7-ші Азия 
ойындарындағы қазақстандық 
спортшылардың жетістігі. Ел 
халқының табысы аз топтарын 
қолдау және көмек беру. 
Бюджеттік ұйымдарда жалақыны 
көтеру. Салауатты өмір салты - ұлт 
болашағын қалыптастырудың 
негізі.
Қазіргі білім жүйесін жаңартудың 
өзекті мақсаттары мен міндеттері. 
Білім беру жүйесінің мазмұнын 
жаңарту. 2010 жылы Қазақстанның 
Болон үрдісіне қосылуы және 
Болон декларациясына қол қою. 
Мамандарды дайындаудың үш 
деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – 
магистр - PhD доктор. Техникалық 
және кәсіптік білім беруді қайта 
құру.
2005-
2010 жылдардағы Қазақстан 
Республикасының білім беруді 
дамытудың мемлекеттік 
бағдарламаларының нәтижесі. 
Инновациялық негіздегі жоғарғы 
білім беруді дамыту стратегиясы. 
Президенттің "Интеллектуалды 
ұлт-2020" бағдарламасы және оның 
маңызы. Қазіргі білім беру моделі. 
ЖОО-ның инновациялық 
қызметке көшуі. Оның дамуының 
тетіктері. "Назарбаев-университеті" 
негізінде жоғарғы оқу 
орындарының инновациялық 
үлгісін қалыптастыру. "Серпін-
2050" әлеуметтік жобасы 
бойынша білікті мамандар даярлау 
мәселесі. Қазақстанның егемен 
мемлекет ретінде қалыптасу 
міндеттеріне сәйкес ғылымның 


дамуына және ҒТҮ (ғылыми –
техникалық үдеріс) -ті басқаруға 
жаңа көзқарас қалыптастыру.
Жаппай Еңбек ету Қоғамы. ҚР 
әлеуметтік модернизациясы 
саясатының негізі – нағыз өндіргіш 
еңбек пен бәсеге қабілеттілік және 
мықты жаппай еңбек етуші қоғам 
болып табылады. 
10 апта: Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюуы 

Қазақстандағы көші-қон, 
демографиялық үрдістер, халықтың 
этникалық құрылымындағы 
өзгерістер. Қазақтардың тұңғыш 
дүниежүзілік құрылтайы Қазақстан 
халқының форумы. "Нұрлы көш" 
бағдарламасы және отандастардың 
қайтып оралуы. Егемендік 
жағдайындағы алғашқы халық 
санағы, оның қорытындылары. 
2009 жылғы Қазақстандағы халық 
санағы, халықтың этникалық және 
әлеуметтік құрылымындағы 
өзгерістер.
Біртұтас ұлт болашағының 
қалыптасу мәселелері. Қазақстан 
Республикасы Конституциясы. ҚР 
заңдары: "Қазақстан халқы 
ассамблеясы туралы", "Білім 
туралы", "Тілдер туралы", 
"Мәдениет туралы". Қазақстан 
Республикасы мемлекеттілігінің 
біртұтастық тұжырымдамасы. 
Қазақстан ұлттық бірлігінің 
доктринасы. "Қазақстандық 
халықтың бірлігі мен 
тұтастығының нығаюы мен дамуы 
тұжырымдамасының" мақсаттары 
мен принциптері. 
Ұлтаралық татулық – Қазақстан 
Республикасында тәуелсіздік пен 
демократияны нығайтудың негізі. 
Президент жанындағы 
консультативтік және кеңесші 
орган Қазақстан халқы келісімі мен 
бірлігінің қоғамдық институты - 
Қазақстан халқы Ассамблеясының 
(ҚХА) құрылуы. ҚХА-ның бірінші 
сессиясы, оның шешімдері. 
"Ортамерзімді кезеңге арналған 
Қазақстан халқы Ассамблеясының 
стратегиясы". Ұлтаралық 
Қазақстан 
Республикасындағы 
ұлтаралық келісімді 
нығайтудың маңыздылығы 
мен жолдары. 
Контент-анализ: 
"Қазақстандағы санақ 
деректері бойынша 
этнодемографиялық 
өзгерістер". 
10 


келісімнің қазақстандық моделінің 
ерекшелігі. 
11 апта: Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси дамудың келешегі 

Қазақстан 
Республикасының 
қоғамдық-саяси 
өмірін 
демократияландыру және жаңарту. 
Саяси партиялар мен Қазақстанның 
партиялық жүйесі. ҚР-ның саяси 
партиялар туралы Заңы және оның 
маңызы. "Қазақстан – 2050" 
стратегиясы мен "Нұр Отан". 
"Нұрлы болашақ жолында" атты 
Саяси доктрина - "Нұр Отан" 
партиясының көшбасшылығының 
кешенді 
бағдарламасы". 
Азаматтық қоғамның және оның 
саяси 
және 
қоғамдық 
институттарының дамуы. Үкіметтік 
емес 
ұйымдардың, 
кәсіподақтардың, азаматтық қоғам 
институттарының дамуы. І-ші 
Азаматтық форум және оның 
маңызы. Демократиялық үрдістің 
дамуы. Парламентке сайлаудың 
пропорционалды жүйесін енгізу, 
партиялық 
тізім 
бойынша 
сайлаудың 
нәтижелері. 
ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-
тың 
дамуы. 
Қазақстан 
Республикасының 
Ұлттық 
кеңесінің 
қызметі. 
Азаматтық 
қоғамды 
одан 
ары 
демократияландыру және дамыту 
бойынша ұсыныстар әзірлейтін 
тұрақты жұмыс істейтін Кеңес 
ұйымдастыру. Демократияландыру 
және азаматтық қоғам мәселелері 
бойынша Ұлттық комиссияның 
қызметі.
Құқық 
қорғау 
және 
сот 
органдарының қызметін жетілдіру. 
2003 жылғы 2 желтоқсандағы 
азаматтық және саяси құқықтар 
туралы пакт және оны жүзеге 
асыру. 
Қазақстан 
Президенті 
жанында 
адам 
құқықтары 
жөніндегі Комиссияның құрылуы 
және оның қызметі. ҚР-нда адам 
құқы 
жөніндегі 
өкілетті 
институттың 
(Омбудсмен) 
енгізілуі. Өлім жазасына мораторий 
енгізу. 
Қазақстанның 
экономикалық, әлеуметтік, мәдени 
құқықтар, азаматтық және саяси 
құқықтар туралы Халықаралық 
пактілерді 
бекітуі. 
Заңдарды 
ізгілендіру. Саяси реформалардың 
жалпыұлттық 
бағдарламасы. 
Қазақстандық 
бірегейлік 
пен 
Қазақстандық қоғам 
құндылықтарының жаңа 
жүйесі, ерекшеліктері мен 
өзгешелігі. 
"Мемлекеттік 
бағдарламалар-Қазақстанның 
болашақ дамуының кепілі" 
тақырыбы бойынша 
бағдарлама немесе жоспар 
әзірлеу. 
10 


бірлікті нығайту және дамыту 
тұжырымдамасы: мақсаты мен 
міндеттері. 
Қазақстандық 
бірегейлік пен бірліктің іргетасы – 
мәдени, этностық, тілдік және діни 
әралуандылыққа 
негізделген 
жалпыұлттық 
құндылықта. 
Тұжырымдаманы 
іске 
асыру 
тетіктері. Азаматтық бірегейлік пен 
бірлікті қалыптастыру саласындағы 
әлемдік тәжірибе. 

жүктеу 1,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау